Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Күрделі диагноз элективі бойынша емтихан тапсыруға арналған тесттік тапсырмалары



Тыныс алу жүйесінің аурулары (40)

! Сәулелік еммен бірге ұзақ уақыт бойы антибиотик және стероидты гормондармен емделген науқаста пневмонияның клиникалық белгілері пайда болды, кейіннен патологиялық үрдіс ішкі мүшелердің өзгерістерімен сепсис түрінде жайылды. Өкпеде жұқа қабырғалы тез іріңдейтін қуыстар табылды. Жыныс мүшелерінен ірімшік тәрізді бөлінділер бөліне бастады. Жоғарыда сипатталған өзгерістердің БАРЫНША мүмкін қоздырғышы:

* +кандидалар

* эхинококтар

* аспергиллалар

* микоплазмалар

* ішек таяқшалары

 

!Созылмалы алкоголизммен және ӨСОА ауыратын егде жастағы ер адам қарақат сілікпесі (желесі) тәрізді, иісі күйген ет тәрізід, тұтқыр қиын бөлінетін қақырық пен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенде «араның ұясы тәрізді таралаған өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдықты қуыстар, пневмосклероз анықталды. Қандай қоздырғыш болуы БАРЫНША мүмкін:

* хламидия

*+ клебсиелла

* микоплазма

* гриптің вирусы

* ішек таяқшалары

 

! 38 жастағы ер адамда, 5 күн бойы аздаған мөлшердегі қақырық, жөтел, дене қызуының 38оС көтерілуі, әлсіздік мазалайды. Рентгенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде біртекті емес ошақты көлеңке.

Келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

1) өкпе рагінің

2) жедел бронхиттің

3) +ошақты пневмонияның

4 ) крупозды пневмонияның

5) өкпенің ошақты туберкулезінің

 

! 16 жасар техникум оқушысында, суықтанудан дене қызуы көтеріліп, кеуде торшасындағы күйдіру сезімі, жасыл-сарғыш түсті, қиын бөлінетін қақырық, ұстама тәрізді қалжырататын жөтел, әлсіздік, бас және бұлшық еттердегі ауыру сезімі, суықты көтере алмау (суықта кенет аяқ башпайылары және қолдың саусақтарының ұштарында ауыру сезімі) пайда болды. Топта бірнеше адамның ауырғаны анықталды. Физикалық тексергенде оң жақтың төменгі бөлігінде қатаң тыныс, бірен-саран сырылдар естіледі. Қанның иммуноферментті анализінде аурудың жасушаішілік қоздырғышы анықталды.



Төмендегі қоздырғыштардың қайсысы ауруды шақыруы БАРЫНША мүмкін:

* +хламидия

* клебсиелла

* пневмококк

* стафилококк

* көк ірің таяқшасы

 

! 67 жастағы созылмалы алкоголизммен ауыратын және темекіні көп шегетін ер адам, суықтағаннан кейін ауыр жағдайда кеуде торшасының сол жағындағы ауыру сезіміне, шырышты - іріңді қақырықпен жөтел, айқын ентігуге шағымданып түсті. Қараптексергенде: науқас мазасыз, тері жабындылары жер түстес. ТЖ - 36 рет мин. Сол жақ өкпенің жауырын астында ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек үндері тұйықталған. ЖЖЖ - 104 рет мин. АҚҚ – 110/70мм.с.б.б. Рентгенде – сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде массивті инфильтрация анықталады.

Науқаста қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін:

* миокардиттің

* өкпе артериясы эмболиясының

*+ тыныс жеткіліксіздігінің

* инфекциялы - токсикалық шоктың

* ересектердің респираторлы дистресс - синдромына



 

! 72 жастағы ауыр бөліктік пневмониямен ауыратын ер адам, өте жоғары дене қызуы критикалық түскенде кенеттен әлсіреп, басы айналып, құлағы шуылдап, жүрегі айнып, лоқсу пайда болды. Объективті: ер адам бозғылт, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер,ЖСЖ – 120 рет мин, жіп тәрізді пульс, жүрек үндері тұйықталған, АҚҚ – 80/50мм.с.б.б..

Науқас жағдайының кенет нашарлауының себебі болуы БАРЫНША мүмкін:

* сепсистің

* кардиогенді шоктың

* +өкпе артериясының тромбоэмболиясының

* инфекциялық -токсикалық шоктың

* жедел респираторлы дистресс-синдромның

 

! 28 жастағы әйелде плевраның үйкеліс шуылы естіледі. Рентгенде өзгерістер жоқ. Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* +құрғақ плевриттің

* плевра эмпиемасының

* жедел пневмонияның

* экссудативті плевриттің

* бронхоэктаз ауруының

 

! 48 жастағы әйелді, 50 мл көлеміндегі шырышты- іріңді қақырықты жөтел, дене қызуының 38оС дейін көтерілуі, ентігу мазалайды. Алғаш рет 6-7 жыл бұрын ауырған, соңғы 2 жылда аурудың өршуі жиілеген. Өкпеде тынысы әлсіз, барлық өкпе беткейінен құрғақ және ылғалды әртүрлі көлемдегі сырылдар естіледі.

Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* пневмония

* өкпе туберкулезі

* бронхоэктазды ауру

*+ созылмалы іріңді бронхит

* созылмалы катаральды бронхит

 

! 25 жастағы әйел жанұялық дәрігерге шырышты - іріңді қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, дене қызуының 37оС көтерілуіне шағымданып қаралды. Суықтаудан кейін жедел ауырған. Жауырын аралық аймақтың сол жағынан құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан анализі өзгеріссіз. Науқастың 8-10 апталық мерзімді жүктілігін ескерсек, қандай емді тағайындаған БАРЫНША тиімді:

* гентамицинді

*+ ампицилин

* азитромицин

* доксициклин

* ципрофлоксацинді

 

! 55 жастағы ер адам кезеңді тұншығу ұстамасы, айқын ентігу, қиын бөлінетін шырышты қақырықты жөтелге шағымданады. Ұстамалар аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарап тексергенде: «барабан таяқшалары» және «сағат әйнегі» белгілері оң, кеуде торшасы «бөшке тәрізді». Перкуссияда: қорап реңді өкпелік дыбыс, аускультацияда - әлсіреген везикулалық тыныс.

Қандай дерттің дамуы Барынша мүмкін?

* пневмонияның

* пневмоторакстың

* жедел бронхиттің

* +өкпе эмфиземасының

* созылмалы бронхиттің

 

! Бронх демікпесінің ұстамасы мен демікпелік статустың бастапқы кезеңін салыстырмалы диагноз жүргізгендегі барынша сенімді белгі:

* айқын цианоз

* мәжбүрлік қалып

* +бета 2 агонисттерге рефрактерлік

* экспираторлық тұншығудың ауырлығы

* эуфиллинді көк тамырға енгізудің тиімсіздігі

 

! ӨСОА–ның маңызды ажырату диагностикалық белгісі болуы БАРЫНША мүмкін:

* экспираторлық диспноэ

* қақырық бөлінетін жөтел

* қорапты сипатты өкпелік дыбыс

* +жартылай қайтымсыз бронхиальды обструкция

* құрғақ сырылды және тыныс шығарудың ұзаруымен сипатталатын везикулалық тыныстың әлсіреуі

 

! 65 жастағы ер адам, қиын бөлінетін қақырық, физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге шағымданады. 15 - жыл бойы бронхоөкпелік дертпен ауырады. Объективті: қатаң тыныс, барлық өкпе беткейінен құрғақ ызыңдаған сырылдар мен тыныс шығарудың ұзарғаны естіледі.

Келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* пневмонияның

* бронх демікпесінің

* бронхоэктазды ауруының

* созылмалы іріңді бронхитттің

* +созылмалы обструктивті бронхиттің

 

! 67 жастағы ер адам, қиын бөлінетін шырышты - іріңді қақырықты жөтел, физикалық жүктемеден кейін күшейетін ентігу, дене қызуының 38оС көтерілуіне шағымданады. Суықтаудан кейін жедел ауырған. Тәулігіне 20 данаға дейін темекі шегеді. Аускультацияда: тыныс шығарудың ұзаруы мен әлсіз тыныс фонынды жайылған құрғақ сырылдар, оң жақтағы жауырын асты аймағында ылғалды - майда көпіршікті сырылдар естіледі. Осы жерде перкуторлық дыбыстың тұйықталуы анықталады. Рентгенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде өлшемі 1-2 см болатын көптеген инфильтративті көлеңкелер анықталады. Лейкоциттер - 14 мың. ЭТЖ – 22 мм/сағ.

Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* созылмалы іріңді бронхиттің, өршу сатысы

* ӨСОА, орташа ауырлық дәрежесінің, өршу сатысы

* бронх демікпесінің, орташа ауырлықта, өршу сатысы

* бронх демікпесі, орташа ауырлықта. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігі пневмониясының

*+ ӨСОА, орташа ауырлық дәрежесі, өршу сатысы. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясының

! 62 жастағы ӨСОА, тыныс жеткіліксіздігі, екіншілік эритроцитоз, декомпенсациялы өкпетекті жүрекпен ауыратын ер адамда, төс артындағы ауыру ұстамасы дамыды. Қарап тексергенде: ТЖ - 18 рет мин., ЖЖЖ - 100 рет мин., АҚҚ - 120/80 мм.с.б.б.

Қандай препаратты тағайындау тыныс жеткіліксіздігінің күшеюіне әкелуі БАРЫНША мүмкін?

* изокетті

* аналгинді

* +морфинді

* баралгинді

* нитроглицеринді

 

! ӨСОА-мен ауыратын науқастың негізгі базисті емі болуы БАРЫНША мүмкін:

* оксигенотерапия

* антибактериальды ем

* тыныс жеткіліксіздігін реттеу

* муколитикалық, мукорегуляторлық ем

* +бронхолитиктерді жүйелі қолдану

 

! Бронхоэктаздық аурумен ауыратын ер адамда, күшті жөтелден кейін кенеттен оң жақ кеуде торшасында ауыру сезімі мен ентігу пайда болды. Қарап тексергенде: тыныс алғанда кеуде торшасының сол жақ бөлігінің қалыңқылығы мен қабырғааралық ісінуі, перкуторлы – тимпанит анықталды.

Қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін:

* ателектаз

* +пневмоторакс

* өкпе инфарктысы

* өкпе эмфиземасы

* экссудативті плеврит

 

! 46 жастағы ер адам, әлсіздік, субфебрилитет, кеуде торшасының оң жақ бөлігіндегі сыздап ауыру сезімі мен көп мөлшердегі жағымсыз иісті, іріңді қақырықты жөтелге шағымданады. ТЖ мин.-26 рет. Оңжақ өкпенің жоғарғы бөлігі үстінде амфоралық тыныс. Рентгенде: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде қуыс анықталды.

Келтірілген жағдайда төмендегі тәсілдердің қайсысы БАРЫНША тиімді:

* плазмаферез курсы

* өкпе бөлігінің резекциясы

* ампициллин инъекциясы

* левофлоксацин инфузясы

* +моксифлоксацинді қуыс ішіне енгізу

 

! 38 жастағы әйел, ентігу, құрғақ жөтел, тершеңдік, әлсіздік, дене қызуының 38оС көтерілуіне шағымданады. 3-ай бұрын ЖРВИ мен ауырған. Қарап тексергенде: мойын, қолтық, шап лимфа түйіндері 1,5 см дейін ұлғайған және ауырмайды. Кеуде торшасы терісінде түйінді эритема. Қанда: ЭТЖ – 35мм/сағ; АЛТ - 128 Б/л, АСТ - 78 Б/л, жоғарылаған. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* +саркоидоздың

* өкпе амилоидозаның

* ауруханадан тыс пневмонияның

* фиброздаушы альвеолиттің

* оң өкпенің ошақты туберкулезінің

 

! 65 жастағы ер адамда 3 жыл бұрын жедел инфарктымен ауырған. Ентігуі біртіндеп үдеген. Кеуде торшасында ауру сезімсіз плевральді жалқық, қызба және қан анализдерінде өзгерістер анықталды.

Жалқықтың пайда болу себебі болуы БАРЫНША мүмкін:

* +іркілісті жүрек жеткіліксіздігі

* жүйелі қызыл жегі

* инфаркттан кейінгі синдром

* өкпе туберкулезі

* өкпе инфарктысы

 

!Кенеттен пайда болған кеуде торшасындағы ауыру сезімі, үдемелі ентігу, цианоз, қорап тәрізді перкуторлық дыбыс, кенет тыныстың әлсіреуі мынаған БАРЫНША тән:

* плевритке

* пневмонияға

* +пневмотораксқа

* миокард инфарктысына

* қабырғааралық невралгияға

 

!Аяқтың терең веналарының тромбофлебитімен ауыратын науқаста кенеттен ентігу, қан жолақтары аралас жөтел, жүрек қағуы, айқын әлсіздік дамыды.

Дамыған жағдайдың себебі болуы БАРЫНША мүмкін:

* спонтанды пневмоторакс

* бронх демікпесінің ұстамасы

* тыныс жолдарындағы бөгде зат

* өкпе артериясының ауалы эмболиясы

* +өкпе артериясы бұтақтарының тромбоэмболиясы

 

! 60 жастағы ӨСОА-мен ауыратын ер адамда, аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, бөлінетін зәр көлемінің азаюы байқалады. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, эпигастрий аймағындағы пульсация, өкпе артериясында ІІ үннің акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер.

