Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Кесте –Ji Тұнба индексінің мәні



 

Тоспа сулар Тұнбаға ауыртпалық qi, мг/(г×тәулік) кезінде тұнба индексі Ji, см3
Қалалық
Өндірістік:            
а) мұнай өңдеуші зауыттардың -
б) синтетикалық каучук зауытының -
в) жасанды талшықтар комбинатының -
г) целлюлозалық-қағаз комбинаттарының -
д) азот өнеркәсібінің химиялық комбинаттарының -
ЕСКЕРТУ Окситенктер үшін Ji мөлшері 1,3 еседен 1,5 есеге дейін төмендетілуі тиіс

 

Тәулігіне тұнбаның күлсіз затының 1 г-на тұнбаның qi, мг ОБТтол ауыртпалығы келесі формула бойынша есептелуі тиіс:

(9.37)

 

мұндағы tat – аэрация кезеңі, сағ.

9.3.7.20 Регенераторлары бар аэротенктерді жобалау кезінде органикалық ластаушы заттардың қышқылдану ұзақтығы tO, сағ, мына формула бойынша анықталады:

 

(9.38)

 

мұндағы Ri - (9.36)-формуласы бойынша анықталады;

ar – регенератордағы тұнба мөлшері, г/л, мына формула бойынша анықталады:

 

(9.39)

r - аэротенктер – тұнба мөлшері ar болғанда (9.34)-формула бойынша анықталатын қопсытқыштар мен айдап шығарғыштар үшін қышқылданудың шекті жылдамдығы.

Аэротенкте tat, сағ, суды өңдеу ұзақтығының ұзақтығын мына формула бойынша анықтау қажет:

(9.40)

 

Регенерация ұзақтығын tr, сағ, мына формула бойынша анықтау қажет:

 

(9.41)

 

Аэротенктер сыйымдылығын Wat, м3, мына формула бойынша анықтау қажет:

 

(9.42)

 

мұндағы qw – тоспа сулардың есепті шығысы, м3/сағ.

 

Регенераторлардың сыйымдылығын Wr, м3, мына формула бойынша анықтау қажет:



 

(9.43)

 

9.3.7.21 Аэротенктердегі белсенді тұнбаның өсімін Pi, мг/л, мына формула бойынша анықтау қажет:

(9.44)

 

мұндағы Ccdp – аэротенкке түсетін тоспа сулардағы өлшенген заттардың концентрациясы, мг/л;

Kg - өсім коэффициенті.

Қалалық және оған құрамы бойынша ұқсас өндірістік тоспа сулар үшін Kg мәні 0,3-ке тең. Тоспа суларды окситенктерде тазалағанда, Kg мөлшері 0,25 дейін төмендейді.

9.3.7.22 Аэротенктер жұмысын регенераторлардың ауыспалы көлемімен жұмыс жасау мүмкіндігін қарастыру қажет.

9.3.7.23 Аэротенктер мен регенераторлар үшін:

- секциялар саны екіден кем емес;

- негіздеу кезінде жоғарыдан тереңдігін 6,0 м артық, жұмыс тереңдігін 3,0 м ден 6,0 м дейін;

- дәліз енінің жұмыс тереңдігіне қатынасын 1:1-ден 2:1 дейін етіп қарастыру қажет.

9.3.7.24 Аэротенктердегі келесі аэраторларды қолдануға рұқсат етіледі:

- ұсақ көпіршікті керамикалық және пластмасса материалдары (сүзгілі пластиналар, құбырлар, диффқсқрлар) және синтетикалық материалдар;

- орташа көпіршікті жарықты және тесікті құбырлар;

- ұшы ашық ірі көпіршікті құбырлар;

- механикалық және пневматикалық.

9.3.7.25 Регенераторлардағы және айдап шығаратын-аэротенктердің ұзындығының бірінші жартысындағы аэраторлар санын аэротенктердің қалған ұзындығына қарағанда екі есеп көп етіп алу қажет.



9.3.7.26 Аэраторлар тереңдігін 8.3.14 сәйкес айырушы коммуникациялар мен аэраторлардағы шығындарды ескере отырып, ауа үрлеу жабдығының қысымына сәйкес қабылдау қажет.

