Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Цемент қамырының қалыпты қоюлығын және қатаю мерзімі анықтау



 

Цемент қамырының қалыпты қоюлығын цемент салмағына қатысты шылайтын су мөлшерімен пайызбен сипаттайды.

Цемент тасының беріктігі, ондағы су:цемент қатынасына, яғни цемент қамырын дайындауға жұмсалатын су мөлшеріне байланысты.

Цемент сынамасын МесСТ 310.1. бойынша дайындайды.

Цемент қамырының қалыпты қоюлығы деп қамырмен толтырылған сақинаға Вик аспабының келсабын енгізгенде, ол сақина орнатылған тілімшеге 5-7 мм жетпейтіндей жағдайдағы қамыр қоюлығын айтады. Портландцементтің су тұтынғыштығы 22- 28 % аралығында болады.

Сынақты жүргізер алдында Вик аспабындағы білікше жоғары-төмендегі еркін жылжып тұрғанын, сондай-ақ келсаптың сақина орналастырылған тілімшеге тиіп, «0» көрсетіп тұрғанын тексеріп алу керек. Егер аспап шкала «0»-ден ауытқып тұрса, оны түзетіп алу керек. Сақина мен тілімшені сынау алдында машина майымен майлайды.

Вик аспабы (1-сурет) сауытта 2 еркін жылжып тұратын цилиндрлі металл білікшеден 1 тұрады. Білікшені қажетті биіктікте ұстап тұратын бекіткіші 3 бар. Білікшенің сауытына шкала 5 бойымен жылжып отыратын көрсеткіш 4 бекітілген. Шкаланың бөлік аралығы 1 мм-ден.

Цемент қамырының қалыпты қоюлығын анықтау кезінде білікшенің төменгі жағына металл келсап 6 орнатады.

Келсап беті жылтыратылған тот баспайтын болаттан жасалуы керек (2-сурет). Келсаптың беті таза болуы керек.

 

 

1-сурет. Вик аспабы: 1 – цилиндрлі металл білікше; 2 – сауыт; 3 – бекіткіш;

4 – көрсеткіш; 5 – шкала; 6 – келсап; 7 – ине

 

Вик аспабының сақинасы (3-сурет) мен тілімшесі де тот баспайтын болаттан, пластмассадан немесе басқа су сіңірмейтін материалдан жасалуы керек.

Цемент қамырын дайындау үшін тот баспайтын болаттан жасалған сфералық ыдысты (4-сурет) қолданады. Цемент қамырын араластыратын қалақша да тот баспайтын серпімді болаттан жасалады. Қалақшаның негізгі өлшемдері 5-суретте көрсетілген.



 

 

2-сурет. Келсап. 3-сурет. Вик аспабының сақинасы.

а) б)

4-сурет. Қамыр дайындайтын ыдыс. 5-сурет. Араластыратын қалақша.

 

Цемент қамырын дайындау үшін 400 г цементті өлшеп алып, алдын-ала ылғал шүберекпен сүртілген ыдысқа сеуіп салады да, ортасын шұқырлап, цемент қамырының қалыпты қоюлығына жеткілікті суды (шамалап) бір-ақ рет құяды. Су құйылған шұңқырды цементпен жабады, 30 сек. уақыттан кейін алғашында абайлап араластырады, осыдан соң қалақшамен жылдамдатып езіп аралыстырады. Езіп илеп араластыру ұзақтығы су құйылған уақыттан бастап 5 мин. құрайды.

Аралыстыру аяқталған соң цемент қамырын бірден жылдам сақинаға салып, тілімшені ұстап тұрып, қатты затқа 5-6 рет ұрып сілкілейді. Қамырдың артығын ылғал шүберекпен сүртілген пышақпен кесіп алып, бет жағын сақина деңгейімен теңестіреді.

Уақыт өткізбей Вик аспабына цемент қамыры бар сақинаның ортасына келсапты жанатып тигізіп, білікшені бекіткішпен ұстатып, содан кейін оны жылдам босатып, келсаптың қамырға еркін енуіне мүмкіндік береді. Білікшені босатқаннан кейін 30 сек. өткенде келсаптың қамырға батқан (енген) тереңдігін шкала көрсеткіші арқылы есептейді. Өлшеген кезінде қамыр бар сақинаға ешбір күш әсер етпеуі керек.



Цемент қамырының қоюлығы берілген мөлшерге сәйкес келмеген жағдайда цемент қамырын қайта жасап, келсаптың сақина орналасқан тілімшеге дейін 5-7 мм жетпей қалғанынша батырылуы үшін су шығымын өзгертеді.

Қалыпты қоюлықтағы қамыр алу үшін құйылған су мөлшерін 0,25% дәлдікпен анықтайды.

Цемент қамырының ұстасу мерзімінің басталуы мен аяқталуынВик аспабымен қалыпты қоюлықтағы қамырға ине түсіру арқылы анықтайды. Ұстасудың басталуы деп суды құйғаннан бастап (судың жабысу кезі), иненің тілімшеге дейін 2-4 мм жетпей қалған кезге дейінгі уақытты айтады. Ұстасудың аяқталуы депсуды құйғаннан бастап, иненің қамырға 1-2 мм-ден артық енбей қалған мерзім аралығын айтады. Цементтің ұстасуы 45 минуттан ерте басталмайды, ал ұстасудың соңы суды құйғаннан бастап 10 сағаттан кеш емес.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!