Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Леуметтік-философиялық реализм:Ибсен,Шоу,Драйзер



Әлеуметтік философиялық реализм

«Реализм» жайлы айтқан кезде біз оны көбіне кезеңдерге бөлмей,тұтас бір бағыт ретінде қабылдаймыз.Реализмнің кейінірек көркем жүйе ретіндегі өзінің даму барысында көптеген өзгерістерге ұшырағаны белгілі.Бірақ бізді қазір еуропалық әдебиеттердегі романтизм дәуірінің орнын басқан реализмнің жалпы бағыт ретіндегі эстетикасы мен көркемдік тәжірибесі ерекше қызықтырып отыр.Айта кететін тағы бір мәселе бар.Біз реализм туралы көп сөз еткеніміз соншалықты,ол туралы түсінік көбіне шаблонға айналған өмір шындығы,буржуазиялық қоғамды сынау,және т.б.ұғымдардың жиынтығы сияқты боп көрінеді.Бірақ олардың көбі романтизмге де тән еді ғой.Сондықтан реализмнің пайда болу кезеңін оқығанда,оның сол уақытқа тән барлық жаңашылдығына айрықша көңіл бөлген жөн.Демек,бұдан ары қарай реализм туралы сөз айтқанда,ақиқат салыстыру кезінде анықталады деген жүйеге сүйене отырып,үнемі романтизмге арқа сүйеудің осындай себебі бар.Ендеше реализм мен романтизм арасындағы себеп-салдарлық байланысқа көз жеткізген соң,енді олардың арасындағы айырмашылықтарды байқау қиын емес. Реализм өзінің аты айтып тұрғандай,өнердің шындыққа,суреткерді қоршаған күнделікті өмірге қайырылу көрінісі екендігі белгілі.Біздің байқауымызша,қоғам дамуының өзі де,жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдар,материалистік философияның алғашқы ағымдары да өнерден өмір шындығына қайырылу қажеттілігін талап етті.Буржуазиялық ХIХ ғасыр басталған бойда-ақ суреткерлер романтикалық биіктікте шарықтауды қаншалықты қалағанымен де,жерге қарапайым өмірге оралуға өктем түрде шақырды. Ортодоксалды романтизмнің жақтаушылары реалистерді осы жер бетіне түскендігі үшін,буржуазиялық күйкі тірліктің жағымсыз прозасын зерттеуге ұмтылысы үшін аз кіналаған жоқ.Тіпті оларды жәндіктерді зерттейтін зоологтарға теңестіріп,адамға да сондай сынақтар жүргізетін тұрпайы зерттеушілер етіп көрсетуге тырысты. Реалистерді кір-қоқысты тазалауға өте-мөте қызығушылық танытқаны үшін де кінәлады.Бұл түсінікті де.Әрине,қоғам өзі жайлы ашық шындықтың көп айтылуына ресми институттары атынан басқаша қарай алмайды.Сонымен бірге романтикалық эстетиканың жақтаушылары реалистердің жерге тым жақындығын қабыл ала алмады,сөйтіп өз сындарының орынды екендігін танытты.Міне,бұл жайт мәселенің осы бір жағын мұқият қарастыруымызға мәжбүр етіп отыр.Бүгінде,жүз жылдан астам уақыт өткен кезде,бізге сол кездегі Бальзак пен Флоберге немесе Теккерейге олардың салқын қанды бейтараптығына қатысты айтылған жазғырулар біртүрлі көрінуі де мүмкін.Бальзактың Евгений Гранденің қор болған өмірі туралы повесін немесе Флобердің мадам Бовариін оқыған кезімізде,біз бұл жазушылар жаратылысты зерттеушілердің салқын қанды қызығушылығын басшылыққа алды,олар тек адам табиғатының ұждансыз тұстарын қазбалады деп айта алмас едік.Бірақ реалистердің атына айтылған тарихи сын-ескертпелерді түсіну үшін,бұл әдебиет жалпы дөрекі өмір прозаларымен принципті түрде жұмысы жоқ әдебиеттің орнына келгенін тағы бір еске алғанымыз жөн.





