Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






кесте – Шөгуі бойынша ІІ түрдің топырақ жағдайлары кезінде қолданылатын құбырлар



 

Шөгуі бойынша топырақтың түрі II Қолданылатын құбырлар
Өздігінен ағатын құбырлар үшін Арынды құбырлар үшін
(20 см дейін шөгу) темірбетонды және асбестоцементті арынсыз, қыш және шойын құбырлар темірбетонды, асбестоцементті, полиэтилен арынды құбырлар, беріктігі жоғары шойыннан жасалынған құбырлар
(20 см асатын шөгу) темірбетонды арынды, асбестоцементті арынды қыш құбырлар және беріктігі жоғары шойыннан жасалынған құбырлар темірбетонды арынды, асбестоцементті арынды қыш құбырлар, полиэтилен арынды, беріктігі жоғары шойыннан жасалынған құбырлар

 

12.2.3 Топырақтың өзінің салмағынан ықтимал шөгуі 0,20 м дейін және жұмыс қысымы 0,9 МПа асатын, сонымен қатар ықтимал шөгуі 0,20 м асатын және жұмыс қысымы 0,6 МПа асатын учаскелерде болат құбырлы арынды құбырлар үшін қолдану ұсынылады.

12.2.4 Топырақтың шөгуі бойынша I және II түрдің жағдайларында арынсыз құбырлардың астындағы негізге қойылатын талаптар 12.2-кестеде көрсетілген.

 

Кесте – Топырақтың шөгуі бойынша I және II түрдің жағдайларында арынсыз құбырлардың астындағы негізге қойылатын талаптар

 

Топырақтың шөгуі бойынша түрі Аумақтың сипаттамасы Құбырлардың астындағы негізге қойылатын талаптар
I Салынған Шөгуді есепке алусыз
Салынбаған Сол сияқты
II (20 см дейін шөгу) Салынған Топырақты және түп құрылғысын тығыздау
Салынбаған Топырақты тығыздау
II (20 см асатын шөгу) Салынған Топырақты және түп құрылғысын тығыздау
Салынбаған Топырақты тығыздау
1-ЕСКЕРТУ Салынбаған аумақ – жақын арадағы 15 жылда елді мекендерді және халық шаруашылығы объектілерін салу қарастырылмайтын аумақ. 2-ЕСКЕРТУ Топырақты тығыздау – шөгуі бойынша ІІ түрдің топырақ негізін 0,2 м дейін шөгу кезінде 0,5 м-ден 0,8 м дейін, және 0,2 м асатын шөгу кезінде 0,8 м-ден 1,0 м дейін тығыздау. 3-ЕСКЕРТУ Түп – биіктігі 0,1 м-ден 0,15 м дейін борттары бар су кірмейтін конструкция, оған қалыңдығы 0,1 м дренаждық қабат салынады. 4-ЕСКЕРТУ Құбырлардың астындағы негіздерге қойылатын талаптарды құбырларға жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік сыныбына байланысты анықтау керек. 5-ЕСКЕРТУ Құбырлардың тораптық қосылыстарының астындағы орларды тереңдету үшін топырақты тығыздауды қолдану керек.

 



12.2.5 Топырақ жағдайларының ІІ түрі бар шөгу топырақтарындағы темірбетонды, асбестоцементті, қыш, шойын, полиэтилен құбырлардың және беріктігі жоғары шойыннан жасалынған құбырлардың тораптық қосылыстары созылмалы бітемелерді қолданудың есебінен көнгіш болулары керек.

12.2.6 Топырақтың өз салмағынан 10 см асатын ықтимал шөгуі кезінде топырақтың көлденең жылжулары салдарынан арынсыз құбырдың герметикалығы сақталынатын жағдай келесімен анықталады:



(12.1)

 

мұндағы Dlim – кең қонышты құбырлардың тереңдігінің немесе түйіспелі қосылыстар муфтасының ұзындығының жартысына тең болып қабылданатын құбырлардың түйіспелі қосылыстарының рұқсат берілген осьтік өтемдеуші қабілеті, см;

Dk – топырақтың өз салмағына байланысты шөгулері кезінде пайда болатын көлденең жылжуларының әсері шартынан қажетті түйіспелік қосылыстың өтемдеуші қабілеті;

Ds – құрылыс кезінде 0,01 м тең деп қабылданатын түйіспелердегі құбырлардың ұштарының арасында қалдырылатын саңылаудың мөлшері.

