Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Жолдардан өтетін өтпе жолдар



7.8.1 Су бұру құбырларының теміржол және автомобиль жолдары арқылы өтетін өтпе жолдарын ҚР ҚНжЕ 4.01-02 және ҚНжЕ 3.05.04 сәйкес жобалау қажет.

7.8.2 Құбырда апат орын алған жағдайда тоспа сулардың футлярдан бұрылуын су бұру желісінде қарастыру қажет, ал олар болмаған жағдайда олардың су объектілеріне немесе бедерге түсуін алдын алу шараларын қарастыру қажет (апатты ыдыстар, сорғылардың автоматты түрде сөндірілуі, құбыр арматурасының көшірілуі).

7.8.3 Өздігінен ағатын құбырларды салған уақытта қажетті көлбеуді сақтау үшін футлярда бағыттауыш конструкциялары бар тиісті набетонка қарастырылады.

7.8.4 Тиісті құбырларда электр кабелдерді немесе байланыс кабелдерін орналастыру үшін болат футлярдың жоғарғы аймағын пайдалануға жол беріледі.

7.8.5 Құбырлар сүйрелгеннен кейін жекелеген жағдайларда құбырлар мен футляр арасындағы бос орынды цемент ерітіндісімен толтыруға жол беріледі.

7.8.6 Болат футляр қабырғаларының қалыңдығы тереңделудің ескерілуімен, ал жару немесе басу тәсілімен салынатын футлярлар үшін домкраттардың көмегімен қажетті күштің ескерілуімен есептеліп анықталады.

7.8.9 Болат футлярлар ішкі және сыртқы беттерінің тиісінше тот басуға қарсы оқшаулануымен, сонымен қатар электрхимиялық коррозиядан протекторлық қорғаныспен қамтамасыз етілуі тиіс.

Ағытқыштар, нөсербұрғыштар мен нөсерөткізгіштер

7.9.1 Су объектілеріне ағытқыштарды ағын турбуленттілігі жоғары жерлерге (тарылулар, тармақтар мен табалдырықтар және т.б.) орналастыру қажет.

Тазартылған сулардың тоспа суларға тасталу шарттарына байланысты жағалау, арна немесе тарамдалатын ағытқыштарды алу қажет. Тазартылған тоспа сулар теңіздер мен бөгендерге жиналған уақытта суы терең ағытқыштарды қарастырып, Қазақстан Республикасының Су Кодексінің, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің, БНҚ 01.01.03, «Қазақстан Республикасындағы беткі суларды қорғау ережелерін қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулар» және «Арнайы су пайдалануға рұқсат беру тәртібі, рұқсаттың қолданыс күшін уақытша тоқтату» талаптарын орындау қажет.



7.9.2 Ағытқыштар орналастырылатын жерлер санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін, су ресурстары мен балық қорын қорғайтын уәкілетті мемлекеттік органдармен, ал дюкер кемеде жүретін тоспа сулар арқылы өткен уақытта өзен флотын басқаратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісілуі тиіс.

7.9.3 Арналы және суы терең ағытқыштардың құбырларын траншеяларға салып, күшейтілген оқшаулаумен борлат немесе пластмасса құбырлардан жасау қажет. Арналы, жағалаулы және терең сулы ағытқыштардың бастары негізінен, бетон болғаны жөн.

7.9.4 Ағытқыштардың конструкциясын кеме қатынасы талаптарын, деңгей режимдерін, толқын әсерін, сонымен қатар геологиялық шарттар мен арнаның деформациялануын ескеріп қабылдау қажет.

7.9.5 Нөсербұрғыштарды:

- ашқыштары бар қабырға пішінді бастары бар ағытқыштар – жағалаулар күшейтілмегенде;



- көтерілетін қабырғадағы саңылауларды – жағалаулар болған жағдайда түрінде қарастыру қажет.

7.9.6 Су нысанында судың деңгейі оқтын-оқтын көтерілген жағдайда аумақтың су басуына жол бермеу үшін жергілікті шарттарға байланысты арнайы ысырмаларды қарастыру қажет.

7.9.7 Су басуға жол бермеу үшін қолданыстағы су бұру желісіндегі құдықтардағы белгілеулерден төмен орналасқан санитарлық-техникалық аспаптары бар нысандардан сыртқы желілерді жобалаған уақытта қолданыстағы су бұру желілерінде судың көтерілуін ескере отырып, шығуда су бұру жүйесінің жертөлелерінде немесе құдықтарында бекітпе қондырғыны қарастыру қажет.

7.9.8 Нөсерөткізгіштерді су нысанына тасталатын су шығымына есептелген су төгу құрылғысы бар камера түрінде қабылдау қажет. СУ төгу құрылғысының конструкциясы жергілікті шарттарға (бас коллектордағы немесе ағындағы нөсерөткізгіштің орналасқан жері, су нысанындағы судың ең жоғары деңгейі) байланысты анықталуы тиіс.

