Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Орхон текстері, оларды құрастыру мен жариялау уақыты



Біздің қарауымызда екі ескерткіш бар: кіші және үлкен екі жазудан тұратын Күлтегіннің құлыптасы және Селенгі бойындағы Тоныкөктің жазуы. Қытайдың Күлтегін мен Білгіханға арнаған, сонда, Орхон жағасында мәңгі сақталып қалған эпитафиялары (ескерткішке жазғандары) бұларға жарыспалы текст болып табылады. Екінші ескерткіш фрагменттік (қалдық) түрде сақталып қалған, ал біріншісі өзінің тұтастығымен өзіне айтарлықтай назар аудартады.

Басын ашып алатын бірінші мәселеміз - олардың жазылған уақыты. Күлтегіннің үлкен жазуында ескерткішті тұрғызудың дәл мерзімі қойылған:

"мешін жылы (732ж.), жетінші ай, жиырма жетінші күн". Қытай эпитафиясы да сол мерзімді көрсетеді. Мазмұнынан көрініп отырғанындай, қытай тексті сол кезде, жерлеу мен қабір үстіне ескерткіш тұрғызу оқиғасына байланысты жазылған. Алайда бұл түрік текстін құрастырған немесе жариялаған кез емес, өйткені жазуда тарихи баяндау тек 716 ж. дейін ғана жеткізіліп, ең қызық жерінде үзіліп қалған. Күлтегін жасаған төңкеріс және оның немере аға інілерін өлтіруі еске салынбаған және бұл, сірә, тегін емес. Осымен қатар жазу тексті 719 ж. кешіктірілмей құрастырылған, өйткені онда 720 есімдері де айтылмайды. Демек, біз таста 732 ж-мен мәңгі есте қалдырылған текст 716 және 720 жж. аралығында, онан да дәлірегі 717 - 718 жж. құрастырылған деген қорытындыға келе аламыз. Ол кезде Білгіхан күйзеліске ұшыраған елді қалпына келтіре отырып, қалың жұртшылыққа үндеу тастаған. Бастапқы кездегі тарихи шолыма да, бектер мен халықты өсиеттеу де, Күлтегіннің қайтыс болғанына дейін, яғни 14жыл ішінде текстке тек қана Күлтегінге арналған эпитафия қосылғанына қарамастан үлкен және кіші жазулардың бүкіл бағдарламалық сыйпаты да, міне осымен түсіндіріледі. Сірә, текстің өзі қайта өңдеуге жатпайтын әдеби шығарма ретінде қаралған болуы керек. Осыдан біздің мынадай қорытынды жасауымызға болады: халыққа үндеу шынында да Білгіханға жақсы нәтижелер берді, өйткені ол халық арасында әйгілене түсті - бүйтпеген жағдайда тас бетінде мәңгі қалдырған кезде текст міндетті түрде өзгертілер еді, яғни толықтандырылар еді.



Алайда бірде - бір тарихшы өз шығармасын нақты материалмен толықтыру мүмкіндігін пайдаланбай қалмас еді. Иоллығтегін де ерекшелік жасаған жоқ. Білгіханның құлыптасындағы жазуға ол Күлтегінге жазғанынан қалып қойған шайқастар мен жорықтар жөніндегі, барлық мәліметтерді қосты. Мұнда ол 700ж. Танғұттар жасалған жорық туралы, 709 ж. чиктерді бағындыру жөніндегі, 714 ж. Бесбалық түбінен түріктердің талқандалмаған жасақтарының шегінуі, 715 ж. Агу маңындағы тоғыз - татарлармен шайқасу, 716 ж. аяғында ұйғырларды бағындыру, 717 ж. татаптар мен қарлұқтарды жеңу, жеңу, 720 ж. Лянчжоу маңында империя әскерлерін талқандау және қидандар мен татаптарға 712- 722 және 733 жж. жасалған одан кейінгі орықтар жөніндегі оқиғаларды еске салады. Әсіресе, 716 ж. төңкеріс пен кескілесу жөнінде бүркемеленген әрі сумаң сөйлемдермен еске салуы назар аударалық. Құлыптастағы бүкіл жазу осыдан басталатындықтан да текстің бұл жері неғұрлым мағыналы. Мұның есесіне ескіні қайталап жату оқиғалар жанды әрі толық етіліп осында жинақталған. Баяндау 734 ж. қайтыс болған хан ғұмырының соңына дейін жеткізілген, тіпті оның жерленуі "доңыз жылы бесінші айдың жиырма жетінші күні" деп жазылғандықтан да одан әрі жалғастырылған. Сол уақытта жазу тексті "бір ай төрт күнде" құрастырылған. Бұл орайда Иоллығ-тегіннің тәжірбесі болды және жазушыларда жиі кездесетінінде, ол өзіне өзі еліктеді. Сонымен біз Білгіханның құлыптасындағы жазуды Күлтегіндегі жазудың жалғасы және соған қосылған қосымша ретінде қарастыра аламыз.