ЭКГ-да мына белгінің анықталуы БАРЫНША мүмкін:

* қарыншаішілік бөгемелер

* солжақ қарынша гипертрофиясы

* солжақ жүрекше гипертрофиясы

* +оңжақ қарынша гипертрофиясы

* Гис шоғырының сол жақ аяқшасының бөгемесі

 

! Тромбофлебитпен ауыратын әйелде, тыныспен байланысты кеуде қуысындағы ауыру сезімі, жөтел, қан қақыру, субфебрильді қызбаға шағымдар пайда болды. Анамнезінде өкпе артериясының майда бұтақтарының тромбоэмболиясы. Қарап тексергенде: цианоз, эпигастральды пульсация, семсер тәрізді өсінді үстіндегі систолалық шуыл, өкпе артериясында ІІ үнінің акценті.

Емдеу жоспарына төмендегі препараттардың қайсысын БІРІНШІ кезекте қосқан жөн:

* антибиотиктерді

* бета-блокаторларды

* +антикоагулянттарды

* кортикостероидтарды

* АПФ ингибиторларын

 

! Емханаға 16-жаста ұл бала қызбаға, демалғанда кеудедегі күйдіру сезіміне, қиын бөлінетін жасыл-сары түсті қақырықпен күшті ұстамалы жөтелге, бұлшықеттердегі ауырсынуға, бас ауыруна, әлсіздікке шағымданып келді. Суықтағаннан кейін кенеттен ауырды. Өкпесінде қатқыл тыныс, оң жақта жауырын астында ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі.

Аталған диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* жедел бронхит

* жедел ларингит

* +ауруханадан тыс пневмония

* бронхоэктаз ауруы

* жедел респираторлық вирустық инфекция

 

!Көп жылдардан бері бронхиальды демікпемен ауыратын 58 жастағы ер адамды соңғы кезде жүректің шалыс соғуы, ентігуі мазалайды. Қарағанда, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің IIБ, 3 ФК белгілері анықталды. ЭКГ-де -жыпылықтаушы аритмиясы.

Емдеу жоспарына төмендегі препараттардың қайсысын қосу БАРЫНША тиімді?

* атенолол 25 мг күніне

* фуросемид 40 мг күніне

* верошпирон 25 мг күніне

*+ дигоксин 0, 025 мг күніне

* изоптин 20 мг 3 рет күніне

 

! 50 жастағы ер адамда бронхиальды демікпенің өршуіне байланысты, преднизолон күніне 60 мг тағайындалды. Бір аптадан кейін тұншығу ұстамасы жойылды, бірақ, эпигастриий аймағында ауырсыну, қыжылдау, ауызға қышқыл дәм келу пайда болды.

Төменде көрсетілген емдеу тәсілдерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

* жылдам преднизолонды алып тастау

* преднизолонды парентеральді тағайындау

* препараттың сол дозасын қалдыру, бірақ аралығын бірнеше күнге созу

* преднизолонның тәуліктік дозасын 15 мг-ға дейін азайтып, маалокс қосу

*+омепразол мен ингаляциялық кортикостероидтар тағайындап, преднизолонды біртіндеп тоқтату

!28 жастағы ер адамда, дене қызуының 38˚С-қа жоғарылап; кілегейлі қақырықпен жөтел, әлсіздік пайда болған. Суықтағаннан кейін кенеттен ауырды. Объективті: өкпеде бронхиальдытыныс, сырыл жоқ. Зерттеу жүргізгенде: лейкоциттер - 9,5 мың, ЭТЖ- 20 мм/с.

Қандай диагноз болуыБАРЫНША мүмкін?

* +жедел бронхит

* жедел ринофарингит

* созылмалы бронхит, өршу

* ауруханада тыс түбір маңы пневмониясы

* өкпенің созылмалы обструктивті ауруының I дәрежесі, өршу кезеңі

 

!Өкпенің«бұлыңғыр айна» және «ұялы өкпе» рентгенологиялық симптомдары төменде көрсетілген аурулардың қайсысына БАРЫНША тән?

* өкпе рагіне

* өкпе ателектазына

* 2 жақты пневмонияға

* спонтанды пневмотораксқа

* +идиопатиялық фиброздаушы альвеолитке

 

! 43 - жастағы әйел дене қызуының 38,5˚С-қа жоғарылауына, тізе және шынтақ буындарындағы ауырсынуға; үдемелі ентігуге шағымданады. Қараған кезде түйінді эритема анықталды. Рентгенограммада өкпенің әдеттегі мөлдірлігі фонында екі жағындада түбір маңының лимфа түйіндері элипс түрінде үлкейген. Жүргізілген антибактериальды терапия нәтиже бермеді.

Төменде келтірілген диагноздың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

* +саркоидоз

* туберкулез

* актиномикоз

* альвеококкоз

* пневмокониоз

 

! 29-жастағы ер адам, құрғақ жөтелге, ентігуге, сол жақ кеудесінің ауырсынуына, дене қызуының субфебрильді деңгейге дейін жоғарылауына, түнгі мезгілдегі тершеңдікке шағымданада. Ауырғанына 1,5 айдайболған. Объективті: ТЖ - 24 минутына. Қарағанда кеуденің сол жағы тыныс алғанда қалыңқы, сол жақ жауырын астында перкуторлы дыбыс тұйықталып, дауыс дірілі әлсіреген. Аускультацияда плевраның үйкеліс шуылы естіледі, ЖСЖ минутына – 98 рет. Қан анализінде: лейкоциттер 9,8 мың, эозинофилдер - 5, базофилдер – 1, таяқшаядролылар – 5, сегментядролылар - 37, лимфоциттер - 52%.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* плевра эмпиемасы

* хилезды плеврит

* плевраның мезотелиомасы
* уремиялық плеврит

* +туберкулезді плеврит

 

! Анамнезінде, пансионаттар мен қонақ үйлерде кондиционер мен душ қолданғаны туралы көрсетілген, айқын уланумен фебрильді қызба, жөтел, диарея; лейкоцитоз лимфоцитопения, пневмонияның қандай түріне БАРЫНША тән:

* хламидиялық

*+легионеллездік

* микоплазмалық

* пневмококктық

* стафилококктық

! 47 жастағы қантты диабетпен ауыратын және пневмониямен емделіп жүрген әйел қайтадан қалтырап, шылқып терлеп, дене қызуы 39оС дейін жоғарылады. ТЖ -32 рет мин. ЖЖЖ -108 рет мин. Қанда: лейкоциттер- 18 мың, таяқша ядролы -14, сегмент ядролы -52, лимфоциттер - 34, ЭТЖ – 48мм/сағ. Қаннан алтынды стафилококк егіліп алынды. ЭхоКГ зерттеуде қақпақшалар өзгермеген.

Қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін:

*+сепсистің

* инфекциялық эндокардиттің

* инфекциялық-токсикалық шоктың

* жедел тыныс жеткіліксіздігінің

* жедел респираторлық дистресс-синдромының

 

! 65 жастағы ер адам, 3 жыл бұрын миокард инфарктысымен ауырды. Үдемелі ентігуге шағымданады. Тексергенде: ЭТЖ-65 мм/сағ. Рентгенологияда плеврада жалқық анықталды. Пункция жасағанда 500 мл сұйықтық алынды. 2 күннен кейін плевра қуысында қайтадан сұйықтық жиналғаны анықталды.