 

Желілердің желдетілуі

7.10.1 Тұрмыстық және жалпы ағызатын желілердің сорып желдетілуін ғимараттың ішкі су бұру желісінің діңгектері арқылы қарастыру қажет.

7.10.2 Арнайы сору құрылғыларын дюкерлердің кіретін камераларында, қарайтын құдықтарда (диаметрі 400 мм жоғары құбырларда судың ағылу жылдамдығы күрт төмендеген жерлерде) және тік құламаның биіктігі 1 м жоғары болған уақытта және арын басылатын камералардағы тоспа су шығымы 50 л/с астам болғанда тік құламалы құдықтарда қарастыру қажет.

7.10.3 Жекелеген жағдайларда тиісті негіздеу болса, желілердің қолдан сорып желдетілуін қарастыруға жол беріледі.

Желдеткіш шығарындылар санитарлық-қорғалған аймақтар шегінде орналасқан жағдайда оларды тазалайтын құрылыстарды қарастыру қажет.

7.10.4 Құрамында ұшқыш улы және жарылу қаупі бар заттар бар тоспа суларды бұратын сыртқы желілердің табиғи сорып желдету үшін ғимараттан шығатын әр жерге ғимараттың жылытылатын жеріне орналастырылатын диаметрі 200 мм кем болмайтын сору діңгектерін қарастыру қажет. Мұндайда олар гидравликалық ысырманың сыртқы камерасымен байланыс орнатып тұру және шатыр атшасынан кемінде 0,7 м жоғары шығарылуы тиіс.

7.10.5 Су бұру желілері мен қимасы үлкен коллекторлардың арналарының, соның ішінде тау-кен немесе қалқалы әдіспен салынатын желдетілуі арнайы есептеулер бойынша қабылданады. Бұл ретте қалқалы немесе тау-кен әдісімен салынатын су бұру желілері коллекторларының желдетілуін әдетте, шахта діңгектерінің үстінен орнатылатын желдеткіш киосктар арқылы қарастыру қажет.

Желдеткіш киосктардың құрылғысын қарайтын ұңғымалардың үстінен орнатуға жол беріледі.

Төгілу станциялары

 

7.11.1 Су бұру жүйелерімен жабдықталмаған ғимараттардан (аудандардан) қоқыр-соқырдан тазарту көлігімен жеткізілетін сұйық қалдықтарды (қоқыс, жуынды және т.б.) төгілу станцияларында қабылдау және су бұру желісіне тастамай тұрып, өңдеу қажет.

7.11.2 Төгілу станцияларын диаметрі 400 мм кем болмайтын су бұру желісі коллекторының жанына орналастыру қажет. Төгілу станцияларын келіп түсетін тоспа сулардың мөлшері болса, коллектор бойынша жалпы есептелген шығымның 20% асырылмауы қажет. Тазалау құрылыстарының ластануына жол бермеу мақсатында төгілу станцияларын тікелей қаланың тоспа суларын тазалау құрылыстарының аумағына орналастыруға тыйым салынады.

 

ЕСКЕРТУ Ерекше жағдайларда төгілу станцияларын тазалау құрылыстарының ластануына жол бермеуін қамтамасыз ететін (арнайы бөлінген қоршалған аумақ және т.б.) жеткілікті шаралар қабылданған және санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қадағалау жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген жағдайда қаланың тоспа суларын тазалау құрылыстары орналасқан аумақтың өзіне орналастыруға жол беріледі.

 

7.11.3 Төгілу станциясында арнайы көліктің қабылдануын (тиелуін), оның жуылуын, сұйық қалдықтардың су бұру желісіне тасталуына жол беретін дәрежеге дейін араластырылуын, сонымен қатар ірі механикалық қоспалардың ұсталып қалуын қамтамасыз ету қажет.

Қар ерітетін камераларды (қондырғыларды) пайдалану ұйымымен келісілген жағдайда тазалау құрылыстары бар жаңбырлы су бұру жүйелеріне тастауға жол беріледі.

7.11.4 Сұйық қалдықтардың араластырылуы мен көліктің қабылдау бөлімінде жуылуы су құбырынан ағатын сумен көзделеді. Сұйық қалдықтар қабылдау воронкаларындағы каналдарда, бөлек торларда және су бүркеніші құрылған уақытта араластырылады.

7.11.5 Қосылатын судың сұйық қалдықтардың мөлшеріне қатынасын 1:1 деп алу қажет.

Мыналарды қарастыру қажет:

- жалпы шығымның 30% - көлік құралдарының брандспойттармен жуылуына;

- 25% - қалдықтардың қабылдау воронкаларындағы каналда араластырылуына;

- 45% - торлар бөлімшесінде және су бүркенішін құруға.