12.2.7 Көлденең жылжулардың әсері шарттына қажетті түйіспелі қосылыстың өтемдеуші қабілеті Dk, см, келесі формула бойынша анықталады:

 

(12.2)

 

мұндағы Kw - 0,6 тең деп қабылданатын жұмыс шарттарының коэффициенті;

lsec – құбырдың секциясының (бөлігінің) ұзындығы, см;

e - топырақтың өз салмағына байланысты шөгуі кезінде топырақтың көлденең жылжуының салыстырмалы шамасы;

Dext – құбырдың сыртқы диаметрі, м;

Rgr – топырақтың өз салмағына байланысты шөгуі кезінде оның бетінің майысуының шартты радиусы, м.

12.2.8 Көлденең жылжудың салыстырмалы шамасы e, м, келесі формула бойынша анықталады:

(12.3)

 

мұндағы Spr – топырақтың өз салмағына байланысты шөгуі, м;

lpr – топырақтың өз салмағына байланысты шөгуінің қисыз сызықты учаскесінің ұзындығы, м, келесі формула бойынша есептеледі:

 

(12.4)

 

мұндағы Hpr – шөгу қалыңдығының мөлшері, м;

Kb – топырақтардың біртекті қалыңдығы үшін – 1, біртекті еместер үшін – 1,7 тең деп қабылданатын коэффициент;

tgb - суландыру көзінен теріс жаққа судың таралу бұрышысы құмдақтар мен сары топырақтар үшін 35°, саз-құмды ждыныстар және балшықтар үшін 50° төмен деп қабылданады.

12.2.9 Топырақ бетінің майысуының шартты радиусы Rgr, м, келесі формуламен есептеледі:

 

(12.5)

Делетін аумақтар

Жалпы нұсқаулар

 

12.3.1.1 Су бұру жүйелерінің сыртқы желілерін және құрылыстарын жобалау кезінде өңделетін аумақтарда жүргізілетін тау-кен өндірулеріне байланысты жер бетінің жылжуы мен деформациясының қосымша әсерлерін есепке алу керек. Тау-кен өндірулері әсерлерінен қорғау жөніндегі іс-шаралардың арналу мақсатын олардың жобаланған желілер мен құрылыстардың астында жүргізілу мерзімдерін ҚНжәнеЕ 2.01.09 және ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 сәйкес есепке алумен жүргізу керек.

12.3.1.2 Өңделетін аумақтарда сүзгіден өткізу өрістерін орналастыруға болмайды.

12.3.1.3 Су бұру жүйелерінің арынсыз құбырларын деформацияланатын топырақтың әсерлерінен қорғау жөніндегі іс-шаралар арынсыз режимді, түйіспелі қосылыстардың герметикалығын, жер бетінде кертпештер мен орлар бар ірі сызаттардың ықтимал пайда болу аумақтарындағы жекелеген секциялардың беріктігін қамтамасыз етуі керек.

12.3.1.4 Қорғау жөніндегі іс-шараларды таңдау және жобалау кезеңіндегі өңделетін тау-геологиялық негіздемесіндегі олардың көлемін таңдау кезінде қосымша келесілер көрсетілуі керек:

- су бұру жүйелерінің желілері мен құрылыстарын орналастыру алаңдарын, сонымен қатар алаңнан тыс құбырлардың жекелеген учаскелерін өңдеуді бастау мерзімдері;

- құбыр желілерінің жер бетіне шығу кезіндегі (сорғылардың астында) тектоникалық бұзылыстар, шахталық өрістердің және күзеттік кентіректердің шекараларының қиылысу орындары;

- жер бетінде кертпештер мен орлар бар ірі сызаттардың ықтимал пайда болу аумақтары.

