Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Шетел элементімен күрделенген азаматтық-құқықтық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері



Негізгі ұғымдар: халықаралық жеке құқық, халықаралық жеке құқықтың пәні, құқық жүйесі, реттеу әдісі, шетел элементі, құқық саласы, коллизия, материалдық-құқықтық әдіс.

1.Халқаралық жеке құқық ол шетел элементінің қатысуынан болатын азаматтық құқықтық қатынастарды ретттейтін нормалар жиынтығы. Халқаралық жеке құқықтың мақсаты - әр түрлі елдердің фирмаларымен ұйымдардың арасындағы іскерлік байланыстарды құқықтық реттеу болып табылады. Халқаралық құқықтағы сияқты, халқаралық жеке құқықта да жалпы қоғамдық мүдде мен жеке тұлғалардың мүдделері толығымен ескерлуге жатады.

Оның негізін қалаушы американдық зерттеуші Жозеф Сторн аталды. 1834 жылы оның «Заңдар палезиясының камементарий деген» кітабында алғаш рет халқаралық жеке құқық термині қолданылған болатын, халқаралық жеке құқық келесі сипатта болды.

1. Жеке сипатта – мемлекет деңгейінде емес, жеке құқықтық сипатта болды

2. Халқаралық сипатта – бір мемлекет көлемінде емес бір неше мемлекеттер арасында болады.

Халқаралық жеке құқықты халқаралық жария құқықтан ерекшелейтін 3-ші белгісін атап өтуге болады. Ол оның қайнар көздерінде.

Халқаралық шарттар халқаралық жария құқықта қатынастарды реттеудің негізгі қайнар көзі болып табылады. Халқаралық жеке құқықта да, халқаралық шарттардың алатын орны, ерекше бірақ олардың ережелері кейбір мемлекеттердің заңнамасына сәйкес келсе, кейбір мемлекеттің заңнамасына сәйкес келмейді.

Халықаралық жеке құқығымызды орынды ішкі сипаттағы заңнама, сот және арбитраж тәжірибесі алады.



Мемелекеттер арсаында өзара қарым-қатынаста көрінуі, олардың халықаралық құқық нормалары мен егемендік құқығын сақтауынан көрінеді. Олар кез келген қоғам өмірінде ерекше роль атқарады және халықаралық өара қарым қатынасты реттейді, өсіп дамуына әсерін тигізеді. Ол қатынастар халықаралық құқықтық норманың мазмұнын анықтайды.

Халықаралық қарым-қатынас, халықаралық жүйеде тар мағынада мынаны көрстеді:

-мемелекет және мемелекетке ұқсас құрылымдар.

-мемелекет құрылымы жолында өзінің тәуелсіздігі үшін күресіп жүрген халықтар және ұлттар.

-халықаралық қоғамдар.

-мемелекеттердің бірігуі, бөлінуі және олардың арасындағы байланыстар.

Халықаралық қатынас жүйесінің негізгі белгісі:

1.Мемелекеттің халықаралық жүйенің бір бөлігі болып табылатындығы.

2.Халықаралық жүйеден тыс та өмір сүре алуы.

Халықаралық құқық саяси, экономиклық және мемелекеттер арасындағы басқа да қарым қатынасты, оған қатынасушы басқа да құрылымдарды реттейтін құқық болып табылады. Халықаралық өзара қарым-қатынастарды реттейтін, мемелекеттердің келісім еркін білдіретін келісім және жәй нормалар, қағидалар жүйесінен тұрады. Ол халықаралық құқықты сақтау және оның белгіленген шегі мен үлгісі көлемінде жеке және алқалы өлшеммен қамтамасыз етіледі.Мемелекеттердің қатынасын орнықтырады және қамтамасыз етеді.



2. Халықаралық жеке құқық – халықаралық сауда экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықтың дамуымен тығыз байланысты. Жаңа ұйымдастырушылық нысандардың халықаралық іскерлік ынтымақтастықтың әртүрлі салаларда дамуы және халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы нәтижесінде осы ынтымақтастықтарды құқықтық реттейтін халықаралық жеке құқық нормалары негізгі рөл атқарады.

Жеке және заңды тұлғалардың өзінің мемлекеттік шекаралары шегінен тыс жерлерде азаматтық құқықтық қатынастарын реттеу халықаралық жеке құқық аясына кіреді. Халықаралық жеке құқық жеке және заңды тұлғалар субъектісі болып табылатын жай мүліктік қатынастарды емес халықаралық құқық аясындағы қатынастарды реттейді. Халықаралық жеке құқықпен реттелетін қатынастардың негізгі екі тобы бар:

а) халықаралық экономикалық, шаруашылық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстар;

ә) шетел азаматтары қатысушысы болып табылатын – мүліктік, еңбектік, отбасылық және өзге де қатынастар.

Қатынастардың 2-ші тобы 1-мен тығыз байланысты, себебі әртүрлі салаларда ынтымақтастықтың дамуы шетелдіктердің құқықтарын құқықтық реттеуге тікелей ықпал етеді.

