Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ылмысқа дайындалу түсінігі және белгілері



Негізгі ұғымдары: Қасақана, жанама, тікелей, қылмыс жасау сатылары, аяқталмаған қылмыс, аяқталмаған қылмыс.

Қылмыстық құқық теориясында саты ұғымы қасана қылмысқа дайындықтың және оны тікелей жүзеге асырудың белгілі бір кезендерін білдіреді, олар өздерінің сипаты мен аяқталу кезі жағынан әр түрлі болады.

Қылмыстық заңнама қасақана қылмыс жасаудың мынадай сатыларын бөліп алады:

- қылмысқа дайындалу (ҚК-нің 24-бабының 1-бөлігі);

- қылмыс жасауға оқталу (ҚК-нің 24-бабының 2-бөлігі);

- аяқталған қылмыс (ҚК-нің 25- бабы).

-

ҚК-нің 25-бабына сәйкес, адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілері болса, қылмыс аяқталған деп танылады. Аяқталған қылмыс қылмыс жасаудың соңғы сатысы болып табылады, ол қылмыстық қастандықтың объективтік және субъективтік жақтарының толық іске асуымен сипатталады.

Құрамы формальды қылмыс баптың диспозициясында көзделген әрекет немесе әрекетсіздік жасалған кезден бастап аяқталған болып саналады. Мысалы, айыпты бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді күш қолданамын деп қорқытып талап еткен кезден бастап бопсалаушылық аяқталады және т.б.

Кейбір жағдайларда нақты іс әрекеттің аса қауіптіліне қарай заң шығарушы құрамды қылмыс ертерек біткен деп санайтындай етіп қалыптастырған.

Азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ құру фактысының өзі аяқталған болып табылады, ол үшін ҚК-нің 268-бабында қылмыстық жауапкершілік көзделген. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру (ҚК-нің 262-бабынының 1-бөлігі), заңсыз әскеридендірілген құрама құру (ҚК-нің 267-бабының 1-бөлігі) жайында да осыны айтуға болады.



Қылмыстық заңда (ҚК-нің 24-бабының 1-бөлігі) тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын ісдестіру, әзірлеу немесе бейфіпдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өз де қасақан жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына денйін жеткізілмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады.

Бұл саты мынадай формаларда көрініс табады:

- қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру;

- қылмыс құралын немесе қаруын әзірлеу;

- құралдар мен қаруларды қылмыс жасауға бейімдеу;

- қылмысқа қатысушыларды іздестіру;

- қылмыс жасау үшін әдейі басқа да жағдайларды тудыру.

Іздестіру дегеніміз – қандай тәсілмен болса да бірдемені иемдену, ол-сатып алу, уақытша жалға беру, айырбастап алу, ұрлап алу және т.б. болуы мүмкін.

Әзірлеу дегеніміз- қылмыс құралын немесе қару жасаудың техникалық процесі.

Бейімдеу дегеніміз нәрсені өңдеу, оның түрін өзгерту, ондағы мақсат- оны қылмысқа пайдаланғанда оның тиімділігін арттыру.

Қылмысқа дайындалу субъективтік жағынан алғанда тек тікелеу қастандықпен сипаталады, себебі адамның оны жүзеге асыруды мақсат тұтқан іс-қимылын көрсетеді.



Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет, егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып табылады.

Қылмысқа дайындалудың оқталудан айырмашылығы сол, біріншісінде келешекте жасалынатын қылмысқа жағдай туғызылады, екіншісінде – адамның пиғылы ғана емес, іс-әрекеті де заңмен қорғалатын игілікті бұзуға, қылмысты аяқтауға және қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге тікелей бағытталады.

Жиынтығы оқталуды сипаттайтын мына белгілер объективтікке жатады:

Қылмыс жасауға тікелей бағытталған әрекет;

Қылмысты аяғына дейін жеткізу;

Қылмыс жасауға оқталған адмға байланысты емес себептер бойынша қылмыс аяғына дейін жетпеген.

Бірінші белгі қылмыс жасаудың басталып кенткендігін білдіреді. әдетте қылмыс жасауға оқталғанда заңмен қорғалатын объектіг қауіп төнеді, біршама зиян да келеді. Мысалы, адам біреуді өлтіру мақсатында оған балта сермейді, бірақ балтасы дәл тимей, ол адам ауыр дене жарақатын алады, ойластырған іс орындалмай қалады.

