Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ылмыстық заңды түсіндіру



Негізгі ұғымдары: нормативтік актілер, құқық принциптері, диспозиция, санкция.

Қылмыстық заң- Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқықтық акті болып табылады. Қылмыстық заң- қылмыстық құқықтың ең негізгі көзі.

Қылмыстық заңның белгілері:

1. Қылмыстық заңды Конституцияда қатаң регламенттелген процедура бойынша ҚР мемлекеттік билігінің жоғарғы органдары қабылдайды.

2. Қылмыстық заңда Конституыциядан және конституциялық заңдардан кейінгі жоғарғы заңдық күш болады. Заңдық күш дегеніміз нормативтік актінің әрекет ету, мынадан көрініс табады: а) бір де бір басқа орган заңды бұзуға және өзгертуге құқылы емес; б) барлық басқа нормативтік актілер заңға қайшы келуге тиіс емес; в) өзге нормативтік актілер заңға қайшы келген жағдайда заңға басымдылық беріледі.

Қазіргі кездегі күшіндегі кодификацияланған жалғыз заң -2014 жылғы 3 шілдеде қабылданып, 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген ҚР Қылмыстық кодексі.

Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің бабы өзінің құрылысы жағынан Ерекше бөлімдегі баптың құрылысынан өзгеше болады. Жалпы бөлімнің бабы тек қана диспозисиядан құралса, ал Ерекше бөлімнің бабында диспозицияға қоса санкцияда болады. Диспозицияның 4 түрі бар. Олар: жай диспозиция, суреттеуші диспозиция, сілтеуші диспозиция, бланкеттік диспозиция.

Жай диспозиция қылмысты атайды, бірақ оның белгілерін ашпайды Мұндай диспозициялар жалпы танылған (даусыз) терминдерді білдіреді, олардың мазмұны айқын, түсінікті керек етпейді.

Суреттеуші диспозиция қылмысты атап ғана қоймайды, оның негізгі белгілерін суреттейді де. Суреттеуші диспозиция қылмыстық заңдағы ең көп таралған диспозиция, солай болуға тиіс, себебі қылмыстық заң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған іс-әрекеттін барлық объективік және субъективтік белгілерін барынша дәл анықтауға тиіс.



Сілтеуші диспозиция қылмыс белгілерін анықтау үшін ҚК – нің басқа баптарына жүгінуді ұсынады.

Бланкеттік дипозиция құқықтың басқа салаларының – еңбек, азаматтық, әкімшілік және басқа құқықтардың нормаларына сілтейді.Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығына жуығы, көліктегі қылмыстардың көпшілігі, басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың бір бөлігі осы бланкеттік диспозицияның көмегімен формулировка алған.

Санкция дегеніміз – қылмыстық құқықтық норманың бөлігі және ҚК-нің жазаның түрі мен мөлшерін анықтайтын баптарының бөлігі. Олар: мүлде анықталған, біршама анықталған және балама санкцияларға бөлінеді.

Мүлде анықталған санкциялар жазаның дәл түрін және дәл мөлшерін белгілейді. Қазіргі күшіндегі заңнамада бұл санкциялар жоқ, себебі олар жазаны нақты қылмыстың мән-жайына және айыптының жеке басына қарай даралауға мүмкіндік бермейді.



Біршама анықталған санкциялар жазаның нақты түрін және оның шек терін белгілейді. Бұл санкциялардың үш түрі бар: - жазаның ең аз мөлшерін көрсететін. Мысалы, «кемінде үш жылға бас бостандығынан айыру». Ал олардың ең жоғарғы шегі Жалпы бөлімінің жазаның осы түріне арналған баптарында белгіленген.

- жазаның ең жоғарғы шегі мөлшерін көрсететін. Мысалы, «бес жылға дейін бас бостандығынан айыру».

Балама санкциялар жасалған қылмыс үшін тағайындалуы мүмкін жазаның екі немесе одан көп түрлерін көрсетеді.

2. Қылмыстық заңның кеңістікте қолдануы дегеніміз – оны алдын ала тергеу органдары мен әділ соттың мемлекеттің нақты аумағында шынайы қолдануы.

Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы тұрғысынан алсақ, оның, бәрінен бұрын, іс-әрекеттің қылмыс екендігі, сонан соң айыптыны қылмыстық жауапкершіліккке тартудың негіздері мен жағдайы, содан кейін барып қылмыс жасалған мөлшері анықталатындығын ескерген жөн.

Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуының аумақтық принципі негізгі болып табылады, бірақ ол жалғыз емес. Онымен қатар азаматтық принцип деген бар. Күшіндегі қылмыстық заңда азаматтық принцип ҚК-нің 8-бабының 1-бөлігінде бекімін тапқан: «ҚР-ның азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезінде жазаны аумағында қылмыс жасалған мемлекеттің заңында көзделген санкцияның жоғары шегінен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамадар да осындай негіздерде жауапты болады».

ҚР-ның азаматтары, сондай-ақ оның аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар қайда жүрсе де, тіптен Қазақстан аумағынан тысқары жүрсе де Қазақстанның заңдарын сақтауға міндетті. Мынадай жағдайларда азаматтық принципті қолдану қажеттігі туындайды:

· Қылмыс шет елде жасалса , ал ол мемлекеттің органдары қылмыстың жасалағандығын не оны жасаған адамды айқындаған кезде айыпты Қазақстан аумағында жүрсе;

· Адам қылмысты шет елде жасаса, бірақ ол Қазақстанның өтініші бойынша оған қайтарылып берілсе.

Азаматтық принцип қолданылуы мүмкін екінші жағдай: Қазақстаннан тысқары жерде жасалған іс-әрекет Қазақстанда да, сол қылмыс жасалған жерде де қылмыс деп танылса.

Әмбебап принципті қолдану, бәрінен бұрын, халықаралық қылмыстармен және халықаралық қылмыстармен және халықаралық сипаттағы кейбір қылмыстармен күресу қажеттігінен туындайды.

Әмбебап принцип, сонымен, мына жағдайларда қолданылады, егер:

· Адам Қазақстанда тұрғылықты тұрмайтын шетелдік немесе апатрид (азаматтығы жоқ болса);

· Қылмыс Қазақстаннан тыс жерде жасалса;

· Қылмыс халықаралық немесе халықаралық сипатта болса;

· Қылмыс үшін халықаралық шарттарда оның жасалған жеріне және қылмыскердің азаматылғына қарамастан әмбебап юрисдикция белгіленсе;

· Адам қылмыс жасалған жердің заңы бойынша жауапқа тартылмаса;

· Адам қандай да бір себептермен Қазақстан аумағында жүрсе.

Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуының шынайы принципінің мәні сонда – мемлекет өз қылмыстық заңның күшін шетелдік азаматтардың сол мемлекеттен тыс жерде жасаған қылмыстарына да тартады, егер олар сол мемлекеттің мүддесіне қастандық жасаса.

3. Қылмыстық-құқықтық нормалардың уақыт бойынша ережесі ҚК-нің 5 және 6-баптарында бекімін тапқан. ҚК-нің 5-бабына сәйкес іс -әрекеттің қылмыстылығы және жазалатындағы сол іс-әрекет жасалған кезде қолданылатын заңмен анықталады.

Қылмыстқы заңның күшін жою мынадай мән-жайларға байланысты.

а) қабылданғанда есептелген мерзімнің өтуіне;

б) бұрын шығарылған заң ережелеріне, оның бөліктеріне қайшы келетін жаңа заңның қабылдануына немесе оның бұрыңғы заңды толықтай сіңіруіне;

в) ҚР Конституциялық Кеңесінің қылмыстық заңды немесе оның кейбір нормаларын Республика Конституциясына қайшы келеді деп тануына;

г) қылмыстық заңды Парламенттің, ал Конституцияда белгілеенген жағдайларда – Республика Президентінің күшін жоғалтқан деп тануына.

Жоғарыда көрсетілгендей, қылмыстық заңды қолданудың уақыттық шектерін анықтаудың екінші жағдайы қоғамға қауіпті іс-әрекеттің жасалу кезін анықтау болып табылады.