Генрик Ибсен (20.3.1828, Норвегия, Шиен – 23.5. 1906, Кристиансанн) – норвег драматургы.Алғашқы драмасы – “Катилина” (1950). Мұнда Ибсен Еуропадағы 1848 жылғы халық қозғалыстары кезінде болған оқиғаларды көрсетті. 1850 жылы “Қаһарман қорған” атты бір актілі лирикалық драмасы сахнада қойылған. 1852 – 57 жылдары Берген қаласында елдегі тұңғыш ұлт театрын, 1857 – 62 жылдары Кристиансанндағы норвег театрын басқарды. Оның осы кезде жазған және сахнаға қойылған пьесаларының ішінде “Эстроттен шыққан Фру Ингер” (1855 – 57) тарихи драмасы мен “Сульхаугедегі той” (1856) лирикалық драмасының орны өзгеше. Ибсен 1864 жылы Италияға қоныстанды. Онда “Бранд” (1866), “Пер Гюнт” (1867) драммалық поэмаларын аяқтады. Саяси және тарихи-философиялық өлеңдер, “Кесарь мен галилеяндық” (1873), “Қуыршақ үй” (1879), “Құрылысшы Сольнес” (1892), т.б. драмалар жазды. Ибсен драматургиясы – 19 ғасырдың 70 – 80-жылдардағы Батыс Еуропа әдебиетінің биік шыңдарының бірі. Ол өзінен кейінгі драматургия мен театр өнерінің дамуына үлкен ықпал жасады. Б.Шоу, Г.Гауптман, т.б. драматургтер Ибсен тәжірибесінен үйренді. Ибсеннің “Қуыршақ үй”, “Елестер”, т.б. пьесаларын А.Тоқпанов, Қ.Ысқақов, т.б. қазақ тіліне аударған. Ибсеннің бірнеше шығармалары республика театрларының сахналарында қойылған.

Франс (France) Анатоль (шын аты Анатоль Франсуа Тибо) (16.4.1844, Париж қала — 12.10.1924, Сен-Сир-Сюр-Луар) — француз жазушысы, Нобель сыйлығының иегері (1921). Әдеби қызметін қысқа мақалалар, рецензия жазудан бастаған. “Сильвестер Боннардың қылмысы”, “Таис”, “Қазіргі тарих” атты романдар жазған ол өз шығармаларында сол кездегі Франциядағы өмір шындығын бейнеледі. Әдеби сынмен де айналысты, “Эпикур бағы” атты афоризмдер жинағын шығарды. Саяси мәселелерге де араласып, 20 ғасырдың бас кезінде социалистермен жақындасып, “Юманите” газетіне мақалаларын, кейіннен “Ақ тасты үстінде” атты романын жариялады. “Пингвин аралы” романы 1961 ж. қазақ тілінде жарық көрген.

Шоу Джордж Бернард-ағылшын жазушысы.Ирланд отбасында дүниеге келген.Жасынан өмір тауқыметін көп тартқан Шоу 1871жылы мектеп бітірген соң күнкөрістің қамымен хат тасушы,кассир болып әр түрлі мекемелерде жұмыс істейді.Дегенмен,жазушылыққа деген құштарлығы ерте оянып,1876жылы Лондондағы анасының қолына келісімен роман жазумен айналысты.Оның қаламынан алғаш туған,сол кездегі қоғамды сынау бағытындағы «Cәтсіз неке»(1880),»Артистің махаббаты»(1881)романдарын бір де бір баспа қабылдамады.Жас жазушының Америкаға жіберген әрекеттерінен де түк шықпады. 1879жылы жазған «Шикілік»романы елу жылдан кейін ғана (1930)жарық көрді.Шоу 19ғасырдың 80-жылдарының басында елдің саяси өміріне белсене араласып,шешендігімен көзге түсті.Дегенмен,Маркстің іліміне қаншалықты бой ұрғанымен марксизмге бұрылмай,фабиандық қоғамды насихаттаушылар қатарына келіп қосылды.Осы жылдары кішігірім «Ту-дэй»журналында «Дара социалист»,»Кэшел Байронның кәсібі»,»Аур корнер»журналында «Баянсыз байланыстар»,»Артистің махаббаты»романдары жарияланды.Фабианшы Шоу бар ынтасымен жаңа қоғам құру жолында күрес жүргізсе,ал театр сыншысы ретінде жаңа драма үшін батыл шайқасты.Ол Шекспир шығармаларына Ибсен пьесаларын қарсы қойды.Оның бұл көзқарасы баспасөз бен көрермендер тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады.Соған қарамастан Шоу Тәуелсіз театрды белсенділікпен жақтады.Драматургтың ұзақ та жемісті жолы»Жесірдің үйі» пьесасынан басталды.Ол айналдырған сегіз жылдың ішінде бірінен-бірі өтетін драмалық топтамасы:«Жағымсыз пьесалар»,»Жағымды пьесалар»,»Пуритандықтарға арналған пьесаларын» жазды.Іле қоғамдағы жағымпаздық пен жалған көріністерді өткір сынға алған он пьесасын өмірге әкелді.»Соғыс пен адам»пьесасы алғаш Тәуелсіз театр сахнасында табыспен өтті.1897жылы Америка театрларының сахналарын дүрілдеткен Сайтанның шәкірті Шоу шығармаларындағы елеулі бетбұрыс болды.Жазушы 1-ші және 2-ші дүниежүзілік соғыстарды барынша айыптады.

