Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Тоспа суларды механикалық тазалауға арналған құрылыстар



Торлар

9.2.1.1 Тоспа суларды тазалайтын станциялардың құрамында ірі дисперстік қоспаларды ұстап қалатын жабдықты қарастыру қажет.

Торлардың тесіктері (тор саңылауларының көлемі) 16 мм аспауы және тікбұрыш пішінді стержендерден жасалуы тиіс.

Тесіктері 10 мм аспайтын торларды пайдалану ұсынылады. Құрылыстарды тазалаудың қабылданатын технологиялық сызбасына байланысты тесіктері кішірек торларды, сүзгіштерді, ұсақтағыштарды және т.с.с. қолдануға жол беріледі.

9.2.1.2 Сорғылардың алдына тесігі 16 мм аспайтын торлар немесе уатқыш-торлар орнатылған жағдайда тоспа сулар тазалау станциясына сорғылармен әперілген жағдайда торларды қарастырмауға болады. Бұл ретте арын құбырының ұзындығы 500 м аспауы тиіс немесе сорғы станцияларында торда ұсталып қалған қалдықтардың шығарылуы қарастырылады. Жабдық бірліктерінің санын паспорттық деректерге және тоспа сулардың есептелген шығымына сәйкес анықтау қажет

9.2.1.3 Торлар мен уатқыш-торлардың санын, сұйықтықтың тесіктен ағу жылдамдығын, қалдықтар сызбасының нормаларын, орнатылатын жабдықтар арасындағы ара-қашықтықты және т.б. 8.2.21-8.2.25 сәйкес анықтау қажет.

9.2.1.4 Торлардың қалдықтардан механикалық тазартылуы және уатқыштарға қарай апарылуы қалдықтардың мөлшері 0,1 м3/тәул болған жағдайда қарастырылуы тиіс. Қалдықтардың мөлшері бұдан аз болған жағдайда қолмен тазалайтын торларды орнатуға болады.

9.2.1.5 Уатқыш-торларды ғимараттарсыз каналдарға орнатуға жол беріледі.

9.2.1.6 Торлар тұратын ғимараттарда әкелетін және әкететін каналдар арқылы бөлмеге суық ауаның келуіне жол бермеу шараларын қарастыру қажет.

9.2.1.7 Қалдықтардың алыну нормаларын, жабдықтар арасындағы ара-қашықтықты, қосалқы және жүк көтергіш жабдықты қолданылып отырған жабдықтың паспорттық деректеріне сай және тоспа сулардағы жүзінділердің құрамына сәйкес анықтау қажет.



9.2.1.8 Ұсталған қалдықтарды:

-торлардың алдында каналға тасталмай тұрып, уатқыштарда уақтауға;

- герметиктелген қақпақтары бар контейнерлерге жинауға және қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар өңделетін жерлерге шығаруға;

- сусыздандырып, тоспа суларды тазалау станциясында шөгіндімен бірге термикалық өңдеуге жіберуге болады.

9.2.1.9 Торлар орналасқан ғимараттағы еденді каналдағы тоспа судың есептелген деңгейінен кемінде 0,5 м жоғары орналастыру қажет.

9.2.1.10 Торлардағы арынның жоғалуын өндірушінің паспорттық деректері бойынша қабылдау қажет. Мәлімет болмаған жағдайда торлардағы арынның жоғалуын таза торларға қарағанда 3 есе артық алу қажет.

9.2.1.11 Қоқыс ұстап қалатын әр жабдыққа дейін және кейін жөндеу жұмыстары жүргізілгенше өшіріле тұратын ысырмаларды қарастыру қажет.

9.2.1.12 Торларды, уатқыштарды және басқа да жабдықты монтаждау және жөндеу үшін ҚР ҚНжЕ 4.01-02 сәйкес көтеретін-тасымалдайтын жабдықтың орнатылуын қарастыру қажет.



9.2.1.13 Контейнерлерді тасымалдау үшін көтеретін-тасымалдайтын жабдықтың электр жетегі болуы тиіс.

М ұстағыштар

 

9.2.2.1 Құм ұстағыштарды қаланың тоспа сулары мен құрамы жағынан оған жақын өндірістік тоспа суларды жұмыс өнімділігі 100 м3/тәул артық биологиялық тазалау станцияларының құрамында қарастыру қажет.

