Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Дәрістің күнтізбелік - тақырыптық жоспары



 

Тараулар бойынша дәріс тақырыптары Са. Саны Апта Әдебиет
«Журналист және қоғам»Журналистиканың қазіргі жай-күйі, құрылымы және проблемалары. Журналистика әлеуметтік басқарудың құралы. «Журналистика», «Публицистика», «Бұқаралық ақпарат құралдары» атауларының мазмұны 1,2,3,4, 5.  
«Журналистің негізгі құралы - тіл»Жалпы түсінік. Ақпараттың түрлері. Бұқаралық ақпараттың мәні және негізгі ерекшеліктері. 1,2,3,4, 5. Қосымша:
Журналистика – қоғамдық-саяси және ақпараттық қызметтің саласы Қазіргі журналистиканың қоғамдағы рөлі. ҚР «БАҚ туралы Заңы». Қазақстандағы журналистика ғылымының мектебі. 1,2,3,4, 5. Қосымша:
Журналистика және Интернет туралы ұғым Интернет студенттердің танымын аша түседі, яғни ақпарат құрамдарының тарихи атаулары төңірегінде әңгіме қозғалып, жалпы баспасөз ұғымын анықтайды. Интернет тиімділігі. 1,2,3,4, 5. Қосымша:
Қазіргі баспасөз ақпарат құралдарының жүйесі Баспасөздің қалыптасу тарихы. Тәуелсіздік кезіндегі баспасөз. Қазақ публицистикасының негізін салушылар. 1,2,3,4, 5. Қосымша:
Қазақ телевизиясының даму тарихы Қазақ телевизиясының өмірге келуі және қалыптасу жолдары.   1,2,3,4, 5. Қосымша: 24
1905-1907 жылдардағы қазақ баспасөзі. «Пікір» газеті. Оның қоғамдағы рөлі. «Қазақ» газетінің шығарушылары, баспасөз маңызы 1,2,3,4, 5.  
Стилистика және редакциялау Болашақ журналистерді дайындауда стилистика мен редакциялауды үйретудің маңызы 1,2,3,4, 5. Қосымша:
«Айқап» журналы және оның идеялық бағыты Қазақ публицистикасының қалыптасуында "Айқап" журналы үлкен орын алады. 1911-1915 жылдары тұрақты түрде шығарылып, қазақ елінің түкпір-түкпіріне таралған тұңыш журнал XX ғасыр басындаы тарихи қайшылығы мол күрделі кезеңнің айнасы бола білді. 6,7 1,2,3,4, 5. Қосымша:
"Қазақ" газеті "Казақ" газетінің жарыққа шығуына тікелей ықпал еткен коғамдық-саяси, әлеуметтік-шаруашылық, мәдени-рухани алғышарттар. "Қазақ" газеті - XX ғасырдың басындағы ұлттық энциклопедиялық басылым.     1,2,3,4, 5. Қосымша:
  "Қазақ" газетінің тұңғыш рет реформаланған әліпбимен және таза қазақ емлесімен жарык көруі. Газет дизайны мен көркемдік безендірілуі. Газеттің қаржы көзін шешуі және техникалық мүмкіндігі. "Азамат" серіктігін ұйымдастырудың басты себебі.   1,2,3,4, 5. Қосымша:
БАҚ-ты тарату немесе журналистік этиканың бұзылуы БАҚ-ты таратуды меншік иесінің шешімі бойынша оның өзі не шарт негізінде немесе өзге де заңды негіздерде редакция,баспагер сондай-ақ ұйымдар мен азаматтары жүзеге асырады, эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада, соған арнап әдейі бөлінген тұрақты үй-жайларда сатуға жол берілді   1,2,3,4, 5. Қосымша:
         
Журналистің құқықтары мен міндеттері Журналист ақпаратты іздестіруді жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға құқылы. Журналист мемлекеттік органдара, барлық меншік нысанындаы ұйымдарға баруына және өзінің қызмет бабындағы міндеттерін жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдардың қабылдауында болуға, жабық шара өткізу туралы шешім қабылдағаннан басқа жағдайда өзін тіркеген орган өткізетін барлық шаралара қатысуға құқылы  
Авторлық құқық Авторлық құқық мақсаты, мазмұнына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет, өнер және публицистика туындыларына қолданылады. Авторлық құқық объектісі: 1. Жазбаша болуы мүмкін 2. Ауызша-бұл көпшілік алдында айтылатын сөз 3. Үнжазба немесе бейнежазба  
  Ал нақты атағанда мынадай туындылар авторлық құқық объектілері болады. Әдеби туындылар, сценарийлер, дыбыс-бейнежазу туындылары, соның ішінде телетуындылар. Сонымен бірге туынды шығармалар, мәселен аудармалар мен өңделген дүниелер    
Қазақстан Конституциясы және БАҚ пен этика ҚР Конституциясында БАҚ-қа, журналистикаға қатысты тұжырымдар бар. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.  
  Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, этика, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуа құқығы бар. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі.Цензураға тыйым салынады. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді.    
Қазақстандағы "Кіші Октябрь" жылдарынан кейінгі қалпына келтіру кезеңіндегі мерзімді баспасөз Жоспары: 1."Қазақ әдебиеті" (1934-1938 жылдар) газеті, онда қызмет істеген публицистер. 2. Жүсіпбек Аймауытовтың публицистік қызметі.  
Қазақстандағы жаппай репрессия жылдарын- дағы және екішпі дүниежүзілік соғыс жылдар- ындағы мерзімді баспасөз (1937-1941 жылдар) Жоспары: 1. Республикалық "Лениншіл жас", "Социалистік Қазақстан", "Қазақ әдебиеті", т.т. газеттер. 2. Бейімбет Майлиннің публицистік қызметі.  
  Барлығы    

