Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Тақырыбы «ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ӘЙНЕК»–1 сағат



Жалпы мағлұматтар

Әйнек (шыны)деп химиялық құрамы мен қатаю температурасына байланысты емес минералдық балқымаларды қатты суыту арқылы алынатын және тұтқырлығы артқан сайын қатты денелерге дән механикалық қасиеттеріне ие болатын барлық аморфтық денелерді атайды. Сұйық күйден әйнек тәріздес күйге өту процесі қайтымды болуы керек.

Әйнек тәріздес күйдің белгілеріне балқу нүктесін айқын еместігі (затты қыздырғанда балқиды және біртіндеп сұйықтыққа айналады, суытқанда –керісінше), біртектілік және изотроптылық.

Пішіні мен қолдануы бойынша әйнектің келесі түрлері бар: парақты, жарық өткізетін; әрлік; конструкциялық; жылу және дыбыс өткізбейтін және т.б. (1-кесте).

 

1-кесте. Әйнек және әйнек бұйымдардың физикалық-механикалық қасиеттері.

 

Қасиеттері көрсеткіштері
Орташа тығыздығы, кг/м3 2500-2650
Сығым беріктігінің шегі, МПа 500-2000
Созу кезіндегі беріктік шегі, МПа 30-100
Жылуөткізгіштік коэффициенті, Вт/м°С 0,53-0,86
Жылусыйымдылық коэффициенті, кДж/кг°С 0,63-1,05
Термиялық ұлғаю коэффициенті, 1-10-6 С-1 9,0-15,0
Жарық өткізгіштігі, % 75-92
Сәуле сынғыштық коэффициенті 1,50-1,52

 

Әйнекті дайындау үшін негізгі шикізаттық материалдар ретінде кварцты құм, әктас, сода және натрий сульфаты қолданылады. Олар әйнекті массаға келесі тотықтарды енгізеді: , , , . Таза құм мен соданы пісіру кезінде суда еритін, жартылай мөлдір шыны масса алады.

Шихтаға әктас немесе доломит түрінде қосу қанда әйнек ерімейтін болады. Әйнекті пісіруде пісіруді тездету үшін және қажетті оған қажетті қасиеттер беру үшін қосалқы материалдар қолданады. Мөлдіреткіштер (натрий және алюминий сульфаттары, калийлі селитра, күшәләлі (мышьякті) ангидрид) әйнек массасынан газ көбіршектерінің жойылуынна ықпал жасайды. күңгірттегіштер (фтор, фосфор – криолит қосындылары, балқытқыш шпат, қос суперфосфат) әйнекті күліңгір жасайды.



Түс бергіштерге кобальт (көк), хром (жасыл), марганец (күлгін), темір (коңыр, көкшіл жасыл түстер) қосындылары және т.б. жатады.

 

2-кесте. Әйнек және әйнек бұйымдарды жіктеу.

 

Парақты, жарық өткізетін Конструкциялық Әрлік   Жылу- және дыбыс өткізетін   Тоқылмаған кенепті
Терезелік   Сөрелік: жылтыратылған, жылтыратылмаған   Арматураланған   Триплекс (көпқабатты)   Шыңдалған   Өрнектелген   Жылу сіңіргіш   Увиолды   Түсті әйнек     Шыны блоктар   Шыны пакеттер Шыны профилит   Құбырлар   Есік төсемдері     Әрлеулік тақташалар   Айна   Кілемді мозаикалық тақташалар   Марблит   Шыныкристаллит   Смальта   Стемалит   Шыныкремнезит   Шыны қиқымы   Шынымрамор   Көбікдекор   Көбік- шыны тақтасы   Қожды ситалл Штапельді әйнек талшықтан жасалған бұйымдар   Көбік шыны   Дыбыс сіңіргіш     Әйнек талшығынан жасалған кенеп   Гидроизоля-циялық кенеп   Жылуизоля-циялық кенеп   Әйнек- қағаз   Сүзгіш материал    

 



 


3- кесте. Әйнек бұйымдардың түрлері мен қасиеттері

Әйнек неме бұйым түрі, маркасы   Қысқаша сипаттамасы және негізгі техникалық талаптар Өлшемдері, мм     МеСТ қасиеттері/нақтылы   Қолданылу саласы
ұзындығы ені қалыңдығы
Терезелік Жалтыратылған, жақсартылған жалтыратылмаған, жалтырлмаған 500-2200   400-1600 2-6 Сәуле өткізгіштігі, 84-89% ρ = 2,5 Rсығ=40-80МПа Ғимараттардың терезелік ойықтарын әйнектеу  
Арматураланған: түссіз, түсті Шыны жапырағының ішкі жағына металл енгізіп престелген 800-2000 400-1600 5-5,5-6 Сәуле өткізгіштігі, 60%   ρ = 2,5 Rсығ=30-40 МПа Шамдар, лифт шахталары, қоршаулар, баспалдақтар, балкондар, есiктердi әйнектеу  
Айналар Шының бір беті Ag немесе Al, жабылған, бейнесін шағылыстырып көрсетеді 5000 (±5)   2900 (±5) 10 (±0,5)   ρ = 2,49 Rиілу= 0,5-1 МПа Rсығ= 6,7 МПа Сауда, қоғамдық тамақтандыру, мәдени-тұрмыстық мекемелерді және басқа да ғимараттарды ішкi әрлеу үшін  
Шыны -кремнезит Үш қабатты плиталық материал, төменгі қабаты кварцты құмнан, ортасы – құм мен шыны сынығынан, беті – отпен жандырып жылтыратылған, түсті шыны сынығынан жасалынған                   Rсығ=26-30 МПа Rиілу =10-20 МПа ρ = 2200 Аязға төзімділігі, 150-ден жоғары Ғимараттардың қасбеттерін, iшкi қабырғаларын, ұстындарды әрлеу үшін, едендер төсеу және паннолар жасау үшін қолданылады