Келесі белгі – қылмысты аяғына дейін жеткізбеу, бұл ретте қылмыс құрамының объективтңк жағы толықтай іске асырылмайды. Бұл белгі қылмыс жасауға оқталуды аяқталған қылмыстан ажыратудың негізіне алынад, бұл ретте оларды бөлектейтін шекара әрбір жеке жағдайда оқталған қылмыстың объективтік жағының конструкциясынының мазмұнына қарай жүргізіледі.

Үшінші объективтік белгі қылмыстың аяғына жетуіне кедергі болған мән-жай адамның өзіне байланысты еместігін көрсетеді.бұдан біз қылмыстың үзілуіне алып келген себептерді адамның өз еркімен қылмыстан бас тартуы еместігі деп түсінуіміз керек.

Оқталудың субъективтік жағына тәне ерекшелік сол, адам өзінің ойымен қылмыстың нақты құрамының барлық жағын қамтиды, бірақ ол ойдың толық көлемде іске аспай қалғандығын ұғынады.

Қылмыстық құқық теориясында оқталудың жарамсыз оқталу деп аталатын тағы бір түрі бар. Ол екі түрге бөлінеді:

Бірінші түрде субъект, өз ойынша, нақты объектіге қастандық жасайды, бірақ оның іс-әрекеті объектіге ешқандай зиян келтірмейді, келтіре алмайды. Мысалы, адамды өлтіремін деп буулы туралы киімді ату немесе пара алушыға жалған ақша беру және т.б.

Екінші түрде субъект көздеген мақсатына жету үшін жарамсыз қару немесе құрал пайдаланады. Мысалы, адамды өлтіремін деп алып келген мылтығығы атылмайды, удеп бергені у болмай шығады.

Қылмыстан өз еркімен бас тарту және оның белгілсрі. Шын өкіну, оның қылмыстан өз еркімен бас тартудан айырмашылығы және қылмыстық-құқықтық маңызы. Қылмыстарды ашу, алдын алу, жою және келтірілген зардаптың орнын толтыру үшін соттар мен құқық қорғау органдарының өз еркімен бас тарту және шын өкіну туралы нормаларды қолдануы.

Объективтік жағынан өз бетімен бас тарту бір белгіні сипаттайды – қылмысқа дайындалу немесе қылмыс жасауға оқталу болып табылатын іс-әрекеттің тоқталуы.

Бұл белгі субектінің басталған әрекетті тоқтатқанын білдіреді және қылмыстық нәтижеге жетуді көздеген іс-әркет сол қылмыстың аяқталғанына дейін тоқтатуы тиіс.

Қылмыс істеуден өз бетімен бас тартуды субъективтік жағынан сипаттайтын белгілерге: еріктілік, біржолалық және адамның қылмысты аяғына дейін жеткізе алатындығына сенімі жатады.

Бәрінен бұрын, қылмысты аяғына дейін жеткізуден бас тарту адамның өз еркімен болуға тиіс. Бұл дегеніміз адам қылмыс жасауға дайындық әрекеттерді немесе тікелей қылмыс жасауды бастап сол қызметін іске асырубарысында оны жалғастырудан бас тартады. Бас тарту оның өз еркімен болады.

Өз еркімен бас тартудың біржолалығы адамның қылмысты аяқтауға бағытталған іс-әрекеттен уақытша ғана емес, толықтай және үзілді-кесілді бас тартуын білдіреді.

Өз еркімен бас тартқанда сылтау мазмұны әр түрлі болады: іс- әрекеттің қылмыс екендігін ұғыну, жәбірленушіні аяу, кек алуы мүмкін екендігінен қорқу, өкіну, жазадан қорқу және т.б. Мұндай психикалық қобалжу қылмыс жасар алдында, қандай да бір сыртқы фактордың әсерінен пайда болуы мүмкін. Мысалы, үй ұрлауға келген адам, сол үйге жақындағанда немесе кіргенде бәлендей бір қорқыныш сезіміне бөлінеді.

Ші дәріс. Қылмысқа қатысу

Жоспары:


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!