Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Журналисттің құқықтары мен міндеттері



Журналист ақпаратты іздестіруді жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға құқықты. Журналист мемлекеттік органдарға, барлық меншік нысанындағы ұйымдарға баруына және өзінің қызмет бабындағы міндеттерін жүзеге асыруа байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдануында болуға, жабық шара өткізу туралы шешім қабылдааннан басқа жадайда өзін тіркеген орган өткізетін барлық шараларға қатысуа құқықты. Жрналист ҚР Заң актілерінде тыйым салынған жадайларды қоспағанда, жазбалар, соның ішінде оларды дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсіру құралдарын пайдалана отырып жасауа құқықты. Журналистің куәлігін көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда, митингілер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен наразылықтарды өзге де білдіру нысандарына қатысуа құқықты.

Журналист құжаттар мен материалдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар үзінділерін қоспағанда олармен танысуға рұқсат алуа құқықты. Журналист алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге құқықты. Журналист алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезінде мамандарға жүгінуге құқықты. Журналист өзі дайындаған хабарлар мен материалдарға талап қойып, шартты атын көрсетіп таратуға құқықты. Журналист материалдың мазмұндық редакциялық түзетуден кейін оның жеке сеніміне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға құқылы. Журналист авторлық және ақпарат көздерінің құпиясы соттың талап етуімен жарияланан жадайларды қоспағанда бұл құпияларды сақтауға құқысы бар.

Журналисттің міндеттері:



· Журналист ҚР заңдарын басшылыққа ала отырып, өзі шарттық қатынастарда тұрған БАҚ қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға міндетті

· Журналист шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратпауға міндетті

· Журналист ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтініштерді қанағаттандыруға міндетті

· Журналист жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін құрметтеуге міндетті

· Журналист ҚР заңдарына сәйкес өзіне жүктелген өзге де міндеттерді орындауа міндетті.

БАҚ мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың келісімі бойынша олардың жанында өз журналистерін тіркей алады. Журналист тіркелген мемлекеттік органдар, кеңестер және өзге шаралар жөнінде оған алдын ала хабарлауға, стенограммалармен, хаттамалармен және өзге де құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Жабық шара өткізу туралы шешім қабылданған жағдайларды қоспағанда, тіркелген журналистің өзін тіркеген мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар өткізетін отырыстарға, кеңестерге және басқа да шараларға қатысуға құқысы бар.

Егер журналист тіркеу ережелерін бұзса не өзін тіркеген мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратса, оның тіркелуі күшін жоюы мүмкін. Журналистерді тіркеу ережелерін уәкілетті орган белгіленген тәртіппен бекітеді.



 

Дәріс №13

Авторлық құқық

Авторлық құқық мақсаты, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет, өнер және публицистика туындыларына қолданылады. Авторлық құқық объектісі:

4. Жазбаша болуы мүмкін

5. Ауызша-бұл көпшілік алдында айтылған сөз

6. Үнжазба немесе бейнежазба

Ал нақты атағанда мынадай туындылар авторлық құқық объектілері болады. Әдеби туындылар, сценарийлер, дыбыс-бейнежазу туындылары, соның ішінде телетуындылар. Сонымен бірге туынды шығармалар, мәселен аудармалар мен өңделген дүниелер

Ал авторлық құқық объектісі болмайтын туындылар мыналар: ресми құжаттар, заңдар, сот шешімдері, әкімшілік және дипломатиялық мақсаттағы мәтіндер. Халық шыармашылығы туындылары, оқиғалар мен фактілер туралы ақпараттық сипаттаы хабарлар. Авторлық құқықтың пайда болуы және жүзеге асуы үшін туындыны тіркеу өзге де арнайы рәсімдеу немесе әлдебір шарттылықтың орындалуы талап етілмейді. Ал айрықша авторлық құқықтардың иесі өзінің құқықтарын хабарлау үшін авторлық құқық қорғау белгісін пайдалануына болады. Ол белгі туындының әр данасына қойылады және мынадай үш элементтен тұрады:

1.Қоршауа алынған әрпі.

2.Айрықша авторлық құқықтар иесінің есімі

3.Туындының алғаш жарияланған жылы

Өзге дәлелдер болмаған жағдайда туындының түпнұсқасында немесе данасында автор ретінде көрсетілген адам туындының авторы деп саналады. Автордың туынды құқығына қатысты жасалған шарттарды куәландыру үшін оны кез келген уақытта ресми тізімдерге тіркей алады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!