Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Леуметтік-психологиялық реализм: Мопассан, Мередит, Гарди



Әлеуметтік-психологиялық реализм ірі өкілі Анри Рене Альбер Ги де Мопассан 1850 жылдың 5 тамызында Нормандияда кедейленген дворян отбасында дүниеге келді. 1869 жылы Ги руандық лицейді бакалавр атағымен бітіріп, Канн университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Бірақ 1870 жылдың жазында басталған француз-прусс соғысының кесірінен оқуын жалғастыра ламайды.[3] 1870-1871 жылдардағы соғыс Гидің жан-дүниесінің толыққанды қалыптасып, патриоттық сезімінің оянуына өз әсерін тигізді. 1873-1878 жылдары теңіз министрлігінде жұмыс істейді. Бұл жылдары жағдайы жақсы болғанымен, басшылық тарапынан әдебиетке деген қызығушылығына қолдау таппайды. Министрліктегі қызметінде жазушы ел көрді, жер көрді. Оның «Париждік буржуаның жексенбілік серуендері», «Отбасы аясында», «Мұра» т.б. новеллалары осы теңіз министрлігіндегі қызметінен алған әсерінен туындаған болатын. Аталмыш новеллаларында Мопассан қаскүнемдерді, сыбайлас жемқорларды, мансапқорларды сынға алды. Көптеген еңбектерінің арқасында 1878 жылдың аяғында білім беру министрлігіне ауысып, онда 1880 жылдың аяғына дейін жұмыс істейді. 1879 жылы золялықтар француз-прусс соғысы туралы шындықты, француз әскерлері туралы ақиқатты жариялау мақсатында әңгімелер жинағын басып шығаруды ұйғарды. 1880 жылы бұл жинақ «Медан кештері» деген атпен жарық көрді. Осы жинақтың соңғы беттеріне Мопассанның «Томпыш» новелласы да енді. «Томпыш» новелласы бұрын ешкімге беймәлім Мопассанның атақ-даңқын шығарды. Бұдан соң Мопассанның Флоберге арналған «Өлеңдер» кітабы жарыққа шықты. Флобер Мопассанның пірі болды. Мопассан ұстазының талабы бойынша күнде таңғы сағат жетіден түнгі он екіге дейін жұмыс істеді. Соның нәтижесінде ол 11 жыл ішінде: 6 роман, 300-ден астам әңгімелер, пьесалар, том-том өлеңдер, очерктер мен мақалалар жазып қалдырды. Мопассан 300-ден астам новелла жазды. Оларды әдеби жанрына қарай бөлу өте қиын. Бірақ, Мопассан өзінің лирико-психологиялық новеллаларын 16 жинаққа біріктірді: «Тельенің мекемесі», «Мадемуазель Фифи», «Ай жарығы», «Мисс Гарриет», «Иветта» т.б.[4] Тек қана соғыс тақырыбына арнап Мопассан 20 новелла жазды: «Томпыш», «Милон әкетай», «Тұтқындалғандар», «Соваж кемпір», «Екі дос», «Есі ауысқан әйел», «Дуэль» т.б. Бұл туындыларында автор француз халқының патриотизмін, соғыстың ел өміріне тигізген ылаңы мен зардабын, жаулап алушыларға деген ашу-ызасын жазды. Мопассан қажырлы еңбектің ерекше үлгісін көрсетті. Күнде таңғы сағат 7-ден 12-ге дейін жұмыс істеп, кей күндері 6 бет жазуға ғана үлгеретін. 1885 жылы биографтар Мопассанның 1500 бет жазғанын есептеп шығарды. Жазушы өзіне жылына бір рет қана демалыс беретін. Ол қыркүйек айында саятшылық құру еді. Бұл кезде Мопассан Нормандияға баратын. Онда өзінің туыстарымен, таныстарымен кездесетін. Саятшылықтан алған әсерінен оның «Махаббат», «Әтеш ән салды», «Вальдшнеп» новеллалары туды. Реалист жазушы әдебиетте үлкен жетістікке жетті. 1882 жылы «Мадемуазель Фифи» новеллалар жинағын, 1883 жылы «Вальдшнептің әңгімелері» жинағын, 1884 жылы «Ай сәулесі», «Әпкелі-сіңлілі Рандоли», «Мисс Гарнет» жинақтарын және «Күн астында» кітабын, 1885 жылы «Иветта», «Күн және Түн ертегісі», «Туан» жинақтары жарық көрді. 1886 жылы «Монт-Ориоль», «Кішкене Рок», «Паран мырза» жинағы; «Орля» (1887), «Гюссан ханымның таңдауы» (1888), «Сол қолдан» (1899), «Пайдасыз әдемілік» (1890) жинақтары жарық көрді.[3] Новеллаларын кітап түрінде басудан бұрын Мопассан бірінші газет бетінде («Жиль Блас», «Голуа») Мофриньез атымен шығарып отырды. Тынымсыз еңбек оның денсаулығының нашарлауына әкеп соқты. Жазушы «Сүйкімді дос» кемесімен саяхат жасап, Италия, Англия, Алжир, Оңтүстік Франция, Бельгия және Жерорта теңіздерінде болып, түрлі курорттарда емделді. Бірақ оңтүстіктің жылы да жайлы климаты оның денсаулығын жақсарта алмады. Өлім қорқынышы мен жұмысқа жарамау секілді пессимистік ойлар Мопассанның жүйкесін жұқартты. Ол Париж қаласында 1893 жылы 6 шілдеде қайтыс болды. Оны Монпарнас бейітіне жерледі.





