Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Шөгіндіні сақтауға және қоймалауға арналған құрылыстар



 

9.13.1 Шөгінділерді санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісілген жерлерде көмуге рұқсат беріледі. Жер астындағы және жер бетіндегі суларды, атмосфералық ауаны және топырақтарды ластанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды қарастыру керек. Көмілетін шөгіндідің ылғалдылығы 75% аспауы керек.

9.13.2 Бөлініп шығатын сүзіндіні тазартуға айдаумен, көму құрылыстарының түбі бойынша дренаж жүйесін қарастыру керек.

9.13.3 Сусыздандырылған шөгінділерді аралық (ары қарай өңдеудің немесе пайдаланудың алдында) сақтауды тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландырумен арнайы жабдықталған алаңдарда немесе қоймаларда қарастыру керек.

9.13.4 Механикалық сусыздандырылған шөгіндіні сақтау үшін қатты жабынды ашық алаңдарды қарастыру керек. Алаңдардағы шөгінді қабатының биіктігін 1,5 м-ден 3,0 м дейін қабылдау керек.

Климаттық жағдайларды есепке алумен термикалық кептірілген шөгіндіні сақтау үшін ұқсас алаңдарды, негіздеу кезінде – жабық қоймаларды алу керек.

Механикалық сусыздандырылған, термикалық кептірілген шөгіндіні сақтауды 3 айлық өндірістен 4 айлыққа дейінгі көлемде қарастыру керек.

Тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыруды қарастыру керек.

9.13.5 Пайдаға асырылмаған шөгінділер үшін Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің талаптарына сәйкес қоршаған ортаны ластауды болдырмайтын жағдайларда оларды қоймалауды қамтамасыз ететін құрылыстар қарастырылуы керек.

Қоймалау орындары санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың өкілетті мемлекеттік органымен келісілуі керек.

9.13.6 Тұрақтандырылмаған шөгінділерді көмуге тек қоқыстық биогазды алу және пайдаға асыру жүйесі бар көму жөніндегі құрылыстар жабдықтау кезінде ғана рұқсат беріледі.



Бұл кезде көму жөніндегі құрылыстардың жекелеген секциялары 3 айдан аспайтын уақыт кезеңінде толтырылуы керек.

Секцияларды толтыру жөніндегі жұмыстар барысында иісі нашар заттардың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды қарастыру керек.

 

ЕСКЕРТУ Сусыздандырылған шөгіндіні ары қарай жинақтағышты жоюмен, демонтаждаумен және құнарлығын қалпына келтірумен ұқсас жабдықталған жинағыштарда көп жылдық қоймалауға рұқсат беріледі.

Электр жабдық, технологиялық бақылау, автоматтандыру және жедел басқару жүйелері

Жалпы нұсқаулар

 

10.1.1 Су бұру жүйесінің құрамына кіретін құрылыстарды электрмен қамтамасыз ету, әдетте, жалпы мақсаттағы 35 кВ, 20 кВ, 10 кВ және (немесе) 0,4 кВ (негізделген жағдайларда 6 кВ рұқсат беріледі) желілерден жүзеге асырылуы керек.

10.1.2 Су бұру жүйелерін электрмен қамтамасыз ету екі тәуелсіз көздерден қамтамасыз етілуі керек. Резервті автоматты қосу (РАҚ) жүйесінің қажеттілігі «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері» талаптарына сәйкес жобалық құжаттамада анықталуы керек.

10.1.3 Су бұру жүйесінің құрылыстарының электр қабылдағыштарын электрмен қамтамасыз етудің сенімділік санаттарын «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері» бойынша анықтау керек.



10.1.4 Сорғы және ауа үрлеу станцияларын электрмен қамтамасыз етудің сенімділік санаттары олардың әрекет етулерінің сенімділігіне сәйкес келуі және 8.1.1 қабылдануы керек.

10.1.5 Электр қозғалтқыштардың кернеулерін таңдауды олардың қуатына, электрмен қоректендірудің қабылданған схемасына байланысты және жобаланатын объектінің даму болашағын есепке алумен жүргізу керек.

10.1.6 Электр қозғалтқыштарды орындауды таңдау қоршаған ортаға байланысты болуы керек.

Электр қозғалтқыштарды таңдау кезінде, әдетте, ықтимал жиынтықтауды есепке алу керек.

