Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Су сіңіргіштікті анықтау



Су сіңірігіштік – материалдың суды сіңіріп алып, оны өзінде ұстап тұру қабілеті және ол материал көлемінің сумен толу дәрежесімен сипатталады.

 

Жұмысты орындау реті

Алдын ала тұрақты салмаққа дейін кептірілген үлгіні дәлдігі 0,25 граммға дейін техникалық таразыда өлшейді. Бұдан соң үлгіні ыдысқа салады да, оның ¼ биіктігіндей деңгейге дейін су толтырады, 5 минуттан соң – ½ биіктікке, тағы 5 минуттан соң ¾ биіктікке, ал тағы 5 минуттан соң үлгі биіктігін бастыра су құяды да, сол қалпында 5 мин ұстайды. Әрбір 5 минут сайын қаныққан үлгіні судан алып, ылғал шүберекпен суын аздап сүртіп алады да, дереу өлшейді ( , , , табады).

Алынған деректер бойынша үлгінің суға қанығу жылдамдығының графигі, абсцисса осіне уақытты (минутпен), ординат осіне – үлгі салмағының артуын (граммен) сала отырып сызылады.

формуласымен материалдың салмағы бойынша су сіңіргіштігін анықтайды.

Көлемі бойынша су сіңіргіштікті мына формула бойынша анықтайды:

 

немесе ,

 

мұндағы - материалдың құрғақ күйіндегі орташа тығыздығы.

Анықтау нәтижелері 7-кестеге толтырылады.

 

7-кесте. Үлгілердің су сіңіргіштігін анықтау нәтижелері.

 

Материал салмағы, г Үлгі салмағының артуы, г
Құрғақ Суға салғаннан кейін Су сіңіргіштік, %
салмақ бойын-ша көлем бойын-ша
                   
                   

Материал үлгісінің сығым беріктігінің шегін анықтау

 

Материалдың сығым беріктігінің шегі текше-үлгілерді сынау бойынша анықталады. Олардың өлшемдерін ГОСТ 10180-90 «Методы определения прочности по контрольным образцам» талаптарына сәйкес таңдайды. Сынақ гидравликалық прессте өткізіледі.



 

Сынақты орындау реті

Сынақты жүргізу алдында үлгіні қабырғаларындағы сынық, ойық немесе басқа да ақауларды анықтай отырып, сырттай қарап тексереді. Сызаттары, қырларында тереңдігі 10 мм-ден үлкен сынықтары, диаметрі 10 мм-ден үлкен және тереңдігі 5 мм-ден үлкен ойықтары бар (ірі кеуекті бетоннан басқа), сондай-ақ бетон араласпасының қабатталуы немесе нығыздалмай қалған іздері бар үлгілер сынаққа алынбайды. Үлгілердің қырларындағы ерітінді қалдықтарын түрпілермен қырып алып тастау керек. Тексеру нәтижесін жазып қояды.

Үлгілердің жүктелетін қырларын анықтап, белгілеп алады. Сығым беріктігін анықтауға арналған текше-үлгілердің жүктелетін қырларын сынау кезіндегі сығымдайтын күштің бағыты бетон араласпасының қалыпқа салыну қабатына параллельді бағытта болатындай етіліп таңдалады.

Сынау алдында үлгілердің салмағын орташа тығыздығын анықтау үшін өлшеп алу керек.

Үлгіні пресске немесе сынау машинасына қояр алдында алдыңғы сынаулардан қалған қоқыстан пресс тақтасын тазартып алу керек.



Пресстегі немесе сынау машинасындағы күш өлшеу шкаласын бұзушы күштің алынатын мәні таңдалған шкала рұқсат ететін максималды жүктеудің 20-80 % аралығында болуы керек.

Үлгілер толық бұзылғанша, олардағы есептік кернелудің артуын қамтамасыз ететін жылдамдықпен үздіксіз жүктеледі: (0,6±0,4) МПа/с шегінде – сығып сынағанда және 0,05±0,02 МПа/с – созылымға сынағанда. Мұнда бір үлгіні жүктеу уақыты 30 с-тан кем болмауы керек.