Күлтегін жазуы жазылған уақытқа Тоныкөк жазуы да жатады. "Білгі қаған халқына" үн тастағандықтан да ол 716 ж. соң және 720 ж. дейін құрастырылған, өйткені басмалдармен күрестегі дана Төныкөктің сіңірген еңбегі жөнінде бұл жазуда ешнәрсе айтылмаған. Оның үстіне жазу Тоныкөк қуғында жүргенде және халыққа үндеу тастауы арқылы өзінің еңбегін ханға мойындаттырып, өзін сарайға қайтаруына әрекеттенген кезінде құрастырылған. Оның бұған 719 ж. ғана, Сұлу Қытайдан хан атағын хан атағын алғаннан кейін ғана қолы жетті. Олай болса жазу тексті 717 - 718 жж. құрастырылған, сөйтіп біз бір тақырыпқа сөзбен қақпайласушы екі жазудың сақталып қалуы сияқты сирек кездесетін оқиғаға тап болып отырмыз.

Үшінші құжат - "Онғын тасы"-айдаһар жылында, яғни 716 немесе 728 ж. орнатылған. Білгіханның таққа отырғанына дейінгі, яғни 716 ж. дейінгі оқиғалар ғана суреттелгенімен, бірінші мерзім сенімсіз. Бірақ 716 ж. құрастырылған текст жартасқа 12 жылдан кейін ғана қашалып жазылды. Бұл ескерткіш қатты зақымдалғандықтан ондағы жазуды айырып, ғылыми айналымға қосу қиындыққа соқты. Әйтсе де текстің бұрынғы қалпына келтірілген қолда бар түрі оны осы жанрдың үшінші түрі ретінде Күлтегін мен Тоныкөк жазуларына жатқызуға мүмкіндік береді. Онда 719 ж. өлген (қой жылы) Алп Ілетміш мадақталған. Жазуда марқұмның ұлдары мен інілеріне өзі 716 ж. төңкеріс кезінде шынайы берілген Білгіханға адалдықтарын сақтауы керектігі жөніндегі өсиеті айтылады. Бұл құжат өзінің бағыты жағынан Күлтегін жазуына жанасады.

Тарих.Өз тарихын білмейінше және оған белгілі бір көзқараста болмайынша ешқандай мәдениеттің дамуы мүмкін емес. Егер басқалардан алынып пайдаланылмас, жыл санау дәуірі этногенез (халықтардың шығуы) тарихи процесінің басталғанын білдіреді, яғни, сол мерзімнен былай қарай белгілі бір халықтың өмір сүре бастағандығы есепке алынады, оған дейін болып өткеннің бәрі сол халық үшін тарихтан бұрынғысы болып табылады.

