Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Тоспа суларды электрохимиялық тазартуға арналған құрылыстар



Жалпы шолу

 

9.10.1.1 Тоспа суларды электрохимиялық тазартуға арналған аппараттарда электролиздік ерітілетін да (электролизерлер), ерітілмейтін де (электрокоагуляторлар) анодтар болуы мүмкін.

 

Рамында цианидтер бар тоспа суларды өңдеуге арналған электролизерлер

 

9.10.2.1 Цианидтермен ластанған тоспа суларды өңдеу үшін электролиздік ерітілмейтін анодтары (графит, металл-оксидті жабындылы титан, т.б.) және болат катодтары бар электролизерлерді қолдану керек.

9.10.2.2 Электролизерлерді тоспа сулар шығыны 10 м3/сағ. шамасына жеткенде және цианидтердің бастапқы концентрациясы 100 мг/л кем болмаған жағдайда қолдану керек.

9.10.2.3 Электролизердің корпусы ішкі жағынан хлор мен оның оттекті қосылыстарына төзімді материалдармен қорғалуы тиіс және бөлініп шыққан газ түріндегі сутекті жоюға арналған желдеткіш құралмен жабдықталу керек.

9.10.2.4 Үздіксіз және периодты әрекетті электролизерлермен жұмыс жасаған кезде жұмыс тогының шамасын Icur, А, мына формула бойынша есептеу керек:

немесе (9.81)

 

мұнда Ccn – тоспа сулардағы цианидтердің бастапқы концентрациясы, г/м3;

Wel – электролизердегі тоспа судың көлемі, м3;

hcur - 0,6 - 0,8 шамасын қабылдайтын ток бойынша шығу;

tel – тоспа судың электролизерде болған уақыты, сағ;

2,06 – электр тогының үлес шығынының коэффициенті, А×сағ/г;

qw – тоспа су шығыны, м3/сағ.

9.10.2.5 Анодтардың жалпы беткейін fan, м2, мына формуламен анықтау қажет:

(9.82)

 

мұнда ian - 100 А/м2 - 150 А/м2 шамасына тең қылып қабылдайтын токтың анодты тығыздығы.

Анодтардың жалпы санын Nan мына формуламен есептейді:

(9.83)

 

Мұнда, fan – бір анодтың беткейі, м2.

 

Алюминий электродтары бар электрокоагуляторлар

9.10.3.1 Алюминий пластинкалы электродтары бар электрокоагуляторларды металдарды кесу және қысу арқылы өңдеу кезінде түзілетін, майлар концентрациясы 10 г/л аспайтын, аздап ластанған тоспа суларды (қолданылған жағу-суыту сұйықтықтары) тазарту үшін қолданған жөн.



Құрамында майлар көп болатын тоспа суларды өңдеу кезінде алдын ала қышқыл тоспа сулармен сұйылтқан жөн. Тазартылған тоспа суларда қалған майлардың концентрациясы 25 мг/л шамасынан аспау қажет.

9.10.3.2 Электрокоагуляторларды жобалау кезінде мына шамаларды анықтау керек:

а) электродтардың ауданы fek, м2, мына формула бойынша:

(9.84)

 

мұнда qw – аппараттың өнімділігі, м3/сағ;

qcur - электр тогының үлес шығыны, А×сағ/м3, 9.32-кесте бойынша қолдануға рұқсат беріледі;

ian – токтың электродты тығыздығы, А/м2; ian = 80-120 А/м2;

 

б) токты жүктемені Icur, А, мына формула бойынша:

 

(9.85)

 

в) электродты блок қабырғасының ұзындығын, lb, м, мына формула бойынша:

 

(9.86)

 

мұнда d - электродты пластиналардың қалыңдығы, мм; d 4-8 мм мәндерді қабылдайды;

b – электрод аралық кеңістіктің шамасы, мм; b 12-15 мм мәндерді қабылдайды.

 

Тоспа суды тазартуға жұмсалатын алюминийдің үлестік шығынын, qAl, г/м3, 9.33-кесте бойынша қабылдау қажет.

9.10.3.3 Электрохимиялық тазартудан кейін тоспа суларды кем дегенде 60 минут уақытқа тұндырып қою керек.

9.10.3.4 Тоспа суларды алдын ала қышқылдандыруды тұз (осы жөндірек) немесе күкірт қышқылымен рН 4,5 - 5,5 шамасына жеткенше жүргізу керек.



 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!