 





"Қазақ тілі" - төңкеріс жолындағы езілген таптың, әсіресе әйелдің еркін жақтайтын газет. "Кедей сөзі" жолдасымыз әйелдің еркіне қиғаш қараса, өзі біледі" (ҚТ. 1921, 31 желтоқсан, №112), - деп сына сынмен жауап береді, полемизмге барады, өз газеті ұстанып отырған бағыттың дұрыстығын дәлелдейді, қазақ әйелінің теңдік алуы үшін газет те үлес қосу керектігіне назар аударады.

1920 жылы 16 қарашада "Ұшқынның" орнына РКП(б) облыстық бюросы мен Қазақстан Советтерінің Орталық Атқару комитетінің органы болып "Еңбек туы" газеті шыға бастайды. Жүсіпбек сол газеттің редакция алқасының құрамына Орынборға шақырылады. Өзінің осы газетте жарық көрген "Жастар кім?" атты мақаласында қазақ жастарының жікшілдіктен аулақ болып, ең алдымен ұлтқа адал қызмет ету керектігін түсіндіреді. Жастарға Сұлтанмахмұт Торайғыровты үлгі етеді.

 

Дәріс №16

Қазақстандағы жаппай репрессия және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы мерзімді баспасөз (1937-1941 жылдар)

Жоспары:

1. Республикалық "Лениншіл жас", "Социалистік Қазақстан", "Қазақ әдебиеті" т.б. газеттер.

2. Бейімбет Майлиннің публицистік қызметі.

 

1917 жылдың "жекелеген ауыртпалықтары", 60 мыңнан астам қазақтың сталиндік репрессияның құрбандығына ұшырап, 1937-1938 жылдар аралығында олардың республикалық қазақша-орысша жариялынымдарда идеологиялық қысыммен нақақтан-нақақ «Ұлтшыл» деп айыпталуы. Республикалық "Лениншіл жас", "Социалистік Қазақстан", "Қазақ әдебиеті", т.б. газеттерде қуғын-сүргінге байланысты ұйымдастырылған науқандық айыптаушылық -тың себептері.

Өз шығармашылығын "Айқап", қолжазба "Садақ" журналындағы, "Қазақ", "Алаш", "Бірлік туы", "Сарыарқа", "Жас азамат" газеттерінде жарияланған мақала, хабар, корреспонденциялардан бастаған Б.Майлин-публицистің шеберлігі мен еңбекқорлығы, әсіресе, кеңестік кездегі басылымдар беттерінде жарқырап көрінді. Оның "Еңбекшіл қазақ", "Ауыл", "Ақ жол", "Еңбекші қазақ", "Сыр бойы", "Әйел теңдігі", "Ауыл тілі", "Лениншіл жас", "Жаңа арна", "Жұмыскер тілі", "Жаршы", "Қазақ әдебиеті", "Әдебиет майданы", "Социалды Қазақстан", "Қарағанды пролетариаты", "Оңтүстік Қазақстан" басылымдарында шығармаларының жарық көруінің өзі Ілияс Жансүгіров айтқандай: "Жазғанының көптігі мен көркемдігімен де Бейімбет алда келеді", - деген сөздің шын дәлелі іспеттес.

Бейімбет Майлин өзінің әрі көп, әрі саналы, әрі ықшам, сан алуан түр, пішін қолданып, көптеген шеберлік тәсілдерін пайдаланып жазғандығымен де қазақ публицистикасын биік белеске көтеріп кетті. Бейімбеттің публицистикалық мұрасын негізгі төрт топқа бөліп қарастырған жөн:

· Қоғамдық өмірдің көлеңкелі жақтарын сынайтын фельетондары, оқшаулары мен сын мақалалары;

· Кеңестік кезеңде орын алған өзекті мәселелерге арналған проблемалық мақалалары;

· Қазақстанның өндіріс орындарынан жазған очерктері;

· Әдебиет мәселесіне арналған сын, рецензиялары, хаттары.