Түріктер өздерінің өмір сүре бастағанын әлемнің жаратылуынан бері қарай есептеп келді, бірақ олар дүние оншалықты көне емес деп ойлайды. Күлтегін жазуы тарихи шолымадан басталады: " Жоғарыда көк аспан және төменде құба жер жаратылғанда сол екеуінің арасынан адам баласы жаратылған болатын. Адам баласы үстінен менің ата-бабаларым Бумын қаған мен Истеми - қаған салтанатты отырды" Сонымен, дүниенің басталуы дәл біздің жыл санауымыздың VI ғ. деп белгіленген. Демек, оның тұсында дүниенің жаратылғанына ие бары 200 жыл ғана болған. Бұл арада бәрінен бұрын Орта Азиядағы хунндық саты үзіліп қалғандығын атап көрсету керек. Шыңғысхан монғолдары түріктер жөнінде ешнәрсе білмегені сияқты хунндардың бұрпақтары түріктер де өздерінің ата-бабалары жөнінде ешнәрсе білмеген. Егер біз Хунну мен түрік қағанаты арасындағы және қағанат пен Шыңғысхан империясы арасындағы дәстүрлердің екі рет үзілгенін ескермесек, онда Орталық Азияның тарихы бізге түсінікті бола алмайды. Бұл үзілістерде ғылымға, ағарту ісіне қарсы тұрушылық кезеңдері жатыр. [5;328-340-б]

IV. Л.Н.Гумилевтің «Көне түріктер» еңбегімен қатар белгілі өзге тарихшылардың байырғы түркілерді зерттеуге арналған еңбектерін ала отырып,салыстыру.

Міне, Гумилевтің «Көне түріктер» еңбегінде жазылған байырғы түркілердің барынша тереңінен таныстық. Дегенмен бұл еңбекті өзге тарихшылардың зерттеулерімен салыстыра баяндайтын болсақ.