Коллекторлар мен желілер

12.3.2.1 Су бұру жүйелерінің арынсыз құбырларын қорғауды жобалау үшін жер бетінің ықтимал деформациялары белгіленуі керек:

- жобаны жасау кезінде белгілі тау-кен өңдеулерінің алаңдарында – белгіленген тазалау өңдеулерін жүргізуден;

- өңдеулерді жүргізу жоспарлары белгісіз алаңдарда;

- қабаттарды өңдеуден бір қуатты белгіленген шартты өңдеулерде немесе бір жиектегі өңдеулерде;

- құбыр желілерінің жер бетіне шығу кезіндегі тектоникалық бұзылыстар, шахталық өрістердің және күзеттік кентіректердің шекараларының қиылысу орындарында – жақын арадағы 5 жылда өңдеуге белгіленген жиынтық өңдеулерден қабаттарға.

Қорғау жөніндегі іс-шаралардың көлемін белгілеу кезінде ҚНжәнеЕ 2.01.09 сәйкес қайта жүктеу коэффициентін есепке алумен ықтимал деформациялардың барынша жоғары мәндерін қабылдау керек.

12.3.2.2 Су бұрудың арынсыз жүйесі үшін қыш, темірбетонды, асбестоцементті және пластмассовые құбырларды, сонымен қатар темірбетонды ағындарды немесе арналарды қолдану керек.

Құбырлардың түрін таңдауды тоспа сулардың құрамына және құрылыс алаңының немесе құбыр трассасының тау-геологиялық шарттарына байланысты жүргізу керек.

12.3.2.3 Құбырда арынсыз режимді сақтау үшін бойлық пішімді жобалау кезінде учаскелердің еңістіктерін келесі шарттардан шыға келе жер бетінің есептік тегіс емес шөгулерін (еңістіктерін) есепке алумен тағайындау керек:

 

(12.6)

 

мұндағы ip – жұмыстың арынсыз режимінг сақтау үшін қажетті құбырдың құрылыстық еңістігі;

- есептік толтыру кезіндегі құбырдың ең төменгі рұқсат берілген еңістігі;

igr – құбыр учаскесіндегі 12.3.2.1 қабылданатын жер бетінің есептік еңістігі.

 

12.3.2.4 Арынсыз құбырдың қажетті еңістігін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, мысалы, жер бедерінің жағдайлары бойынша немесе жобаланатын құбырдың бастапқы және ақырғы нүктелерінің белгіленген нүктелерінің әртүрлі болуы кезінде, сонымен қатар шахталық өрістер, күзет кентіректері және тектоникалық бұзылыстар шекараларында келесілерді орындау керек:

- құбырдың трассасын үлкен еңістіктер бағытында немесе жер бетінің күтілген төмен еңістіктері аймағында қарастыру;

- құбырдың диаметрін ұлғайту;

- құбырдың есептік толтырылуын азайту;

- орталықсыздандырылмаған су бұру жүйелерін пайдалану мүмкіндігі мәселесін қарастыру;

- жер бетінің қолайсыз еңістіктері аймағының шектерінде сол немесе басқа құбырға тоспа суларды айдау станцияларын қарастыру.

12.3.2.5 Тоспа суларды айдау станцияларын егер тау жұмыстары жақындағы 5 жылға белгіленген болса, және оларды жүзеге асырудың кейінгі мерзімдерінде тікелей тау жұмыстарының алдында құбырдың құрылысы кезінде салу керек.

12.3.2.6 Құбырлардың түйіспелі қосылыстарын созылмалы бітемелерді қолданудың есебінен өтемдегіштер секілді жұмыс істейтін көнгіш ретінде қарастыру керек.

12.3.2.7 Ағынсыз құбырдың түйіспелі қосылыстарының герметикалығын сақтау кезінде шарт келесімен анықталады:

 

(12.7)

 

мұндағы Dlim – келесі құбырлар үшін қабылданатын құбырлардың көнгіш түйіспелі қосылыстарының рұқсат берілген (нормативтік) осьтік өтемдегіш қабілеті:

- қыш 0,04 м;

- темірбетонды кең қонышты 0,05 м;

- асбестоцементті муфталық 0,06 м;

Dk – жер бетінің болжанған деформациясына және қабылданатын құбырлардың геометриялық көлемдеріне байланысты есеппен анықталатын түйіспенің қажетті осьтік өтемдегіш қабілеті, см;

Ds – құрылыс кезінде Dlim мәнінің 20 % кем емес көлемде қабылданатын түйіспедегі құбырлардың ұштарының арасында қалдырылатын саңылауының шамасы.