10.1.7 Реактивтік қуатты өтеу «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері» және «Қазақстан Республикасының электр желілік ережелері» талаптарына сәйкес орындалуы керек.

10.1.8 Қалыпты ортадағы құрылыстарға арналған тарату құрылғыларын, трансформатор қосалқы станцияларын және басқару қалқандарын құрылыстың ішіне немесе қосымша салынатын үй-жайларда орналастыру және олардың кеңею және қуаттарының ұлғаю мүмкіндіктерін есепке алу керек.

10.1.9 Тазарту құрылыстарын қоректендіру үшін кернеуі 110 немесе 35 кВ терең енгізу қосалқы станцияларын салу кезінде қосалқы станцияның 6 - 10 кВ тарату құрылғысын тазарту құрылыстарының тарату құрылғысымен үйлестіру ұсынылады.

10.1.10 Сорғы станцияларында судың кіруін және апат кезінде суға батуын болдырмайтын шараларды қабылдау шартымен жабық қалқандарды машина залының еденіне немесе балконға орналастыруға рұқсат беріледі.

10.1.11 Жарылыс қауіпті үй-жайларды және жарылыс қауіпті аймағына жапсарлар бас үй-жайларды жіктеуді, сонымен қатар жарылыс қауіпті қоспалардың санаттары мен топтарын «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне, «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелеріне» сәйкес қабылдау керек.

10.1.12 Тоспа суларды өңдеуге және айдауға арналған құрылыстардағы құрамында тез тұтанғыш жарылыс қауіпті заттар бар электр қозғалтқыштарды, іске қосу құрылғыларын және аспаптарды «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелеріне», ГОСТ 30852.0, ГОСТ 30852.19 және БҚ 34.51.101 сәйкес қабылдау керек.

Осы сорғы станцияларында іштен жану қозғалтқыштарын орнатуға тыйым салынады.

10.1.13 Көздерден технологиялық кешеннің құрамына кіретін технологиялық объектілерге 0,4 кВ электр энергиясын жіберу және тарату, әдетте, магистралдық схема («кесілмейтін магистраль») бойынша жүзеге асырылуы керек. Бұл кезде магистраль ашық (эстакада, галерея, арна, науа, төмен діңгектер) салынуы керек.

10.1.14 Бір магистралды пайдалану кезінде магистраль бір-бірінен оқшаулайтын негіздер бойынша симметриялы түрде қашықтықта жүргізілген шиносыммен немесе бір сымды кабельдермен конструкциялы орындалуы керек.

10.1.15 Көп сымды кабельдерден екі магистралды пайдалану кезінде олар қысқа тұйықталу кезінде пайда болатын термодинамикалық соққыға зақымданусыз шыдауға қабілетті бойлық өртенуі қиын қалқанның екі жағында немесе 1,0 м кем емес ара қашықтықта жүргізілуі керек.

10.1.16 Жобалық құжаттамада қабылданатын технологиялық шешімдер «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері», «Қазақстан Республикасының электр желілік ережелері» және БҚ 34 ҚР.20.501 талаптарына сәйкес келуі керек.

10.1.17 Электр жабдық, әдетте, сәйкес келетін технологиялық қондырғыларға барынша жақындатылуы, яғни, өндірістік үй-жайларда (көзге көрінетін жерде) орналасуы керек. Бұл кезде қорғаныс (қабықтардың) деңгейі ГОСТ 14254 бойынша жобаның технологиялық ортасында көрсетілген ортаға сәйкес келуі керек. Электр жабдықтардың ықтимал суға бату аймақтарында орналасуынан сақтану керек.

Арнайы электр үй-жайларды қарастыру керек:

- егер электр жабдықты ортаға сәйкес келетін қорғаныс қабығымен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ болса;

- егер бұл жедел персоналдың жұмыс істеу шарттары бойынша талап етілсе (персонал ұдайы болатын объекті).

10.1.18 Электр үй-жайларда орналасатын, тек білікті персоналға ғана қолжетімді электр жабдық ашық тақталар түрінде орындалуы керек.

10.1.19 Үй-жайлардағы электр жарықтандыруды келесі түрлермен қабылдау керек:

а)Ауданы 100 м2 кіші технологиялық жабдықтар орналасқан жер бетіндегі үй-жайларда:

-жалпы біркелкі жұмыс жарықтандыруы;

-электр энергиясының автономды көзі бар апатты-эвакуациялық;

-жөндеу жұмыстарының.

