Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Цементтің иілу және сығым беріктігінің шегін анықтау



 

Цемент маркасын (немесе оның белсенділігін) 1:3 құрамымен цемент-құм ерітіндісінен қалыпты қоюлықта дайындалған 40×40×160 мм өлшемді стандартты үлгілерді МеСТ 310.4-81 талабы бойынша қалыпты жағдайда қажетті мерзімде қатайған соң (портландцемент, қожды портландцемент және пуццоланды цемент үшін 28 тәулік, тез қатаятын портландцемент үшін – 3 және 28 тәулік, глиноземді цемент үшін – 3 тәулік) сығым және иілу беріктіктеріне сынау бойынша анықтайды.

Үлгіні дайындаудан бұрын қалыптың ішкі беттеріне және табанына аздап машина майын жағады. Сыртқы қабырғаларының бір бірімен және қалып тұғырығымен түйіскен жерлеріне (жапсарларына) солидолды немесе басқа қою майды жұқа қабатпен жағады. Жиналған қалыпқа саптаманы орнатады да, қалып пен саптама арасындағы жапсарды қалыңдап майлайды.

Сынақтың әр бекітілген мерзімі үшін үш үлгіден (бір қалып) дайындайды. Ерітіндіні тығыздау саптамалы қалыпты виброалаңшықтың ортасына қойып, қатты басып тұрады. Қатар (бір мезгілде) толтырылған екі қалыпты виброалаңшықтың ортасына симметриялы орналастыруға болады.

Қалыпты ерітіндімен 1 см шамасында артық биіктікте толтырады және дірілдеткіш алаңшықты іске қосады. Дірілдетудің алғашқы 2 мин. ішінде қалыптың барлық үш ұясы да ерітіндімен біркелкі толтырылады. Дірілдетіп бастағаннан 3 минут өткен соң виброалаңшықты ажыратады. Қалыпты виброалаңшықтан түсіріп және ерітіндінің артығын пышақты сәл бұрыштап ұстап тұрып, тегістей отырып қалыптың қырымен бірдей етіп кеседі. Үлгілердің маркасын қояды. Пышақты алдын-ала ылғал шүберекпен сүртіп алу керек.

Үлгілерді дайындап алған соң, оларды (24±1) сағат гидравликалық қақпағы бар былауда немесе ауаның 90%-дан кем емес салыстырмалы ылғалдылығын қамтамасыз ететін шкафта сақтайды.



Үлгілерді сақтаудың белгіленген уақыты өткен соң оларды абайлап қалыптан шығарып алады да, ас суы құйылған былауға бір-бірімен жанаспайтындай етіп көлденеңінен жатқызады. Су үлгілердің бетінен кем дегенде 2 см асып тұруы керек. Әр 14 тәулік сайын суды ауыстырып отыру керек. Суды ауыстырғанда оның температурасы үлгілерді сақтағандағыдай (20±2)°С шамасында болуы керек. (24±1) сағат өткенде үлгілерді бүлдірмей қалыптан шығару үшін беріктілік жеткіліксіз болса, онда үлгілерді қалыптан (48±2) сағаттан кейін шығару керек (осы мерзімді дәптерде жазып қою керек).

Сақтау мерзімі аяқталған соң үлгілерді судан шығарып, 30 минуттан кешіктірмей сынайды. Сынақты жүргізудің алдында үлгілерді сүртіп алу керек.

Иілу беріктгінің шегін анықтау. Үлгіні дайындағанда көлденең жатқан бетін тік қыры етіп МИИ-100 аспабының таяныш элементтеріне ораналастырады. Үлгілерді аспаптың нұсқамасымен сәйкес сынайды.

Иілуге беріктік шегін үш үлгіні сынаудың екі ең үлкен нәтижесінің орташа арифметикалық мәні ретінде есептейді.

