Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Шы дәріс. Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар



Жоспары:

Түсінігі.

Ажетті қорғану және жалған қорғану

Ажетті қорғанудың заңға сәйкес шарттары

Негізгі ұғымдары: іс-әрекет, жоятын, мән-жайлар, қажетті, қорғану, жалған.

Формальды түрде алсақ, олар қылмыстық іс -әрекет сияқты, бірақ шын мәнінде ондай емес. Іс-әрекеттің қылымыстылғын болдырмайтын мән-жайлар деп ондай жағдайда зиян келтіру қылмыстық іс-әрекетті жасау деп қарастырылмайтын ерекше жағдайды түсіну керек.

Қылмыстылық термині қылмыстық іс-әрекетке тән белгілерді көрсету үшін қажет. Іс-әрекеттің қылмыстылығын болдырмайтын мән-жайлардың болуы іс-әрекетте қылмыс белгілерінің жоқтығын көрсетеді. Сонымен, Қылмыстық кодексте іс-әрекеттің қылмыстылығын болдырмайтын жеті мән-жай қарастырылған:

1) қажетті қорғану (32-бап);

2) қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру (33-бап);

3) аса қажеттілік (34-бап);

4) жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру (35-бап);

5) негізді тәуекел ету (36-бап);

6) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу (37-бап);

7) бұйрықты немесе өкімді орындау (38-бап);

Заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау үшін шабуыл жасаушыға қорғанушының ойынша қажетті және жеткілікті мөлшерде дене зақымын немесе мүліктік зиян келтіру арқылы қоғамға қауіпті қастандыққа белсенді қарсы тұру қажетті қорғану деп аталады.

Қорғанудың заңды болу шарттарын екі топқа бөлу керек: кез келген қастандық әрекет басталғанға дейін анық айтуға болатын жалпы шарт және сипаты қажетті қорғанудың әрбір актісінде қастандық әрекеттің қауіптілігне және одан нақты қорғануға байланысты анықталатын өзіндік ерекше шарт.



Қорғанудың заңдылығының бірінші жалпы шарты қажетті қорғану ережесі бойынша қорғалуы мүмкін объектілердің ауқымымен анықталады олар анықталған (адамның жеке басы, тұрғын үй, меншік, жер учаскесі және басқа да құқықтар, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері).

Екінші жалпы шарт – зиян тікелей қастандық жасаушығакелуі керек. Егер бұл шарт сақталмаса және шабуылды тойтарғанда зиян үшінші біреуге келсе, онда қажетті қорғану актісі де болмайды. Қастандық жасаушыдан қателесіп үшінші адамға зиян келтіру немесе қастандық әрекетке қатыспаған басқа біреуге кездейсоқ зиян келтіру қорғану әрекетінің заңды болуының шартын бұзғандық болып табылады.

Қажетті қорғану шегін сақтау қол сұғұшыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтіру, қол сұғұшылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілігі дәрежесіне қорғанудың көрінеу сай келмеуі қажетті қорғаныс шегінен шығу деп танылады.

Төтенше жағдайлар, табиғи апаттар, бақылаудан шығып қалған техногендік процестер, қауіп төндіретін басқа да факторлар түрінде адамның, қоғамның не мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін тікелей қатердің болуы аса қажеттіліктің негізі болып табылады.



Аса қажеттілік жағдайында жасалатын әрекеттердің мақсаты – адамның, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей төнген қауіпті жою.

Сол төнген қауіпті жоюдың тәсілі – үшінші тұлғаның заңды мүддесіне, яғни бөгде адамның кәсіпорынның, мекеменің және ұйымның мүддесіне зиян келтіру, сол арқылы төнген қауіптің бетін қайтару.

Әрбір азаматтың конституциялық борышы қоғамдык қатынастарды кылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, коғамға, мемлекетке қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс әрекетті тойтаруда, оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материалдық, моральдык, және басқа да зиян келтірілуі мүмкін. Мұндай әре-кеттер формальдык. жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген кылмыс құрамына жатуы мүмкін. Бірақта бұл әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте қылмыстың материалдық белгісі болып табылатын басты белгі қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған кауіпті жою, тойтару коғамға пайдалы іс-әрекет деп танылады. Әрбір азаматтың конституциялық борышы қоғамдык қатынастарды кылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау.

Қажетті корғану - әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетгі қорғанудың қоғамға кауіптілігі жоқ. Қажетті корғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықтары, өмірін, денсаулығын, бостандығын, меншігін т. б. басқа да игіліктерін қорғаудың тәсілі болып табылады.Қажетті қорғану қылмыстылықты тыюды, зорлықпен істелетін қылмыстарға және меншікке, басқа да қылмыстарға қарсы күресудің пәрменді құралы болып табылады

Шы дәріс. Жаза түсінігі және мақсаттары

Жоспары:

Жазаның түсінігі

Жазаның мақсаттары

Жаза теориялары

Негізгі ұғымдары: жаза, мақсаттары, әлеуметтік, әділеттілікті, қалпына келтіру, сотталғандар, түзеу.

