Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Медициналық симуляция сценариі



Клиникалық жағдай: «Жедел тәждік синдромның диагностикасы, шұғыл көмек»

 

Жұмыс жағдайы:оқу бөлмесі – үй (квартира)

 

Жағдайлық есеп:Сіз қарқынды терапия бригадасының жедел жәрдем дәрігерісіз. Сіз кеуде артындағы қарқынды ауыру сезімімен 55 жастағы ер адамға келдіңіз.

Тапсырма:

Ø Анамнез жинап және науқасты қарап тексеріңіз

Ø ЭКГ нәтижелеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Диагнозды құрыңыз

Ø Науқасты жүргізу тәсілін анықтап, науқасқа шұғыл көмек көрсетіңіз

 

Актерға арналған сценарий мәтіні және рольдің мазмұны:

Шағымы: төс артындағы қатты ауыру сезімі, ентігу, қорқыныш сезімі, суық жабысқақ тер, жүрек соғуы, бас айналу.

 

Сұрақтың маңыздылығы Әртіске арналған сұрақтың дұрыс қойылуы Жауабы
Ауру сезімінің сипатын және орналасқанын нақтылау Ауру сезімінің сипаты қандай: басып, шаншып, күйдіріп? Ауру қай жерде орналасады, қолыңызбен көрсетіңіз ші? Басып ауырады (жұдырықты төске қояды)
Ауру сезімінің ұзақтығы Ауру сезімі қанша уақытқа созылады? Шамамен 1,5 сағат
Ауыру сезімін қандай жағдай қоздырады Ауыру сезімінің пайда болуын немен байланыстырасыз? Қатты уайымдадым
Төс артындағы ауыру сезімінің берілуі Ауыру сезімі басқа жерге беріледі ме? Иа, сол иыққа және сол жаурын астына беріледі.
Ауру сезімнен басқа симптомдарды нақтылау Ауру сезімннен басқа не мазалайды? Жүректің шалыс соғуы, ентігу, әлсіздік, тершендік, қорқыныш сезім.
Ауыру сезімі немен басылады? Ауыру сезімін басу үшін қандай да бір дәрі қабылдадыңыз ба?   Иа, 2 рет 2 мөлшерден изокет-спрейді тіл астына септім, бірақ ауыру сезімі басылмады. Соңғы рет 5 минут бұрын қолдандым.

 



Анамнезде: ЖИА-мен 2 жыл бойы ауырады, «Д» есепте тұрады. Кезеңмен кардикет, кардиомагнил қабылдайды. ҚКО стационарлық ем қабылдаған. АҚҚ жоғарлауы байқалмаған. Анасы ЖИА-мен ауырған, 52 жасында миокард инфарктысынан қайтыс болған. Темекі тартпайды.

Қазіргі жағдайының нашарлауы 1,5 сағаттан бері, жоғарыда көрсетілген шағымдар пайда болғаннан бастап. Жедел жәрдем шақырған.

Қарағанда: бойы 172 см, салмағы 74 кг. Науқастың тері жабындысы бозғылт, суық, жабысқақ термен жабылған. Шеткері ісінулер жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерде әлсіреген, сырылдар жоқ. ТАЖ – 22 рет минутына. Жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс.

 

 

 

«Жедел тәждік синдромның диагностикасы, шұғыл көмек» клиникалық жағдай бойынша

бағалау парағы (check-list)

 

Емтихан тапсырушының аты-жөні: ___________________________________

Тобы: ___________________________________________________

Мамандығы: ____________________________________________

 

