Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






ТПБАЖ және диспетчерлендіру



10.6.1 Автоматтандыру жүйелерін жобалауды ҚНжәнеЕ 3.05.07 талаптарына сәйкес орындау керек. ТПБАЖ және диспетчерлендіру жүйелерін жобалау кезінде су бұру жүйелерін және құрылыстарын техникалық пайдалану шарттарының талаптарын есепке алу керек.

ТПБАЖ жобалық құжаттамасының мазмұны егер ТПБАЖ орындау шартында басқаша көрсетілмесе ГОСТ 21.408 сәйкес келуі және осыны орындауға ЖСҚ сметаларымен сәйкестендіріледі.

10.6.2 ТПБАЖ және диспетчерлендіру құрылымдары мен функциялары. Су бұру объектілерінің ТПБАЖ және диспетчерлендіру шынайы уақыттың иерархиялық үшдеңгейлі жүйесін құрайды.

ТПБАЖ және диспетчерлендіру әрбір деңгейінің міндеттері:

- төменгі деңгей өзіне жабдықтардың жекелеген бірліктерінің және олардың тіркестерін (шкафтар/қалқандар/пульттар/басқару блоктары) жергілікті автоматтандыру жүйелерін, сонымен қатар технологиялық немесе электр параметрлерді бақылау жүйелерін (датчиктер және БӨА аспаптары) біріктіреді. ТПБАЖ төменгі деңгейі технологиялық параметр бойынша (қысым, шығын, деңгей және т.с.с.) жүз пайыздық автоматтандыруды жүзеге асырады;

- ЖДБ ортаңғы деңгейіне технологиялық процесс учаскелеріндегі ағынның, барлық учаскелердегі шұғыл және апатты дабылдың сапасын аспаптық бақылау кіреді. Сорғылық және қуаты жоғары ауа үрлеу агрегаттары кезінде осы агрегаттарды басқару мүмкіндігі қарастырылады. Одан басқа, ЖДБ-мен тоспа суларды жіберуді тоқтату немесе апаттық ысыруды басқару, сонымен қатар ақпаратты жоғарғы деңгейге жіберу арқылы апатты шектеу жүзеге асырылуы мүмкін;

- жоғарғы деңгей (ДБ) апатты жағдайдың пайда болуы және оны ЖДБ құралдарымен шектеу мүмкін болмаған кезде жедел араласу мүмкіндігімен су бұру жүйесі құрылыстарының барлық жүйелері бойынша апаттық және шұғыл ақпаратты қабылдау, өңдеу және жіберу.



10.6.3 Диспетчерлік басқару әдетте бір диспетчерлік бөлме бар бір деңгейлі болып қарастырылуы керек. Объектілердің арасындағы ара қашықтықтар үлкен күрделі жүйелер үшін орталық және жергілікті диспетчерлік бөлмелер бар екі деңгейлі басқаруға рұқсат беріледі.

10.6.4 Бақыланатын құрылыстардан диспетчерлік бөлмеге тек шұғыл басқару мен құрылыстардың жұмыстарын басқаруды, апатты жылдам шектеу мен жоюды қамтамасыз ету мүмкін болмайтын өлшем сигналдары ғана жіберілуі керек.

ТПБАЖ өз кезегінде 4 деңгейге бөлінеді:

- бірінші деңгей технологиялық процесс (далалық деңгей);

- екінші деңгей технологиялық процесті бақылау және басқару (бақылау деңгейі);

- үшінші деңгей магистралдық желі (желілік деңгей);

- төртінші деңгей адамды-машиналық интерфейс.

10.6.5 Диспетчерлік бөлмелердің үй-жайлары мен жабдықтары. Жабдықты және электрмен қамтамасыз етуді резервтеу.

Серверлік, аппараттық, кростық және т.б. бөлмелерге арналған үй-жайларды жобалаудың сәулет кезеңін регламенттеу процесін ҚН 512 сәйкес орындайды, бұл кезде [3], [4], [5], [6] және [7] ережелер есепке алынады.

10.6.6 Байланыс арналары және оларды резервтеу. Мәліметтерді ДБ жіберу үшін байланыс операторларының талшықты-оптикалық желілерін (БТОЖ) пайдалану ұсынылады. БТОЖ пайдалану мүмкін болмаған немесе мақсатқа сай болмаған жағдайларда ұялы байланысты, жекелеген жағдайларда абоненттік телефон желісін қолдану керек. Автоматтандырудың төменгі және ортаңғы деңгейлерінде байланысты ұйымдастыру үшін стандартты интерфейстерді қолданыңыз.



10.6.7 Алмасу хаттамалары. Алмасу хаттамасын таңдау кезінде мәліметтерді жіберудің стандартты хаттамаларына артықшылық беру керек.

10.6.8 Ақпараттық кабельдерді тартуды «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері» талаптарына сәйкес орындау керек.

Электр сымының түрін және монтаждау әдісін «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері» талаптарына сәйкес орындау керек, бұл кезде [8] ереже есепке алынады. Кабель мен деңгейлердің арасындағы ара қашықтық үшін қабылдағыштық деңгейлерін [9] ұқсас қабылдау керек.

10.6.9 Жерлендіру және әлеуеттерді теңестіру жөніндегі жобалық құжаттамада ТПБАЖ кабельдері экрандарының және жабдықтарының әлеуеттерін теңестіру жүйелеріне және жерлендіру құрылғыларына қатысты техникалық шешімдерді қабылдауды қарастыру керек. Бұл кезде әдісін «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері» нұсқауларын басшылыққа алу керек.

