Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар



Негізгі ұғымдары: жүйесі, айыппұл, мөлшері, негізгі, қосымша, салдары

Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстык заңда белгіленген соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.

Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау кызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жазалардың заңмен белгіленген жүйесінің арқасында қай жазаның қатаңдау, қай жазаның жеңілдеу екендігін анықтауға болады.

Жаза түрлерінің жалпы жүйесінде және жазаның әрбір түрінде сотталған адамға ыпал етудің кешенді тәсілдері бар, ол соттың ең тиімдісін таңдауына мүмкіндік береді.

Жазаның түрлері мен жүйесі, сонымен қатар, қылмыскерлікпен күресу тәсіліне және қылмыскердің өзіне деген қоғамда қалыптасқан пікірді көрсетеді.

Қылмыстық теріс қылық жасған үшін кінәлі деп танылған адамға қылмыстық кодекстің 40-бабына сәйкес мынандай негізгі жазалар:

- айыппұл;

- қоғамдық жұмыстарға тарту;

- түзеу жұмыстары;

- қамаққа алу қолдануы мүмкін.

2. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға мынандай негізгі жазалар:

- айыппұл;

- бас бостандығынан айыру;

- өлім жазасы;

- түзеу жұмыстары;

- бас бостандығынан шектеу қолданылуы мүмкін.

Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға негізгі жазамен қатар мынадай қосымша жазалар:

- мүлкін тәркілеу;

- арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шегінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;



- белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

- шетелдік немесе азаматттығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу қолданылуы мүмкін.

Заңда көзделмеген жазаны қолдануға жол берілмейді.

2. Айыппұл - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір санына сәйкес келетін мөлшерде не пара сомасына немесе құнына еселенген мөлшерде тағайындалатын ақшалай өндіріп алу.

Түзеу жұмыстарының ерекшілігі – сотталған адам өзінің негізгі жұмысын ары қарай жалғастыра береді, бірақ табысының белгілі бір бөлігі мемлекет пайдасына аударылып отырады.

Түзеу жұмыстарын қолданғанда алға қойған мақсатқа үш тәсілмен қол жеткізуге болады:міндетті түрде еңбекке тарту; еңбек және өзге құқықтарды біршама шектеу; материалдық сипаттағы ықпал – жалақасының бір бөлігін ұстап қалу.

Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады.(43-бап)



Бас бостандығын шектеу сотталған адамға бір жылдан жеті жылға дейін мерзімге пробациялық бақылау белгілеуден тұрады.(44-бап)

Қамаққа алу сотталғагн адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайларында ұстауды білдіреді.(45-бап) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Өлім жазасы-ату жазасы адамдардың қаза табуымен ұштасқан террористік қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшін ең жаза ретінде белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы өтінішхат беру құқығы берілген.

Мүлікті тәркілеу- соттталған адамның меншігіндегі, заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құрала болып табылған мүлікті мәжбүрлеп өтеусіз алып қою және мемлекетттің меншігіне айналдыру.(48-бап)

3. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар:

1)мән-жайлардың кездей-соқ тоғысуы салдарынан алғаш рет қылмыстық теріс қылық не алғаш рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасауы;

2) кінәлі адамның кәмелетке толмауы;

3) жүктілік;

4) кінәлі адамның жас балаларының болуы;

5) медициналық немесе өзге де көмекті көрсету салдарына қарамастан, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін жәбірленушіге тікелей осындай көмек көрсету;

6) Қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан келтірілген мүліктік залалды ерікті түрде өтеу, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген моральдық және өзге де зиянның орнын толтыру;

7) Жеке басындағы, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан не жаны ашығандықтан уәжімен қылмыстық құқық бұзушылық жасау т.б.(53-бап)

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар:

1)Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуы, қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы;

2)Қылмыстық құқық бұзушылық арқылы ауыр зардаптар келтіру;

3)Қылмыстық құқық бұзушылықты адамдар тобының, алдын ала сөз байласу

арқылы адамдар тобының жасауы, қылмыстық топ құрамында жасауы;

4)Қылмыстық құқық бұзушылық жасағанда айрықша белсенді рөл атқару;

5)Кінәлі адамға психикасының бұзылуының ауыр түрінен зардап шегетіні көрінеу белгілі адамдарды не қылмыстық жауапылық жасына толмаған адамдарды қылмыстық құқық бұзушылық жасауға тарту т.б (54-бап)

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!