Диагнозды нақтылауға берілген зерттеулердің қайсысы БАРЫНША мәліметті:

* компьютерлік томография

* трансбронхиальды пункция

* онкомаркерлерге тексеру

* магнитті резонансты томогрфия

*+экссудатты цитологиялық зерттеу

 

! 35 жастағы ер адам, 2 жылдан бері бронхиальді демікпемен ауырады. Демікпе ұстамасы беротекпен басылады, гормонға тәуелді. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 66%. Қарап тексергенде: тыныштықтағы ентікпе, аускультацияда өкпенің барлық аймағында естілетін ысқырықты құрғақ сырылдар.

Төменде келтірілген тәсілдердің қайсысы барынша тиімді?

* эуфиллин к/т

* теофиллин per os

*+преднизолон к/т

* вентолин небулайзер арқылы

* беротекпен ингаляцияны жалғастыру

 

! Таңертеңгі уақытта иісі жағымсыз шырышты - іріңді қақырықтың көп бөлінуі (ауыз толтыра) БАРЫНША қайсысына тән:

* тотальды пневмонияға

* кавернозды туберкулезге

*+бронхоэктаздық ауруға

* өкпе рагының қуысты түріне

* созылмалы іріңді бронхитке

 

! Кәсіптік канцерогендерге жатуы БАРЫНША мүмкін:

*+асбест

* бензин

* қорғасын

* кремний

* марганец

 

! Өкпе ісінуіне тән жөтелдің барынша тән сипатын таңдаңыз:

*+сырылды, көп мөлшерде алқызыл, көбікті қақырықпен

* үзілмелі, «үрмелі», ауыз толтыра шығатын қақырық

* ұстама тәрізді, құрғақ, ауыр сезімді, өте күрделі түрі

* құрғақ, күрт қиналатын

* сырылды, үнсіз

 

! 44 жастағы ер адам, түнде тұншығу ұстамасына, құрғақ жөтелге, жұмысқа қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Анамнезінде: бала кезінде жиі бронхит; мезгілдік поллиноз; цитрустарға, шоколадқа, жануарлардың жүніне аллергиясы бар. Қараған кезде кеуде қуысы эмфизематозды; саусақтары «барабан таяқшасы» тәрізді, тырнақтары «сағат айнасы» тәрізді. Диагнозды анықтау үшін төмендегі зерттеу тәсілдерінің қайсысын жүргізу БАРЫНША тиімді?

* бронхоскопия

* бронхография

*+пикфлуометрия

* кеуде ағзаларының рентгенографясы

* кеуде ағзаларының компьютерлік томографиясы

 

 

! 22 жастағы студентте, ЖРВИ мен ауырғаннан кейін іріңді қақырықпен жөтел, дене қызуының 38,5˚С-қа жоғарылауы, әлсіздік пайда болды. Объективті: өкпедегі тыныс қатаң, уілдеуші бірлі жарым сырылдар естіледі. Зерттеу жүргізгенде: лейкоциттер - 9,7 мың, эритроциттер - 4,5 млн, Нb – 160 г/л, ЭТЖ - 22 мм/с.

Төменде көрсетілген дәрілер қосындыларының қайсысын емдеу жоспарына қосу БАРЫНША тиімді?

*+ампициллин, лазолван

* эуфиллин, карбоцистеин

* химотрипсин, фенотерол

* бромгексин, преднизолон

* ампициллин, гидрокортизон

 

Қан айналым жүйесі (80)

! 43 - жастағы ер адам, сол қолға, жауырын астына берілетін төс артындағы ауыру сезімімен ауруханаға түсті. Қарағанда: жүрек үндері бәсеңдеген, аздап тахикардия. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ- V2-V4 шықпаларында STсегментінің элевациясы.

Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізген барынша тиімді:

* ӨАЭС (ЧПЭС)

*+ коронарографияны

* вентрикулографияны

* миокардтың сцинтиграфиясын

*позитронды-эмиссионды томографияны

 

! Реанимация бөлімшесіне 55 - жастағы ер адам, екі рет естен тану ұстамасы және жүрек ырғағының сирек соғуымен түсті. ЖЖЖ - 35 рет мин. АҚ - 100/70 мм с.б.б. ЭКГ- тәуелсіз жүрекше ырғағы 100 рет мин., қарыншаның жиырылу жиілігі 30-35 рет мин., QRS комплекстері-0,16", деформацияланған. Миоглобин және тропонин Т айқын жоғарылаған. Миокард инфаркты диагнозы қойылған.

Науқаста қандай асқыну дамуы, барынша мүмкін?

* кардиогенді шок

* идиовентрикулярлы ырғақ

* синоаурикулярлы бөгеме

* +толық атриовентрикулярлы бөгеме, МЭС ұстамаларымен

* ІІ дәрежелі атриовентрикулярлы бөгеме, Венкебах кезеңімен

 

! 27 - жастағы ер адам, кардиология бөлімшесіне жүрек соғу ұстамасы, кеуде тұсындағы қысып ауыру сезімі және естен тануға шағымданып түсті. Объективті: дене бітімі астениялық типті. Жүрек үндері әлсіз тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ – 88 рет мин. АҚ – 90/60 мм с.б.б. Тропонин Т өзгермеген.

Қандай зерттеуді бірінші кезекте жүргізген БАРЫНШАмәліметті:

* эхокардиографияны

* вентрикулографияны

* коронароангиографияны

* электроэнцефалографияны

* +ЭКГ тәуліктік мониторлауды

 

!Нитраттарды көк тамырға енгізу көрсеткішіне төмендегілердің барлығы жатады,мынадан басқасы:

*+ тұрақты стенокардия

* тұрақсыз стенокардия

*жедел миокард инфаркты

*вазоспастикалық стенокардия

* жедел солжақ қарыншаның жеткіліксіздігі

!42 - жастағы ер адам, таңалдында мазалайтын төс артының айқын қысып ауыруына шағымданады. Жүргізуші болып жұмыс жасайды, күндіз ауыру сезімі мазаламайды. Коронароангиографияда айқын атеросклероздық өзгеріс анықталмаған, эргометринмен сынама оң.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

* +ЖИА. Вазоспастикалық стенокардияның

* ЖИА. Үдемелі стенокардияның.

* ЖИА. Күштемелі стенокардия II ФК.

* ЖИА. Күштемелі стенокардия III ФК.

* ЖИА. Күштемелі стенокардия IV ФК.

!65 - жастағы ер адам, сол қолға берілетін, төс артындағы ауыру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. ЖСЖ – 92 рет мин. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ: v2-v4 әкетулеріндегі ST сегментінің элевациясы

Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындау БАРЫНШАтиімді?