б)Осындайларда, бірақ қызмет көрсету алаңдарымен:

-сол сияқты, плюс ауыздықталған.

в)Осындайларда, бірақ ауданы 100 м2 асатындар:

-сол сияқты, плюс кезекшілік.

10.1.20 Әкімшілік-тұрмыстық, қоймалық, операторлық және диспетчер ғимараттарындағы, электр қалқан жайларындағы электр жабдықтар, электр жарықтандыру және электр аспаптар (желдеткіштер, кондиционерлер, жылытқыштар және т.б.) ҚР ҚНжәнеЕ 2.04-05 және «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері» талаптарына сәйкес қабылдануы керек.

10.1.21 Жер асты үй-жайларында (құдықтардан басқа) қарау және қызмет көрсету кезінде үй-жайға түсірілетін шамшырақтармен жергілікті жарықтандыру қарастырылуы керек. Шамшырақтарды түсіру үшін қызмет көрсету персоналына арналған кіретін жерлерді немесе арнайы қарастырылған ойықтарды пайдалану керек. Бұл кезде жер асты бөлігінде шамшырақтарды орнату үшін кронштейндер қарастырылуы керек.

Шамшырақтарды жергілікті желіге қосу штепсельдік ағытпалары (аша) бар иілгіш кабельдермен орындалуы керек. Ағытпалардың жауапты бөлігі (розетка) құрылыстың жер бетіндегі бөлігінің сыртқы қабырғасына орнатылуы керек. Штепсельдік ағытпа орнату орнына сәйкес келетін орындау және орнату санатына ие болуы керек.

Электр қауіпсіздігі өте төмен кернеулерді бақылау жүйесімен немесе ажыратқыш трансформатормен және осы жағдайларда қорғанысты сөндіру құрылғысымен (ҚСҚ) қолданумен қамтамасыз етілуі керек.

10.1.22 Құдықтарда, әдетте, жарықтың жылжымалы көздерімен жергілікті жарықтандыру қарастырылады.

10.1.23 Су бұру объектілерін сыртқы жарықтандыруын келесі түрлермен қабылдау керек:

- жалпы, біркелкі жұмыстық;

- әшекейлік (парктік аймақтарда);

- күзеттік;

- кезекшілік.

Нақты объектіге арналған жарықтандырудың қажетті түрлері жобада анықталады және тапсырыс берушімен келісіледі.

10.1.24 Үй-жайларды электр жарықтандыруға арналған жарықтандыруды басқаруда келесілер қарастырылуы керек:

- ұдайы болатын персоналдың бар болуы кезінде оператор үй-жайынан қашықтықты;

- ұдайы болатын персоналдың жоқ болуы кезінде жалпы жарықтандыру функциясында автоматты.

10.1.25 Ауданы 100 м2 асатын аралас жарықтандырылатын үй-жайларда диммерлерді орнату ұсынылады.

10.1.26 Жарықтандыру нормаларын ҚР ҚНжәнеЕ 2.04-05 сәйкес қабылдау керек.

10.1.27 Су бұру желілеріндегі объектілер ҚР ҚН 2.04-29 талаптарына сәйкес найзағайдан қорғаныспен жабдықталуы керек.

 

ЕСКЕРТУЕгер объектінің электр жабдығының құрамына есепке алу мақсаттарына арналған микропроцессорлық техника, ТПБАЖ, Энергоресурстарды бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелері, РАҚ, диспетчерлендіру және т.с.с. кіретін жағдайларда найзағайдың қосалқы әсерлерінен қорғанысты қамтамасыз ету керек.

Ықыласты ҚР ҚН 2.04-29 сәйкес зауытта дайындалатын тораптар мен бөлшектерден жиналатын, соның ішінде белсенді найзағай қабылдағыштар бар найзағайдан қорғаныстың сертификатталған жүйелеріне беру керек.

 

10.1.28 Су бұру объектілерінің электр қондырғыларының жобаларын орындау кезінде қажетті және жеткілікті электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері», ҚР ҚНжәнеЕ 4.04-10 және БҚ 34 ҚР.20.501 талаптарын басшылыққа алу керек.

10.1.29 «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері» жіктеуіне сәйкес су бұру объектілерінің электр қондырғылары орнатылған үй-жайлардың көбісі жоғары қауіпті үй-жайларға немесе ерекше қауіпті үй-жайларға жатқызылады.