3. «Дадаизм» авангардистік ағымы.Дадаизм- І дүниежүзілік соғыс кезінде Цюрихтен басталып өркендеген, бейнелеу өнерінде, әдебиетте (көбінесе өлең-жырларда), сахналық өнер салаларында айырықша көзге түскен өнер қозғалысы. Ол ХХ ғ. батыс өнері дамуы тарихында өзінен кейінгі мәдени беталысқа ықпал еткен негізгі ағымдардың бірі болды. Дадаизмді дүниежүзілік І соғыстың аласапыранында Еуропаның күйреген көне қоғамы мен мәдениетінің туындысы деуге болады. Дадаизм әдеби-көркемөнерлік ағым ретінде тым қысқа уақыт жалғасса да, қозғалыс ауқымы біртіндеп тарайса да, бәрібір қазіргі заманғы түрлі көркемөнер ағымдарына түгел дерлік ықпал еткен өзгеше өнер бағыты болды. Дада сөзінің қайдан пайда болғаны туралы айтылымдар алуан түрлі. Кейбіреулер бұл еш мәні жоқ сөз десе, кейбіреулер Румыния жазушылары көп қолданатын "Да", "Да", (солай, солай, орыстар да сол мағынада қолданатыны белгілі,) деген сөзінен алына салған деп есептейді. Ең кең таралған түсінік бойынша дада сөзінің келіп шығуын былай түсіндіреді: 1916ж. Цюрихте жиналған бір топ көркемөнер қайраткері өздерінің ұйымына бір атау бермекші болады. Олар "Фрнанцузша-Немісше сөздікті" еркін парақтап, ішінен кездейсоқ бір сөзді таңдағанда ол осы dada сөзі болып шығады. Әдетте француз тілі бойынша бұл сөз балалар мініп тербеліп ойнайтын ағаш ат мағынасын береді екен. Сөйтіп бұл қозғалыс арнаулы түрде емес, бейберекет таңдай салудан осы атауды қолдана салыпты..Дадаизмшілер бойынша, «дада» өнер емес, өнерге ашық қарсылық. Өнер атаулының кезектегі өлшемі қалай болса да мейлі, дадаизм бәрібір олармен отаспайды. Өнер қашанда эстетикаға қатысты болғандықтан, дадаизмшілер эстетикалық сұранысты ескермеуге тырысты. Дәстүрлі өнер қашанда қажетті, астарлы, мағыналы ақпарларды жеткізетіні белгілі, ал дадаизм мәнсіздік шегінде тұрып өнермен (бәлкім бейөнер деп атауға болар) айналысты. Дадаизм туындыларын оқу, көру, бағалау, одан ләззат алу әркімнің өз тәбетіне қарай болмақ. Өнер иесі нені бейнелегісі келсе соны бейнелейді, қалай бейнелегісі келсе еш қымсынбай соны өнер деп бейнелей салады. Онда бір жүйе, айқын ойжелі, нақты ереже жоқ, адамның жүйкесіне тиетін кез келген нәрсе мен істі олар өнер ретінде алып шығуға таяр тұрады. Жұртқа белгілі дағдыға қарсылық, жұрт елемейтін, мән бермейтін, тіпті өнер деуге батылы бармайтын нәрселерді де (мысалы унитазды) өнер туындысы ретінде ұсыну олардың негізгі әдіснамасы. Өнер адамға белгілі сезім сыйлайды, таңырқатады, сүйінтеді, ал дадаизм өнерінен адам тек өнерге деген шабуылды, тіпті өнерге «сатқындықты» көреді. Қызығы сол, дадаизм өнерге сонша қарсы болғанымен, оның өзі де бір түрлі өнер ағымы болды. Ол дүниені өзінше түсіндірді, таныды, бағалады, мейлі ол өнерге қарсы, дүниеге аяусыз сын күйінде болғанымен, оның өзі өнер түрі болды.

 

 

Емтихан билеті №4


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!