Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Азіргі баспасөз ақпарат құралдарының жүйесі



Баспасөздің қалыптасу тарихы туралы деректерге қаныға отырып, ол жөнінде қызықты дәлелдер келтіру студенттердің танымын аша түседі, яғни ақпарат құрамдарының тарихи атаулары төңірегінде әңгіме қозғалып, жалпы баспасөз ұғымын анықтайды. Баспа ісі деген не? Алғашқы газеттер мен журналдар, аймақтық басылымдар қашан, қалай пайда болады? – деген сауалдарға түсініктеме беріледі. Бүгінгі күнге дейінгі тарихи оқиғалардың ақпарат ағынымен жеткізіліп, тұтас бір дәуірдің қоғамдық мәнін зерттеудегі мақсаты айтылады.

Тәуелсіздік тұғырына көтерілген еліміздің қазіргі таңдағы баспасөз ақпарат құралдары негізгі күшке айналады. Дүниежүзілік интеграцияға енген қазақстан баспасөзі - әлемдік ортаға тартылып, ақпарат алу, беру мүмкіндігіне, жаңа технологиялық игіліктерге қол жеткізді. Осы турасында теориялық тұжырымдар жасалып, студенттерге бағыт беріледі.

Егемендік алып республикамыздың саяси – экономикалық, мәдени - әлеуметтік құрылымдары әлемдік интеграцияға қосылды.

Бұл жағдай көптеген жаңа ұғымдардың қалыптасуына ықпал етті. Жаңа технологиялық игіліктерді меңгеру баспасөз ақпарат құралдарында жетекші рөлге айналды. Мәдени ақпараттық қатынастың әлемдік деңгейіне көтерілу мақсаты көзделді. Ол сапалық деңгейдің өлшемімен кешенді шаралардың инфрақұрылымдық жүйесін талап етті. Техникалық жарақтандырылу дүниежүзілік тәжіриебенің стандартына лайықталды. Бұл прогресс баспасөз ақпарат құралдарында қозғаушы күшке айналды. Бәсекелестік өсіп, ақпарат ағымына интернет пен компьютерлік қуатты, цифрлы қатынасты әкелді. Атап айтқанда әртүрлі қатынастар жиынтығы журналистиканы әр қырынан сапалық үлесіне ықпал жасады. Баспа ісімен шұғылданатын мамандарды, зерттеуші ғылымдарды журналистиканың әлемдік орнын қоғамдық негізде айқындауына жетеледі. Теориялық тұжырым, практикалық нышанда көрініс бере отырып, кәсібиленген баспа инфрақұрылымдары дүниеге келді. Жаңа талаптарға лайық боларлық ақпараттық технологиялар әлемдік ортаға кірді. Бұл журналистика саласында анық аңғарылды. Көптеген қайшылықтарға тап бола отырып, журналистика жаңа өркениет, тың құндылықтарды игерді.



Жалпы баспасөз ақпарат құралдарына үгіт-насихат жүргізетін бұқаралық басылымдар жүйесі жатады. Айталық, газет, журнал, телевизия, радио, интернет, кітап баспалары, т.б.

Басты мақсат – адамзатты тәрбиелеу, оқу-білімге, еңбек етуге, өмір сүруге, қоғамды сақтау, жақсыны ардақтау, ұлтық құндылықты құрметтеу, т.б.

Кезінде В.И.Ленин: журнал насихат жөнінде, ал газет көбінесе үгіт жөнінде қызмет атқаруға тиіс – деді.

Газет – мерзімді баспасөз. Газет деген сөз Венецияның ( Италияның қаласы) ескі күміс монеті ( тиын ) «Гадзетта» деген сөзден қалыптасып кеткен. Демек газеттің тарихы XVI ғасырдан басталады. Россияда қолжазба «Куранты» - 1621ж. «Ведомости» - 1702ж, яғни, «Ресейде газеттің шығу тарихы – XVII –дан басталады.



Газет – мерзімді басылым. Онда елдің қоғамдық – саяси, экономикалық, мәдени тұрмыстық, өндірістік оқиғалар мен өмір құбылыстары, фактілері жедел хабарланады.

Газеттер – орталық, республикалық, өлкелік, облыстық, қалалық, аудандық болып бөлінеді. Форматы мен көлемі де ерекшеленіп тұрады.

Кезінде Рессейдің орталық газеттері болды. Олар – «Правда», «Известия», «Советская Россия», «Красная звезда», «Комсомольская правда», «Труд».

1 «Правда» - 1912ж. 5 майда Петербургта шықты, идеялық жетекшісі В.И.Ленин болды.

2«Известия» - 1917 жылы шықты.

3«Комсомольскя правда» - 1925 жылы 24 майдан шықты.

4«Труд» - ВЦСПС – тың органы 1921 жылы шықты.

Қазақ баспасөзі XIX асырдың екінші жартысында, яғни Қазақстанның Россияға қосылуының нәтижесінде пайда болды. Оның тарихы әлі толық зерттеліп, бір жүйеге келтірілген жоқ.

Қазақ баспа сөзінің бағыт – бағдарына алғаш дұрыс баға бергендердің бірі Тұрар Рысқұлов болды.

1926 жылы Т.Рысқұлов «Еңбекші қазақтың» редакторы болып тұрған кезінде жазған «Баспасөздің мәнісі» атты мақаласында прогрестік, демократиялық дәстүр жағынан қарағанда..., біздің қазіргі баспасөзіміз жұмысшы табының, еңбекші бұқараның мұңшысы. Айырмашылықтың үлкені, міне – осында деп жазды. ( Еңбекші қазақ №103. 17 май 1926 )

Қазақ публицистикасының негізін салушылар:

1. Шоқан Уәлиханов

2. Ыбырай Алтынсарин

3. Абай Құнанбаев – ағартушы демократ, зерттеуші, ғалым, ұстаздар.

1870 – 1882 «Түркістан уалаяты» 1888 – 1902 «Дала уалаяты» қазақ баспасөзі тарихының алғашқы беташары. Олар Қазақстанда капиталистік қатынастарды орнықтыруға қызмет еткенімен, қазақтың тілі мен жазба әдебиетін қалыптастыруда, ұлтық мәдениеті мен экономиканың тарихын жазу жөнінде үлкен рөль атқарды.

«Түркістан уалаяты» ( 1870 – 1882 ) генерал - губернатордың ресми органы болғанымен Орта Азия халық-ң ұлттық этросы. Архиологиясы, географиясын жазды. Оған ғалымдар – Остроумов, Ибрагимов, Бартольд қатыстырылды.

«Дала уалаяты» 1888 – 1902

1882 жылы Дала генерал – губернаторы құрылып, оның құрамына Ақмола, Семей, Жетісу облстары енгізілді.

Жергілікті халықты үкімет бұйрықтармен таныстыру және басқа мақсатта ашылғанымен ұлттық мүдде де көзделді. Қазақстанның бүкіл территориясына тарады. Абай, Ыбырай, Шоқан прогресшіл интеллигент ретінде шаруашылықты жаңаша жүргізуге шақырды.

Қазақтың демократиялық баспасөзі ( 1911 – 1915 )

Революцияның өрлеуіне орай большевиктік бағыттағы басылымдар.

Орда мен Оралда «Қазақстан» газеті (1911 – 1913 ) Тройцкіде «Айқап» журналы ( 1911 – 1915 ) басылып тұрды.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!