10.1.30 Көрсетілген үй-жайлардың орналастырылуы үшін ҚСҚ пайдалану ұсынылады.

10.1.31 Ғимараттың шатырына найзағай қабылдағыштарды орнату немесе найзағай қабылдағыш ретінде металл шатырды пайдалану кезінде, ал найзағайды бұрғыш ретінде ғимараттың металл конструкциялары пайдаланылған кезде «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері» және ҚР ҚН 2.04-29 талаптарына сәйкес найзағай қабылдағыштарды ғимараттың металл конструкцияларына жалғау аймағындағы әлеуетті теңестіру үшін темірбетон еденнің арматураларын пайдалудың мақсатқа сай екенін қарастыру керек.

Технологиялық бөлік

 

10.2.1 Су бұру желілеріндегі объектілер энергоресурстарды, соның ішінде тоспа суларды және шөгінділерді есепке алудың, сонымен қатар құбырдың бүтіндігін бақылаудың интегралдық аспаптарымен жабдықталуы керек.

Бұл кезде таңдалынатын аспаптар параметрлердің жабдықты пайдаланудың технологиялық регламенттерімен белгіленген шектерден шығуын анықтауы керек.

10.2.2 Технологиялық процестің параметрлерін, бақылау нүктелерін, өлшеулердің дәлдігін, мәндерді реттеу диапазонын, қоршаған орта жағдайларын, өлшеу орнын ақпаратты көрсету және оны ЖДБ-ға беру қажеттілігін жобаның технологиялық бөлігі бойынша анықтау керек. Мәліметтерді жіберу интерфейсі және хаттамасы жоғары тұрған ТПБАЖ деңгейімен толық үйлесімді болуы керек.

10.2.3 Аспаптар мен жабдықтарды орнату үшін қажетті салынатын бөлшектер, ойықтар, баспаналар мен жабдықтар, сонымен қатар аспаптарды бекіту тораптары өндіруші-зауыттардың монтаждау және пайдалану жөніндегі нұсқауларына сәйкес орындалуы керек.

10.2.4 Таңдалынатын аспаптарды жалғауға арналған желідегі кернеу «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері» талаптарына сәйкес электр қауіпсіздігі талаптарына және техникалық шешімдерге сәйкес келуі керек.

10.2.5 Ақпараттық желілер экрандарының кабельдерін жерлендіру жүйесіне жалғау ТПБАЖ жүйесінде қабылданған техникалық шешімдерге сәйкес келуі керек.

10.2.6 Қолданылатын аспаптар мен құрылғылар ГОСТ 15150 бойынша климаттық орындауға, және ГОСТ 17516.1 және «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері» талаптарына сәйкес орналастыру санатына ие болуы, ал қорғаныс қабығы БҚ 34.51.101 бойынша және ықтимал қасақана емес механикалық әсерлерге байланысты болуы керек.

Қолданылатын аспаптар мен құрылғылар өрт қауіпсіздігі бойынша «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес өрт қауіпті аймақтарда қолдану үшін өрт қауіпсіздігі сертификатына ие болуы керек.

10.2.7 Аспаптар мен құрылғыларды желіге жалғауға арналған электр сымдар «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларды орнату ережелері», БҚ 34.51.101, БҚ 34 ҚР.20.50 талаптарына сәйкес келуі және барынша жоғары пайдалану сенімділігін қамтамасыз етуі керек.

10.2.8 Әдетте, механизмдермен жиынтықта жеткізілетін электр жетектермен басқару жүйелерін қолдану керек.

10.2.9 Әдетте, механизмдерді басқару үшін екі басқару режимі жеткілікті:

- жергілікті (механизмнің тікелей көзге көріну шектерінде);

- автоматты.

10.2.10 Қашықтықтан басқару режимін тек электр жабдықты басқару орнынан механизмнің тікелей көзге көріну шектерінде орнату мүмкін болмаған немесе мақсатқа сай болмаған кезде ғана қолдану ұсынылады.

10.2.11 Қашықтықтан басқару кезінде механизмнің кенетттен қосылуын болдырмау үшін механизмге тікелей жақын жерде орнатылатын ескерту және/немесе жарықтық сигнал және қауіпсіздік сөндіргіші қарастырылуы керек.