* ӨАЭС (ЧПЭС)

* вентрикулография

* +коронарография

* миокард сцинтиграфиясы

* позитронды-эмиссионды томография

!Жедел коронарлық синдромға күдікті науқасты емдеуді, төмендегілердің барлығын қолданудан бастау қажет, мынадан басқасын:

* конкорды

* нитраттарды

* гепаринді

* аспиринді

* +нифедипинді

!46 - жастағы ер адам, көшеде келе жатып, кенеттен эпигастрий аймағында ауыру, лоқсу сезініп, екі рет құсқан. Таңертең кеше кешке дайындалған тағамды қабылдаған. Науқасты инфекциялық ауруханаға жеткізген. Объективті: жағдайы орташа, тері жабындысы бозғылт. Жүрек үндері тұйық, сирек экстрасистолалар. ЖЖЖ - 98 рет мин. АҚ - 90/60 мм. с.б.б. Ішті сипағанда эпигастрийде аздаған ауыру сезімі байқалады. Асқазанды жуғаннан кейін ауыру төс артына ауысып, жағдайы кенеттен ауырлаған. ЭКГ: II, III, aVF әкетулерінде QS. Осы әкетулерде ST монофазды қисық түрінде.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

* сальмонеллездің

* жедел гастриттің

*+ миокард инфарктысының

* жедел панкреатиттің

* тағамдық токсикалық инфекцияның

 

! 54 - жастағы ер адам, наркотикалық аналгетиктерге жойылмайтын төс артындағы басып ауыру, іштегі айқын қатты ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қарағанда: тері жабындылары бозарған, жүрек үндері тұйықталған, ЖЖЖ -110 рет мин. АҚ - 90/60 мм с.б.б. Сипағанда іштің жоғарғы бөлігінде аздап ауыру байқалады. Эпигастрий аймағында құрсақ аортасының үстінен функциональдық систолалық шуыл естіледі. Нәжіс болған, жел шығады. ЭКГ: алдыңғы-перделік аймақтың тыртықтық өзгерісі. Қанда: лейк – 22 мың,т/я – 16, ЭТЖ – 32 мм/сағ. Холестерин – 8,6 мкмоль/л, фибриноген – 6,2 г/л.. Бірнеше сағаттан кейін құрсақтың тітіркену синдромымен хирургиялық бөлімге ауыстырылды.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

* панкреонекроздың

* бауырасты абсцесс

* ішектің жедел түйілуі

* құрсақ аортасы аневризмінің жыртылуы

*+ мезентериальды артерияның жедел тромбозы

 

! 40 - жастағы ер адамды ентігу, тұншығу ұстамалары, ісінулер мазалайды. 0б-ті: өкпесінде дыбыссыз ылғалды сырылдар; жүрек шекаралары кеңейген, үндері тұйық, жүрек ұшында систолалық шуыл; жыбыр аритмиясының тахисистолалық түрі. ЭхоКГ: солжақ қарыншаның соңғы-диастолалық өлшемі - 8,2, айдау фракциясы - 21%.

Емдеу жоспарына көрсетілгендердің қайысын қосқан БАРЫНША тиімді?

* метаболиктерді

* антиоксиданттарды

* кортикостероидтарды

* анаболикалық гормондарды

*+шеткілік вазодилататорларды

! 18 - жасар қыз бала, физикалық жүктеме кезінде ентігу мен тез шаршауға шағымданады. Анамнезінде: жиі бронх-өкпелек инфекциялар. Қарап тексергенде: тері жабындысының бозаруы, жүрек ұшы түрткісінің күшеюі, эпицентрі сол жақтағы төс шетінде төртінші қабырға аралығында орналасқан дөрекі пансистолалық шуыл, өкпе артериясы үстінде екінші үннің акценті. ЭхоКГ–сол жақ қарыншадан оң жақ қарыншаға шунт анықталады.

Ақаудың негізгі асқынуларына барлығы жатады, мынадан басқасы:

* +аортаның стенозы

* инфекциялық эндокардит

* өкпе артериясының тромбоэмболиясы

* солжақ қарыншаның жетімсіздігі

* үлкен қанайналымдағы эмболиялар

! Жүрекшеаралық перденің ақауына тән негізгі диагностикалық белгі:

* сол қарыншаның гипертрофиясы

* төстің сол жағындағы ІІ қабырға/аралықтағы (қ/1) диастолалық шуыл

* төстің сол жағындағы ІІ қ/а діріл және үзіліссіз шуыл

* төстің оң жағындағы ІІ қ/а қарқынды систолалық шуыл

* +төстің сол жағындағы ІІІ қ/а үрлеген систолалық шуыл

 

! 19 - жастағы ер бала ентігу, қатты бас ауыруы, көз алдындағы “шіркей” тәрізді көрініске, аяғының ұюына, тез шаршағыштыққа шағымданады. Объективті: білектегі пульс кернеулі және жылдам, сан артерияларында әлсіз, кернеуі төмен. АҚ қолында 170/90 мм с.б.б., аяғында 100/70 мм с.б.б. Жүрек аускультациясында: Боткин-Эрба нүктесіндегі, жүрек ұшындағы әлсіз систолалық шуыл омыртқа айналасындағы аймаққа беріледі. Рентгенологияда: қабырғаның өрнектелуі.

Осы адамда қандай ақау болуы БАРЫНША мүмкін?

* Фалло үштігі

*+ аорта коарктациясы

* аорта сағасының тарылуы

* митралді қақпақшаның пролапсы

* солжақ атриовентрикулалық саңылаудың тарылуы

 

!34 - жастағы ер адам, басының ауыруы, айналуы, қысқа уақытқа созылатын есінен тану ұстамасына шағымданады. Об-ті: жүрек негізінде, төстің оң жақ шетінде, систола ортасында айқын дыбысты, қатаң систолалық шуыл естіледі. Шуыл мойын тамырларына беріледі. Вальсальва сынамасы кезінде шуыл азайып, дем алған кезде өзгеріссіз қалады. ЭКГ-сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенде: жүрек конфигурациясы "жүзген үйрек" тәрізді.

Төмендегі емдеу шараларының қайсысын тағайындаған барынша тиімді?

* медикаменттік емді

* митральды комиссуротомияны

* үш жармалы қақпақшаның пластикасын

* +аорталық қақпақшаны протездеуді

* митральды қақпақшаны протездеуді

 

!Массивті протеинурия мен шумақтық фильтрацияның төмендеуі фонында болатын артериалды гипертензия, қандай жағдайға Барынша тән:

* циститке

* пиелонефритке

* +гломерулонефритке

* зәр-тас ауруына

* бүйректің қанмен қамтамасыздығының бұзылысына

 

!45 - жастан жоғары адамдарда тершеңдік және құюлу сезімімен қосарласатын артериалды қысымның ұстамалы жоғарылауы қандай гипертензияға БАРЫНША тән?

