Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Флотациялық қондырғылар



9.2.10.1 Флотациялық қондырғыларды судан қалқымалы заттарды, ББЗ, мұнай өнімдерін, майларды, қатты майларды, шайырды және тұнбаға түсуінің тиімі аз басқа да заттарды кетіру үшін қолдану қажет.

9.2.10.2 Мұнымен қоса флотациялық қондырғыларды:

- биологиялық тазалау алдында тоспа сулардан ластаушы заттарды кетіру үшін;

- екіншіліктегі тұндырғыларда белсенді тұнбаны бөліп алу үшін;

- биологиялық тазаланған тоспа суларды терең тазалу үшін;

- коагулянттар мен флокулянттардың қолданылуымен физика-химиялық тазалау кезінде;

- тазартылған суларды қайта пайдалану сызбаларында қолдануға болады.

9.2.10.3 Арын, вакуумды, арынсыз, электрофлотациялық қондырғыларды құрамындағы қалқымалы заттардың мөлшері 100 мг/л артық 150 мг/л дейін (коагулянттар қосылған уақытта түзілетін қатты фазаның ескерілуімен) тоспа суларды тазалаған уақытта қолдану қажет. ББЗ, мұнай өнімдерін және т.б. көбікке фракциялау үшін және көбікті сеперациялау үшін жүзінділердің мөлшері аз болғанда және ауаның кеуек материалдар арқылы дисперсиялануымен импеллерлік, пневматикалық қондырғылар қолданылуы мүмкін.

9.2.10.4 Фазаларды бөлу процессін жүргізу үшін тікбұрыш (судың көлденең және тігінен қозғалуымен) және дөңгелек (судың радиалды және тігінен қозғалуымен) флотокамераларды қолдануға жол беріледі.

Флотокамералардың көлемі:

- жұмыс аймағынының көлемінен (тереңдігі 1,0м бастап, 3,0 м дейін);

- көбік қалыптасатын және жиналатын аймақтан (тереңдігі 0,2 м бастап, 1,0 м дейін);

- тұнба түсетін аймақтан (тереңдігі 0,5 м бастап, 1,0 м дейін) жинақталады.

Гидравликалық жүктеме 3 м3/(м2×сағ) бастап, 6 м3/(м2×сағ) дейін болуы тиіс. Флотокамералардың саны екіден кем болмауы тиіс, барлық камералар жұмыс істеп тұруы тиіс.



9.2.10.5 Қалқымалы заттардың ұсталу дәрежесін арттыру үшін коагулянттар мен флокулянттарды пайдалануға жол беріледі. Реагенттің түрі мен оның мөлшерлемесі өңделетін судың физика-химиялық қасиеттері мен тазалану сапасына қойылатын талаптарға байланысты болады.

9.2.10.6 Көбіктің (шламның) ылғалдылығы мен көлемі қалқымалы және басқа да ластаушы заттардың бастапқы концентрациясына және оның су бетіне жиналу уақытының ұзақтығына (мерзімдік немесе үзілмейтін) байланысты болады.

Мерзімдік іріктеуді арын, арынсыз және электрфлотациялық қондырғыларда қолдану қажет. Көбіктің есептелген ылғалдылығын төмендегідей қабылдау қажет;

- үзілмей іріктеу кезінде 96% бастап, 98% дейін;

- тасымалдаушылардың қырғыштардың немесе айналатын қырғыштардың көмегімен мерзімдік іріктеу кезінде 94% бастап, 95% дейін;

- шнектермен және қырғыш арбалармен алған кезде 92% бастап, 93% дейін.

Тұнбаға ылғалдылық 95% бастап, 98% дейін болғанда ұсталған заттардың 7% бастап, 10% дейінгі мөлшері түседі. Ылғалдылық 94% бастап, 95% дейін болғанда көбіктің (шламның) Wmud көлемі мына формула бойынша анықтала алады (өңделетін су көлемінің %):

 

(9.28)

 



мұнда, Cen – ерімеген қоспалардың бастапқы концентрациясы, г/л.

 

9.2.10.7 Ауаның кеуек материалдар арқылы дисперсиялануымен импеллерлік, пневматикалық қондырғылар жобаланған уақытта төмендегілерді қабылдау қажет:

- флотацияның ұзақтығы 20 мин бастап, 30 мин дейін;

- флотация режимінде жұмыс істеген уақытта ауаның шығымы 0,1 м33 бастап, 0,5 м33 дейін;

- көбікті сепарация режимінде жұмыс істеген уақытта ауа шығымы 3 м33 бастап, 4 м33 дейін (50 л бастап, 500 л дейін болғанда шығарылатын ББЗ 1,0 г) немесе 30 м3/(м2×сағ) бастап, 50 м3/(м2×сағ) дейін;

- флотация камерасындағы судың тереңдігі 1,5 м бастап, 3,0 м дейін;

- импеллердың айналасындағы жылдамдық 10 м/с бастап, 15 м/с дейін;

- жан-жағы төртбұрыш импеллерлік флотацияға арналған камера - 6D тең (D – импеллердің 200 мм бастап, 750 мм дейінгі диаметрі);

- пневматикалық флотация 100 м/с бастап, 200 м/с дейін болғанда ауаның арналардан шығу жылдамдығы;

- арналардың диаметрі 1,0 мм бастап, 1,2 мм дейін;

- кеуек пластиналар саңылауларының диаметрі 4 мкм бастап, 20 мкм дейін;

- пластиналардың астындағы ауа қысымы 0,1 МПа бастап, 0,2 МПа дейін.