Қадамдарды бағалау критерийлері Баллмен бағалау
Дұрыс орындады Ескертулермен орындады Орындамай алмады
Науқасқа келіп, сәлемдесті, көздік қатынасты орнатты 1,0 0,5
Диагнозды анықтайтын негізгі шағымдарды және анамнез мәліметтерін жинады: · Стрестен кейін пайда болған, сол иыққа және мойынға берілетін, ұзарған, нитраттармен басылмайтын төс артындағы қарқынды ауыру сезімі · Шамалы қозғалыстан кейінгі ентігу · Қорқыныш сезімі, суық жабысқақ тер, жүрек соғуы, бас айналуы. · Тұқымқуалашықта жүрек аурудың бар болуы 1,0 0,5
Анамнез жинау кезінде біруақытта пульсін есептеп, пульстың минутына 136 рет жиіленгенін айтты 1,0 0,5
Науқасқа физикальді тексеру жүргізді: АҚҚ өлшеді, өкпе және жүрек аускультациясын жүргізді 1,0 0,5
Науқасқа алдын ала диагноз қойды: жедел тәждік синдром, науқасты тыныштандыртып, ЭКГ түсіру қажеттілігін айтты 1,0 0,5
Таза ауаның келуін қамтамасыз етті немесе маска арқылы оттегіні берді 1,0 0,5
0,5 аспирин таблеткасын шайнауға берді 1,0 0,5
Үстелден ЭКГ нәтижелерін алып, интерпретациялай отырып науқасқа кеуде әкетулеріндегі ST сегментінің жоғарлауы алдын-ала қойылған жедел тәждік синдром диагнозын дәлелдейтінін айтты 1,0 0,5
Фантомда шынтақ көк тамырына енуді қамтамасыз етіп – дайын физиологиялық ерітіндісінмен системаны қосты 1,0 0,5
Науқасқа ауырсыздандыратын дәріні салатынын түсіндіріп айтты – физерітіндіде морфин - 4-8 мг (0,4-0,8 мл) енгізді (системаның инесіне өтетін резинадан) Ауыру сезімінің басылғанын анықтап алды 1,0 0,5
Науқасқа пероральді 300 мг клопидогрель берді 1,0 1,0
Экспресс тестті қолданып Т-тропонинді анықтады, нәтижесі теріс. 1,0 1,0
Жиіленген пульсті ескере жүректің соғу жиілігін және жүрекке түсетін жүктемені басу үшін дәрі енгізу керектігін науқасқа түсіндіріп айтты 5 мг метапролол сукцинатын т/і енгізді (системаның инесіне өтетін резинадан) 2 минуттан кейін осы мөлшерде қайта енгізді (немесе пропранолол 3,5 мг т/і ) 1,0 1,0
Келесі емдеу тактикасын анықтады: - жақын жерде орналасқан кардиология бөлімшесі бар стационарға тасымалдау. - егер жеткізу уақыты 30 минуттан асатын болса госпитализацияға дейін фибринолизисты терапияны бастау. 1,0 1,0
Тромболизиске қарсы көрсеткішттерін анықтады және бағалады: анамнезінде жарақаттар, операциялар, ми қан айналымының бұзылыстары, ойық жара, антикоагулянттарды қабылдау, геморрагиялық синдромдардың бар-жоғын сұрады. Тромболизисті жүргізу қажеттілігін науқасқа түсіндіріп айтты 1,0 0,5
Тромболизисті жүргізуді бастадыАльтеплазаны енгізді: а) 15 мг ағызып; б) 0,75 мг/кг (50 мг) тамшылатып 30 минут бойы; в) 0,50 мг/кг (35 мг) тамшылатып 60 минут бойы; (суммарлық мөлшері = 100 мг) 3,0 1,5
АҚҚ, ЖСЖ және жүрек қызметін бақылауды жүргізді, жағдайының жақсарғанын айтты – ауыру сезімінің басылғанын, ЖСЖ азайғанын 1,0 0,5
Келесі емдеу тәсілін анықтады: науқасты тыныштандыртып, коронароангиографияны өткізуге мүмкіндігі бар стационарға тез арада жеткізіп, келесі емдеу және қарау реанимация бөлімі жағдайында жүргізілетінін науқасқа түсіндіріп айтты. Бас жағын көтеріп, АҚҚ, ЖСЖ және жүрек қызметін бақылап горизонтальды түрде тасымалдау. Диспетчердің көмегімен рация немесе телефон арқылы қабылдау бөлімі қызметкерлеріне науқас туралы хабар беруді айтты. 1,0 0,5
Фибринолизиске қарсы көрсеткіштері болғанда және КАГ өткізуге мүмкіндігі жоқ болса, антикоагулянттарды тағайындайды: -Гепарин5000 бір к/т салу, немесе Фондапаринукс- 2,5 мг т/а, немесе Эноксапарин – 30 мг к/т болюс түрде;
Коммуникация нәтижелігі: науқасты компетентті ақпараттандырды, сабырлық танытып, дағдыларды сенімді орындады. 1,0 0,5
ҚОРЫТЫНДЫ балл

 



Кезең бойынша максимальді балл – 20

Тапсырмаға берілген уақыт – 10 мин

 

Соңғы нәтиже (outcomes):

Ø Жүрек дерті бар науқасты сұрастыру және физикальді зерттеу жүргізу

Ø Миокард инфарктісі және оның асқынуының клиникалық диагностикасы

Ø ЭКГ жүргізу және талдау

Ø Жедел тәждік синдром кезінде шұғыл көмек көрсету

Ø Жедел тәждік синдромымен науқасты жүргізу тәсілі

 

Симуляцияның жабдықталуы:

1. Емтихан тапсырушыға арналған тапсырмалы парақ

2. Волонтерге (науқасқа) арналған сценарий, қадамды бағалау критерийлері

3. Электрокардиограмма (ЖТД арналған ЭКГ нәтижелері)

4. Тонометр, фонендоскоп

5. Маскасы бар оттегі жастығы

6. Физиологиялық ерітіндімен системамен штатив

7. Дәрі-дәрмектерімен үстел: морфин, метапролол сукцинат, альтеплаза ампулалары

8. Аспирин, нитроглицерин, плавикс таблетка түрінді

9. Стерильді дәкелер (марлелік дәкелер және дөңгелектер), спирт, жгут, пластырь, шприцтер 10, 20 мл

  1. Кушетка – 1
  2. Орындық – 1

 

Жихаз-саймандар: оқу бөлмесі- квартира

Науқас - әртіс

 

Сценарийді құрастырған:м.ғ.к, доцент Аймаханова Г.Т.

Рецензенттер:ҚР ПІБ МО ОКА кардиология орталығының меңгерушісі м.ғ.к, доцент К.Р.Карибаев

АМДБЖИ кардиология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д.,профессор. В.Ш.Атарбаева

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!