Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Сорғылық және ауа үрлеу станциялары



10.4.1 Сорғылық станциялар, әдетте, ұдайы қызмет көрсетуші персоналсыз жобалануы керек. Бұл кезде басқарудың келесі түрлері ұсынылады:

- сорғылық агрегаттарды автоматты басқару – қабылдау резервуарындағы төкпе сұйықтықтың деңгейіне байланысты;

- персоналдың мезгіл-мезгіл келуімен және диспетчерлік бөлмеге қажетті сигналдарды жіберумен жергілікті.

10.4.2 Қуаты 100 кВт асатын электр қозғалтқыштар бар агрегаттармен жабдықталған және электрмен қоректендіруді өздерінің трансформатторлық қосалқы станцияларынан (ТҚ) алатын сорғылық станцияларда шамасы мен жиілігі өндіруші-зауыттармен шектелетін трансформаторларда жүктемелердің соққылық итерулердің пайда болу мүмкіндігін есепке алу керек.

10.4.3 Электр қозғалтқыштардың аз ресурсына немесе қосудың шектелген жиілігіне байланысты майлы сөндіргіштер жетектерін қосудың қажетті жиілігін қамтамасыз ету мүмкін болмағанына байланысты оларды «деңгей бойынша» автоматтандыруға жол бермейтін жоғары вольтті электр қозғалтқыштар бар агрегаттармен жабдықталған сорғылық станцияларда реттелетін жетекті пайдалану ұсынылады. Әдетте реттелетін электр жетекпен екі-үш жұмыс агрегаттардан тұратын топтағы бір сорғылық агрегатты жабдықтау керек.

Реттелетін электр жетектерді басқаруды қабылдау резервуарындағы деңгейге байланысты автоматты түрде жүзеге асыру керек.

10.4.4 Жиі ауыстыруларды қажет ететін күрделі коммуникациялар, сонымен қатар автоматтандыруға бейімделмеген технологиялық жабдық бар сорғылық станцияларда ұдайы қызмет көрсетугі персоналдың бар болуына рұқсат беріледі. Бұл кезде агрегаттарды басқару басқару қалқанынан орталықтандырылған түрде жүргізілуі керек.

10.4.5 Автоматтандырылған сорғылық станцияларда сорғылық агрегаттардың апатты сөндіру кезінде әрекеттердің сенімділік санаттарына қарамастан резервтік агрегатты автоматты қосуды жүзеге асыру керек.



Телемеханикаландырылған объектілерде резервтік агрегатты автоматты түрде қосуды әрекеттің бірінші сенімділік санаттарының сорғылық станцияларында жүзеге асыру керек.

10.4.6 Сорғылық станцияларды апатты су басу кезінде негізгі сорғылық агрегаттардың апатты сөндірілуін қарастыру керек.

10.4.7 Сорғылық агрегаттарды қосу кері клапанға ашық арынды жапқыштар кезінде орындалуы керек. Жапқыштар жабық болған кезде сорғылық агрегаттарды қосуды гидравликалық соққылау қауіпі кезінде, сонымен қатар синхронды электр қозғалтқыштарды қосумен байланысты талаптардың бар болуы кезінде, және басқа да негізделген жағдайларда қарастыру керек.

10.4.8 Сорғылық станцияларда келесі технологиялық параметрлерді бақылау керек.:

- айдалатын сұйықтықтың шығыны (қажет болған жағдайда);

- қабылдау резервуарындағы деңгейлер;

- дренаждық қабылдағыштағы деңгейлер;

- арынды құбырлардағы қысым;

- әрбір сорғылық агрегатпен жасалынатын қысым;

- гидротығыздау жүйесіндегі қысым;

- подшипниктердің температурасы.

10.4.9 Сорғылық станцияларда жергілікті апатты-ескерту дабылын қарастыру керек. Ұдайы қызмет көрсетуші персоналдың жоқ болуы кезінде ақаулық туралы жалпы сигналдың диспетчерлік бөлмеге немесе тәуліктік кезекшілік бар орынға жіберу қарастырылады.