* бүйректікке

* +эндокриндіге

* нейрогендіге

* реноваскулярлыға

* гемодинамикалыққа

!53 - жастағы әйел, жүрек тұсының қысып ауыруы, ентігу, жүрек соғуы, шаршау және бас ауыруына шағымданады. Ауыру эмоциялық жүктемеден кейін күшейеді, тыныштықта басылмайды, нитроглицерин қабылдау көмектеспейді. Жатыр миомасымен операция жасатқан. Объективті: беті қызарған, ашушаң, эмоциональды лабильді, ТЖ - 20 рет мин., ЖЖЖ –100 рет мин., АҚ - 155/75 мм с.б.б. ЭКГ: тахикардия, V1-V4әкетулеріндеТ-тісшесі теріс. Гормондарды тексергенде эстрогендер деңгейінің төмендегені анықталған.

Төмендегі диагноздардың қайсысы барынша мүмкін:

* артериальды гипертензиясы

* Q тісшесіз миокард инфарктісі

* нейроциркуляторлық дистониясы

* бірінші рет пайда болған стенокардия

*+ эндокринді генезді кардиомиопатия

 

!Қандай метаболикалық кардиопатияға негізгі зат алмасудың төмендеуі, терінің құрғауы, брадикардия, ТТГ жоғарлауы Барынша тән?

* алкогольдік

* анемиялық

* +гипотиреоидтық

* гипертиреоидтық

* климактериялық

 

!26 - жастағы ер адам, тұмаумен ауырғаннан кейін екі аптадан соң ентігу, жүрек аймағындағы ауыру сезімі мен дене қызуының жоғарлағанын байқаған. Қарап тексергенде: ортопноэ, балтырлары ісінген. Өкпесінде іркілмелі, ылғалды сырылдар, ТЖ - 32 рет мин. Кардиомегалия. Жүрек үндері бәсең, жүрек ұшында III тон, систолалық шуыл естіледі, жыпылықтаушы аритмия. ЖЖЖ - 110 рет мин. АҚ - 100/60 мм.с.б.б. Бауыры 3 см ұлғайған. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған, кардиоспецификалық ферменттер ұлғайған. ЭКГ- АВ-блокадасының І дәрежесі, жиі қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКГ- сол жақ қарынша қуысының ұлғаюы, айдау фракциясы - 40%.

Сіздің диагнозыңыз?

* жалқық (выпотной) перикардит

* инфекциалық эндокардит

* жүйелі қызыл жегі

* +ревматизмдік емес миокардит

* ревматизмдік жүрек ақауы

 

! Жүрек өткізгіштігі мен ырғағының бұзылуы, кенеттен пайда болған тромбоэмболия, іркілмелі жүрек жетіспеушілікті кардиомегалия, мынаған БАРЫНША тән:

* ревматизмдік емес кардиомиопатияға

*+ дилатациялық кардиомиопатияға

* гипертиреоидтық кардиомиопатияға

* климактериялық кардиомиопатияға

* гипертрофиялық кардиомиопатияға

 

!Айдау фракциясы мен миокардтың жиырылу қабілетінің айқын жоғарылауы қайсыған барынша тән:

* алкогольдік кардиомиопатияға

* ревматикалық емес миокардитке

* созылмалы өкпетекті жүрекке

* дилатациялық кардиомиопатияға

* +гипертрофиялық кардиомиопатияға

 

!45 - жастағы ер адам қалтырау, фебрильді қызба, жөтел, қан түкіру, буындары мен бел аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінде шиқан жиі мазалайды. Қарап тексергенде: тері жабындыларының түсі «сүт қосқан кофе» тәрізді, аяғында – таңбалы бөртпелер, саусақтары «дабыл таяқшасы» және «сағат әйнегі» тәрізді. Тексерген кезде: эритроциттер - 2,9 х 1012/л, Нв – 92 г/л, лейкоциттер – 22 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ, диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада – оң жақ өкпесінде «сына тәрізді» көлеңке.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін тағайындау барынша тиімді?

* бронхоскопияны

* сцинтиграфияны

* +эхокардиографияны

* буындардың рентгенографиясын

* өкпенің компьютерлік томографиясын

 

!Рентгенологиялық зерттеуде анықталатын: жүрек көлеңкесінің ұлғаюы, жүрек пішінінің тегістелуі, жүрек «белінің» жоғалуы, әлсіреген пулсация қандай ауруда болуы барынша мүмкін?

* плевритте

* пневмонияда

*+ перикардитте

* аорта аневризмасының сылынуында

*өкпе артериясының тромбоэмболиясында

 

!Берілген бес белгінің ішінде төртеуі қандай ауруға жатуы барынша мүмкін екенін көрсетіңіз:1. Ауыру сезімі. 2. Үйкеліс шуы. 3. Парадоксальді пульс. 4. Қарынша аралық перденің гипертрофиясы. 5. Стандартты шықпаларда ST- сегментінің элевациясы:

* плевритке

* +перикардитке

* миокард инфарктысына

* өкпе артериясының тромбоэмболиясына

* гипертрофиялық кардиомиопатиясына

! Жыпылықтаушы аритмиямен асқынған дилатациялық кардиомиопатиямен ауыратын науқастарды варфаринмен емдегенде бақылау жүргізілуі міндетті:

* белсендірілген жартылай тромбопластиндік уақыт

* +халықаралық қалыптастырылған қатынасты

* қанның ұю уақытын

* қанағу ұзақтығын

* III антитромбинді

 

! Суправентрикулярлы тахикардия мен ауыр синкопальді ұстамасы бар науқаста Холтерлі мониторлағанда «тахикардия-брадикардия» синдромы, ұзақ синусты паузалы өтпелі синоатриальды блокада, қарынша үстілік ұстма анықталды. Аллапинмен емдеу әсер бермеді.

Көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысы, БАРЫНША тиімді?

* электрлік кардиоверсия

* аритмогенді аймақ абляциясы

* +кардиостимулятор имплантациясы

* аритмогенді аймақтың криодеструкциясы

* уақтша эндокардиальды электростимуляция

! 32 жастағы ер адамда АҚ - 230/120 мм с.б.б. және айқын тахикардия анықталды. Бірнеше жыл бойы тершеңдік, лоқсу, құсу және бас ауыруы, полиуриямен аяқталатын қорқыныш сезімкезеңді ұстамасы мазалайды.

АҚ-ның жоғарылауы немен байланысты болуы, Барынша мүмкін:

* гипертиреозбен

* +феохромоцитомамен

* Иценко-Кушинг синдромымен

* вазоренальді гипертензиямен

*созылмалы гломерулонефритпен

! Туа біткен жүрек ақауларын анықтауға төмендегі зерттеулердің қайсысы БАРЫНША мәліметті?

* өңештік электростимуляция

* селективті коронарография

* электрокардиография

* фонокардиография

*+ эхокардиография

 

!Перикардит кезіндегі ауыру синдромына төмендегі барлық белгілер тән, мынадан БАСҚАСЫ:

*горизонтальді қалыпта құрсақта күшеюі

* терең тыныс алғанда, жөтелгенде, жұтынғанда күшеюі

* +нитроглицерин қабылдағанда басылуы

* вертикальді қалыпта әлсіреуі

* ұзақ мерзім, бір қалыпты сипатта

! 14 айлық қыздың анасы қызының синкопе эпизодтарының бар болуына шағымданады. Анасының айтуы бойынша қызы қатты жылағанда көгеріп, «жылауға кетеді»,апное пайда болып, кейде тырысулары болатын қысқа уақытқа естен тануы пайда болады. Ұстамалардан кейін қыздың жағдайы жақсарады. Апное және синкопе кезінде Холтермен тексергенде брадикардия анықталды. Ашнер-Данини окуло-кардиальды рефлексін жүргізгенде балада үш секундқа созылатын паузаға алып келеді.