Оның Инка Перусалемский,Огэстос өз міндетін атқарды,Виктория Кресінің ардагері,көлемді» Журек жаратын үй»пьесалары соғысқа қарыс айтқан,өткір де шынайы туындылар саналады.Соңғы шығармада елді қанқұйлы соғысқа ұрындырып отырған Англия үкіметі басшыларының қара ниеттері мен айла-шарғылары барынша айқын да жиіркенішті түрде бейнелеген.Шоу өмір бойы жаңашылдыққа ұмтылды,адамгершілік ізгі мұраттарды аңсады.Оның керемет шабытпен және шеберлікпен жазылған Күтпеген аралдардан шыққан пенде1936,Женева1938 пьесаларында жауыздық атаулы,қаскүнем қылмыскерлер жер бетінен жоғалады.Драматург өмірінің соңғы кезеңінде жазған» Бойанттың миллиардтары»,»Астарлы мысалдар» 1948,»Шэкс Шэвке қарсы» 1949пьесаларында да өзіне тән күрескерлігі мен шыншылдығынан,жауыздыққа қарсы өшкенділігі мен жақсылыққа,жаңаға деген құштарлығынан танбаған.

3. “Поэтика”-Аристотель.Аристотель трактаты.2 бөлімнен тұрады. 1100 көшірмесінен 5 қалған.1 бөлімде поэтика терминіне анықтама береді. Поэтика (грек тілінде poіetіk fehne — шығармашылық өнер) — әдебиеттанудың пәні, көркем шығарма құндылығын бар болмысымен айқындайтын жүйе туралы ғылым. Поэтика негізгі 3 саланы, мәтіннің дыбыстық, сөздік, образдық құрылымын зерттейді.Поэтиканың басты мақсаты — осы үш саланың толық жүйеленген эстетикалық амалдарын анықтау. Кең мағынасында поэтика әдебиет теориясымен үндес ұғымды білдірсе, ал нақтылы мағынада сол теориялық әдебиеттің бір саласы ретінде қабылданады. 2 бөлімде трагедия мен комедияға анықтама береді. Бұл трактат оыс, латын тілдеріне аударылған.