Қылмыстык кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны колда-нудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық занда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегі-нен шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілірек жаза тағайындауға қүқылы.

Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі кылмыстық жазаны мемлекет атынан тек кана сот тағайындайды.Қылмыстық кодекстің 38-бабында "жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы" делінгең Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазым-ды органдар арқылы жүзеге асырылады.

Үшіншіден, занда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондайақ тағайындаған қылмыстык жазаны жеңілдету тағы да сот аркылы жүзеге асырылады тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті аркылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады.

Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан-ашык тағайындалады. Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе занды тұлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді.Қылмыстык, жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, занды күшіне енген сот үкімі мемлекетгік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып табылады.

Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық занда көрсетілген нақты кылмысты жасаған кінәлі адамға қолданылуы мүмкін. Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық, әкімшілік немесе тәртіптік құқылық жауапкершілікке тартумен де ұштастырылуы мүмкін..

Жаза мемлекеттік мәжбірлеу шарасы. Ол- қылмыс жасаған адамға қатысты, тек ерекше мемлкеттік орган – соттың үкімі бойынша ғана қолданылады. Үкім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды адамның немесе қандай да бір мемлекеттік органның атынан қолданылады.

Заңды күшіне кірген сот үкімі барлық мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар және лауазымды адамадар үшін міндетті және Қазақстанның барлық аумағында орындалуы тиіс. Үкімде тағайындалған жаза тек қылмыс жасаған адамға ғана қатысты, ол басқа адамдарға таралмайды.

Жазаның орындалуы мемлкеттің мәжбірлеу күші арқылы қамтамасыз етіледі.

Жаза –қылымыс сияқты құқық бұзушылық үшін ғана қолданылатын мемлкеттік мәжбірлеу шарасы. Жазаның міндетті қасиеті, ол – жазалау, яғни сотталған адамның бостандығы мен құқығын шектеу немесе олардан айыру.

Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс кұқылық баға болып табылады. Бетіне басудың және кінәлаудың дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәлінің жеке тұлғасына және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлқына тікелей байланысты болады.

Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыруы немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәліге занда көрсетілген негізде ерекше жаза — өлім жазасын тағайындауы да мүмкін. Сөйтіп, кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотгалған адам материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 39-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты — әлеуметгік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа кылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған.

Жазаның мақсатгары кылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2-бабындағы осы заңның міндеттері заң корғайтын мүдделерді корғау, алдын алу делінсе, ол міндетгерді жүзеге асыру үшін кылмыстык жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы айқындалады, кылмыс істеген адамдарға қолданылуға тиісті жазамен өзге де қылмыстық құқылық ықпал ету шаралары белгіленеді.

Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фактісінің орын алмауын көздеуі болып табылады. Жазаның осы көздеген мақсатына жетуінің құралы сотгалғандарды түзеу аркылы, еңбекке адал, заң талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады.

Жазаның мақсаты:

а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;

б) сотталған адамды түзеу;

в) сотталған адамды жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру (арнаулы, жеке сақтандырудың мақсаты);

г) басқа адамдарды қылмыс жасаудан сақтандыру (жалпы сақтандырудың мақсаты).

Жазалаудағы мақсаттардың бірі - әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Кез келген қылмыстың әлеуметтік әділеттілікті бұзатыны белгілі.

Жазаның басқа бір маңызыды мақсаты – сотталған адамды түзеу, ол Қазақстан Республикасы қылмыстық заңының ізгілікті екендігін көрсетеді. Түзеуді екі аспектіде қарастыру керек; біріншіден, сотталғанға тәрбиелік ықпал ететін процестің өзі ретінде, екіншіден, сол ықпалдың нәтижесі ретінде.

Түзеудегі мақсат сотталған адамның психикасы мен мінез-құлқын дұрыс жаққа бұру, оның қоғамға жат пікірлер мен дағдылардан арылуына мүмкіндік беру, оған әлеуметтік ұнамды қасиеттер жұқтыру, оның бұрын бойында болған, бірақ ол жоғалтып алған жақсы жақтарын қайтару.

Жазалау мақсатымен тығыз байланыстағы, бірақ өзінше дербес мақсат – арнаулы (жеке) сақтандыру.

Арнаулы сақтандыру мақсатына жету үшін сотталған, біріншіден, жаңа қылмыс жасау мүмкіндігінен айырылады.

Екіншіден, арнаулы сақтандырудағы мақсатқа жазамен қорқыту арқылы қол жеткізуге болады. Қылмыс жасаған адамды қалай да қылмыс күтіп тұратындығын санаға құю арқылы адамды қылмыс жасаудан сақтандырауға болады.

Үшіншіден, арнаулы сақтандырудағы мақсатқа сотталған жазасын өтеп жатқан кезде оның психикасына оң әсер ету арқылы қол жеткізуге болады.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!