Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Халықаралық ұйымдардың дипломатиялық құқықтары



Халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерді тек нақты халықаралық ұйымдардың мүшелері ғана құрады. Мүше емес мемлекеттер, егер де бұл осы ұйымның ережесі бойынша рұқсат етілген болса, тұрақты байқаушылар миссияларын құрулары мүмкін.

БҰҰ мүше-мемлекеттердің осы ұйымдардағы өкілдіктері қызмет етеді. Мемлекеттер халықаралық ұйыммен байланыс жасау үшін, осы ұйымдардың істері туралы хабардар болып отыру үшін, оның көмегімен өзінің мүдделерін қорғау үшін құрады.

Тұрақты өкілдіктер мен миссиялардың, олардың қызметкерлері нақты артықшылықтар мен қорғаншылықтарды пайдаланады және олардың дипломатиялық артықшылықтар мен қорғаншылықтардан еш айырмашылығы жоқ.

1946ж. 13 ақпандағы БҰҰ артықшылықтары мен қорғаншылықтары туралы Конвенция өкілдіктердің, олардың орынбасарларының, кеңесшілерінің, сарапшыларының, хатшыларының қорғаншылықтарын қарастырады, бірақ БҰҰ –дағы мемлекеттердің өкілдіктерінің артықшылықтары мен қорғаншылықтары туралы айтылмаған.

Халықаралық ұйымдардың артықшылықтары. 1975ж. 14 наурыздағы универсалды сипаттағы халықаралық ұйымдармен қатынас жасайтын мемлекеттердің өкілдігі туралы Вена Конвенциясы мемлекеттердің өкілдіктеріне нақты халықаралық-құқықтық мәртебе береді және олардың қызметкерлерінің артықшылықтары мен қорғаншылықтарының кеңейтеді.

1975ж. Конвенцияның маңызы артықшылықтар мен қорғаншылықтар туралыережелері халықаралық ұйымдардағы мемлекеттердің тұрақты байқаушыларына да таралады.

Арнайы миссиялар – бұл нақты сұрақтар бойынша келіссөздер жүргізу үшін немесе арнайы міндеттерді жүзеге асыру үшін басқа мемлекетке жіберілетін, соның келісімі бойынша, бір мемлекеттің делегациясы.



Арнайы миссиялардың құқықтық негізін әдет-ғұрыптар, 1969ж. 16.12. арнайы миссилар туралы Конвенция құрайды, осы Конвенцияға сәйкес арнайы миссияның мүшелері 1961ж. диломатиялық қатынастар туралы Конвенцияда қарастырылған дипломатиялық артықшылықтар мен қорғаншылықтар беріледі.

Тақырып. Консулдық құқық.

Жоспар:

1.Консулдық құқық ұғымы, қайнар көздері.

2.Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер.

Негізгі ұғымдар:консул, консулдық құқық, консулдық қатынас, консулдық патент.

Консулдық құқық.Елші және консул әріптестер, себебі екеуі де СІМ жұмыс істейді. Екеуі де артықшылықтар мен қорғаншылықтарды пайдаланады және мемлекеттің шет елдегі сыртқы қатынас органында жұмыс стейді. Екеуінің айырмашылықтары: елші – саяси тұлға, ал аккредиттелген мемлекеттің кез келген бөлігінде өз мемлекетін білдіреді; консул – ол жіберілген елдің барлық масштабында өз мемлекетін білдіре алмайды, ол тек консулдық округ шегінде ғана жұмыс істейді. Елші- жалпы саяси міндеттерді атқарса, консул экономикалық, сонымен қатар құқықтық қызмет көрсету бойынша функцияларды атқарады. Осыған байланысты консулдарды шет елге Әділет министрлігі жібереді.



Консулдық құқықтың қайнар көздері:

- ХХғ. әдет-ғұрыптарға негізделген;

- 1911ж. консулдық функциялар туралы Каракасс Конвенциясы;

- 1928ж. консулдық шенеуніктер туралы Аймақтық Гавана Конвенциясы;

- 1963ж. консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясы;

- екі жақты консулдық конвенциялар;

- кез келген мемлекеттің ішкі заңнамасы.

СІМ және консулдық қызмет. Консулдық қызметті әр елде консулдық бөлім немесе СІ ведомствосының консулдық басқармасы басқарады.

ҚР СІМ консулдық басқармасы оның ірі бөлімі болып табылады және Қазақстанның барлық консулдық қызметін, шел елдердегі Қазақстанның консулдық мекемелерін басқарады және күнделікті практикалық көмек көрсетеді,олардың қызметінің құқықтық негіздерін қамтамасыз етеді және әзірлейді.

Консулдық басқарманың басты мақсаты:Қазақстанның шет мемлекеттермен консулдық қатынастарын кеңейту және шет елде ҚР құқықтары мен мүдделерін консулдық қорғау.

Басқарма, сонымен қатар Қазақстандағы шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің қызмет етуіне тиісті жағдайларды қамтамасыз етуге және олармен іскерлік қарым-қатынас жасауға міндетті. Басқарма визалық сұрақтар бойынша ұсыныстар дайындайды, шет мемлекеттердің визалық саясатына талдау жүргізеді, Қазақстанның консулдарына патенттерді рәсімдеу және оның территориясындағы шетелдің консулдарына экзекватураны беру кіреді. Басқарма азаматтылық, виза беру, құжаттарлы талап ету және оны жүзеге асыру, мұрагерлік сұрақтар бойынша әртгрлі ұйымдармен хат алысу, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының басқа да мүліктік құқықтарының сұрақтарымен айналысады.