Сынау кезіндегі алынған максималды күшті бұзушы күш ретінде алады.

Бұзылған үлгіні тексеріп шығып, ақауларын белгілейді: үлгінің ішіндегі ірі (көлемі 1 см3-тен үлкен) қуыстар мен ойықтарды; өлшемдері 1,5dmax-дан үлкен толтырғыш түйіршіктерін, саз кесектерін, қабатталу іздерін.

Аталған құрылымдық ақаулары бар үлгілерді сынау нәтижелері есепке алынбайды.

Үлгіні бұзушы күшті кестеге енгізеді. Сығым беріктігінің шегін мына формула бойынша есептеп шығарады:

 

,

мұндағы – сығым беріктігінің шегі, ; – бұзушы күш, кгс;

– үлгі қимасының ауданы, см².

 

8-кесте. Материалдың сығым беріктігінің шегін анықтау нәтижелері.

 

Материалдың аталуы Үлгі өлшемі, см Үлгі салмағы, г Бұзушы күш , кгс Үлгі қимасы-ның ауданы , Көлем, Тығыз-дық, Сығым беріктігінің шегі
МПа
               
2 …                

Ескерту:

1. Бетонның сығым беріктігі 15 15 15см өлшемді бетон текшесін сынау бойынша анықталады. Егер өлшемі 30 30 30 см, 20х20х20 см, 10х10х10 см, немесе 7х7х7 см үлгі сынаққа алынса, онда бетонның сығым беріктігін алынған нәтижесін түзету коэфиценттеріне көбейту керек, сәйкесінше, 1,1, 1,05, 0,95 немесе 0,85-ке.

2. СИ жүйесі бойынша 1 кгс = 9,80665 Н; 1 н/м² = 1Па; 1 кгс/см² = 9,8х10¹ Па ≈ 10³ Па ≈ 0,1 МПа.

Бақылау сұрақтары:

1. Шынайы тығыздық дегеніміз не, оны қалай анықтаймыз?

2. Геометриялық пішіні дұрыс және дұрыс емес материалдардың орташа тығыздығын қалай анықтайды?

3. Көлемі және салмағы бойынша су сіңіргіштікті қалай анықтайды?

4. Кеуектілікті қандай аспаппен анықтайды?

5. Беріктік дегеніміз не? Беріктіктің қандай түрлері бар?

6. Сығым беріктігінің шегінің формуласын қандай?

 

 

Әдебиет:

1. Ибраимбаева Г.Б., Есельбаева А.Г., Байсариева А.М. Строительные материалы: Методическое пособие к выполнению лабораторных работ для специальностей 5В073000 – «ПСМИиК», 5В072900 – «Строительство», 5В042000 – «Архитектура». – Алматы: КазГАСА, 2011. Ч.1. – 64 с.

2. Кулибаев А.А., Бишімбаев У.Қ., Қасымов Е.О. Құрылыс материалдарынан зертханалық жұмыстар: Оқу құралы. – Алматы. Триумф, 2009. – 368 б.

3. Бисенов Қ.А., Үдербаев С.С., Әбиева Г.С. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы. – Алматы: «Издат Маркет», 2008. – 224 б.

4. Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары; қасиеттері және өндірілуі. Оқу құралы. – Қызылорда, «Тұмар», 2007. – 208 б.

5. ГОСТ 8462-85. Методы определения пределов прочности при сжатии и изгибе. – М.: Изд-во стандартов, 1987.

6. Белов В.В., Петропавловская В.Г., Шлапаков Ю.А. Лабораторные определения свойств строительных материалов. – М.: ИАСВ, 2004. – 176 с.

7. Попов Л.Н., Попов Н.Л. Лабораторные работы по дисциплине «Строительные материалы и изделия»: Учебное пособие. – М.: ИНФРА-М, 2005. – 219 с.: ил. (Профессиональное образование).

 

 

Ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!