Су су құбыры желісінен ағыстың бөлінуімен әперілуі тиіс.

 

Ар ерітетін орындар

 

7.12.1 Су бұру құрылыстары кезінде көшелерден, жылы тоспа сулардан жиналатын қар мен мұзды еріту үшін алынған еріген судың өздігінен ағатын су бұру желісіне тасталуымен пайдаланылатын қар ерітетін орындарды құруға жол беріледі.

Қар ерітетін орынның құрамына соның ішінде:

- қар ерітетін камера (біреу немесе бірнеше);

- қарды әперіп, ұсақтатын құрылғылар мен механизмдер;

- қарды белгілі бір аралықта жинауға арналған алаң;

- ұсақталған қоқысты уақытша жинауға арналған алаң;

- өндірістік-тұрмыстық жайлар кіруі тиіс.

7.12.2 Әкелінетін қарды ірі ауыр заттарды: жол жабынының фрагменттері, ірі тастар, дөңгелектің тысы және т.с.с. арасынан бөліп, қар ерітетін камераға әпермей тұрып, уату керек. Бұл үшін:

- арнайы уатқыш-сепараторларды;

- арасынан өтіп, шынжыр табанды бульдозерлердің көмегімен басылатын торларды пайдалануға болады.

7.12.3 Температурасы қарды еріту үшін жеткілікті болатын тоспа су қар ерітетін орынға келесідей әперілуі мүмкін:

- өздігінен ағатын су бұру желісінен алынып (жүктелетін сорғыларымен арнайы құрылатын сорғы станциясының көмегімен);

- өздігінен ағатын құбырдан байпасты торапқа бұрылып;

- сорғы станциясының арын құбыр желісінен әперіліп.

Қарды ерітуге әперілетін судың мөлшері мен температурасы температурасы 60С жоғары еріген су алу үшін жеткілікті болуы тиіс. Арнайы арын құбырларды қар ерітетін орынға салуға жол беріледі.

7.12.4 Тоспа су өздігінен ағатын су бұру жүйесінен алынған уақытта есептеуді тоспа сулардың ең төмен сағаттық құйылуына жүргізіп, 50% қар ерітетін орынның қажеттілігіне алу қажет. Арын құбырлардан алған уақытта ондағы жылдамдықты тоспа судың өздігінен тазалану режимін қамтамасыз ететін іріктелу нүктесінен кейін қамтамасыз ету қажет.

7.12.5 Қар ерітетін камераларды келесідей орналастыру қажет:

- тоспа судың арынмен әперілуімен астымен;

- байпасқа ағын су бұрылатын каналдар салынған деңгейде.

7.12.6 Қар ерітетін камералардың көлемі мен ішкі құрылғысы ондағы тұнбаға түсетін және бетіне қалқып шығатын қосындылардың ажыратылуымен әперілетін қардың еруін қамтамасыз етуі тиіс. Қар ерітетін орынның міндеті каналдарға тастардың жиналуына және торлардың жүзіп жүретін ірі заттардан ауырлауына жол бермеу үшін еріген судан тұрмыстық тоспа суларға тән емес қосындыларды ажырату. Қар ерітетін камералардың конструкциясы мұндай қосындылардың ұсталып қалуын, артынан шығарылуымен және кетірілуімен қамтамасыз етуі тиіс.

7.12.7 Қар ерітетін камераны есептеген уақытта келесілерді анықтау қажет: қар ерітілетін аймақтың көлемі мен ерітілуге (жылутехникалық есептеумен) әперілетін тоспа судың шығымы, тұнбаға түсетін және бетіне қалқып шығатын қосындылар жиналатын аймақтың көлемі, камераның тазалану мерзімділігі.

7.12.8 Ұсталған қосындылар грейферлермен түсірілуі мүмкін. Негізделген жағдайда арнайы механикалық жабдықты (қырғыштар, нориялар және т.с.с.) пайдалануға жол беріледі. Жағымсыз иістердің шығуына жол бермеу үшін қар ерітетін камераның бетіне алынбалы плиталар жабылуы тиіс.

Қар ерітетін камерадан шығарылған қоқысты қалдықтар полигонына апару қажет.

7.12.9 Қар ерітетін камераларды қары тазаланатын аймақтардың жақын болуын, тоспа судың әперілу нүктелерінің болуын және еріген судың бұрылуын, жол желісіне қатысты қол жетімділікті, келетін жолдың ыңғайлылығын және жүк автокөлігінің қарама-қарсы қозғалысының ұйымдастырылуын, қар көп жауғаннан кейін кезектің болу мүмкіншілігін, тұрғын үйлерді қашықтықты және т.б. ескеретін оларды орналастырудың бас сызбасының негізінде жобалау қажет.

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!