Аристотель Халкида түбегіндегі Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афина қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады. Ол сонда шамамен жиырма жыл бойы, б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін қала берді. Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы Һермиас патшаның иеліктеріне сапар шекті. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Һермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Ол туған қызды ол Пития деп атады. Һермиас қайтыс болғаннан кейін Аристотельді Македония патшасы Филипп өзінің ұлы Александрға тәлімгер болуға шақырды. Ол Александрға сабап оқытты деседі.Александрға бірнеше жыл тәлім бергеннен кейін Аристотель Афинаға қайтып оралды. Б.з.д. 335 жылға дейін ол сонда Лүкейон деп аталатын өзінің мектебін ашып алған болатын. Афинада оның әйелі Пития қайтыс болып, ол Стагейралық Һерпиллида атты бір әйелді кездестіреді. Ол ұл туып, оның атын Аристотель өз әкесінің құрметіне Никомах деп қояды.Аристотель көптеген еңбектерін өмірінің осы кезеңінде жазған болуы мүмкін. Ол тек кейбір бөліктері ғана сақталған диалогтар жазған. Бізге келіп жеткен еңбектерінің көбі «трактат» түрінде өзінің шәкірттеріне арналған оқу құралы ретінде жазылғандықтан көпшілігі жалпы таратуға арналмаған. Оның ең маңызды еңбектері ретінде «Физика», «Метафизика», «Никомахтың этикасы», «Жан туралы» және «Поэтика». Бұл еңбектердің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың стилі мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді.Философияан эстетика, этика, басқару ғылымы, метафизика, саясат, психология, шешендік өнері және құдайтану туралы еңбектер жазды. Ол білім беру, шетелдердің әдет-ғұрыптарын, әдебиет және поэзияны зерттеді. Оның шығармаларының толық жинағы ежелгі гректерге белгілі болған білімнің энциклопедиясы деп атауға болады. Өз заманында белгілі болған ғылыми мәліметтердің бәрін білген адамдардың ең соңғысы Аристотель болған деген жорамал жасалған.Александр қайтыс болғаннан кейін Афинада македондықтарға қарсы теріс көзқарас қалыптасты. Билеуші Еуромедон Аристотельге «құдайларды қастерлемейсің» деген айып тақты. Аристотель «Афиналықтарға пәлсапаға қарсы екінші рет қиянат жасатпаймын» деп анасының Халкидадағы иелігіне бас сауғалап кетті. Бұндағы оның қиянат деп отырғаны афиналықтардың Сократқа шығарған әділетсіз сот үкімі болатын. Бірақ бір жыл өтпей ол Еубеяда ауырып қайтыс болды (б.з.д. 323 жылы). Аристотель соңғы өсиетінде өзін әйелінің жанында жерлеуді сұрады.

 


Билет 7

Көне Рим әдебиеті

1.Б.д.д. ІІІ ғ. ортасында Жерорта теңізінің батыс жағалауында, Италияда, антикалық әдебиеттің екінші бөлігі – рим әдебиеті өркендей бастайды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен байланысты болды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен бірге дамыған, бірақ ол латын тілінде шығарылды, себебі Рим латын тайпаларының орталық қауымы болды. Рим құрып жатқан Грекияның орнына келді.Римдіктер өз мәдениетінің әр түрлі салаларының (философия, дін, өнер, әдебиет) дамуына гректерден материал алып пайдаланды. Римдіктер гректерден алған материалды өздерінің тарихына, идеологиясына, жергілікті мәдениет пен салт-дәстүрлеріне байланысты дамытты. Рим әдебиеті грек және Батыс Еуропа әдебиеттері арасына байланыс жасады. Қайта өркендеу дәуірінде де, XVII-XVIII ғғ.да антикалық әдебиет тек рим әдебиеті арқылы танымал болды. Сол кездерде грек драматургтары Эсхил, Софокл, Еврипидтен гөрі рим драматургы Сенека танымал болған, ал еуропалық эпостан Гомердің поэмалары емес, Вергилийдің «Энеидасы» көбірек танылған. XVIII ғ. ғана грек әдебиетіне көңіл бөлінді, ал ХІХ ғ. рим әдебиетін дұрыс бағаламай, таза еліктеу әдебиеті деп қараған..Рим әдебиеті грек әдебиетінің жанрларын пайдаланып, оларды өзгертіп, жаңа түрде дамытты. Мысалы, грек трагедиясында хордың қатысуы міндетті болды, ал рим әдебиетінде оның қажеттілігі болған жоқ. Рим әдебиетінің дамуы, оның «алтын дәурі», Рим империясының пайда болуы мен күйреуі антикалық әлемнің дамуының соңғы кезеңіне келді.Рим әдебиетінің кезеңдерге бөлінуі әдеби латын тілінің дамуымен сәйкес келеді.