9.2.2.2 Құм ұстағыштардың саны кемінде екеу болуы тиіс. Барлық құм ұстағыштар немесе бөлімшелер жұмыс істеп тұруы тиіс.

9.2.2.3 Құм ұстағыштардың алынатын құмның 0,15 мм асырмай гидравликалық ірілігіне есептеу қажет.

9.2.2.4 Тұрмыстық тоспа сулар үшін құм ұстағыштармен ұсталатын құмның мөлшерін 0,02 л/(адам/тәул) бастап, 0,03 л/(адам/тәул) дейін, ылғалдылығын 60 %, көлемдік салмағын 1,5 тн./м алуға жол беріледі.

9.2.2.5 Құм ұстағыштың типін (көлденең, тангенцті, аэрацияланатын) тазалау станциясының жұмыс өнімділігінің, тоспа суларды тазалау және оладың шөгінділерін өңдеу тәсілінің, қалқымалы заттардың сипаттамасының, жинақтау шешімдерінің және т.с.с. ескерілуімен таңдау қажет.

9.2.2.6 Көлденең және аэрацияланатын құм ұстағыштарды есептеген уақытта олардың ұзындығын Ls, м, мына формула бойынша анықтау қажет:

(9.1)

мұнда, Ks - 9.3-кесте бойынша қабылданатын коэффициент;

Hs – жалпы тереңдіктің жартысына тең аэрацияланатын құм ұстағыш үшін қабылданатын құм ұстағыштың есептелген тереңдігі, м;

vs - 9.4-кесте бойынша қабылданатын тоспа сулар қозғалысының жылдамдығы, м/сек;

u0 – құмның ұсталатын бөлшектерінің талап етілетін диаметріне байланысты қабылданатын құмның гидравликалық ірілілігі, мм/сек.

9.2.2.7 Құм ұстағыштарды жобалаған уақытта 9.4-кесте бойынша әртүрлі типтегі құм ұстағыштар үшін жалпы есептелген параметрлерді қабылдау қажет:

а) ең үлкен ағынды кезінде көлденең құм ұстағыштар үшін тоспа сулардың ағылу ұзақтығы кемінде 30 с;

б) аэрацияланатын құм ұстағыштар үшін:

- тесік құбырлардан аэратордың орнатылуы құм жинау үшін лотоктың үстіндегі ұсыннан қабырғалардың бірінің бойымен 0,7 Hs дейінгі тереңдікке;

- аэрациия интенсивтілігі 3 м3/(м2×сағ) бастап, 5 м3/(м2×сағ) дейін;

- түбінің құм ұстағыш лотокқа көлденең көлбеуі 0,2 бастап, 0,4 дейін;

- құм ұстағыштағы судың айналу бағытына сәйкес келетін судың кіргізілуі;

- шығару батырылып орнатылады;

- бөлімше енінің тереңдікке ара-қатынасы - В:Н = 1,0:1,5;

 

Кесте - Құм ұстағыштың типіне және аэрацияланатын құм ұстағыштар енінің В тереңдікке Н ара-қатынасына байланысты Ks коэффициентінің мәні

 

Құмның ұсталып қалатын бөлшектерінің диаметрі, мм құмның гидравликалық ірілігі u0, мм/с Құмның ұстағыштың типіне және аэрацияланатын құм ұстағыштар енінің В тереңдікке Н ара-қатынасынабайланысты Ks мәні
көлденең аэрацияланатын
В:Н = 1,0 В:Н = 1,25 В:Н = 1,5
0,15 13,20 - 2,62 2,50 2,39
0,20 18,70 1,70 2,43 2,25 2,08
0,25 24,20 1,30 - - -

Кесте - Құм ұстағыштың типі мен құмның гидравликалық ірілігіне байланысты тоспа сулар қозғалысының жылдамдығы

 

Құм ұстағыш Құмның гидравликалық ірілігі u0, мм/с Тоспа сулар қозғалысының жылдамдығы vs, м/с, ағынды болғанда Тереңдігі Н, м Ұсталатын құмның мөлшері, л/адам-тәул Құмның ылғалдылығы, % Шөгіндідегі құмның мөлшері, %
ең аз ең көп
Көлденең 18,7 бастап, 24,2 дейін 0,15 0,30 0,5 бастап, 2,0 дейін 0,02 55 бастап, 60 дейін
Аэрацияланатын 13,2 бастап, 18,7 дейін - 0,08 бастап, 0,12 дейін 0,7 бастап, 3,5 дейін 0,03 - 90 бастап, 95 дейін
Тангенцті 18,7 бастап, 24,2 дейін - - 0,5 0,02 70 бастап, 75 дейін