Созылатын және жалғасатын қылмысқа қатысты алсақ қылмыстың жасалған уақыты туралы мәселеде өзіндік ерекшелік бар. Созылатын қылмыс қылмыс құрамының үздіксіз жүзеге асырылуымен сипатталады (алимент төлеуден ұдайы жалтару, қашқындық және т.б.). олардың жасалған уақыты деп кінәсін мойындап келген күнді, қылмыскерді ұстаған немесе орындаудан жалтарып жүрген міндеттің біткен күнін санауға болады.

Бір ниетпен және бір мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда бір қылмысты құрайтын бірқатар бірдей қылмыстық әрекеттерден тұратын қылмыс жалғасатын қылмыс деп танылады (12-аптың 4 – бөлігі). Тұтас қылмыстың құрамдас бөлігі болып табылатын соңғы әркет (әрекетсіздік) орындалған күн олардың жасалған уақыты болып танылады.

4. Қылмыстық заңды түсіндірудің мәнісі, сол заңды дұрыс қолдану үшін оның мазмұнына заң шығарушының заң еркіне сайма-сай етіп, ашып көрсету болып табылады. Заңды заң шығарушының еркіне сайма-сай, дәлме-дәл қолдану үшін оның мазмұнын ашып көрсетуді қылмыстық заңды түсіндіру деп білеміз. Қылмыстық заңға түсініктеме беру өзінің көлемі жағынан дәлме-дәл шектейтін немесе кеңейтетін болып бөлінеді.

Шектейтін түсінік беру дегеніміз заңға сөзбен келтірілгенге қарағанда неғұрлым тар мазмұн беру.

Кеңейтетін түсінік беруде, керісінше, қылмыстық заң нормасының шынайы мазмұны оның мәтінінде берілгенінен кең болады. Кеңейтетін түсінік беру қылмыстық заңды тікелей анықталмаған бірақ болды деп ойлайтын жағдайларда қолдануды қарастырады.

Қылмыстық заңға түсінік беру оның амалдары немесе тәсілі бойынша да жалғастыруға болады.

1. Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу 3 түрлі жолмен жүзеге асырылады:

2. Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық заңдардың міндеттері болып:

1) Адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңдары мүделерін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен заңды мүделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңымен қорғалатын мүделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау бейбітшілік пен азаматтық қауіпсіздікті қорғау, сондайақ қылмыстардың алдың алу болып табылады .

2) Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзгеде қылмыстық құқықтық ықпал етуші шаралары белгіленеді делінген.

Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық заңдардың міндеттері болып :

Қылмысты-құқық принциптер - заң шығарушыға, ғылымға құқық қорғау және қолдану органдары мен азаматтарға қылмыспен қарсы күрес жүргізу саласындағы қажетті, негізгі және міндетті ережелердің көрінісі болып табылады.

Заңдылық қағидасы Парламент немесе Президент қабылданған қылмыстық заңның құқық қолдану тәжірбесінде де , заң нормаларын қабылдау саласында да үстемдік ету арқылы көрініс табады. Бұл көрініс бірнеше құқықтық талаптардың жиынтығынан құралады. Оның біріншісі- Республика Қылмыстық кодексінің халықаралық қылмыстық құқықтың жұрт таныған принциптері мен нормаларын басшылыққа алу болып табылады.

Конститутцияда көрсетілген негізгі ережелерді қылмыстық заң сөзсіз басшылыққа алуы тиіс. Өйткені Конституцияның ең жоғарғы заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында олтікелей қолданылады.(4-бап, 2-тармақ). Мысалы, Конститутцияның 15-бабының 2-тармағында өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заң мен белгіленді, делінген. 17-бапта адамның қадір-қасиетіне қолсұғылмайтыны, ал 16-бапта әркімнің жеке басының бостандығына құқы бар екендігі көрсетілген. Қылмыстық кодекстің көптеген баптары осы Конституциялық заңдарға негізделіп қабылданған.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!