Лсіз токты жүйелер

 

10.7.1 «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне сәйкес В4 және жоғары санатқа жататын объектілерде, үй-жайларда және аймақтарда ҚР ҚНжәнеЕ 2.02-15 сәйкес өрт дабылын қарастыру керек.

10.7.2 Өрт жүктемесін есептеу әдістемесін «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне сәйкес жүргізу керек.

10.7.3 Ғимараттар мен құрылыстарда «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне және ҚР ҚНжәнеЕ 2.02-15 талаптарына сәйкес автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен келесі үй-жайлардан басқа барлық үй-жайларды көлеміне қарамастан қорғау керек:

- дымқыл процестермен (душ, сантораптар, салқындатылатын камералар, жуу үй-жайлары);

- желдету камералары (үрлеу, сонымен қатар сору, А және Б санаттарының өндірістік үй-жайларына қызмет көрсетпейтіндер), сорғылық сумен қамтамасыз ету, бойлерлік және ғимаратты инженерлік жабдықтауға арналған жанғыш материалдар жоқ басқа үй-жайлар;

- өрт қауіптілігі бойынша В4 және Д санаттары;

- баспалдақ алаңдары.

10.7.4 Жүйе бас тартпайтын, үздіксіз, жыл бойғы жұмыспен қамтамасыз ету керек. Жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін үздіксіз қоректендіру көздерін орнатуды қарастыру керек.

10.7.5 Жергілікті диспетчерлік бөлмеге (ЖДБ), орталық диспетчерлік бөлмеге (ОДБ) және осы аймаққа бекітілген, жақын орналасқан өрт сөндіру депосына өрт дабылы жүйесінің сигнлдарын жіберуді қарастыру керек.

10.7.6 Өрт дабылы бойынша жобалық құжаттаманың құрамы мен көлемі Жобалауға техникалық тапсырмаға сәйкес жобамен және Техникалық шарттарға сәйкес анықталады.

10.7.7 Су бұру объектілерінде персоналдың объектіге қолжетімдігін бақылау функциялары бар күзет дабылы қарастырылуы керек. Жүйе бас тартпайтын, үздіксіз, жыл бойғы жұмыспен қамтамасыз ету керек.

10.7.8 Жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін үздіксіз қоректендіру көздерін орнатуды қарастыру керек.

10.7.9 Егер объектінің аумағы қоршаумен қоршалмаған болса, периметрлік күзет дабылы жеткілікті болып табылады.

10.7.10 Егер объектінің аумағы қоршаумен қоршалмаған болса, кіру датчиктеріне (геркондарға) негізделген жүйе күзет дабылы үшін жеткілікті болып табылады.

10.7.11 Күзет дабылының сигналдарын ЖДБ, ОДБ және/немесе объектінің қауіпсіздік қызметіне беруді қарастыру керек.

10.7.12 Егер объектіде сонымен қатар өрт дабылы пайдаланылатын болса функцияларын толыққанды орындауды сақтаумен өрт және күзет дабылын бір жүйеге біріктіруге рұқсат беріледі. Бұндай жағдайларда біріктірілген жүйені күзет-өрт дабылы (КӨД) деп атауға болады.

10.7.13 Күзет/күзет-өрт дабылы бойынша жобалық құжаттаманың құрамы мен көлемі Жобалауға техникалық тапсырмаға сәйкес жобамен және Техникалық шарттарға сәйкес анықталады.

10.7.14 Бейнебақылау жөніндегі жобалық құжаттаманың құрамы мен көлемі Жобалауға техникалық тапсырмаға сәйкес жобамен және Техникалық шарттарға сәйкес анықталады.

10.7.15 Бейнебақылау екі түрге бөлінеді:

- күзет теледидар жүйесі;

- технологиялық бейнебақылау жүйесі.

10.7.16 Күзет теледидар жүйесін персоналдың және автокөліктің кіру/шығу жағдайын белгілеу және оны тіркеу үшін іргелес аумақты бақылау үшін қолдану ұсынылады.

10.7.17 Технологиялық бейнебақылау жүйесін қауіпті және өте қауіпті технологиялық агрегаттарды (шнектік тасымалдағыштар, ұсақтағыштар, қалқандық ысырмалар және т.б.) бақылау үшін қолдану ұсынылады.

10.7.18 Бейнеақпаратты тіркеу жүйесін ЖДБ және/немесе ОДБ және/немесе объектінің қауіпсіздік қызметіне орнату ұсынылады.

10.7.19 Су бұру объектілері байланыстың келесі түрлерімен жабдықталуы керек: стационарлық және мобилдік.

10.7.20 Стационарлық байланыс қамтамасыз етілуі мүмкін:

- әрбір объектінің әрбір объектімен және әрбір деңгейдің диспетчерімен тікелей дауыстық сымды жедел-диспетчерлік толық дуплексті байланыспен (негізгі);

- сол сияқты (резервтік);

- ірі (бас) сорғы станциялары мен тазалау құрылыстарының шектерінде дауыс зорайтқыш;

- қалалық сымды телефон байланысы;

- жалпы пайдалануға арналған радиотараутың трансляциялық жүйесімен.

10.7.21 Су бұру құрылыстарының желілік бөлігіне қызмет көрсету үшін ЖДБ және ОДБ мобильдік радиобайланыс және корпоративтік байланыс (GSM, GPRS арнасы) қарастырылуы керек.

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!