Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Азақ телевизиясының даму тарихы



1958 жылы 8 наурыз күні.Алматы қаласындағы 4000 шамалы және обылыстағы 100 шақты телевизор алдында жайғасқан жұрт қазақ телевизиясының дикторларымен көгілдір экран арқылы тұңғыш рет дидарласты. Олар көпшілікті республика астанасында телевизия хабарларының басталуымен, ал әйелдер қауымын 8 наурыз мейрамымен құттықтау, жылы лебіз білдірді. Содан соң «Үкімет мүшесі» атты көркем фильм көрсетілді. Қазақстан топырағында телевизия осылайша өмірге келді. Ал, 16 наурыз күні студия өз жұмысын ресми түрде бастады. 15 сәуірден бастап Алматы телевизиясы аптасына бес рет тұрақты хабарлар бере бастады. Жаңа студия коллективіне Москва, Ленинград, Свердловск телестудияларының творчестволық қызметкерлері көп көмек көрсетті.

1958 жылы 16 наурыз күні Өскемен тұрғындары да тұңғыш телевизиялық суретті көру мүмкіндігінде ие болды. Рас, оларға көпке дейін тек кинофильмдер көрумен ғана шектелуге тура келді. Студия әлі техникалық жағынан толық жабдықталмаған болатын. Бар техника кинопленканы көрсетуге қолданылды, ал түсті хабарландырулар кадрден тыс беріліп тұрды. Ал сол жылы 3 желтоқсанда телевизиялық орталық қолдан құрастырған телевизиялық камераның көмегімен экранда ең алаш рет диктор дидары көрсетілді.

Ал Қарағанды қаласындағы тұңғыш телевизия орталығының ашылуы қуанышы шахтерлер мерекесімен үйлес келді. 1958 жылдың 31 тамызындастудия ресми кино программамен эфирге шығып шахтерлердің ерлік еңбегін суреттейтін «Жарқыра жана бер, жұлдызым!»деген көркем фильм көрсетті.

Қазақ теледидарының іргетасын алғашқы қалағандардың бірі, шынайы талант иесі, әрі теледидардың көрнекті теоретиктерінің бірінен саналатын, филология ғылымдарының докторы, профессор, университеттің журналистика факультетінің телевизиялық журналистика кафедрасының меңгерушісі болған Марат Кәрібайұлы Барманқұлов. 1959 жылы Алматы теледидарынан тұңыш рет тікелей репортаждар жүргізді. Алматы ауыр машина жасау зауыты мен құю механикалық зауытының өндіріс цехтарынан жүргізген тікелей репортаждары Қазақ теледидарындағы тың жаңалық болатын.



60 жылдардың басында көршілес туысқан республикалар негізінен кабель, радиореле жүйесін тартуды қолға алса, Қазақстанда ірі өнеркәсіпті аудандарда жеке-жеке телеорталықтар салу кең өріс ала бастады. Бұл ретте жоспарлы құрылыстармен қатар жергілікті шаруашылық орындары, аса ірі кәсіпорындар қаржысына сүйене отырып, қоғамдық негізінде салынған телеорталықтар да болды. Осындай әдіспен салынған әуесқой орталық Жезқазғанда 1959 жылдан жұмыс істей бастады да, 1960 жылы ресми түрде қызметке кірісті.

1961 жылы Петропавл және Ақтөбе телевизия орталықтары пайдалануға берілді. 1964 жылы Орал, Балқаш, Целиноград теливизия орталықтары,1965 жылы Семей, Павлодар телевизия орталығы іске қосылды.

1966 жылдыңбасында республика астанасының тұрғындары Орталық телевизия хабарларын көруге мүмкіндік алды. 1967 жылдың наурыз айында Алматы телевизия студиясы кабель жүйесі арқылы Орталық телевизияға тұңғыш тікелей хабар – Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының көркем өнерпаздар үйірмесінің концертін көрсетті. Ал сол жылы 1 қарашада Қазақ телевизиясының «Отанымыздың бір сағаты» атты циклінің алғашқы хабарында Алматы түбіндегі атом реакторының іске қосылғаны жайлы репортажбен тұңыш рет Евровизия және Интервизияжүйесіне тікелей шықты.



1967 жылы Алматыда«Молния –1»байланыс спутнигі арқылы Орталық телевизия хабарларын көрсететін жер бетіндегі«Орбита» станциясы іске қосылды.

1974 жылдың соңында Қазақ телевизиясы түстітелевизия станциясын алды. Абай атындағы Ленин орденді Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрынан көрсетілген А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсыҚазақ телевизиясының тарихында тұңғыш хабар еді. Сол жылы Алматының ауыр машина жасау заводынан өндірістік тақырыптағы тұңғыш репортаж жүргізілді. Ал 1960 жылдың 1 мамырындаастананың В.И. Ленин атындағы алаңынан Алматы еңбекшілерінің мерекелік демонстрациясы жайлы тікелей репортаж 1961 жылдың сәуіріндеҚазақтың мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының агрономия факультетін бітірушілердің салтанатты кешінен жүргізілді.

1962 – 1963 жылдары Алматыда Орталық телевизия, Киев, Баку, Тбилиси, Қазан, т.б. телестудияларының программалары көрсетілді. Соған орай Алматы телестудиясы да өз программасын Азербайжанда, Грузияда, Татарстанда, Сибирь мен Қиыр Шығыстың біраз қалаларында көрсетті.

1961 жылы «Кеш жарық»деген әдеби цикл бойынша әйгілі адамдардың үйінен жылжымалы телевизия станциясы арқылы репортаждар жүргізіле бастады. Ал сол жылы қыста, әдебиет, өнер, спорт жұлдыздарының өзара емін – еркін, қызылықты әңгімесінен құралған «Телевизиялық кафе»деген бір жарым сағаттық хабарды эфирге шығарды.