 

12.3.2.8 Құбырлардың көлденең кесігінің Pp созу кезіндегі салмақ түсетін қабілеті келесі шартты қанағаттандыруы керек:

(12.8)

 

мұндағы Pe - топырақтың көлденең деформациясына байланысты құбырлардың жекелеген бөліктерінде пайда болатын барынша жоғары бойлық күш;

Pi – жер бетінде кертпештің пайда болуына байланысты құбырлардың жекелеген бөліктерінде пайда болатын барынша жоғары бойлық күш.

12.3.2.9 (12.2.8) немесе (12.2.9) шарттарды сақтамаған жағдайларда келесілер қажет болады:

- ұзындығы қысқа немесе басқа түрдің құбырларын қолдану;

- құбырдың трассасын жер бетінің ықтимал деформациялары аз аймақпен тарту арқылы өзгерту;

- көнгіш тігістермен секцияларға бөлумен негізіне темірбетон ұяны (ложаны) салу арқылы құбырдың күш түсетін қабілетін жоғарылату.

12.3.2.10 Дюкердің кіріс және шығыс құдықтарының белгілерінің әртүрлілігін тазарту тау өңдеулерін жүргізуге байланысты пайда болатын жер бетінің тегіс емес шөгулерін есепке алумен тағайындау керек.

12.3.2.11 Өңделетін аумақттар шарттарында құбырлардың тік сызықты учаскелеріндегі су бұру жүйелерінің құдықтарының арасындағы ара қашықтық 50 м аспауы керек.

12.3.2.12 Қажет болған жағдайда су бұру жүйесінің құбырларының кертпештер мен орлар бар жергілікті сызаттардың пайда болуы мүмкін алаңдардағы қиылысуларында арынды учаскелерді және оның жер бетінде тартылуын қарастыру керек.

Тазарту құрылыстары

12.3.3.1 Су бұру желілерінің құрылыстарын әдетте қатты және құрамдас конструкциялық схемалар бойынша жобалау керек. Жоспардағы қатты блоктардың, бөліктердің көлемдері жер беті деформациясының шамасына және іс жүзінде жүзеге асырылатын конструкциялық қорғаныс шараларының, соның ішінде қажетті өтемдегіш қабілеттің деформациялық тігістерінің бар болуына байланысты есептеумен анықталуы керек.

12.3.3.2 Көнгіш конструкциялық схемаларға тек тұрақты жабдықтары жоқ ашық ыдыстар түріндегі су бұру құрылыстарына ғана рұқсат беріледі.

12.3.3.3 Тұрақты жабдықтары бар су бұру құрылыстарын тек қатаң конструкциялық схемалар бойынша ғана жобалау керек.

12.3.3.4 Әртүрлі функционалдық мақсаттағы су бұрудың бұғатталған құрылыстары өздерінің арасында деформациялық тігістермен бөлінуі керек.

12.3.3.5 Қалдықтарды тоқтату үшін еңкею бұрышы реттелінетін жылжымалы торларды және ұсақтағыш-торларды қолдану керек.

12.3.3.6 Биосүзгілердің суарғыштары ретінде бүріккіштерді (спринклерлерді) және жылжымалы суарғыштарды қолдану ұсынылады.

Реактивтік суарғыштарды қолдану кезінде іргетас-діңгектерді су кірмейтін деформациялық тігістермен құрылыстардан ажырату керек.

12.3.3.7 Коммуникациялық жүйелер құрылыстармен қатты байланысқа ие болмаулары керек.

Науалар мен арналардың еңістіктерін жер бетінің есептік деформациясын есепке алумен тағайындау керек.

12.3.3.8 Ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларын ҚР ҚНжәнеЕ 4.01- 02 сәйкес қолдану керек.