в) тангенцті құм ұстағыштар үшін:

- жүктеме - 110 м3/(м2 сағ) ең жоғары ағынды кезінде;

- судың кіруі – барлық есептелген тереңдікте жанама;

- тереңдігі - диаметрдің жартысына тең;

- диаметрі - 6,0 м артық емес.

9.2.2.8 Ұсталған құмның құм ұстағыштардан алынуын төмендегідей қарастыру қажет:

- қолмен – көлемі 0,1 м3/тәул дейін болғанда;

- құмды шұңқырға тасып және артынан құм ұстағыштардан ары гидроэлеваторлармен, құм сорғылармен және басқа да тәсілмен шығарып механикалық немесе гидромеханикалық әдіспен – көлемі 0,1 м3/тәул артық болғанда.

9.2.2.9 Құм гидромеханикалық жолмен (құм лотокқа салынатын шашыратқышы бар құбырдың көмегімен гидрожуып) алынған уақытта өндірістік судың шығымын qh, л/с мына формула бойынша анықтау қажет:

(9.2)

 

мұнда, vh - 0,0065 м/с деп алынатын лотоктағы шайылатын судың үдемелі жылдамдығы;

lsc – құм шұңқырдың ұзындығын шегергендегі құм ұстағыштың ұзындығына тең құм лотогының ұзындығы, м;

bsc – 0,5 м тең құм лотоктың ені.

9.2.2.10 Құм шұңқырдың көлемін түсетін құмның екі тәуліктік көлемінен аспайтындай, шұңқыр қабырғасының көлбеу бұрышын 60° кем болмайтындай алу қажет.

9.2.2.11 Құмды сусыздандыру үшін (жумай) құм алаңдарын немесе бункерлерді пайдалануға болады. Құм ұстағыштардан келіп түсетін құмды құрғату үшін биіктігі 1 метрден 2 метрге дейінгі қоршайтын білікшелері бар алаңдарды қарастыру қажет.

Құрғатылған құм жыл бойына мерзімді түрде шығарылған жағдайда алаңға келтірілетін жүктемені жылына 3 м32 аспайтындай қарастыру қажет. Жылына қабаты 3 м дейін құмды жіберіп, жинағыштарды қолдануға жол беріледі.

Бір қосымша желіні, я болмаса резервтік құм алаңдарын орнату арқылы құмды өңдеу үшін механикалық жабдықтың резервтелуін қарастыру қажет. Автокөлік құм алаңдарына түсу үшін 0,12 бастап, 0,2 дейін еңкейтілген пандус орнату қажет.

Құмды сусыздандыруға арналған құрылыстардағы дренажды суды торлардың алдындағы тазартылатын тоспа сулардың ағысына қайтару қажет.

9.2.2.12 Органикалық қоспалардан жуу үшін және құм ұстағыштардан алынатын құмды сусыздандыру үшін құмды артынан мобилді көлікке жүктеуге арналған арнайы жабдықты (құм жуғыштар, бункерлер және т.с.с.) қарастыру қажет.

Құм жуғыштар мен бункерлердің сыйымдылығы құмның 1,5 тәуліктен 5 тәулікке дейін сақталатындығына есептелуі тиіс. Құмның жуылуының тиімділігін арттыру үшін құм жуғыштар мен бункерлерді диаметрі 300 мм, гидроциклон алдындағы пульпаның арыны 0,2 МПа арын гидроциклондармен бірге қолдану қажет. Құм бункерлерінен шыққан дренажды су құм ұстағыштардың алдында каналға қайтарылуы тиіс.

Климат жағдайына байланысты бункерді жылытылатын ғимаратқа орналастыру немесе оның жылытылуын қарастыру қажет.

9.2.2.130 Көлденең орналасқан құм ұстағыштардағы тоспа сулардың қозғалыс жылдамдығын бірқалыпты ұстап тұру үшін құм ұстағыштың шығуында судың төгілуін қарастыру қажет.