3-кестенің жалғасы

Шыны -профиллит   Ұзын өлшемді жарық өткiзетін бұйымдар   Қималардың түрлерi: ашық – швеллерлі, қабырғалы, кесiлген; жабық – бір тігісті қорапшалы КП, жиектері сопақ бүйірлі қорапшалы, екі тігісті қорапшалы КП-2, үшбұрышты, күнқағарлы қорапшалы   Швеллерлі профилит қимасы 5 м-ге дейін, қорапшалының қимасы 7 м-ге дейін 250-500   250-300   Жарық өткізуі 73-82%   λ = 0,76 Вт/м·оС   Термотұрақтылығы 70оС   Профилиттің салмағы: швеллерлі қималы – 4,0-4,5 кг; қорапшалы қималы – 8,5-9,0 кг Жарық өткiзетін қоршаулар және өзiн көтеретiн қабырғалар, iшкi қалқалар және мөлдiр жазық жабындар орнату үшiн
Қуысты шыны блоктар   Сырты тегіс және ішкі беті бедерлі саңылаусыз жабылған қуыс әйнек қораптар         Сәуле өткізгіштігі (65%-ға дейін): тегіс > 50% бедерлі > 30%   әйнек қалыңдығы 6-7 мм   Rсығ> 1,5 МПа   Терезе ойықтары толтыру, жарық өткiзгiш қоршаулар, қалқалар орнату үшін  

 

3кестенің жалғасы

БК 294/98   БК 244/98   БК 244/75   БК 240/80   БКЦ 194/98   БПЦ 294/194/98 Түссіз Жарық өткізетін Жарық шашырататын Шаршылы   Түсті   Тікбұрышты және қырлы                                 Салмағы 2,5-4,3 кг   λ = 0,46 Вт/м·оС   Аязға төзімділігі -40 тан +50оС-дейін   Термотұрақтылығы 40оС   Соққыға қарсыласуы 0,8-0,9 Дж  
Көбік- шыны Әйнек сынықтарынан алынған шихтаны газдандырғыш қоспамен күбіндіру жолымен алынады 200-ден 1000-ға дейін От 200 до 500 ρ=100-700 Кеуектілігі 90-94%   Rсж =0,1-15 МПа   λ = 0,04-0,15 Вт/м·оС   В=5-15% Конструкциялардағы жылуды, дыбысты оқшаулау үшін
Әйнек мақталы бұйымдар Штапельді әйнек талшығынан жасалған жылу оқшаулығыш бұйымдар: тақталар, төсемдер және т.б. ρ =25-250   λ = 0,041-0,07 Вт/м·оС тығыздығына байланысты   Rсозылу=4000 МПа   Талшық диаметрі 5-15 мкм 60 тан 180°С дейінгі температурада жұмыс істейтін қоршаулық конструкциялардағы, пештердегі, құбырлардағы, жабдықтардағы жылуды оқшаулау үшін

Жұмысты орындау реті

Әйнек және әйнектен жасалған бұйымдарды зерттегенде студенттер берілген үлгімен мұқият танысып, бұйымның түрін, өлшемдерін, қысқаша сипаттамасын және қолданатын орнын көрсетіп кестені толтырады.

Парақша материалдардың (ірі өлшемді) қалыңдығын өлшейді, шынының түрін (мөлдір, күліңгір, түсті), оның жазық бетінің сипаттамасын көрсетеді. Даналық әйнек бұйымдардың ұзындығын, енін және қалыңдығын өлшейді, әйнектің түрін және сапасын сипаттайтын басқа көрсеткіштерін анықтап жазады. Тақташалық материалдардың өлшемдерін, әйнек түрін, жасап шығару тәсілін және қолдануын көрсетеді.

Негізгі материалдан кесіліп алынған үлгілер үшін қасиеттері мен қолданылу саласын сипаттайтын техникалық көрсеткіштерін анықтайды. Әйнек бұйымдардың нақты өлшемдері мен пішінін мемлекеттік стандарт (МеСТ) талаптарымен салыстыра отырып, сапасын бағалайды.

Жұмысты орындау үшін жинақтардағы және көрмедегі әйнек бұйымдары үлгілерін пайдаланады. Орындаған жұмыс нәтижелерін кестеге жазады.

 

№№ пп Бұйымның аталуы, маркасы     Қысқа сипаттамасы: әйнек түрі, пішіні, құрылысы және т.с.с.     Өлшемдері, мм   Қасиеттері       Қолданылу саласы    
l b h
                       
2 …              

Бақылау сұрақтары:

 

1. Әйнек егеніміз не, оның химиялық құрамы?

2. Әйнек өндірісіндегі негізгі технологиялық процесстер.

3. Әйнек бұйымдарының түрлері.

4. Әйнекті өндіруге арналған шикізаттар мен олардың қасиеттері.

5. Әрлеулік әйнек бұйымдардың түрлерін атаңыз.

6. Қандай әйнек бұйымдар конструкциялықтарға жатады?

 

Әдебиет:

1. Ибраимбаева Г.Б., Есельбаева А.Г., Байсариева А.М. Строительные материалы: Методическое пособие к выполнению лабораторных работ для специальностей 5В073000 – «ПСМИиК», 5В072900 – «Строительство», 5В042000 – «Архитектура». – Алматы: КазГАСА, 2011. Ч.1. – 64 с.

2. Кулибаев А.А. Құрылыс материалдарына анықтамалық: Оқулық. – Алматы: «Триумф «Т», 2010. – 328 б.

3. Казеннова Е.П. Общая технология стекла и стеклянных изделий. – М., 1989. – 144 с.

 

 

Ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!