9.3.7.27 Аэротенктерде аэраторлардан суды шығаратын құрылғылар мен оларды босату мүмкіндігін қарастыру қажет.

9.3.7.28 Белсенді тұнбаның рециркуляциясын сорғылармен немесе эрлифтілермен жүзеге асыру қажет.

9.3.7.29 Аэрацияның пневматикалық жүйесі кезінде тазартылатын судың ауасының шекті шығынын qair, м33 мына формула бойынша анықтау қажет:

 

, (9.45)

 

мұндағы qO –қабылданатын тазарту кезінде алынған ОБТтол 1 мг-на ауа оттегінің шекті шығыны, мг:

- ОБТтол дейін 15,0 мг/л -ден 20,0 мг/л дейін - 1,1;

- ОБТтол дейін тазарту кезінде 20,0 мг/л артық болғанда - 0,9;

K1 – ұсақ көпіршікті аэрация үшін 9.18-кесте бойынша аэрациялданатын аймақ ауданы мен аэротенк қатынасына faz /fat байланысты қабылданатын және аэратор типін ескеретін; ал орташа көпіршікті және төмен арынды K1 үшін 0,75 тең болатын коэффициент;

K2 - аэраторлардың жүктелу тереңдігіне ha байланысты және 9.19-кестесі бойынша қабылданатын коэффициент;

KT – келесі формула бойынша анықталатын тоспа сулардың температурасын ескеретін коэффициент:

 

(9.46)

 

мұндағы Tw – жазғы кезеңде ауаның орташа айлық температурасы, °С;

K3 – қалалық тоспа сулар үшін 0,85 тең болып қабылданатын су сапасының коэффициенті; СББЗ болғанда 9.20-кестесі бойынша faz/fat мөлшеріне байланысты қабылданады, өндірістік ағын сулар үшін – тәжірибелік деректер бойынша анықталады, ондайлар болмаған жағдайда K3 мәнін 0,7-ге тең етіп қабылдауға болады;

Ca – ауа оттегінің ауада ерігіштігі, мг/л, ол мына формула бойынша анықталады:

(9.47)

 

мұндағы CT – анықтамалық деректер бойынша қабылданатын атмосфералық қысым мен температураға байланысты оттектің суда ерігіштігі;

ha - аэратордың жүктелу тереңдігі, м;

C0 – аэротенктегі оттектің орташа концентрациясы, мг/л; бірінші жақындау кезінде С0 мәнін 2 мг/л етіп қабылдауға болады және (9.32)- мен (9.33)-формулаларын ескере отырып, техникалық-экономикалық есептер негізінде нақтылау қажет.

 

Кесте – Аэраторлар типін ескеретін және ұсақ көпіршікті аэрация үшін аэрацияланатын аймақ ауданының аэротенкке қатынасына faz /fat байланысты қабылданатын K1 коэффициентінің мәні

 

faz/fat 0,05 0,10 0,20 0,30 0,40 0,5 0,75 1,0
K1 1,34 1,47 1,68 1,89 1,94 2,0 2,13 2,3
Ja max, м3/(м2×сағ) 5 ,0 10,0 20,0 30,0 40,0 50,0 75,0 100,0

 

9.19-кесте – Аэраторлардың жүктелу тереңдігіне ha байланысты K2, коэффициентінің мәні

 

ha, м 0,5 0,6 0,7 0,8 0,9 1,0 3,0 4,0 5,0 6,0
K2 0,40 0,46 0,60 0,80 0,90 1,00 2,08 2,52 2,92 3,30
Ja,min, м3/(м2×сағ) 48,0 42,0 38,0 32,0 28,0 24,0 4,0 3,5 3,0 2,5

 

Пневматикалық аэраторлардың аэрацияланатын аймағының ауданы олардың арасындағы 0,3 м дейінгі саңылауларды да қосады. Аэрацияның жітілігін Ja, м3/(м2×сағ) мына формула бойынша анықтау қажет:

 

(9.48)

 

мұндағы Hat – аэротенктердің жұмыс тереңдігі, м;

tat – аэрация кезеңі, сағ.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!