Қазақ публицистикасында фельетон "оқшау" түрінде пайда болғанын айта кетуіміз керек. Бүл туралы Т.Нұртазин: "Оқшау" деген сөз революциядан бұрын "Қазақ" газетінде әдеби салтқа енген. Ондай әдіспен тек қана фельетон емес, (әрине, көбінесе фельетон солай аталған), оқиғасы өткір, кенеттен болғандай боп келетін сюжетті шығармалар атала берген.

 

Осымша әдебиеттер

1. Еспембетов А. Сұлтанмахмұт 1992

4. Нұрғалиев Р. Ахмет Байтұрсынов А., 1991

3. Сәтбаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев А., 1990

4. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. Астана: Фолиант, 2002.-474бет.

5. Омашев Н. О. Жол үстінде -журналист. Алматы.-1992ж.

6.Жақып Б. Мұхтар Әуезов – публицист.— Алматы: Ана тілі. 1997ж

7. Қисымов С.Қазақ публицистикасының зерттелуі: ізденістер, проблемалар. Автореферат. (ф..к.) Алматы, 1998ж.

8. Байменшин С. Е. Б. Майлиннің журналистік шығармашылығы. Автореферат. (ф..к.) Алматы, 1995ж.

9. Байтұрсынов А. Шығармалары 5 томдық. А., Алаш.-2003-2006жж.

10.Дулатов М. Шығармалары 5 томдық. А., 1991ж.

11. Көпеев М. Шығармалары Көп томдық А., 1992ж.

12.Байали Шолпан. Қазақ журналистикасы тарихы пәнінен лекция курсы. Павлодар.-2008ж.

13. Кенжебеков Б., Қожекеев т. Қазақ баспасөзінің тарихынан. Алматы.-1962ж.

14. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері, Алматы:- 1981ж.

15.Журналист анықтамалығы. Алматы.-1978ж.

16. Қазақ баспасөз тарихы. Алматы.-1984ж.

17. Садықұлы С. Қоғам және журналистика. Астана.-Елорда, 2000ж.

18. Амондосов Т. Журналист және өмір. Алматы.-1967ж.

19. Құдайбердиев Ш. Шығармалары А., 1991

20. Сералин М. Топжарған А., 1985

21. Торайғыров С. Шығармалары 2 томдық А., 1993

22. Публицистика – дәуір үні. Алматы.-1994ж.

23.Абай. Энциклопедия. — Алматы: "Қазақ энциклопедиясының" Бас редакциясы, "Атамұра", 1995ж.

24."Айқап". Құрастырушылар: І.Субханбердина, С.Дәуітов. Алматы, 1995ж. 25.Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. — Алматы: Ғылым, 1971ж.

26.Бөкейханов Ә. Шығармалар. 3 томдық. — Алматы: Білім, 1995, 1996 ж.

27.."Дала уалаятының газеті" (1888-1894). Құраст. І.Субханбердина. Алматы: Ғылым, 1989ж.

28."Дала уалаятының газеті" (1895-1898). Құраст. І.Субханбердина. — Алматы: Ғылым, 1990ж.

29."Дала уалаятыныд газеті" (1899—1902). Құраст. І.Сүбханбердина. —Алматы: Ғылым, 1992ж.

30.Досмұхамедұлы X. Таңдамалы (Избранное). — Алматьг Ана тілі 1998г.

31.Жұртбаев Т. Талқы. — Алматы: Қазақстан, 1997;

32.Жүргенов Т. Таңдамалы. Избранное. — Алматы: Арыс, 2001;

33."Қазақ" газеті. Құрастырушылар: І.Субханбердина, С.Дөуітов

Қ.Сақов. Алматы, 1998ж.

34.Қожакеев Т. Жыл құстары. А., 1981ж.

35.Қожакесв Т. Көксеңгірлер. А., 1992ж.

36.Қозыбаев С. Аудитория весь Казахстан: Очерки истории

журналистики. — Алма-Ата: Мектеп, 1984г.

37.Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагері. Ж. Ақбаевтың саяси-құқылық көзқарастары. — Алматы: Жеті жарғы, 1996ж.

38.Мәрсекұлы Р. Қазақ қайда бара жатыр? — Алматы: Арыс, 2001ж.

39.Нұрғали Р. Әуезов және Алаш. Әдебиеттегі ұлттық рух.— Алматы: Санат, 1997ж. — 432 бет;

40.Нұрпейісов К., Құлкенов М, Хабижанов Б., Мектепов А. Халел

41.Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы. - Алматы:

Санат, 1996.- 176 бет.

42.Шәріпов А. Сұлтанбск Қожанұлы - әдсбиетші. Алматы: Ер-Дәулет Қазақстан, 1994ж.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!