Суреттелген синкопальды жағдайдың барынша пайда болу генезі қандай?

*Катехолэргиялық

* Ортостатикалық

* Метаболикалық

*+Вазовагальды

* Психогенді

 

! 12 жасар қыз жылына 2-ден 4 ретке дейін болатын естен тануға шағымданады. Естен танудан бұрын қыз әлсіздік, көздің қарауытуын сезеді. Естен тану көбіне тар бөлмеде болғанда, қан көргеннен кейін, ұзақ уақыт ортостаз болғанда пайда болады. Нашатырлы спирт иіскегеннен кейін немесе өздігінен өзіне өзі келеді. Кейде отырып қалса естен тануын алдын алуы мүмкін. Стандартты ЭКГ және холтерлік мониторлеу кезінде синусты брадикардия анықталды.

Науқаста естен танудың генезі қандай?

*+Аралас

* Аритмогенді

* Вазодепрессорлы

* Кардиоингибиторлы

* Цереброваскулярлы

 

! Туа пайда болған толық атриовентрикулярлы бөгемесі бар 9 жасар қыз далада ойнап жатқанда есін жоғалтып алды. Бұрынырақта шағымдары болмаған.

Балаға қандай емдік шараларды жүргізу тиімдірек?

* Седативті препараттарды тағайындап, динамикада бақылау

* Инвазивті электрофизиологиялық зерттеу

* +Электрокардиостимулятор имплантациясы

* Үйде қарау, ЭКГ бақылау

* Бета-блокаторларды тағайындау

 

! 46 жастағы әйел адамда дене қызуы 38°С көтерілді, жүрек аймағындағы сыздап ауру сезімі, көз астындағы ісінулер, жағымсыз иіспен жабыспақ тер пайда болған. 2 апта бұрын стрептококкты инфекцияны өткерген. Объективті: «барабан таяқшалары» тәрізді саусақтар мен «сағат әйнектері» тәрізді тырнақтар. Конъюнктиваның ауыспалы аймағында Лукин дақтары. ЖСЖ-100 рет 1 мин, Аускультативті: II қабырға аралықта оң жағында және Боткин нүктесінде диастолалық шу естіледі. ЭхоКГ: аортальды клапанның жармаларында 1,5 мм қозғалмалы вегетациялар, сол қарынша гипертрофиясы.

Келтірілген дәрілердің қайсысын тағайындаған барынша тиімдірек?

*Нитраттар

*Метаболиктер

*+Антибиотиктер

* Антиоксиданттар

* Антикоагулянттар

 

!СЖРА(ревматизм) мен ауыратын, 42 жастағы әйел адам, ауыр жағдайда келіп түсті. Об-ті: ортопное, акроцианоз. Өкпеде көптеген дыбыссыз ылғалды сырылдар, жүрек тондары тұйықталған, қолтық асты аймағына дейін берілетін, жүрек ұшында дөрекі пансистолалық шуыл. ЖСЖ-110/мин, ырғағы дұрыс емес, АҚҚ-140/90 мм сб. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, пальпацияда сезімтал, аяқтарында айқын ісінулер. Қандай дәріні Бірінші кезекте тағайындау барынша тиімді?

* Дилтиаземді

* Кордаронды

*+Лазиксті

* Эгилокты

* Изокетті

 

!79 жастағы ер адам ентігуге, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, ісінулерге шағымданып түсті. Келтірілген дәрілер тобының қайсысы бұл патологияны емдеудегі негізгі (базистік) дәрілердің қатарына жатпайды?

*+Торвакардты

*Фуросемидті

*Дигоксинді

*Диротонды

*Конкорды

 

! 79 жастағы әйел, төс артындағы басып ауыру, баспалдақтың 1 жартысына көтерілгендегі ентігу мен жүрек тұсындағы аритмияға шағымданады. Миокард инфарктысы болған. Объективті: өкпесінде іркілмелі сырылдар, ЖЖЖ-106 рет мин. АҚ - 170/100 мм с.б. Тропонин Т – теріс, холестерин - 6,2 ммоль/л. ЭКГ: сол жақ қарыншаның алдыңғы, перде аралық, ұшы және бүйір қабырғасының тыртықты өзгерісі. ЭхоКГ: шығару фракциясы - 49,6%. Сол жақ қарыншаның алдыңғы, пердеаралық, ұшы және бүйір қабырғасында гипокинезия зонасы анықталған.

Созылмалы қан айналым жетіспеушілігін дәлелдейтін белгілерге жатуы барынша мүмкін:

*Жүрек тұсындағы ырғақ бұзылысы

*+Іркілмелі ылғалды сырылдар

*Төс артындағы басып ауыру

*ЭКГ –де тыртықтық өзгеріс

*ЭхоКГ-да гипокинезия аймағы

 

! Созылмалы жүрек жетпіспеушілігіне мынау БАРЫНША тән:

*+Ентігу

* Әлсіздік

* Құрғақ жөтел

* Жүрек тұсындағы ауыру сезімі

* Жүрек ырғағының бұзылыстары

 

! Созылмалы гломерулонефритпен науқас, 49 жастағы ер адам ауыр жағдайда жеткізілді. Кенет пайда болған ентігу мен көпіршікті күлгін қақырыққа, қорқыныш сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: ортопноэ, тыныс шулы, сыңғырлаған, өкпенің барлық үстінде әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. ТЖ - 28 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия -120 рет мин. АҚ - 240/140 мм сн.бғ.

Шұғыл көмек көрсету үшін келтірілген дәрілердің қайсысын тағайындаған маңыздырақ:

*Энамды

* Изоптинді

*+Фуросемидті

* Пропранололды

* Магний сульфатын

 

! Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы мен жыпылтаушы аритмиямен ауыратын, 57 жастағы әйел адам, тыныштықтағы ентігуге, жүрек қағуы мен жиі жүрек соғуына, оң жақ қабырға астындағы ауырлау сезіміне, балтырдағы ісінулерге шағымданады. Үнемі дигоксин, гипотиазид қабылдайды. Соңғы 2 аптада жағдайы нашарлаған. Қанда: калий – 2,3 ммоль/л. ЭКГда: жүрешелер жыпылықтау ЖСЖ 120 рет мин. ST сегментінің корыта тәрізді ығысуы.

Науқастың жағдайының нашарлауына келтірілген жағдайлардың қайсысы барынша себеп болған?

