Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Түйіршікті жүктемелі сүзгілер



 

9.6.2.1 Түйіршікті жүктемелі сүзгілерді келесі конструкциялы: бір қабатты, екі қабатты және қаңқалы үймелі сүзгі (ҚҮС) түрінде қарастыру ұсынылады.

Сүзгілерді конструкциясы мен климаттық шарттарына байланысты ашық ауада немесе орын жайда орналастыру қажет. Сүзгілерді ашық ауа астында қалдырған жағдайда, құбырлар, тиекті арматура, сорғылар мен басқа да коммуникациялар өтпелі галереяларда орналасуы қажет.

9.6.2.2 Сүзуші материал ретінде кварцты құмды, қиыршық тасты, гранитті шағылды, түйіршіктелген доменді шлакты, Антрацитті, керамзитті, полимерлерді, сондай-ақ қажетті технологиялық қасиеттерге, химиялық тұрақтылық пен механикалық төзімділікке ие басқа да түйіршікті жүктемелерді қолдануға болады.

9.6.2.3 Сүзгілердің конструктивті элементтерінің есебін ҚР ҚНжЕ 4.01-02 және осы нормативке сәйкес жүргізу қажет.

9.6.2.4 Қалалық және құрамы бойынша оған ұқсас өндірістік тоспа суларды биологиялық тазалаудан соң терең тазалауға арналған түйіршікті жүктемелі сүзгілердің есептік параметрлерін 9.28-кесте бойынша қабылдау қажет.

Сүзгілер алаңын есептеуді 15% тең рауалы әркелкілікті ескере отырып, максимальды сағаттық ағын бойынша жүргізу қажет.

9.6.2.5 Түйіршікті жүктемелі сүзгілерді жүктеу кезінде келесілерді қарастыру қажет:

- биологиялық тазалаудан соң тоспа суларды беру кезінде –сүзгілерінің (ҚҮС-тан басқа) алдында барабанды торларды орнатуды;

- қаңқалы-үймелі сүзгілер үшін – су ауалы немесе сулы, екі қабатты сүзгілер үшін – сулы, бір қабатты сүзгі үшін ауа сулы жууды қарастыру керек; бұл ретте жууды хлорланбаған сүзілген сумен жүзеге асыру қажет;

- жуу сулары мен сүзгілерді жуудан қалған кір сулардың резервуарының сыйымдылығы екі жуғыштан кем болмауы тиіс;



- қажет болған жағдайда сүзілген суды 9.4.1 - 9.4.5 сәйкес оттекпен қанықтыру;

- үлкен кедергілі түтікті таратқыш дренажды жүйелер;

- суды жоғарыдан төменге қарай беретін сүзгілер үшін – жүктеменің жоғарғы қабатын механикалық немесе гидравликалық қопсыту құрылғысы.

9.6.2.6 Түйіршікті жүктемелі сүзгілердің биологиялық өсуін болдырмау үшін түсетін тоспа суларды 2,0 мг/л мөлшерле алдын ала хлорлауды және сүзгіні мерзімді түрде құрамында 150 мг/л дейін хлоры бар хлорлы сумен 24 сағат аралығында (жылына 2-3 рет) өңдеуді қарастыру қажет.

9.6.2.7 Өндірістік ағын суларды терең тазартуға арналған түйіршікті жүктемелі сүзгілерді жобалауды технологиялық зерттеу деректері бойынша жүргізу қажет.

 

 


Кесте - қалалық және оған құрамы бойынша жақын өндірістік тоспа суларды биологиялық тазалаудан соң ерең тазалауға арналған түйіршікті жүктемелі сүзгілердің есептік параметрлерінің мәндері

Сүзгі Сүзгілеуші жүктеуіш параметрлері Қабат биіктігі, м бастап дейін Сүзу жылдамдығы, м/сағат, режимде Жуу қарқыны, л/(с × м2) Жуу кезеңінің ұзақтығы, мин Тазалау тиімділігі, %
Сүзгілеуші материал жүктеменің түйіршікті сипаттамасы d, мм ОБТтол бойынша өлшенген заттар бойынша бастап дейін
ең төмен ең жоғары баламалы қалыпты үдемелі
Бір қабатты ұсақ-түйіршікті суды жоғарыдан төменге қарай беретін Кварцты құм 1,2 2,0 1,5 - 1,7 1,20- 1,30 6-дан 7 дейін 7-ден 8 дейін Ауа (18 ден 20 дейін) 50-ден 60 дейін 70 тен 75 дейін
Қолдаушы қабаттар – шағыл тас 2,0 5,0 - 0,15- 0,20 Ауа (18 ден 20 дейін) және су (3-тен 5 дейін) 10-нан 12 дейін
5,0 10,0 - 0,10- 0,15
10,0 20,0 - 0,10- 0,15 Су (7) 6 дан 8 дейін
20,0 40,0 - 0,20- 0,25
Бір қабатты ірі түйіршікті суды жоғарыдан төменге қарай беретін Гранитті шағыл тас 3,0 10,0 5,5 1,20 Ауа (16) 35 -тен 40 дейін 45 тен 50 дейін
Ауа (16) және су (10)
Су (15)
Екі қабатты суды жоғарыдан төменге беретін Антрацит немесе керамзит 1,2 2,0 - 0,40- 0,50 7-ден 8 дейін 9-дан 10 дейін Су 14 -тен 16 дейін 10 нан 12 дейін 60-тан 70 дейін 70-тен 80 дейін
Кварцты құм 0,7 1,6 - 0,60- 0,70
Қолдаушы қабаттар- қиыршық тас 2,0 5,0 - 0,15-0,25
5,0 10,0 - 0,10- 0,15
10,0 20,0 - 0,10- 0,15
20,0 40,0 - 0,20- 0,25
Қаңқалы-үймелі (ҚҮС) Кварцты құм 0,8 1,0 - 0,90 Ауа (14 -тен 16 дейін) және су (6-дан 8 дейін) 5 тен 7 дейін 70-тен 80 дейін
Каркас – қиыршық тас 1,0 40,0 - 1,80 Су 14 -тен 16 дейін
40,0 60,0 - 0,50

Полимерлі жүктемелі сүзгілер



 

9.6.3.1 Полимерлі жүктемелері бар сүзгіштерді оларда болмайтын тұрақты эмульсиялар түріндегі майлар мен мұнай өнімдерінен өндірістік тоспа суларды тазарту үшін қолдану қажет.

Жаңбыр суларын тазарту үшін полимерлі жүктемелері бар сүзгілерді қолдануға жол беріледі.

9.6.3.2 Бастапқы сулардағы майлар мен мұнай өнімдерінің рауалы концентрациясы:

- 150 мг/л дейін;

- қалқымалы заттар 100 мг/л дейін.

Тазартылған сулардағы осы заттардың концентрациясы 10 мг/л аспауы тиіс.

9.6.3.3 Жүктеме ретінде ірілігі 20 мм ´20 мм ´ 20 мм, тығыздығы 46 кг/м3 ден 50 кг/м3 дейін, және қабат биіктігі 2 м полиуретанды қолдану қажет. Сүзгілеу жылдамдығы сағатына 25 м дейін

9.6.3.4 Сүзгілерді ауа температурасы 6°С төмен емес ғимаратта орналастыру қажет.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!