10.2.12 Басқару режимін таңдау механизмді басқару шкафынан жүзеге асырылуы керек.

10.2.13 Қуаты 4 кВт дейін электр қозғалтқышы бар механизмдерді егер технологиялық режим бойынша осы механизмнің айналымдар санын реттеу қажет болмаса, ал оның жұмыс режим і ұзақ болса, тікелей іске қосумен қосу керек.

Қуаты 4 кВт асатын механизмдер, әдетте, егер бір сағаттағы қосулардың саны таңдалынған құрылғының бір сағаттағы бірқалыпты қосылуы үшін рұқсат берілген қосулар санынан аспайтын болса, бірқалыпты қосу құрылғыларымен қарқындалуы керек.

10.2.14 Механизмнің электр жетегі жұмыс істейтін параметр технологиялармен бірге тағайындалуы және механизм жұмысының ең жоғарғы энергия тиімділігін қамтамасыз етуі керек.

10.2.15 Бас сорғылық агрегаттарды реттеу нұсқасын шешу кезінде реттелетін агрегаттардың жалқы қуатын ұлғайту және, сәйкесінше, құрылыс көлемін, ғимараттың жылытылатын, желдетілетін және жарықтандырылатын көлемін қысқарту және агрегаттардың жоғары пайдалы әрекет коэффициенттерінің (ПӘК) есебінен станцияның энергия тиімділігін жоғарылату есебінен резервтік және жұмыстық агрегаттардың санын қысқарту мүмкіндігін қарастыру керек.

10.2.16 Негізгі сорғылық агрегаттардың санын анықтағаннан кейін реттеудің ықтимал нұсқаларының біреуін қабылдау керек:

- сорғылық агрегаттардың біреуі жиілікті түрлендіргішпен (ЖТ), жұмыс істейді, қалғандары тікелей желіден немесе бірқалыпты қосу құрылғысынан (БҚҚ) арқылы жұмыс істейді;

- әрбір сорғылық агрегат ағынның өсу деңгейіне байланысты БҚҚ арқылы қарқындайды және желілік жиілікке шығу кезінде электр желісіне тікелей ауысады;

- әрбір сорғылық агрегат белгіленген алгоритм бойынша өзінің ЖТ арқылы жұмыс істейді.

Сорғылық агрегаттардың жұмыстарын реттеу нұсқасын таңдаған кезде келесілерді есепке алу керек:

- энергия тиімділік (нұсқаларды қосымша жоғалту түріндегі пайдалану шығындары);

- сенімділік (пайдалану шығындары);

- күрделі қаржы шығыны.

10.2.17 Су бұрудың әрбір объектісі дабыл қалқанымен жабдықталуы керек, онда келесілер болуы қажет:

- технологиялық процестің әрбір механизмі туралы шұғыл ақпарат, мысалы («қосылған», «сөндірілген», «ашық», «жабық»);

- апаттық ақпарат («апатты деңгей», «рұқсат берілгеннен төмен қысым», «1-бұруда кернеу жоқ» және т.с.с.).

10.2.18 Жұмыстық және резервтік агрегаттар электр энергиясының әртүрлі көздеріне жалғануы керек.

10.2.19 Барлық механизмдердің электр жабдықтары ТПБАЖ-бен хабарласуға арналған интерфейстік шығысқа (кіріске) ие болулары керек.

10.2.20 Технологиялық бақылау жүйелерінде келесілерді қарастыру керек:

- ұдайы бақылау құралдары мен аспаптары;

- мерзімдік бақылау құралдары, мысалы, құрылыстардың жұмыстарын оңдау және тексеру үшін.

10.2.21 Тоспа сулардың сапалық параметрлерін технологиялық бақылауды автоматты аспаптардың және талдағыштардың немесе зертханалық әдістердің көмегімен үздіксіз құралдық бақылау арқылы жүзеге асыруға рұқсат беріледі.

10.2.22 Құрылыстардың конструкцияларында электр жабдықтарды және автоматтандыру құралдарын орнатуға арналған тораптарды, салынатын бөлшектерді, ойықтарды, камераларды және басқа да құрылғыларды, жалғау желілерінде – ластанудан қорғанысты (бөлу мембраналары, жалғастыру желілерін үрлеу немесе жуу және басқалар) қарастыру керек.

