Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Quot;Айқап" журналы және оның идеялық бағыты



Жоспары:

1. "Айқап" журналының шығу тарихы

2. "Айқап" - қазақ публицистикасындаы қоғамдық ойдың көшбасшысы.

3. Қазақ публицистикасының қалыптасуындағы "Айқап" журналы- ның орны.

Қазақ публицистикасының қалыптасуында "Айқап" журналы үлкен орын алады. 1911-1915 жылдары тұрақты түрде шығарылып, қазақ елінің түкпір-түкпіріне таралған тұңғыш журнал XX ғасыр басындағы тарихи қайшылығы мол күрделі кезеңнің айнасы бола білді.

"Айқапта" жарық көрген шығармалар ғасыр басындағы қоғамдық - саяси ахуалды аңғартып, сол кездегі өмір шындығының негізгі көзіне айналды. "Айқап" журналының шығу тарихын зерделеген профессор Х.Бекхожин былай дейді: "Қазақ мәдени өмірінде XX ғасырдың бас кезінде болған елеулі оқиғалардың бірі - "Айқап" журналының шығуы. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық - саяси және әдеби журналы болды. "Айқап" өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрлерін жаластырған, ілгері дамытқан журнал болды". "Айқапқа" Сәкен Сейфуллин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Бейімбет Майлин, Бақытжан Қаратаев, Сабыржан Ғаббасов жэне басқа жазушылар мен публицистер қатысты.

"Айқап" журналын жүйелі түрде шығаруды жүзеге асырған, оның редакторы Мұхаметжан Сералин болды. Әрі ақын, әрі журналист М.Сералин 1872 жылы туып, қазақ, орыс, татар мәдениетінің аясында өсіп жетілді. Алғашында Троицк медресесінде оқып, кейін Қостанайдағы орыс-қазақ училищесін бітірді. Ол журналда берілген бас мақалаларда басылымның бағытын айқындап, журнал төңірегіне қазақтың озық ойлы азаматтарын топтастыруға күш салды. "Газет һәм журнал халық үшін екендігіне шек айту жоқ. Халықтың қай дәрежеде ала кеткендігі - халық арасында таралған газет-журнал һәм кітаптардан білінеді" (А-п. 1911, №1), - деп "Айқаптың" алғашқы нөмірінде жарияланан беташар мақалада-ақ елге газет-журналдың халық дамуындағы орнын айқын көрсетті. Сөйтіп, "Серке", "Киргизская газета" сияқты басылымдардың демеушісі, қолдап, қуаттаған жұртшылық болмағандықтан тез жабылып қаландығын ащы сабақ ретінде айтады. "Айқаптың" ғұмырлы болуындағы бар үміт халықта екендігін қадап көрсетеді.