Сығым беріктігінің шегін анықтау.Иілу беріктігін анықтаудан алынған 6 жарты-үлгілерді сығым беріктігін анықтау үшін қолданады. Үлгілердің жартыларын екі тілімшенің ортасына орнатады. Үлгіні орналастырғанда, оның дайындау кезінде қалып қабырғаларына тиіп тұрған тегіс қырын тілімше бетіне жатқызып қояды (7-сурет). Үлгіні тілімшелермен бірге пресстің таяныш тақтасының дәл ортасына орналастырады. Сынау кезінде үлгіге берілетін күштің орташа жылдамдығы (2,0±0,5) МПа/с-дан аспауы керек.



Үлгіні жүктеудің стандартты жылдамдығын автоматты түрде қостаушы құрылғы пайдалану ұсынылады.

а) ә)

7-сурет. Үлгілердің сығым беріктігін анықтау: а тілімшелер; ә – сынау сұлбасы;

1 тілімшелер; 2, 4 – пресстің төменгі және үстіңгі тақталары; 3 – жарты үлгі-арқалықша.

 

Жеке үлгінің сығым беріктігінің шегін қиратушы күш мәнін (кг күш) тілімшенің жұмыстық ауданына (см2, яғни 25 см2-қа) бөлу арқылы есептейді.

Сығым беріктігінің шегін алты үлгіні сынаудың төрт ең жоғарғы нәтижелерінің орташа арифметикалық мәні ретінде есептейді.

Цемент маркасын 2-кесте бойынша анықтайды.

 

2-кесте. Портландцемент және оның түрлерінің беріктік көрсеткіштері.

 

Цемент түрлерінің белгіленуі мен аталуы Кепілді цемент маркасы Беріктік шегі, МПа (кгс/см2)
Иілу кезіндегі, тәулік ішінде Сығу кезіндегі, тәулік ішінде
Портланцемент, минералдық қоспалары бар ПЦ-Д0, ПЦ-Д5, ПЦ-Д20, қожды-портландцемент ШПЦ — — — — — 4,4 (45) 5,4 (55) 5,9 (60) 6,1 (62) 6,4 (65) — — — — — 29,4 (300) 39,2 (400) 49,0 (500) 53,9 (550) 58,8 (600)
Жылдам қататын портландцемент ПЦ-Д20-Б 3,9 (40) 4,4 (45) 5,4 (55) 5,9 (60) 24,5 (250) 27,5 (280) 39,2 (400) 49,0 (500)
Жылдам қататын қожды-портландцемент ШПЦ-Б 3,4 (35) 5,4 (55) 21,5 (220) 39,2 (400)

Бақылау сұрақтары:

1. Портландцемент деп қандай материалды айтады және оның құрамына қандай компоненттер кіреді?

2. Цемент өндірісі үшін қандай табиғи шикізат қолданылады?

3. Қандай негізгі көрсеткіштер көмегімен цементтің сапасы бағаланады?

4. Цементтің қалыпты қоюлығын қалай анықтауға болады?

5. Цементтің беріктілік шегін анықтау үшін үлгілер қалай дайындалады?

6. Цемент маркасын қандай тәжірибелік мәндер бойынша анықтайды?

 

Әдебиет:

1. ГОСТ 310.1-76* (СТ СЭВ 3920-82). Цементы. Методы испытаний. Общие положения.

2. ГОСТ 310.2-76 - Цементы. Методы определения тонкости помола.

3. Ибраимбаева Г.Б., Есельбаева А.Г., Байсариева А.М. Строительные материалы: Методическое пособие к выполнению лабораторных работ для специальностей 5В073000 – «ПСМИиК», 5В072900 – «Строительство», 5В042000 – «Архитектура». – Алматы: КазГАСА, 2011. Ч.1. – 64 с.

4. Кулибаев А.А., Бишімбаев У.Қ., Қасымов Е.О. Құрылыс материалдарынан зертханалық жұмыстар: Оқу құралы. – Алматы. Триумф, 2009. – 368 б.

5. Бисенов Қ.А., Үдербаев С.С., Әбиева Г.С. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы. – Алматы: «Издат Маркет», 2008. – 224 б.

6. Белов В.В., Петропавловская В.Г., Шлапаков Ю.А. Лабораторные определения свойств строительных материалов. – М.: ИАСВ, 2004. – 176 с.

 

 

1-қосымша


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!