І. Ежелгі кезең – рим әдебиетінің пайда болуына дейін (б.д.д. 240 ж, дейін).

ІІ. Архаикалық кезең – Цицеронның әдеби қызметіне дейін (б.д.д. 240ж.- 81 жж.).

ІІІ. Рим әдебиетінің «алтын дәуірі»:

1) Цицеронның заманы – рим прозасының гүлдену кезеңі (б.д.д.81-43 жж.);

2) Августың заманы – рим поэзиясының гүлдену кезеңі (б.д,д. 43-14 жж.).

IV. Рим әдебиетінің «күміс дәурі» (14-117 жж.).

V. Соңғы императорлық кезең. (117-476 жж.).

Рим мифологиясы. Римдіктер олимп құдайларына құлшылық етті, бірақ олардың аттарын өзгертіп алды. Мысалы:

бас құдай Зевсті – Юпитер,

теңіз құдайы Посейдонды – Нептун,

аналар мен балалардың қамқоршысы, Зевстің әйелі Гераны – Юнона,

соғыс құдайы Аресті – Марс,

сауда-саттықтың құдайы Герместі – Меркурий,

сұлулық пен махаббат құдайы Афродитаны – Венера,

қолөнері мен өнерді қорғаушы әйел құдай Афинаны – Минерва,

Б.д.б. І ғ. соңы мен б.д. І ғ. басын рим поэзиясының «алтын ғасыры» деп атайды. Римнің аса көрнекті ақындары осы уақытта өмір сүріп, өз шығармаларын жасап кетті.

Рим театрыларында грек және рим драматургтарының трагедиялары мен комедиялары қойылды. Император Помпей Грекиядағы театр жұмысымен танысып, солардың үлгісі бойынша Римде тастан қаланған алғашқы театр салдырды. І ғ. Римде 50 мың көрермен сиятын атақты Колизей театры салынды. Грек жазушыларының шығармалары латын тіліне аударылды. Рим ақындарының өздері де көптеген тамаша дастандар мен өлеңдерді жазды.

Публий Марон Вергилий (б.э.д. 70-19 жж.) – римнің даңқы шыққан ақыны. Оның өмірі аңызға айналған. Вергилий солтүстік Италияда қолөнерші отбасында дүниеге келген. Алғашқы білімді Кремонада, соңынан Миланда алған. Римде риторикалық білімін жетілдірген. Вергилийдің жас кезінде жазған өлеңдері «Ұсақ өлеңдер» деген шағын жинақ болып шықты (ақын өлгеннен кейін).Вергилийдің алғашқы маңызды шығармасы – «Буколики» («Бақташы жыры») б.э.д. 42-38 жж. жазылған. Жинағында ақын идиллиялық өмірді (табиғат аясында тыныштықта өмір сүру) мадақтап, саясаттан аулақ болуға тырысады. «Буколики» дүниежүзілік әдебиетінде ерекше орын алады. Вергилий рим әдебиетінде бұрын болмаған буколикалық жанр енгізді. «Буколики» шығармасының арқасында Вергилий рим ақындарының алдыңғы қатарына шығады. Ақынның келесі шығармасы – «Георгики» («Егіншілік туралы дастан») император Октавиан Августке арналған. Вергилийдің 7 жыл жазған еңбегі 4 кітаптан тұрады (егіншілікке, жемістерді өсіруіне, мал шаруашылығына, бал араларды өсіруіне арналған). Шығармаларында ақын шаруаның еңбегін дәріптейді, Италия халқының, тарихи қайраткерлерінің, табиғатының даңқын шығарады. Әйгілі ақын Вергилий «Энеида» дастанын жазды. Ол «Энеида» дастанына 10 жылға жуық еңбек сіңірді.Вергилий грек және рим мифтерін зерттеді. Ол дастанда Троя қорғаушылардың бірі, әйел құдайдың баласы Эней туралы айтты. Эней өрт-жалынға оранған қаладан асыл заттарды емес, өзінің әбден қартайған әкесін арқалап шығады. Әдеттен тыс шым-шытырық оқиғалардан кейін ол Италияға қоныстанады. Эней өлген әкесімен дидарласу үшін өлілердің жер астындағы патшалығына түседі. Сол арада дана қарттың рухы Энейге оның ұрпақтары Римнің негізін қалайтынын және халықтардың аса қуатты әміршілері болатынын болжап айтады. Вулкан құдай Энейге арнап қалқан соғып, оның бетіне Рим тарихындағы болашақ оқиғалар мен Августың салтанат құруын бейнелейді. Эней өзінің болашақ ұрпақтарын, олардың арасынан Римге тыныштық орнататын, тіпті Римнен шалғайдағы Халықтарды қаһарымен қалтырататын «құдіретті Августы» да көреді. «Энеида» салтанатты және әуезді өлеңмен жазылған. Вергилий дастанда ерлікті, өз борышына адалдықты, үлкендерге деген құрметті дәріптейді. Ақын гректер мен римдіктердің діни нанымдарын, ежелгі аңыздарын империяны және Августың өзін әсірелей дәріптеу үшін шебер пайдаланды.

