Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Екінші тұндырғылар. Тұнба бөлгіштер



9.3.8.1 Тазартылған суды белсенді тұнбадан (биоүлдірден) бөлу үшін тұнба бөлуге арналған құрылғыны қолдану қажет:

- екінші тұндырғылар;

- қалдықтың өлшенген қабаты бар мөлдіреткіштер;

- флотациялық қондырғылар;

- мембраналық модульдер және т.б.

9.3.8.2 Екінші тұндырғының типін (тік, радиальды, көлденең) станция өнімділігін, құрылыстар тұтастығын, пайдаланатын бірліктер санын, алаң конфигурациясы мен рельефін, геологиялық шарттарды, тоспа сулар деңгейін және т.б. ескере отырып таңдау қажет.

9.3.8.3 Биоүлдір мен тұнбаны бөлуге арналған екінші тұндырғыларды құрылыс көлемін пайдалану коэффициентін, тұнба индексін және тұнба концентрациясын (биоүлдірді) ескере отырып, жер бетіне гидравликалық ауырлық м/(м·сағ) бойынша есептеу қажет. Тұндырғылар алаңын анықтау кезінде биосүзгілерден соң рециркуляциялық шығынды есепке алу қажет.

9.3.8.4 Барлық түрлі биосүзгілерден соң екінші тұндырғылардың бетіне түсетін ауырлықты qssb, м3/(м2×сағ) мына формула бойынша есептеу қажет:

 

(9.50)

 

мұндағы u0 – биоүлдірдің гидравликалық ірілігі; толық биологиялық тазарту кезінде u0 = 1,4 мм/сек;

Kset, коэффициентінің мәнін 9.2.4.7. бойынша қабылдау қажет.

 

Тұндырғылар ауданын анықтау кезінде қайта циркуляциялау шығынын ескеру қажет.

9.3.8.5 Барлық типті екінші тұндырғыларды аэротенктерден соң аэротенктегі белсенді тұнба концентрациясын ai, г/л, оның Ji, см3/г индексін және мөлдіретілген судағы тұнба концентрациясын at, мг/л ескере отырып, гидравликалық ауыртпалығы qssa, м3/(м2×сағ) бойынша мына формуламен есептеу қажет:

 

(9.51)

 

мұндағы Kss – тұндыру аймағының көлемін пайдалану коэффициенті, ол:

- радиальды тұндырғылар үшін 0,4 тең болып;



- тік типтері үшін 0,35 тең болып;

- перифериялық шығарылымды тік типтері үшін 0,5 тең болып;

- көлденең типтері үшін 0,45 тең болып қабылданады.

at – мәнін 10 мг/л кем етіп,

ai – мәнін 15 г/л артық етіп қабылдауға болмайды.

 

9.3.8.6 Тұндырғылардың конструктивті параметрлерін 9.2.4.7 - 9.2.4.9 сәйкес тиісті түрде қабылдау қажет және бұл ретте:

- тұнба қоспасы шығысы мен тазартылған суды жинауды енгізу және жинау құрылғысының периметрі бойынша;

- бейтарап қабат биіктігін шығысындағы түбінен 0,3 м жоғары, тұнба қабатының тереңдігін 0,3 м-ден 0,5 м дейін;

- тұнбалық шұңқырлардың еңіс бұрышын 50°-тан 55° дейін;

- мөлдіретілген суды жинақтаушы суағардың 1,0 м ауыртпалықты 8 л/с-тан 10 л/с дейін қабылдау қажет.

9.3.8.7 Шөгіндіні гидростатикалық әдіспен жойған кезде биосүзгілерден соң екінші тұндырғылардың сыйымдылығын оның екі тәуліктік көлемінен аспайтындай, аэротенктерден соң екінші тұндырғыларды белсенді тұнбаның екі сағаттан аспайтындай етіп қабылдау қажет.

9.3.8.8 су бетінен екінші тұндырғы ернеуінен биіктікті 0,3 м кем емес етіп алу қажет. Су қабылдайтын (жинайтын) астаулардағы су ағызғыш жиегін биіктігі бойынша реттелетіндей етіп қарастыру қажет.



Екінші тұндырмалардағы 1,0 м су ағызғыштың ауыртпалығы 10 л/с аспауы тиіс. Тазартылған суды жинау үшін жүктелген перфорацияланған құбырларды қолдануға жол беріледі.

9.3.8.9 aiJi, параметріне тәуелді өлшенген шөгінділері бар мөлдірету режимінде жұмыс жасайтын, аэротенктер-тұндырғылар немесе окситенктерге арналған тұнба бөлгіштерге гидравликалық ауырпалықты 9.21-кесте бойынша қабылдау қажет.

 

Кесте – Шөгіндісі саралған мөлдіреткіш режимінде жұмыс жасайтын аэротенк-тұндырғы мен окситенктерге аралған тұнба бөлгіштерге гидравликалық ауыртпалық мәндері

 

aiJi
qms, м3/(м2×сағ) 5,6 3,3 1,8 1.2 0,8 0,7

 

9.3.8.10 Тұнба қоспасын бөлуге арналған флотациялық қондырғылардың есебін 9.22-кестеге сәйкес өлшенген заттар құрамы бойынша мөлдіретудің талап етілген деңгейіне байланысты жүргізу қажет.

9.3.8.11 Ағынды резервуарындағы арынды 0,6 МПа-дан 0,9 МПа дейін қабылдау қажет, қанығу ұзақтығы 3 минуттен 4 минутке дейін.

Алынатын тұнбаның ылғалдылығын тұнбалы индекс және жинақтау-тасымалдау құрылғысы типті, қайта циркуляция коэффициентін ескере отыратын есеппен анықтау қажет.

Екінші тұндырғыдан тұнбаны үздіксіз немесе мерзімді түрде алып тастауға болады. Мерзімді алып тастау кезінде уақыт интервалын оның жинақталу аймағының сыйымдылығы мен түзілетін қалдық көлеміне байланысты орнатылуы тиіс.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!