Орташаландырғыштар

9.2.3.1 Өндірістік тоспа сулардың құрамы мен шығымын орташаландыру қажет болған жағдайда орташаландырғыштарды қарастыру қажет.

9.2.3.2 Орташаландырғыштың типін (барботажды, механикалық араласумен, көпарналы) ластаушы заттар концентрациясының өзгеру сипатының (циклдық, еркін тербелістер мен дүркін тасталу), сондай-ақ қалқымалы заттардың түрі мен мөлшерінің ескерілуімен таңдау қажет.

9.2.3.3 Орташаландырғыштар секциясының санын кемінде екеу етіп алу қажет және екеуі де жұмыс болуы тиіс.

Тоспа суларда қалқымалы заттар болған жағдайда олардың орташаландырғышта тұнуына жол бермеу шараларын қарастыру қажет.

9.2.3.4 Ағындарда оңай ұшқыш улы заттар болған жағдайда барботаждалумен немесе механикалық араластырумен орташаландырғыштарда бөгеттеу мен желдеткіш жүйені қарастыру қажет.

9.2.3.5 Барботажды типті орташаландырғышты құрамындағы қалқымалы заттардың мөлшері 500 мг/л дейін, гидравликалық ірілігі 10 мм/с дейін тоспа сулардың құрамын түсу режимі кез келген болған жағдайда орташаландыру үшін қолдану қажет.

9.2.3.6 Дүркін тасталу кезінде орташаландырғыштың көлемін Wz, м3, мына формула бойынша анықтау қажет:

Kav 5 дейін болғанда; (9.3)

 

Kav = 5 және одан артық болғанда, (9.4)

 

мұнда, qw – тоспа сулардың шығымы, м /сағ;

tz – дүркін тасталудың ұзақтығы, сағ;

Kav – төмендегілерге тең орташаландырудың талап етілетін коэффициенті:

 

(9.5)

 

мұнда, Сmax – дүркін тасталудағы ластанулардың концентрациясы;

Сmid – тоспа сулардағы ластанулардың орташа концентрациясы;

Сadm – кейінгі құрылыстардың жұмыс шарттары бойынша жол берілетін концентрация.

9.2.3.7 Циклдік тербеліс кезінде орташаландырғыштың көлемін Wcir, м3 мына формула бойынша есептеу керек:

Kav 5 дейін болғанда; (9.6)

 

Kav = 5 және одан артық, (9.7)

 

мұнда, tcir - тербеліс циклының мерзімділігі, сағ;

Kav - (9.5)-формула бойынша анықталатын орташаландыру коэффициенті.

9.2.3.8 Еркін тербеліс кезінде орташаландырғыштың көлемін Wes, м3 мына формула бойынша кезек-кезек есептеп анықтау (тізбекті жақындау әдісімен) қажет:

 

(9.8)

 

мұнда, Dtst – 1 сағаттан асырмай қабылданатын есептеудің уақыт қадамы;

DСex – ағымдағы есептеу қадамында орташаландырғыштың шығуындағы концентрацияның үдеуі (оң және теріс болуы мүмкін), г/м3.

Есептеу жүргізуді сағаттық тербелістер графигінің қолайсыз учаскелерінен бастау қажет.

Егер есептеу нәтижесінде алынатын қатар Сex технологиялық талаптарды (мысалы, ең жоғары шама бойынша Сex) қанағаттандырмаса, есептеуді үдетілген Wes кезінде қайталау қажет. Бастапқы шаманы Wes тербелістердің Сex жалпы сипатына берілген бағаны ескере келе, бағдарлы түрде тағайындау қажет. Орташаландыруға Cen кірудегі тербелістердің графигі іс жүзінде немесе технологиялық тапсырма бойынша (осы өндіріс бойынша немесе оған ұқсас өндіріс бойынша) қабылдану қажет.

9.2.3.9 Барботажды типті орташаландырғыштың тоспа суларының таратылуы каналдар жүйелерінің және лоток ағысының жылдамдығы кемінде 0,4 м/с болғанда түбінде саңылаулары немесе үшбұрыш су төгетін тетігі бар жеткізетін лотоктардың пайдаланылуымен барынша біркелкі болуы тиіс.