Гораций Флакк (толық аты Квинт Гораций) - (б.д.д.65 – 8 жж.) Италияның оңтүстігінде Венузияда дүниеге келген. Ол азаттық алған құлдан туған. Рим және Афиныда білім алған. Азамат соғысы басталған кезде әскерге кетеді. Алғашқыда республикашылар жағында болғанымен, кейін император Августың сарай ақыны болған.

Гораций өлең жазуға б.з.д. 42 ж. бастап кіріседі. 30-шы жж. ақынның екі жинағы шығады. Гораций «Одалар», «Сатиралар», «Хатттар», «Эподтар» т.б. кітаптардың авторы. Оның үш шығармасы әдеби тақырыпқа жазылған. Горацийдің өлең өнерін мадақтаған «Ескерткіш» одасы жаңа заман ақындарына үлгі болған. (Г.Р.Державин, А.С.Пушкин т.б.). Горацийдің ақындық сырын ашқан «Поэзия ғылымы» еңбегін кейін классицизм теоретиктері пайдаланған. Гораций мұрасы Еуропа поэзиясының әсіресе XVI - XVIII ғғ. лирика жанрының қалыптасуында аса зор роль атқарды.

Лукреций - Б.д.б. І ғ. Римнің ұлы ғалымы Лукреций мәңгі өлмес құдайлардың болуын жоққа шығарды. Ол әлемнің, адамның пайда болуын және адам қолымен жасалғанның бәрін ғылыми жолмен дәлелдеуге тырысты. Лукрецийдің пікірі бойынша табиғат атомдардан тұрады. Атомдар бір-бірімен қосылып, аспан денелерін, Жерді, тірі заттарды, адамдардың жанын құрайды. Ол денемен бірге өлетін жанның мәңгі өмір сүретінін теріске шығарды.

Гай Валерий Катулл (Gaius Valerius Catullus) б.з.б. 87 жылы шамасында, Верона, - б.з.б. 54 жыл шамасы, Рим) — ежелгі Рим ақыны. Александрия поэзиясын қолдаушының бірі. «Жаңа ақындар» үйірмесіне қатысқан. Катіллдың 116 шығармадан тұратын жинағы сақталған. Оның ішінде «Пелея мен Фетиданың үйлену тойы», «Аттис» т.б. ірі поэмалары бар.Катулл Г.В. өзі сүйген Лесбия (Клодин) туралы жазған махаббат лирикаларында өзінен бұрыңғы ақындардай сезім мен құмарлықты емес, рухани жақындықты, адамгершілікті іздеді. Бірақ бұл идеясын тіршілікте кездестірмегенКатулл құса болып, трагедиялық сарында лирикалар жазды. Александрия поэзиясы үлгісімен жазылған Катулл шығармалары Римнің лирикалық поэзиясының қалыптасуына негіз болды.

Публий Овидий Назон, қысқаша Овидий (лат. Publius Ovidius Naso; 43 жыл б.д.д. — 17 жыл б.д.д..) — рим ақыны. Ол өзінің өнерін көптеген жанрларда ашқан болса да, маһаббат елегияларыmen бірге Метаморфозалар жәнe Маһаббат өнері шығармалары арқылы атағы шыққан.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!