Мысалға К.Аманжолов «Көне түріктер» еңбегінде түркілердің тарихы VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон Енесей жазбалары арқылы белгілі. Ол ескерткіштер бір замандарда түркілер мекендеген Енесей өзенінің бойы мен қазіргі Моңғолия жеріндегі Орхон өзені маңайынан табылған құлпытастағы жазулар деп жазған. Бұл жерде біз байырғы түркілер тарихын барынша бүгінге жақын, яғни дәлелді дерек ретінде көре аламыз. Бұл Л.Н.Гумилевтің зерттеуін ескі деу емес. Керісінше , К.Аманжолов еңбегінде дәл Л.Н.Гумилев секілді байырғы түркілердің пайда болуы менен дінін, мәдениеті мен әдебиетін, дамуын тарау-тарау етіп бөліп зерттеген. К.Аманжолов еңбегінде былай деп жазған : « VI-VII ғасырда қаңлылар Батыс Түркі қағандығының қол астына қарайды. ХІ-ХІІ ғасырларда қаңлылар Жетісудағы ең мықты ұлыс болып, бұл өлкені Алмалықта отырып билеген.» Ал түркілердің діни сенімдері жайлы былай сөз қозғайды : «Ежелгі түркілердің діни сенімдері негізінен Көкке (Тәңірге) және Жерге (Жер-суға) табыну болды. Құдай күштерінің бұл жұбында Көк (Тәңір) негізі болып саналады. К.Аманжолв өзінің « Түркі халықтарының тарихы» деген еңбегінде түркілердің пайда болуы мен олардың дербес мемлекет ретінде тарих сахнасына шығуы мен олардың діні, түркілердің тайпалары, мекендеген аймағы, этникалық құрамы, жазуы мен мәдениеті туралы жан-жақты жазған. [6;7-10-б] Түркілердің діні жайында Л.Н.Гумилев былай деген: «Түркіттердің қадым заманындағы діні туралы бізе жеткен негізгі мәліметтер қытайдың «Вейшу» және «Суйшу» атты шежірелерінде жазылған. Ол мәліметтер мейлінше бір-бірінен қарама- қайшы және тым шолақ болғандықтан да түсінуге қиын. «Суйшудың мәліметтері «ху» деген қытай сөзі балгер, сиқыр дегенді білдіреді.Түркіттер табынған аруақтар дегеніміз не: олар ата-аналар аруағы ма әлде табиғаттың рухы ма оны да түсіну оңай емес. Бұл тарау осынау жұмбақ тексттерді талдауға арналады.Негізгі мәселені былайша қоямыз: көне түркіттер қандай дінге сенген және олардың сол діні сындарлы қағида ма әлде әр түрлі сенім-нанымдар араласқан қоспа ма, олай болса ,қандай сенім-нанымдар?» Гумилевтің де пікірінше, көне түркіттер Көк Тәңіріне табынған, Орхон жазуларында «Биікте көк тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаралған» делінеді. Түркі қағандары тек Көк тәңірінің бұйрымен билік ете алады деп түсінген. Сонымен қатар мына тарауында былай делінген : «Ежелгі Түркі қағандығы кезінде оның жері Қытайдан Қаратеңізге дейінгі аймақты қамтып, бұл араны мекендейтін тайпаларды бір көшпелі империяға біріктірген еді. Қағандықтың жері батыста Хазар, Бұлғар және Хорезм мемлекетіне дейін, шығыста қарлұқтар, ұйғырлар, оңтүстікте Шығыс Түркістанға, Тибетке , Кіші Азияға және де Шығыс Еуропаға , ал солтүстігінде Мұзды мұхитына дейін жылжыды» - деген пікірі Л.Н.Гумилев еңбектеріндегі деректерге дәлме – дәл келеді. Ж.Артықбаев өз еңбегінде «Б.э. І мыңжылдығының орта шенінде Қазақстан даласында ірі этникалық өзгерістер басталды. Ғұндармен бірге мифтік тарихи көзқарас жойылды. Ерте түрік дәуірінде адамның өмір сүруі тарихи аспектіде, ойлау затына айналды. Бұл дәуірді біз шартты түрде ежелгі түрік (ерте түрік) немесе көне түрік дәуірі деп атаймыз. » деп жазады. Сондай-ақ ол «Ерте түркілердің шығу тегі ежелгі Ұлы даланың тұрғындары – турлармен байланысты , шаруашылық жағынан ерте түрік кезеңі екі түрлі сферадан тұратын бір жүйені құрды» - деп жазған. Ал К.Аманжолов ерте түріктердің шығу тегі, олардың дербес мемлекет ретінде тарих сахнасына шығуы туралы былай деген : « Еуразияның түркі тектес халықтары өздерінің алдындағы тайпалар сияқты ұзақ уақыт бойы түркі тілді халықтардың бәріне ортақ тарихты жасады. Тарих аренасында бір тайпаның орнын екіншісі ауыстыруын алдыңғы тайпаның тарихтан өшуі деп есеп есептеуге болмайды. Олар пайда болған жаңа тайпаның саяси құрамынан, ариліктердің, сақтардың, хундардың этникалық топтарынан көрініс беріп, өзгеріске ұшыраған түрде тарих сахнасына қайтадан шығады. Түркі тайпалары қола дәуірінде пайда болып, ари , скиф-сақ, хун дәуірлерін басынан кешірсе де, олардың бірлестігі жоғалған жоқ. Тек көне түркі дәуірінде ғана этникалық негізде тарих аренасынан көріне алды.» Кеңес өкіметі жылдарындағы түркілердің тарихы туралы жазылған құнды еңбектер : Толстовтың «Древний Хорезм» (1948) атты зерттеуі, Л.Н.Гумилевтің «Древние тюрки» (1967) , «Поиски вымышленного царства» (1970), «Хунны в Китае» деген күрделі зерттеулері түркі тайпаларының ғасырлар бойғы даму ерекшеліктері, этнос ретінде қалыптасу кезеңдері мен мемлекеті туралы сыр шертеді.