12.3.3.9 Тоспа суларды су объектілеріне ағызу шарттары «Қазақстан Республикасының жер бетіндегі суларын қорғау ережелері», «Халықтың суды қолдану жерлерінде теңіздің жағалауға жақын суларын қорғаудың санитарлық ережелері мен нормалары» және СанЕжН 3.01.054.97 талаптарын қанағаттандыруы керек, бұл кезде су объектілерінің өздігінен тазару қабілетінің деңгейін, олардың жайылмалы қатуын немесе қысқы кезеңде шығындардың күрт қысқаруын есепке алу қажет.

12.3.3.10 Тоспа суларды тазарту үшін биологиялық, биология-химиялық, физика-химиялық әдістер қолданылуы мүмкін. Тазалау әдісін таңдау оның техника-экономикалық көрсеткіштерімен, тоспа суларды су объектілеріне ағызу шарттарымен, көліктік байланыстың бар болуымен және ауданды игеру деңгейімен, елді мекеннің түрімен (тұрақты, уақытша), реагенттердің бар болуымен және т.с.с. анықталуы керек.

12.3.3.11 Тазарту әдісін және деңгейін таңдау кезінде тоспа сулардың температурасын, су құбыры суларын бос ағызуларды, сұйылту есебінен ластаушы заттардың концентрациясын өзгертуді есепке алу керек.

Су бұру желісін жер астымен тарту кезінде тоспа сулардың орташа айлық температурасын Tw, °С, келесі формула бойынша анықтау керек:

 

(12.9)

 

мұндағы Twot су көзіндегі судың орташа айлық температурасы, ºС;

y1 елді мекеннің көріктендірілу деңгейіне тәуелді эмпириялық сан.

 

y1 мәндерін келесі аудандар үшін қабылдайды:

- 4-тен 5-ке дейін орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етілмеген құрылыстар;

- ғимараттардың жекелеген топтарында 7-ден 9-ға дейін орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесі барлар;

- 10-нан 12-ге дейін орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етумен жабдықталған ғимараттар үшін.

12.3.3.12 Тоспа сулардың ағызу орындарындағы есептік температурасын жылутехникалық есептеумен анықтау керек.

12.3.3.13 Тоспа суларды биологиялық тазартуды тек жасанды құрылыстарда ғана қарастыру керек.

12.3.3.14 Әдетте шөгіндіні өңдеуді жасанды құрылыстарда жүзеге асырады.

12.3.3.15 Шөгіндіні ары қарай ерітумен қатыруды тазарту құрылыстарының 3 м3/тәуліктен 5 мың м3/тәулікке дейінгі өнімділік кезінде арнайы жинақтағыштарда қарастыру керек. Шөгіндіні қатыру қабатының биіктігі маусымдық еру тереңдігінен аспауы керек.

12.3.3.16 Тазарту құрылыстарын орналастыруды әдетте өнімділігі 3 мың м3/тәуліктен 5 мың м3/тәулікке дейінгі жабық жылытылатын ғимараттарда қарастырылады. Өнімділігі жоғары және сәйкес келетін жылу техникалық есептеулер кезінде тазарту құрылыстары олардың үстіне міндетті түрде шатырларды, өту галереяларын және т.с.с. салумен ашық жерде орналасуы мүмкін. Бұл кезде құрылыстарды, механикалық тораптарды және құрылғыларды мұзбен қатудан қорғау жөніндегі іс-шараларды қарастыру керек.

12.3.3.17 Қарапайым басқару кезінде өте аз адам еңбегін тартуды қамтамасыз ететін, жоғары индустриалды жинақтауды немесе зауыттық дайындықты тазарту құрылыстарын қолдану керек: жұқа қабатты тұндырғылар, көп камералы аэротенктер, флототенктер, балшықтың жоғары дозасы бар аэротенктер, флотациялық балшық бөлгіштер, шөгіндінің аэробты тұрақтандырғыштары және т.с.с.

12.3.3.18 Тоспа суларды көп емес мөлшерлерін тазарту үшін келесі қондырғыларды қолдану керек:

- толды қышқылдандыру әдісі бойынша жұмыс істейтін аэрациялық (3 мың м3/тәулік дейін);

- артық белсенді балшықты аэробты тұрақтандыру бар аэрациялық (0,2 мың м3/тәуліктен 5,0 мың м3/тәулік дейін);

- физика-химиялық тазарту (0,1 м3/тәуліктен 5,0 мың м3/тәулік дейін).