"Айқап" журналы аталу себебі туралы да әр түрлі ой-пікірлер болды. Соның бірі - автор Халиолла Ғабдолжалилов "Айқап мағыналары" деген мақаласында "Айқап" сөзінің үш түрлі мағынасына тоқталады: "Ай, қап - болмай қалған және өкінуі және қараңғы түнді жарық еткен ай, және оның қабы (сауыты), халықты айқап-шайқап аралау" (А-п. 1911, №2). Ал Бақытжан Меңдібеков "Газеталарымыз туралы» атты мақаласында: "Ай, қап! Әттеген-ай, іс өтіп кеткен екен ғой, ел ұйықтап жатқанда, біздің мұндай халде болуымыз деп іске өкіне қойған есім болса керек" (А-п. 1912, №6), - деген екен. Журналдың неге "Айқап" аталандығына толық, тұжырымды жауапты редактор М.Сералиннің бағдарламалық мақаласынан ала аламыз: Біздің қазақтың "Әй, қап" демейтүын қай ісі бар?! Газет шығармақшы болдық, қолымыздан келмеді. Пұлы барларымыз ынтымақтаса алмадық. Пұлы барларымыз ынтымақтассақ та, ақшасыз істің мәні табылмады. "Қап, Пұлдың жоқтығы, қолдың қысқалығы-ай" дедік. Қап ынтымақсыздығымыз-ай" дедік. Болыс, би, ауылнай боламыз деп таластық, қырылыстық. Жеңгеніміз жеңген жағымызда "ендігі сайлауда көрерміз, қап, бәлем-ай" дедік. Осындай біздің қазақтың неше жерде "қап" деп, қапы қалған істері көп. "Қап дегізген қапияда өткен істеріміз көп болғандықтан журналымыз да өкінішімізге ылайық "Айқап" болды" (А-п. 1911, №1). Бұл - тек "Айқап" журналының атының мағынасы ғана емес, оқырманға ой тастап, өткен қателіктерді жібермеуге қайрау, өкінішті болмай, дер кезінде оң шешім табуға жол сілтеу мақсатынан туған. Сонымен "Айқап" журналының жарық көрген кезеңінде қазақ публицистикасы даму кезеңіне көшті. Егер "Түркістан уалаятының газеті" мен "Дала уалаятының газетіндегі" қоғамдық-саяси мақалалар - қазақ публицистикасының қалыптасу кезеңін айғақтаса, "Айқап" журналындағы қаламгерлер шығармалары қазақ публицистикасының даму белесіне көтерілгендігінен көрініс береді. "Айқап" журналының бетінде публицистиканы қалыптастыруға зор үлес қосқан қаламгерлер қатарында "Омскідегі выставка жайынан", "Жұртқа қайтсең жағасың?", "Қазақтың құдалықтарындағы кемшіліктер", "Тағы да жер жайынан" т.б. мақалаларымен көрінген Шаһмардан Әлжанов, "Балмұхамет Ташеновке жауап", "Ұрлық түбі қорлық", "Азып-тозып кетпеске не амал бар?", "Бас қосу", "Съезд туралы келген хаттар", "Тағы да съезд қақында", "Үлгі аларлық іс", "Өсиетнама жазу" т.б. мақалаларымен жиі көрінген Жиһанша Сейдалин, "Верныйдағы көрген-білгендерім", "Дума", "Түркістан шаһарында", "Шымкенттен", "Тоқмақ ауылдары", "Райымжан мырза Марсековпен сөйлескенім", "Ішкі хабарлар", "Әулиеата мен Шымкент арасы", "Шымкент уезінде ас", "Қытай қазақтары жайынан", "Әулие-ата шаһарында" т.б. көптеген хабар, мақалаларды Оңтүстік өңірден үзбей жазып тұрған Мұхаметсәлім Кәшімов, "Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?", "Өлең һәм айтушылар", "Ішкі хабарлар", "Құран бүзан", "Жаңа кітап", "Бұлар кім?", "Бір балуанға қарап", "Кеше түндегі түс, бүгінгі іс", "Көңілді көндіретін тағдыр" т.б. мақала, өлеңдерімен жиі көрінген Сұлтанмахмұт Торайғыров есімдерін ерекше атауға болады. "Айқаптағы" қазақ публицистикасының дамуына Ғаббасов, Молдағали Жолдыбаев, Жақып Ақбаев, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Садуақас Шорманов, Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Райымжан Марсеков, Досмаил Қашқымбайұлы, Мұстақым Малдыбаев, Ғұмар Қарашев, Шәкәрім Құдайбердиев, Ғабдолаз Мұсаалиев, Барлыбек Сыртанов, Көлбай Тоғысов, Әкірам Ғалымов, Жұмағали Тілеулин, Маннан Түранбаев, Жұбакен Тілеуберген т.б. қалам қайратымен көп үлес қосты. Қазақ ақындары Мағжан Жұмабаев, Сәбит Дөнентаев, Қошмұхамет Кемеңгеров, Бірмұхамет Айбасов, Ахмет Мамытов өлеңдерінде де XX ғасыр басындағы қазақ халқы бейнеленеді. Қазақтың біртуар қаламгерлері Бейімбет Майлиннің "Қостанай уезі, Дамбар болысы" атты, Сәкен Сейфуллиннің "Центрально-фельдшерская школа", "Манап" драмасы туралы" атты алашқы тырнақалды мақалалары "Айқап" бетінде жарияланды. Сонымен "Қазақ халқының мәдени өмірінде тұңыш қоғамдық-саяси және әдеби "Айқап" (1911-1915) журналының шығуы елеулі ірі оқиға болды" "Айқап" қазақ публицистикасын қоғамдық ойдың көшбасшысы деңгейіне жеткізген басылым еді.