20 ғасырғылыми – техникалық революция телевидениенің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Электрондық техникадағы және ғарыштық байланыс жүйесіндегі ғылыми – техникалық прогресс информациясының жаңа бір саласына жол ашты. Теледидардың дамуы радиомен тығыз байланысты. 30-шы жылдары «радиовидение»деген термин қалыптасты.«Радио одан әрі қосымша хабар кезінде студияға үңілу». Телевидение тез қарқынмен дамыды. Ай сайын жаңа бір бағдарламалар өмірге келіп жатты. Одақтас республикалыр теледидардың дамуында 1960 жылы «Кеңес Телевидениесінің одан әрі дамуы»атты қаулының мәні зор болды . Онда «Телевидение бұқарасы күнделікті саяси, мәдени және эстетикалық тәрбиелеуде аса зор мәнге ие» делінген.

1962 жылыКеңестік космовидение өмірге келді. Алғаш рет «Восток-3»және «Восток-4»космос кораблімен бірінші байланыс жасалды. Қазақ теледидарының «алтын ғасырына»баланған 70-90 шы жылдар шын мәнінде көгілдір айнамыздың жан-жақты кемелденіп, толыса – толығып, биіктеген кезеңі болатын. Сол бір жылдары 13 Бас редакция жыл сайын түрлі салаларға арнап 130-150 циклді бағдарламалар жасап отырды. Жетпісінші жылдардың басындаы «Алматы достарын күтеді», «Біз таланттар іздейміз», «Жолдас фестиваль», сексенінші жылдардағы «Тамаша», «Айтыс», «Азия дауысы», «Парыз бен қарыз»секілді ток-думанды бағдарламалар теледидардың техникалық және шығармашылық мүмкіндігінің толысып, толғандығының дәлелі.

Телевизияның пайда болуы радио және киномен тығыз байланысты. 1907 жылыПетербурдегі технологиялық институттың профессоры Б. Розингсуретті алыс қашықтыққа жеткізу үшін электрондық сәулелер трупканы қолдануды ұсынады. Кейін орыс ғалымы өз ұсынысын іс жүзіне, алыс қашықтыққа бейне жеткізетін бірінші хабарды жасады. 20 – 30 жылдарықашықтыққа бейне жеткізу жұмыстары қызу жүріп жатты. Бірақ көрермендер саны аз болды. Телевидениенің жайылуы тек соғыстан кейінгі кезеңде жүзеге асты. Ал шет ел мемлекеттерінде Англияда, АҚШ-та, 1947-1968 жылдарыаралығында телевизия барлық жерде тарады. 50 жылдардың ортасында Швеция, Бельгия, Италияда телевидение кеш дамыды, бірақ 60 жылдардың соңынатаман Кеңес одағында 55 миллион теледидарболды, ал80 жылдары 100 жанұяның 93-індетеледидарлары болды.

Осыдан он жыл бұрын Қазақстан телевизиясы қандай еді. Қазір қандай? Өткен жылдармен салыстыратын болсақ, көп өзгешелікті байқаймыз. Қазіргі кезде БАҚ, оның ішінде электронды ақпарат құралдарының ауқымы кеңейіп, жаңаша даму жолына түсе бастады. Бүгінде телехабарлар жерден, жердің астынан, судың астынан, ауадан және ғарыштан да түсіріліп көрерменге ұсыныла бастады. Тіпті телевизия көзі адам көрместі де көретін болды. Бұл дегеніміз бүгінгі телевизияның құдіреттілігін көрсетеді. Әлем телевизиясының осы мүмкіндіктері, жаңалықтары көп күттірмей біздің еліміздің телевизиясынан да орын алды.

Телеарналарымыздың басым көпшілігі ақпараттық хабар таратумен айналысып келеді. Ақпараттық хабардың заставкасынан (хабардың мәнін ашатын бейне) бастап, белгіленген уақыт көлеміне дейінгі жүргізілімбарысы салмақты түрде нақты да шұғыл жаңалық берумен көрермендерін бірден баурап алуы тиіс.

«Қазақстан» телеарнасы, «Хабар» агенттігі, «КТК», «31-арна»т.б. телеарналар ақпарат тарату ісіне белсене араласып келеді.

Бүгінде Қазақстан телевизиясын ақпараттық хабарларынсыз елестету мүкін емес. Десек те, құрылғалы бері бір де бір ақпараттық хабар жасай алмай отырған телеарналардың көрсетілімдеріне үңіліп көрсек. Күнделікті келіп түскен ақпараттан хабардар ететін жаңалықтар қызметі бар болғанымен арнайы журналисттік зерттеу жасалынған ақпарат талдау, сараптау бағдарламалар жоқтың қасы. Қазіргі кезде республика журналистикасының алдындағы маңызды міндеттердің бірі – халықаралық деңгейге жету және әлемдік ақпарат кеңістігінен өз орнымызды табу болып отыр. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін әлемдік ақпарат үлгілерінің тәжірбиесін оқып – үйрену қажеттілігі туындайды. Әлемдік ақпараттарды қаз-қалпында «Рейтер», ЮПИ,АПсияқты агенттіктерден алып, «Америка дауысы»,»БИ-БИ-СИ», «Азаттық»сияқты халықаралық радиоларды кез келген уақытта тыңдауға мүмкіндік келді. Ал, спутниктік, кабельді теледидарды көру нәтижесінде «Әлемдік деревняның» бір мүшесіне айналдық. Оның үстіне «Итернет» жүйесі ақпарат алуға жаңа мүмкіндіктер берді.

 

Дәріс №7


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!