Л.Гумилев «Хұндар» деген еңбегінде ерте замандарда Қазақстан, Алтай, Орта Азия жерлерін мекендеген басты тайпа – хундардың түркі қағанатына қатысы туралы жазды. Белгілі зерттеуші , профессор Хайруш Абдрахман да ғұндар туралы біршама құнды деректер қалдырған : « Біздің жыл санауымызға дейінгі 204 жылы бой көтеріп, біздің заманымызыдың 216 жылына дейін дәурен сүрді. Шаңырағын көтеруші – әйгілі Мөде батыр. Тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған.Сөйлеу тілі де түркі болған. Олардың еңсесін көтеріп, ел еткендер қатарына аты шулы Аттиланы атауға болады. Заманында түріктер, монғол, угри, мадьярлар ғұндар одағының құрамына енген. Ғұндар – түрік халықтары тараған мәуелі бәйтеректің бір бұтағы.» Ал бұл жөнінде Лев Гумилев былай дейді : « Бізге ху көшпелілері мен Шань-Инь мемлекеті арасындағы соғыстар туралы ештеңе де мәлім емес. Алайда археологиялық материал сол дәуірде Қытай мен далалықтардың өзара тығыз байланыста болғанын меңзейді. Б.з. дейінгі ежелгі хұндардың өздері арғы аталарынан едәуір айырмашылығы болғанын атап өту қажет.» Бұл екі ғалымның да пікірлерінен ұғатынымыз хұндар – біздің байырғы ата-бабаларымыз. Хайруш Абдрахман «Түркілер: тарихы мен тағдыры» кітабында : « Түркі елінің ежелгі тарихы біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырдан , ертедегі хұндар империясының құрылу кезеңінен басталады да, біздің заманымыздың ІХ ғасырын қамтиды. Түркі елі өзі өмір сүрген 1500 жыл ішінде төрт рет гүлдену – өрлеу, төрт рет дағдарыс – құлдырауды бастан кешірді.» - деп жазады. Жалпы алғанда барша зерттеушілердің еңбектерңндегі негізгі ой бір және айтылған мәліметтері бір жерден шығады. Солай дегенмен Л.Н.Гумилевтің «Көне түркілер» еңбегінің өзгешелігі үстем келеді. Неге десеңіз, байырғы көне түріктердің көне дәстүрі мен мәдениті, діні, мемлекеттігі жайында молынан сөз етеді. Өзге зерттеушілерде де солай болғанымен, Л.Н.Гумилевтің «Көне түркілер» еңбегіндегі көнелік, кез келген атауды сол қалпында беру жүзеге асырылған. Көбінесе бүгінгі күнге лайықтап, дами келе өзгерген сан алуан атаулар қолданылған. Осы еңбектерден біз ата-бабамыз байырғы түркілер тарихынан барынша сусындап, олардың жан-жақты зерттелгенін аңғарамыз. Көне түркілер құрамының көп тайпадан тұрғандығын көреміз. Л.Н.Гумилев айтқандай, ХІ ғасырда Түркі суперэтнос санасында сөне бастады. Себебі дәл осы шақта түркілер бағында 92 баулы қыпшақтар тарих сахнасына шықты. Бұл пікір де Л.Гумилевтің еңбегінде де көрініс табады.