9.2.3.10 Барботаждауды қатаң тәртіппен резервуардың бойымен көлденең салынатын перфорацияланған құбырлар арқылы салу қажет. Барботерлер қабырғаға тақатылып орналастырылған жағдайда барботерлерден қарсы беттегі қабырғаға дейінгі ара-қашықтықты 1h бастап, 1,5h дейін, барботерлердің арасында – 2h бастап, 3h дейін, барботерлер қабырғадан аралық орналасқан жағдайда 1h бастап, 1,5h дейінгі дәрежесіне, мұнда, h - барботердің батырылу тереңдігі алу қажет. Орташаландырғыштағы су өзгеріп тұратын жағдайда ең жоғары тереңдікті h алу қажет.

9.2.3.11 Орташаландырғышты есептеген уақытта мыналарды қабылдау қажет:

а) барботерлер қабырғаға тіреліп қойылған кезде барботаждау интенсивтілігі:

- 1 м 6 м3/сағ тең бір циркуляциялық ағын құратын ;

- 1 м 12 м3/сағ тең екі циркуляциялық ағын құратын;

б) жүзінділердің тұнбаға түсуіне жол бермеу үшін барботаждау интенсивтілігі:

- қабырғаға тіреліп қойылған барботерлер 1 м 12 м3/сағ дейін;

- аралық 1 м 24 м3/сағ дейін;

в) барботер саңылауларындағы қысымның төмендеуі 1 кПа бастап, 4 кПа дейін.

9.2.3.12 Механикалық араластырылатын орташаландырғышты түсу режимі кез келген болғанда құрамында 500 мг/л астам қалқымалы заттар бар тоспа сулардың құрамын орташаландыру үшін қабылдау қажет.

Әперу орташаландырғыштың периметрімен перифериялық науамен жүргізіледі.

9.2.3.13 Механикалық араластырылатын орташаландырғыштың көлемі барботажды типтес орташаландырғыштың көлемі сияқты есептелуі тиіс.

9.2.3.14 Тоспа сулар каналдарға таратылған көпарналы орташаландырғыштарды құрамында гидравликалық ірілігі 5 мм/сек дейін, концентрациясы 500 мг/л дейін қалқымалы заттар бар тоспа сулардың дүркін тасталуын ретке келтіру үшін қолдану қажет.

9.2.3.15 Көпарналы орташаландырғыштардың Wav, м3 көлемін жоғары концентрациялы дүркін тасталу кезінде мына формула бойынша есептеу қажет:

 

(9.9)

 

мұнда, qw – тоспа сулардың шығымы, м3/сағ;

tz – дүркін тасталу ұзақтығы, сағат;

Kav – орташаландыру коэффициенті.

9.2.3.16 Тазалау құрылыстарына келіп түсетін тоспа сулардың есептелген шығымын азайту үшін реттейтін резервуарларды орнатуға жол беріледі.

9.2.3.17 Реттейтін резервуарларды торлар мен құм ұстағыштардан кейін, орташаландырылған шығымнан асатын шығымды бөліп тұратын тоспа сулардың бөлетін камера арқылы әперілуімен орналастыру қажет.

9.2.3.18 Реттейтін резервуарлардың конструкциясын шөгіндіні кетіретін тиісті құрылғылармен бірге және ағыс ең аз болатын кезеңде тазалау үшін ашықтандырылған суды кейінгі құрылыстарға айдап, бастапқыдағы тұндырғыларға ұқсастырып алу қажет.

9.2.3.19 Кreg, реттейтін резервуардың көлемін және тоспа суларды тазалайтын құрылыстардың және қосалқы құрылыстардың (ауа үрлейтін және сорғы станциялары және т.б.) көлемін реттеп болғаннан кейін реттелген есептік шығымның оңтайлы шамасын біркелкілік емес коэффициенттері мәндерінің қатарын кезек-кезек іріктеп, техника-экономикалық есептеумен анықтау қажет.

9.2.3.20 Wreg реттеуші резервуардың көлемі Кreg реттелгеннен кейін біркелкілік емес коэффициенттерінің мәндерін төмендегі ара-қатынастар бойынша іріктеу қажет:

 

(9.10)

(9.11)

 

мұнда, Кgen – тоспа сулардың біркелкі келмеуінің жалпы коэффициенті;

qmid – тоспа сулардың орташа сағаттық шығымы.

gregжәне treg арасындағы тәуелділікті 9.5-кесте бойынша қабылдауға болады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!