9.2.10.8 Арын флотациялық қондырғыларды жобалаған уақытта төмендегілерді қабылдау қажет:

а) флотацияның ұзақтығы 20 мин бастап, 30 мин дейін;

б) әперілетін ауаның, шығарылатын ластаушы заттардың мөлшері:

- бастапқы концентрациясы Cen 200 мг/л кем болғанда 40 л/кг;

- Cen 500 мг/л тең болғанда 28 л/кг;

- Cen 1000 мг/л тең болғанда 20 л/кг;

- Cen 3 г/л бастап, 4 г/л дейін тең болғанда15 л/кг;

в) егер тік флотация қажетті мөлшердегі ауаның әперілуін қамтамасыз етпесе, жұмыс сұйықтығы бар флотация сызбасын;

г) флотокамералар:

- жұмыс өнімділігі 100 м3/сағ дейін болғанда судың көлденең қозғалысымен,

- тік 200 м3/сағ дейін;

- радиалды 1000 м3/сағ дейін;

д) тікбұрыш және радиалды флотокамералардағы судың көлденең қозғалысының жылдамдығын 5 мм/с артық емес;

е) сору биіктігі үлкен бомағанда (2 м дейін) және қабылдау резервуарындағы су деңгейінің тербелісі үлкен болмағанда (0,5 м бастап, 1,0 м дейін) ауаның эжектор арқылы сорғының соратын келтеқұбырына компрессормен бакқа әперілуін – қалған жағдайларда.

 

Дегазаторлар

 

9.2.11.1 Тоспа суларда емі-еркін күйінде болатын еріген ғаздарды кетіру үшін барботажды сұйықтық қабаты бар, пішіні әртүрлі саптамалары бар дегазаторлар мен шашырататын қуыс аппараттарды қолдану қажет.

9.2.11.2 Дегазаторлармен атмосфералық қысымда немесе вакуум астында жұмыс істеуге жол беріледі.Процессті интенсификациялау үшін дегазаторға ауа немесе инертті газ жіберу қажет.

9.2.11.3 Вакуум астында немесе атмосфералық қысыммен жұмыс істеген уақытта дегазацияланатын судың бір көлеміне келетін жіберілетін ауа көлемін аппараттар үшін тиісінше қабылдау қажет:

- 3 көлемнен 5 көлемге дейін саптамамен;

- 5 көлемнен 15 көлемге дейін барботажды;

- 10 көлемнен 20 көлемге дейін шашырамалы.

9.2.11.4 Саптаманың жұмыс қабатының биіктігін 2 м бастап, 3 м дейін алу қажет, барботажды қабаттың биіктігін 3 м асырмай алу қажет, шашырату аппаратында 5 м. Саптама ретінде көлемі 25 мм х 25 мм х 4 мм қышқыл өткізбейтін қыш сақиналарды немесе хордалы ағаш саптамалар қолдануға жол беріледі.

9.2.11.5 Бағаналы дегазаторлар үшін жұмыс қабаты биіктігінің аппараттың диаметріне қатынасы вакуум астында жұмыс істеген уақытта 3 аспауы және атмосфералық қысым кезінде 7 аспауы тиіс, барботажды аппараттар үшін ұзындықтың енге қатынасы 4 аспауы тиіс.

9.2.11.6 Саптамасы бар аппараттарды дегазацияланатын судағы қалқымалы заттардың мөлшері 500 мг/л аспағанда, барботажды және шашыратқышты – мөлшері көп болған уақытта қолданған жөн.

9.2.11.7 Аппаратардағы сұйықтықты үлестіру үшін шығатын жердегі саңылауы 10 мм ´ 20 мм центрден тепкіш саптамаларды пайдалану қажет.

9.2.11.8 Шығарылатын газ көлемін Wg, м3 мына формула бойынша анықтау қажет:

 

(9.29)

 

мұнда, Ff - фазалар контактінің жалпы беті, м2;

Kx – фазалар контакті бетінің бірлігіне немесе аппараттың көлденең қимасына жатқызылған және ғылыми-зерттеу ұйымдарының деректері бойынша қабылданатын массажіберу коэффициенті.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!