Күлтегін ескерткіші туралы Л.Н.Гумилев «Көне түріктер» еңбегінің «Көк түріктер өздері туралы» деген тарауында егжей-тегжей зерттеген. Гумилевпен қатар Күлтегін ескерткішін көптеген зерттеуші – ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің тұшымды ой – пікірлерін қалдырған. Мырзатай Жолдасбеков пен Қаржаубай Сартқожаұлының «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» деген еңбектерінен де Күлтегін ескерткіші жайында тың мәліметтер ала аламыз.Олар былай дейді: «Күлтегін ескеркішінің алаңы тазаланып, толық қазба жұмыстары жүргізілгеннен кейін әлем зерттеушілері ойлана бастады. Осылайша әлем ғалымдарының екі жарым ғасыр жүргізген зерттеулері байырғы түрік кешендерінінің «қабір» еместігін дәлелдеді. Енді оны басқаша атау қажет еді. Соңғы отыз жылдан бері Ресей зерттеушілері айғақтарды сібірлік «шаманизм» наным-сенімдерін тұтынатын түрік халықтарының дәстүр-салтымен салыстыра келіп, оларды марқұмның жетісін, қырқын, жылдығын өткеріп, ас беру кезінде жасалатын жора-жосынға арналған орын деген тұжырымға тоқталады.» [7;13-б] Ал Л.Н.Гумилев : «Күлтегін мәйітінің өртелген күлі император Сюаньцзун жіберген қытай шеберлері тұрғызған тамаша ескерткішпен көмкерілді. 1889 жылы Н.М.Ядринцев осы құрылысты ашқан болатын, оны В.В.Радлов зерттеген.» - дейді. [8;328-б] Күлтегін мүсінінің басының табылғандығын Гумилев өз кітабында айта келе, оны жан-жақты да суреттеген. Л.Н.Гумилевтің де жоғарыда аттары аталған ғалымдардың да Күлтегін ескерткіші жөнінде айтқан пікірлері шындыққа жанасады, екі пікір де бір-бірімен сарындас. Л.Гумилевтің ежелгі түркілердің шығу тегі менен тарихына арнаған кандидаттық және докторлық дисертацияларын саралайтын болсақ, ғалымның тарихшы – шығыстанушылық ізденушілігімен бетпе –бет келеміз. Иә, Гумилевтің зерттеуінің өзге де зерттеушілердің пікірінен артықшылығы да сонда. Ол былай дейді : « Біздің бағымызға орай, бұрынғы оқымыстылар орта ғасырлар тарихын әжептеуір зерттеген. Мұның мәнісін былай түсіну керек: саяси тарих оқиғалары көпшілігінің желісі реттеліп, бір ізге түсіп, соғыстар мен келісімдер, елшілік және әлеуметтік одақтар ,заң актілері мен әлеуметтік реформалар уақыты белгіленіп қойылған.» Демек Л.Гумилевтің зерттеу жұмысы бір тақырыпты емес, сол тақырып көлеміндегі бүкіл тақырыптарды толықтай зерттегені анықталды. К.Аманжолов, Ж.Артықбаев еңбектерін Гумилевтің «Көне түркілер» еңбегімен салыстыра келе, бәрібір де Л.Н.Гумилевтің еңбегінің тұшымды әрі дәлелді екендігіне көзіміз жетеді. Л.Н.Гумилевтің «Көне түркілер» деген зерттеу еңбегін талдай келе, оның нағыз еуразияшыл зерттеуші екенін де нақты айта аламыз. Сондай-ақ Л.Н.Гумилевтің «Хундар» кітабын да негізге ала отырып, оның бүкіл зерттеу нысаны өзінің жоғарғы дәрежесіне жетті деп айтуға және солай ойлауға толықтай құқығымыз бар.

 

Орытынды.

Қорытындылай келе, еуразияшылдық – ХХІ ғасырдың ең басты мәселелерінің бірі деген идеяға тоқталамыз. Себебі Лев Гумилевтің «Еуразияшылдық идеясын» елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі қолдап, жалғасын тапқанын көздеп отыр. Жалпы Еуразия идеясы қазіргі дүниеде өзекті ғылыми тұжырымдарға негіз болып, Еуразия аймағы ғана емес, әлемдік қоғамда да әр түрлі түрлі елдердің әлеуметтік – саяси институттарының арқауына айнала бастады. Халықаралық Еуразия қозғалыстарының жетекшісі , ресейлік ғалым Александр Гельевич Дутин өзінің «Еуразийская миссия Нурсултана Назарбаева» атты соңғы кітабында сөз болып отырған «Еуразияшылдық идея» туралы мәселелерді жан – жақты қозғап, қазіргі заманда Қазақстан Президентінің ұлы мақсатты жүзеге асырудағы озық ойлы идеяларының мәнін аша түсті. Оның бұл еңбегң түрік, итальян, француз тілдеріне аударылыпты. «Таяуда ғана Парижде тұратын әріптес достарым «Еуразия» атты жаңа журналдың бірінші нөмірін маған салып жіберіпті. Дәл осындай ғылыми журнал Италияда да қолға алынып жатыр. Бұл Еуразия идеясының кең қанат жая бастағанын көрсетеді.» ,- деді ол.

«Еуразия кеңістігінде халықтардың мемлекет болып қалыптасуы өте ерте кезде басталған. Алғашында оларда империялық сипат басымдық көрсетті. Көшпелі халықтардың мемлекеттік құрылымдары біздің дәуірімізге дейінгі мың жылдықтың орта тұсында пайда бола бастады. Олардың бәрінің құрылымдары мен ішкі қызмет тіршілігі бірдей еді.» - деп Сергей Кляшторный «Еуразияшылдыққа» осылай өз бағасын берген.

«Еуразияшылдық идеясы» жайында біз Л.Н.Гумилевтен бұрынғы зерттеушілермен немесе берідегі өзіміздің тарихшылардың пікірімен де келісеміз. Бірақ түп тамыры еуразияшылдық идеясын жаңғыртып, түбегейлі зерттеген Л.Н.Гумилевтің «Көне түріктерді» зерттеуін айрықша атап көрсетуіміз абзал.