Бір мемлекет шегінде азаматтық құқықтық нормалармен реттелетін қатынастар халықаралық сипатта болған жағдайда тиісті қатынастар халықаралық жеке құқық пәнінің құрамына кіреді. Осыдан халықаралық жеке құқықтың пәнін құрайтын қатынастарды сипаттайтын екі белгіні көруге болады: біріншіден, қатынастар халықаралық сипатта, екіншіден, азаматтық құқықтық сипатта болуы қажет. Тек осы екі белгінің қатар кездесуі халықаралық жеке құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды өзге қатынастардан ажыратуға мүмкіндік береді. Халықаралық жеке құқықтың пәні - халықаралық аяда туындайтын азаматтық сипаттағы құқықтық қатынастар болып табылады. Халықаралық жеке құқықтың спецификасы құқықтық жүйелердің ерекшеліктерін ескере әрі сақтай отырып коллизиялық нормалардың көмегімен тиісті жағдайларда қолданылатын құқықты анықтауға бағытталған.

3. Халықаралық жеке құқық халықаралық жария құқықпен тығыз байланысты. Халықаралық жария құқық – жеке құқықтық жүйе ретінде қарастырылса, ХЖҚ билік етуші концепцияға сәйкес әрбір мемлекеттің ішкі құқықтық жүйесінің негізгі бөлігі болып саналады. Әртүрлі салаларды халықаралық ынтымақтастықты дамытуға құқықтық жағдай жасау халықаралық жария құқық және ХЖҚ нормаларының мақсаты болып табылады. Екеуі де бір мемлкет шегінен шығатын халықаралық қатынастарды реттегенімен, ХЖҚ жария құқықтық емес жеке құқықтық қатынастарды реттейді. ХЖҚ халықаралық жария құқықтан келесі айырмашылықтарымен ерекшеленеді:

1-ден, реттелетін қатынастардың мазмұнана байланысты. Халықаралық жария құқықта мемлекеттердің саяси қатынастары негізгі орын алады. Халықаралық сауданың құқықтық мәселелері және экономикалық ынтымақтастықты реттеудің мәселелері халықаралық жария құқықта халықаралық экономикалық құқықтың қалыптасуына ықпал етті. Алайда, онымен реттелетін қатынастар азаматтық құқықтық емес мемлекетаралық сипатта. Ал, ХЖҚ-пен халықаралық сипаттағы жеке құқықтық қатынастардың ерекше тобы реттеледі.

2-ден, реттелетін қатынастардың субъектілеріне байланысты. Халықаралық жария құқықтың субъектілеріне – мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, тәуелсіз қалалар, өз тәуелсіздігіне күресуші ұлттар мен халықтар жатады. Ал, ХЖҚ субъектілеріне - жеке және заңды тұлғалар жатады. Мемлекет тек бір жағдайда ғана – егер оның контрагенті шетелдік жеке және заңды тұлғалар болса халықаралық жеке құқықтың субъектісі бола алады.

3-ден, қайнар көздеріне байланысты. Халықаралық жария құқықта қатынастарды реттеуде – халықаралық шарттар негізгі рөл атқарады. ХЖҚ-та халықаралық шарттар көп жағдайларда тиісті мемлекетпен санкцияланған уақытта ғана қолданылатын болғандықтан ұлттық заңнама негізгі қайнар көз ретінде қарастырылады.

Жалпы алғанда халықаралық жария құқық пен ХЖҚ-тың бастаулары біртұтас және олар халықаралық ынтымақтастықтың дамуына қызмет етеді.

4.Отандық доктринаға сәйкес ХЖҚ нормалары шетелдік элементі бар азаматтық құқықтық, отбасылық және еңбек қатынастарын реттейді. Азаматтық құқықтық қатынастар олардың құрамында шетелдік элемент болған уақытта халықаралық сипатқа ие болады. Шетелдік элементтер үш топқа бөлінеді:

1. субъект; 2. объект; 3. заңды факт.

Субъектісне қатысты – шетелдік жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар құқықтық қатынастардың қатысушысы болған жағдайда шетелдік элемент орын алады. Объектісіне байланысты құқықтық қатынас - мүлік шетелде болған жағдайда туындайды. Шетелдік элементтің үшінші тобы азаматтық құқықтық қатынастар пайда болатын, өзгеретін немесе тоқтатылатын заңды факт шетел аумағында орын алған жағдайда қатынастар халықаралық сипатта болады.

Халықаралық жеке құқықтың тарихи негізін коллизиялық нормалар құрайды. ХЖҚ нормалары белгілі-бір мәселелерді шешудің тікелей жолын көрсетпей, қолданылуға жататын заңнаманы көрсететін болғандықтан шетел элементімен күрделенген азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде коллизиялық нормалар қолданылады. Коллизиялық нормалар ХЖҚ саласына кіретін күрделі нормалар. Әрбір мемлекетпен қолданылатын мұндай нормалар коллизиялық құқықты құрайды. Отандық доктрина ХЖҚ-ты коллизиялық құқық құрамына кіргізбейді. Себебі, коллизиялық құқық ХЖҚ-тың күрделі әрі маңызды бөлімі болғанымен коллизиялық сұрақтармен ХЖҚ-тың мазмұны толық ашылмайды. ХЖҚ аясына шетелдік элементі бар азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормаларды кіргізу қажет. Өйткені реттеу әдісі емес реттеу пәні, қатынастардың сипаты нақтыланатын маңызға ие. Шетелдік элементі бар қатынастарды реттеудің екі әдісі бар:

► материалдық құқықтық әдіс;

► коллизиялық әдіс.

Коллизиялық нормаларға жүгінусіз материалдық нормаларды тікелей қолдану жүзеге асырылатын – материалдық құқықтық әдіс тиімді болып саналады. Коллизиялық әдіс – құқықтық жүйелер арасындағы келіспеушілікті жоюға бағытталған. Бұл әдіс құқықтық қатынасты материалдық құқықтық әдісті қолдану арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда қолданылады.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!