 

 

Дәріс №10

Quot;Қазақ" газеті

Жоспары:

1. "Казақ" газетінің жарыққа шығуына тікелей ықпал еткен коғамдық-саяси, әлеуметтік-шаруашылық, мәдени-рухани алғышарттар.

2. "Қазақ" газеті - XX ғасырдың басындағы ұлттық энциклопедиялық басылым.

3.Қолжазба "Садақ" журналы.

 

"Қазақ" газетінің тұңғыш рет реформаланған әліпбимен және таза қазақ емлесімен жарык көруі. Газет дизайны мен көркемдік безендірілуі. Газеттің қаржы көзін шешуі және техникалық мүмкіндігі. "Азамат" серіктігін ұйымдастырудың басты себебі. "Қазақ" газетінің материалдық базасы мен шыгармашылық қуат қоры. "Қазақ" газетін цензуралық бақылау. "Қазақ" газеті ћәм редакторы Ахмет Байтұрсьнұлына Орынбор генерал-губернаторлығы тарапынан тағылған кінәлар мен айыппұлдар. Газет басқармасы мен редакторы басына төнген қауіп-қатерлерден құтқаруға қол ұшын берген жеке тұлғалар және рухани демеген оқырман қауымның ықылас - ниеті. "Қазақ" газетіндегі жарнама үлгілері. Газет бетіндегі айдарлар. "Қазақ" газетінің этнонимдік атауды иеленуінің мәні мен маңызы. "Қазақ" газетінің ұлттық белесті оқиғалар мен құбылыстарга көзқарас ұстанымы. А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының редакторлық, журналистік қызметтері. Газет ұйымдастырған "Білім жарысы", "Роман жарысы", "Ұлт денсаулығын қорғау", "Шәкірттерге көмек қоры", "1916 жыл дүрбелеңі", "Босқын қырғыз-қазақка көмек қоры", "Алаш" партиясы мен Алашорда автономиясын құру". "Қазақ байлары арасынан халық ағарту шараларына қаржылай демеу жасайтын ұлт мецанаттарының шығуы","Ұлтгық шекара мен ішкі қауіпсіздігін күзететін ұлттық милиция жасақтау", "ұлттық ақша қорын жинақтау", т.т. игі бастамалардың негізін салды. Газет авторларының белсенділігі. Газет көтерген сан салалы мәселелер. Оның идеялық, саяси бағыты. "Қазақ" газетінің таралымы. "Қазақ" газеті ћәм ұлттық интеллигенция. "Қазақ" газеті бетіндегі пікірталастар мен ғылыми айтыстар.

«Қазақ» газеті және ұлттық тіл мәдениеті. "Қазақ" газеті және ұлттық әдебиет. "Қазақ" газеті және дін мәселесі. "Қазақ" газеті және ұлттық тәрбие. "Қазақ" газеті және империялық жоғары заң шығару. "Қазақ" газеті XX ғасырдың басындағы ұлттық ақыл-ойдың қайнар көзі. "Қазақ" газеті - XX ғасырдың басындағы ұлттық энциклопедиялық басылым.

Қолжазба "Садақ" журналы.Б.Майлин мен Ж.Тілепбергенұлының редакторлық, публицистік қызметтері. "Садақтың" шығарушылары. "Садақтың" қазақ, татар ақындарын тәрбиелеп шығарудағы рөлі. "Садақ" журналының идеялық мазмұны мен бағыты. "Садақ" журналы төңірегіндегі қабырға газеттерінің шығарылуы.

 

Дәріс №11


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!