Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Циркуляциялық қышқылдану арналары



 

9.3.10.1 Циркуляциялық қышқылдану арналарын (ЦҚА) қыстың ең салқын кезеңінің есептік температурасын 25°С төмен емес аудандарда тоспа сулардың биологиялық тазартылуы үшін қарастыру қажет.

9.3.10.2 Аэрация ұзақтығын (9.32)-формуласы бойынша анықтау қажет, бұл ретте r - ОБТтол бойынша қышқылданудың орташа жылдамдығын 6,0 мг/(г×сағ) тең етіп қабылдау қажет.

9.3.10.3 Циркуляциялық қышқылдану арналары үшін:

а) жоспарла арна пішінін О-тәрізді;

б) тереңдігін 1,0 м жуық;

в) 1,0 кг ОБТтол үшін артық белсенді тұнба мөлшерін 0,4 кг;

г) алынған 1,0 кг ОБТтол үшін оттектің шекті шығынын 1,25 мг етіп қабылдау қажет.

9.3.10.4 Қышқылдану арналарында тоспа сулардың аэрациясын арнаның тік учаскесі басында орнатылатын, механикалық аэраторлармен қарастыру қажет.

Аэраторлар мөлшері мен олардың жұмысының параметрлерін арнадағы су жылдамдығы мен оттек бойынша өнімділігіне байланысты паспорттық деректер бойынша қабылдау қажет.

9.3.10.5 Аэаратормен жасалатын vcc арнасындағы судың жылдамдығын м/с мына формула бойынша анықтау қажет:

(9.52)

 

мұндағы Jair – аэратор сипаттамасы бойынша қабылданатын аэратор қысымының импульсі;

lair – аэратор ұзындығы, м;

wcc – арнаның негізгі қимасының ауданы, м2;

n1 – бұдырлық коэффициенті; бетон қабырғалар үшін n1 = 0,014;

R - гидравликалық радиус, м;

lcc – арна ұзындығы, м;

åx - жергілікті кедергілер коэффициенттерінің сомасы;

О-тәрізді арна үшін åx мәні 0,5-ке тең.

Аэраторлар ұзындығын түбі бойынша арна енінен кем емес және су айнасы бойынша арна енінен аспайтындай етіп қабылдау қажет, аэраторлар саны екіден кем болмайды.

9.3.10.6 Циркуляциялық арналардан белсенді тұнбасы бар тоспа сулар қоспасын екінші тұндырғыға шығаруды өздігінен ағызу арқылы қарастыру қажет, тоспа сулардың екінші тұндырғыда болу ұзақтығы ең жоғары шығын бойынша 1,5 сағатқа тең.



9.3.10.7 Екінші тұндырғыдан қайтымды белсенді тұнбаның арнаға үздіксіз берілуін, артық тұнбаның мерзімді түрде тұнба алаңдарына берілуін қарастыру қажет.

9.3.10.8 Тұнба алаңдарын мезофильді шарттарда ашытылған шөгінділерге арналған ауыртпалықты ескере отырып есептеу қажет.

Сүзу өрістері

 

9.3.11.1 Тоспа сулардың толық биологиялық тазалауға арналған сүзгіден өткізу жолдарын әдетте құмдарда, құмдақтарда және жеңіл саздақтарда қарастыру қажет.

Тоспа суларды оларды сүзгіден өткізу жолына түсірмес бұрын тұндыру ұзақтығы 30 минуттен кем болмауы тиіс.

9.3.11.2 Сүзгіден өткізу жолдарына арналған алаңдарды: еңісі 0,02 аспайтын, бірқалыпты және орташа рельефте; жер асты суларын жинауға арналған құрылыстан депрессиялық қалқанша радиусының мөлшеріне тең болатын қашықтықта, бірақ:

- жеңіл саздақтар үшін 200 м;

- құмдақтар үшін 300 м;

- құмдар үшін 500 м кем болмайтын қашықтықта, топырақ қабаты ағыны бойынан төмен орналасқан жерден таңдау қажет.

Сүзу өрістері топырақ ағыны бойынан жоғары орналасқан жағдайда, олардың жер асты суларын жинауға арналған құрылыстарға дейінгі қашықтығын гидрогеологиялық жағдайларды және сумен жабдықтау көзінің санитарлық қорғанысы талаптарын ескере отырып қарастыру қажет.



Су жүргізетін деңгейжиектерді сыналау жерлерімен шекаралас аймақтарда, сондай-ақ су ағынын суалдырумен жабылмаған Карсттар мен сызатты жыныстар болған жағдайда, сүзгіден өткізу жолдарын орналастыруға жол берілмейді.

9.3.11.3 Тоспа сулардың сүзгі алаңдарына ауыртпалығын баламалы шарттардағы сүзу өрістерін пайдалану тәжірибесінің деректері негізінде қабылдау қажет.

Тұрмыстық және оған құрамы бойынша жақын өндірістік тоспа сулардың ауыртпалығын 9.23-кесте бойынша қабылдау қажет.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!