12.3.3.19 Физика-химиялық тазарту қондырғылары тоспа сулардың біркелкі емес берілуімен, төмен температурамен және ластаушы заттардың үлкен концентрациясымен ерекшеленетін вахталық және уақытша ауылдар, профилакторийлер және елді мекендер үшін қолайлы болып табылады.

12.3.3.20 Тоспа суларды физика-химиялық тазарту үшін келесі схемаларды пайдалануға болады:

- I — орташаландыру, коагуляция, тұндыру, сүзгіден өткізу, зарарсыздандыру;

- II — орташаландыру, коагуляция, тұндыру, сүзгіден өткізу, озондау.

I-схема ОБТтол 180 мг/л-дан 15 мг/л дейін төмендетуді, ал ІІ-схема бір уақытта тоспа суларды зарарсыздандырумен қалған ерітілген органикалық заттарды озонмен қышқылдандыру есебінен – 335 мг/л-дан 15 мг/л дейін төмендетуді қамтамасыз етеді.

12.3.3.21 Реагенттер ретінде 15% төмен емес белсенді бөлігі бар күкіртқышқылды алюминийді, белсенді кремнеқышқылды (БК), кальцийленген соданы, натрий гипохлоритін, озонды қолдану керек.

I-схемада сода мен озон алынып тасталады.

12.3.3.22 Реагенттер дозасын келесідей қабылдау керек:

- сусыз күкіртқышқылды алюминийдің 100 мг/л-дан 110 мг/л дейін;

- БК 10 мг/л-дан 15 мг/л дейін;

- хлор 5 мг/л (тұндырғыға беру кезінде) немесе 3 мг/л (сүзгінің алдында);

- озон 50 мг/л-дан 55 мг/л дейін;

- сода6 мг/л-дан 7 мг/л дейін.


Библиография

 

[1] Федоров Н.Ф., Волков Л.Е. Кәрiз желiлердi гидравликалық есептеу (есеп айыратын кестелерi).

[2] BS EN 752:2008 Drain and sewer systems outside buildings.

[3] TIA-942(2005). Telecommunications Infrastructure Standard for Data Centers.

[4] TIA/EIA-568-B. 1(2001). Commercial Building Telecommunications Cabling Standard Part 1: General Requirements.

[5] ANSI/TIA/EIA-569-A(1998). Коммерциялық ғимараттарға арналған телекоммуникациялық трассаларды және бөлмелердi стандарты.

[6] EN 50173 часть 5. Information technology - Generic Cabling systems Part5: Data centers.

[7] ANSI/NECA/BICSI 568-2001. «Электронды есептеуiш машиналарға арналған ғимараттарды және бөлмелердi жобалау бойынша ңұсқау».

[8] ГОСТ Р 50571.1-93 (МЭК 364-1-72, МЭК 364-2-70) Ғимараттардың электр қондырғылары. Жалпы ережелерi.

[9] IEEE-518-1982 Guide for the Installation of Electrical Equipment to Minimize Electrical Noise Inputs to Controllers from External Sources.


 

______________________________________________________________________________

УДК МКС

 

Негізгі сөздер: шоғырландырушы ыдыс (беткі ағынды жинақтағыш), аэротенк, су жинау бассейні, биологиялық сүзгілер, сумен қамтамасыз ету, су объектісі, су құбыры, суағар, тоспа суларды ағызу, бас коллектор, гидроциклон, су бұрудың жауындық (нөсерлік) желісі, дюкер, су объектілерінің ластануы, суды ластайтын заттар, санитарлық қорғаныс аймағы, ластану көздері, су бұрулар, судың сапасы, судың сапасын бақылау, бақылау жармасының бақылау құдығы, жергілікті тазарту құрылыстары, жергілікті су құбыры, сорғылық станция, су сапасының нормалары, су бұрудың жалпы қорытпалық жүйесі, суландыру, тұндырғы, тоспа суларды тазарту, ағын (су жинау) алаңы, беттік тоспа сулар (беткі ағын).

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!