10.4.10 Ауа үрлеу станцияларында әдетте машина залынан ауа үрлеу агрегаттарын жергілікті басқаруды қарастыру керек. Жекелеген жағдайларда диспетчерлік немесе жедел бөлмеден агрегаттарды қашықтықтан басқару қарастыруға рұқсат беріледі.

10.4.11 Ауа үрлеу агрегаттарын іске қосу және тоқтату жөніндегі операциялардың бірізділігі, сонымен қатар оның жекелеген параметрлерін бақылау зауыт нұсқаулықтарының ұсыныстарын есепке алумен автоматтандыру жүйесімен орындалуы керек. Негіздеу кезінде ауа үрлеу агрегаттарының өнімділігін тоспа сулардың көлемі бойынша және тоспа судағы ерітілген оттегінің мөлшері бойынша автоматты түрде реттеуді қарастыру керек.

10.4.12 Арынды ауа өткізгіштерде ауаның қысымын және температурасын (жергілікті өлшеу) бақылау керек.

 

Тазалау құрылыстары

 

10.5.1 Механикаландырылған торлардың жұмысын белгіленген бағдарлама бойынша немесе торға дейінгі және одан кейінгі сұйықтық деңгейінің барынша жоғары айырмасы бойынша автоматтандыру керек.

10.5.2 Тазалау құрылыстарын автоматтандырудың жоғары деңгейі кезінде құмтұтқыштарда пайдалану кезінде орнатылатын белгіленген бағдарлама бойынша құмды жоюды автоматтандыруды қарастыру керек.

10.5.3 Бастапқы тұндырғыларда (тарамдалған немесе көлденең) қырғыш механизмдердің іске қосылуын есепке алумен белгіленген бағдарлама немесе шөгіндінің деңгейі бойынша әрбір тұндырғының кезектесіп шөгіндіні мезгіл-мезгіл шығаруды автоматтандыру керек.

10.5.4 Орталағыштарда шығыста рН мөлшерін немесе технология бойынша қажет болатын басқа да параметрлерді бақылау керек.

10.5.5 Сығылған ауа пайдаланылатын құрылыстарда (орталағыштарда, аэрацияланатын құмтұтқыштарда, преаэраторларда және биокоагуляторларда) ауаның шығысын бақылау керек.

10.5.6 Аэротенктарда әрбір секциядағы балшықтық қоспаның, белсенді балшықтың және ауаның шығынын бақылау, ал автоматтандырудың жоғары деңгейі кезінде тоспа судағы ерітілген оттегінің мөлшері бойынша ауаның берілуін реттеу керек.

10.5.7 Аса көп жүктелінетін биосүзгілерде келіп түсетін және қайта айналатын судың шығынын бақылау керек.

10.5.8 Қосалқы тұндырғыларда балшықтың қажетті деңгейін ұстауды автоматтандыру және белгіленген бағдарлама бойынша балшық сорғылардың жұмыстарын бақылау керек.

10.5.9 Балшық тығыздағыштарда балшықтың деңгейі бойынша тығыздалған балшықтың шығарылуын автоматтандыру керек.

10.5.10 Метантенктерде метантенктің ішіндегі шөгіндінің белгіленген температурасын ұстауды автоматтандыру, метантенктің ішіндегі шөгіндінің температурасын, жүктеу деңгейін, келіп түсетін шөгіндінің, бу мен газдың шығындарын, бу мен газдың қысымын бақылау керек.

10.5.11 Вакуум-сүзгілерде және сүзгі-баспақтарда берілетін реагенттерді дозалауды автоматтандыру, вакуум-сүзгінің астаушасындағы шөгіндінің деңгейін, ресивердегі босатылуды, сығылған ауаның қысымын, ресивердегі су деңгейін бақылау керек.

10.5.12 Хлормен байланысқа түскеннен кейін тоспа суда қалдық хлордың мөлшерін бақылау керек.

10.5.13 Өндірістік тоспа суларды өңдеудің технологиялық процестерін автоматтандыруды және бақылаудың қажетті деңгейін ғылыми-зерттеу мекемелерінің мәліметтері бойынша қабылдау керек.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!