* Гипокалиемия

* Миокард ишемиясы

* Жыпылқтаушы аритмия

* Диуретиктерді артық қолдану

*+Дигиталисті интоксикация

 

! Коронароангиографияны тағайындау мынада БАРЫНША тиімді:

*СЖШ декомпенсациясы

*+ЖИА үдемелілігі

* Жүрек ырғағының бұзылысы

* тұрақты стенокардияның I - II ФК

*тұрақты стенокардияның III—IV ФК

 

! Холтерлі мониторинг жүргізуге барлық көрсетілгендер жатады, біреуінен басқаСЫ:

*+тұрақты стенокардияның диагностикасы

* антиаритмиялық дәрілік заттардың тиімділігін бақылау

* тәуліктік жүрек ырғағы бұзылысының жиілігі мен жалпы ұзақтығын анықтау

* кардиостимулятордың жұмысын бақылау және оның жарамдылығын анықтау

* кенеттен жүректік өлім қаупі жоғары науқастарда жүрек ырғағын бағалау

 

 

! 50 - жастағы ер адам, кардиология бөлімшесіне ауыр жағдайда түсті. Науқас төс артындағы қарқынды ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозғылт. Жүрек үндері тұйық, айқын тахикардия, АҚ - 90/60 мм с.б.б. ЭКГ: коронарлы қан айналымның жедел бұзылысы. Ұстамалы қарынша үстілік тахикардия. Жедел жәрдем бригадасы ырғақты қалпына келтіру үшін изоптин, кордарон енгізген, ырғақ қалпына келмеген.

Жүрек ырғағын шұғыл қалпына келтіру мақсатында жасау БАРЫНШАтиімді:

* аблацияны

* реваскуляризацияны

* электрокардиостимуляцияны

*+электрлік кардиоверсияны

* жүрекшелердің өңеш арқылы электростимуляциясын

 

 

! 68 - жастағы ер адам, аздаған физикалық күштемеден кейін және тыныштықта мазалайтын төс артындағы басып ауыру сезіміне, ентігуге шағымданады. Анамнезінде миокард инфарктысы. ЖЖЖ мин.- 62 рет. АҚ - 110/60 мм. с.б.б.Тропонин I-0 нг/мл. ЭКГ - созылмалы тәждік жетіспеушіліктің белгілері.

Емдеу жоспарына мынаны қосу БАРЫНША тиімді:

* кетоналды

*+кардикетті

* дигоксинді

* коринфарды

* эуфиллинді

 

! 67 - жастағы ер адам, төс артындағы басып, күйдіріп ауыру сезіміне шағымданады. ЖИА мен ауырғанына 10 жыл болған. Миокард инфарктысы болған.

Төмендегі тәсілдердің қайсысы БАРЫНША тиімді?

* үйдегі аурухана

* күндізгі аурухана

* жоспармен ауруханаға жатқызу

*+шұғыл ауруханаға жатқызу

* емханалық жағдайда тексеру

 

! 64 - жастағы ер адам, тыныс алумен байланыссыз, үдемелі ұстамалы төс артындағы қысып ауыруға шағымданады. Нитроглицерин көмектеспейді.

Қандай зерттеуді бірінші кезекте жүргізген барыншатиімді?

*+ЭКГ, тропонин Т-ны

* Tl201сцинтиграфияны

* эхокг добутаминмен

* ЭКГ физикалық күштемемен

* тәуліктік ЭКГ мониторлауды

 

! Қабыну реакциясы, «механикалық шаршау», «асқынған атеросклероздық табақшалар» аймағындағы түйілу және ішіне қан құйылу, қандай стенокардияға тән?

* ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК I

* ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК II

* ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК III

* ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК IV

*+ЖИА. Үдемелі стенокардияға

 

! 62 - жастағы ер адам, реанимациялық бөлімге сол қолға берілетін төс артының ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қарағанда: жүрек үндері бәсең, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ – 98 рет мин. АҚ – 110/70 мм с.б.б. Бауыр қабырға доғасында. Ісіну жоқ. ЭКГ: V2-V4 шықпаларында ST сегментініңэлевациясы.

Емдеу жоспарына төмендегілердің барлығын қосқан тиімді, мынадан басқасын:

* нитраттарды

* дезагреганттарды

* тромболитиктерді

* антикоагулянттарды

*+жүрек гликозидтерін

 

! 47 - жастағы ер адам ірі ошақты артқы диафрагмалық миокард инфарктысымен түсті. Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ЖЖЖ - 110 рет мин. АҚ-150/100 мм с.б.б. ЭхоКГ- да гипокинезия аймағы анықталған.

Тромболитиктерді қандай мерзімде тағайындаған барынша тиімді:

*+алғашқы 6 сағатта

* алғашқы 24 сағатта

* екінші тәулікте

* тыртықтану кезеңінде

* жедел кезеңде

! 48 - жастағы ер адам, көпіршікті қызғылт қақырықты жөтелмен, шуылды тыныспен ауыр жағдайда жеткізілді. Өкпе үстінен қатаң тыныс фонында жайылған әртүрлі калибрлі ылғалды сырыл естіледі. ТЖ – 32 рет мин. Жүрек үндері тұйық, ырғағы дұрыс, тахикардия -120 рет мин. АҚ - 240/120 мм. с.б.б.

Бұл шұғыл жағдайда төмендегі дәрілердің барлығын енгізу барынша тиімді мынадан басқасы:

* 40 мг фуросемидті көк тамырға баяу енгізу

* +120 мг преднизолон көк тамырға ағызып енгізу

* 5%-1,0 пентаминді 20 мл NaCl-мен көк тамырға енгізу

* 30 мг натрий нитропруссидін 400 мл NaCl-мен көк тамырға тамшылатып енгізу

* 10% 2–3 мл антифомсиланның спирттегі ерітіндісін ингаляциямен енгізу

! 48 - жастағы ер адам, ірі ошақты миокард инфарктысымен емделді. 2-ші тәулікте кеуде торшасындағы күшті ауыру сезімі, ентігу сезіміне аздаған қанды қақырық бөлінетін жөтел қосылуы салдарынан жағдайы шұғыл нашарлаған. ЭКГ- алдыңғы қабырғаның миокард инфарктысының жедел кезеңі. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігі үшбұрыш тәрізді қарайған.

Қандай асқыну дамуы барынша мүмкін?

* өкпе ісінуі

* жедел аневризма

* жүрек тампонадасы

* Дресслер синдромы

* +өкпе артериясы бұтағының тромбоэмболиясы

! 52 - жастағы ер адам, трансмуралды алдыңғы-перделік миокард инфарктысымен емделді. Аурудың 3-ші күні жағдайы нашарлап, төстің сол жиегінде ІІІ-ші қабырға аралығында систолалық шуыл және оң қарыншаның үдемелі жетіспеушілік белгілері пайда болды.

Дамыған асқыну диагностикасын нақтылауда қандай тексеру әдісін жүргізу БАРЫНША тиімді?

* ЭКГ

* ӨАЭС (ЧПЭС)

*+ЭхоКГ

* селективті коронароангиография

* кеуде қуысы торшасы ағзаларының рентгенография

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!