10.2.23 Технологиялық бақылау құралдарымен құрылыстарды жарықтандыру деңгейін және автоматтандыру көлемін пайдалану жағдайларына байланысты орнату, әлеуметтік жайттарды есепке алумен техника-экономикалық есептермен негіздеу керек. Автоматтандыруды белгіленген технологиялық параметрлер бойынша немесе жекелеген жағдайларда уақытша бағдарлама бойынша орындау керек.

Бірінші кезекті сорғы қондырғыларын автоматтандыру керек.

10.2.24 Құрылыстардың жұмыстарын орталықтандырылған басқаруды және бақылауды қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайларда телемеханика құралдарын пайдаланатын су бұру жүйесін диспетчерлік басқаруды қарастыру керек.

10.2.25 Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері (ТПБАЖ) жұмыс істейтін объектілердегі су бұрудың ірі жүйелері үшін қажетті ақпаратты жинауды, өңдеуді және жіберуді қамтамасыз ететін қосалқы жүйелерді, сонымен қатар басқару жөніндегі жекелеген тапсырмалардың шешімдерін қарастыру керек.

Диспетчерлендіру

10.3.1 Диспетчерлік басқару, әдетте, бір диспетчерлік бөлме бар бір деңгейлі болып қарастырылуы керек.

Күрделі құрылыстар және олардың арасында үлкен ара қашықтықтар бар су бұрудың ірі жүйелері үшін орталық және жергілікті диспетчерлік бөлмелер бар екі деңгейлі басқаруға рұқсат беріледі.

10.3.2 Диспетчерлік бөлме мен бақыланатын объектілер, сонымен қатар кезекші персонал үй-жайлары мен шеберханалардың арасындағы байланысты тікелей диспетчерлік байланыс арқылы жүзеге асыру керек.

Су бұру жүйесінің диспетчерлік бөлмесінің және өнеркәсіптік кәсіпорынның энергия шаруашылығы диспетчерлік бөлмесі арасындағы, ал ол жоқ болған жағдайда – өнеркәсіптік кәсіпорынның орталық диспетчерлік бөлмесінің арасындағы тікелей диспетчерлік байланысты қарастыру керек.

10.3.3 Бақыланатын құрылыстардан диспетчерлік бөлмеге тек құрылыстардың жұмысын жедел басқару мен бақылау, апатты шұғыл жою мен оқшаулау қамтамасыз етілмейтін сигналдар мен өлшемдер ғана жіберілуі керек.

10.3.4 Тазалау құрылыстарының диспетчерлік бөлмесіне келесі өлшемдер мен сигналдарды жіберу керек:

а) өлшемдер:

- тазалау құрылғыларына келетін тоспа сулардың шығындары, немесе тазартылған тоспа сулардың шығындары;

- тоспа сулардың рН (қажет болған жағдайда);

- тоспа сулардағы ерітілген оттегінің концентрациясы (қажет болған жағдайда);

- тоспа сулардың температурасы;

- аэротенктерге берілетін ауаның жалпы шығыны;

- аэротенктерге берілетін белсенді балшықтың шығыны;

- артық белсенді балшықтың шығындары;

- өңдеу жөніндегі құрылыстарға берілетін дымқыл шөгіндінің шығыны;

б) дабыл:

- жабдықтың апаттық сөндірілуі;

- технологиялық процесті бұзу;

- резервуарлардағы, ғимараттардың тор немесе тор-майдалағыш беру арналарындағы тоспа сулардың және шөгінділердің шекті деңгейлері;

- өндірістік үй-жайларда жарылыс қауіпті газдардың шекті концентрациясы;

- хлорлау үй-жайларындағы хлор – газдың шекті концентрациясы.

10.3.5 Диспетчерлік бөлмелердің үй-жайларын технологиялық құрылыстармен бұғаттауға рұқсат беріледі: өндірістік-әкімшілік корпуспен, ауа үрлеу станциясымен және басқалармен (диспетчерлік бөлмені ауа үрлеу станциясында орналастыру кезінде оны шудан оқшаулау керек).

10.3.6 Диспетчерлік бөлмелерде келесі үй-жайларды қарастыру керек:

- диспетчерлік қалқанды, пультті және кезекші персоналдың ұдайы болуымен байланыс құралдарын орнатуға арналған диспетчерлік бөлме;

- қосымша үй-жайлар (қоймалық, жөндеу шеберханасы, демалыс бөлмесі, санторап).


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!