Қазіргі Қазақстан жері Еуразиялық ұлы далалық ендік жүйесінің бел ортасында , көшпеліліктің ежелгі тарихи – мәдени кешенін қалыптастырды. V Халықаралық Еуразия ғылыми форумының алғашқы күнгі пленарлық мәжілісі 6 бағытта өрбіді. Олар – «Еуразиялық идея : тарих және қазіргі заман», «Еуразия көшпелілерінің орны мен рөлі: номадизм еуразияшылдық факторы» , «Еуразия халықтарының мәдени қарым-қатынасы» , «Қазақстан тарихы Еуразия тарихында», «Еуразия халықтарының тілі : бүгінгі мұрасы», «Еуразия елдерінің әдебиеті мен фольклоры».

«Негізгі мақсат – әлемдік тарих мәніндегі Еуразияның тарихи дамуына, Қазақстанның және аймақтың өзге елдерінің өркенитеттік ерекшелігіне терең ғылыми талдау жасау. Елбасы Н.Назарбаев қалыптастырған еуразияшылдық көзқарасты интеграциялық алдыңғы қатарлы тұжырым ретінде насихаттау болды.» - дейді форумды ұйымдастырушылар. Бұл сөз жоқ, жаймен жүзеге асты деп айтуға болар. [9;2-б]

Көптеген зерттеушілер тарихи зерттеу жұмыстарына міндетті түрде бірінші кезекте Л.Н.Гумилевтің еңбегімен танысып өтеді. Бұл дегеніміз Гумилевтің зерттеуі – нағыз дәлелдерге сүйенген, дәйекті пікірлері маңызды тарихи құнды мұра екендігін нақтылай түспек.

Еуразия идеясы менен «Көне түркілер» тарихын астастыра білген Л.Н Гумилевтің еңбегін бағалап, оны ұлы тарихшы, зерттеуші ғалым деп санамасқа дәлел жоқ.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Лев Гумилев «Көне түріктер»,1994 ж, Алматы, «Білім» баспасы, 476 бет.

2.Хайруш Абдрахман «Тарихыңды таны»,(Отан тарихының очерктері),

2002 ж, Алматы, «Дәнекер» баспасы.

3. Қ.Аманжолов «Түркі халықтарының тарихы»,2005 ж, Алматы, «Білім» баспасы.

4.Лев Гумилев «Хундар»,1998 ж, Алматы, Қазақстан.

5.Хайруш Абдрахман «Түркілер : тарихы мен тағдыры»,2002 ж, Алматы, «Дәнекер».

7. «Жас Алаш» газеті ,19 ақпан, 2002 ж, № 21 (14437), «Көне түріктердің жазуы мен әдебиеті», Айткүл Махаева, 4-бет.

8. Л.Динашева «Түркі мемлекеттерінің тарихы» ,2014 ж,348 бет.

Сілтемелер:

1.«Нұр Астана» газеті, 6 қаңтар, 2004 ж. «Еуразияшылдық – ХХІ ғасырдың басты идеяларының бірі» ,Ғазиз Құрмашұлының мақаласынан. [1;1-б]

2. Л.Динашева «Түркі мемлекеттерінің тарихы» [2;348-б]

3.Лев Гумилев «Көне түріктер» [3;73-75-б]

4. «Жас Алаш» газеті, «Көне түріктердің жазуы мен әдебиеті» [4;4-б]

5.Лев Гумилев «Көне түріктер» [5;328-340-б]

6. К.Аманжолов «Түркі халықтарының тарихы» [6; 7-10-б]

7.М.Жолдасбеков,Қ.Сартқожаұлы «Орхон ескеркіштерінің толық атласы» [7;13-б]

8.Лев Гумилев «Көне түріктер» [8;328-б]

9. .«Нұр Астана» газеті, 6 қаңтар, 2004 ж. «Еуразияшылдық – ХХІ ғасырдың басты идеяларының бірі» ,Ғазиз Құрмашұлының мақаласынан. [1;2-б]

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!