Консулдық қатынастарды орнату және тоқтату.Консулдық қатынастарды орнату үшін келісім беру әртүрлі нысанда жүзеге асырылады. Дипломатиялық қатынастарды орнату сонымен бір уақытта консулдық қатынастарды орнатуды да білдіреді және нотамен алмасу жолымен жүгізіледі.

Кейбір жағдайда, консулдық қатынастарды орнату дипломатиялық қатынастарды орнатудың алғы шарты болып табылады. Сондықтан дипломатиялық қатынастар үзілгенде консулдық қатынастар сақталады.Консулдық қатынастарды орнату екі құжатқа негізделеді: консулдық патент және консулдық экзекватура.

Консулдық мекемелерді ашу үшін қабылдайтын мемлекеттің алдын-ала келісімі қажет. ҚР консулдық мекемесі қабылдайтын мемлекеттің келісімімен ҚР Үкіметінің шешіміне сәйкес ашылады.

Консулдық қатынастарды тоқтату мынадай жағдайларда мүмкін болады:

- консулдық қатынастар үзілгенде;

- біржақты актіні қабылдау нәтижесінде және тараптар арасындағы тиісті келісім нәтижесінде;

- мемлекет құлағанда;

- консулдық округтың үшінші мемлекеттің құрамына өткенде.

Консулдық өкілдік – бұл мемлекеттің шет елдегі сыртқы қатынас органы және баратын мемлекеттің келісімі бойынша сол елдің территориясында орналасады. 1963ж. Вена Конвенциясына сәйкес консулдық өкілдіктер мынадай функциялар атқарады:

- өз мемлекетінің, оның заңды және жеке тұлғаларының мүдделерін қорғау;

- өз мемлекеті мен қабылдаған мемлекеттің арасында экономикалық, мәдени, ғылыми және өзге де қатынастарды орнатуға және дамытуға ықпал ету;

- консулдық округтың өмірі туралы әртүрлі ақпараттарды заңды құралдармен жинау және осы мәліметтерді өз мемлекетінің тиісті ведомстволарына хабарлау;

- консулдық округ шегінде тұратын өз елінің азаматтарын тізімдеу және оларға қатысты нотариалдық және әкімшілік функцияларды атқару;

- консулдық округ территориясына келген әуе, теңіз және басқа да транспорт түрлеріне қатысты бірқатар міндеттерді атқару;

- виза мен куәліктер беру.

1963ж. Вена Конвенциясына сәйкес консулдық өкілдіктердің функциялары мынадай жағдайларда тоқтатылады:

- тараптардың келісімі бойынша округта консулдық мекемелерді жапқанда;

- екі елдің арасында әскери қақтығыстар туындағанда;

- консулдық округ тұрған мемлекет территориясының бір бөлігі басқа мемлекеттің құрамына өткенде;

- консул кері шақырылып алынғанда немесе консул отставкаға шыққанда, оны басқамен ауыстырғанда немесе консулды персона нон грате деп жариялағанда.

Консулдық өкілдіктердің түрлері:

- бас консулдық – ас консул басқарады;

- консулдық – консул басқарады;

- вице - консулдық – вице консул басқарады;

- консулдық агенттіктер – консулдық агенттер нақты қалаларға, белгіленген округтың консулының тапсырмасын орындайды және соған бағынатын, сол округтегі порттарға тағайындалады.

Осы консулдық мекемелердің атауы сәйкес консулдықты басқаратын консулдардың кластарына сәйкес келеді.

Көбінесе елшіліктерде консулдық бөлімдер ашылады.

Консулдарды тағайындау және кері шақырып алу.Мемлекет өз дипломатиялық өкілдігі арқылы алдын ала келісім сұрайды және қабылдайтын елдің СІМ консулдық патент немесе консулдық мекеменің басшысын тағайындау туралы өзге де құжаттарды жібереді. Консулдық патент дипломатиялық өкілдіктердің сенім қағаздарына ұқсас. Консулдық паентті мемлекет басшысы және СІМ береді. Келесі кезең консулдық экзекватураны алу. Вена Конвенциясының 12б.: консулдық мекеменің басшысы өз функциясын атқаруға баратын мемлекеттің рұқсатымен ғана жіберіледі және ол экзекватура деп аталады.

Егер де ұсынатын мемлекеттің баратын елде дипломатиялықөкілдігі жоқ болса, онда консулдық дауазымды тұлға қабылдайтын мемлекеттің келісімімен нақты дипломатиялық актілер жасай алады.

Консулдық лауазымды тұлғалар (ереже бойынша) ұсынатын мемлекеттің азаматы болуы қажет, бірақта баратын мемлекеттің азаматтары да болуы мүмкін. Бұндай жағдайда міндетті шарт баратын мемлекеттің нақты көрсетілген келісімі болуы тиіс, бірақ бұл келісім Вена Конвенциясының 22б. бойынша кез келген уақытта күші жойылады.

Қабылдайтын мемлекет (ереже бойынша) кез келген уақытта жіберетін мемлекетке консулдық лауазымды тұлғаны қалаусыз тұлға деп жариялауы мүмкін. Бұндай жағдайда ұсынған мемлекет ұсынған мемлекет оны кері шақыруға немесе консулдық мекемеде оның қызметін тоқтатуға міндетті.Егер де ұсынушы мемлекет осы міндеттемені орындамаса, қабылдаған мемлекет осы тұлғаға берілген консулдық экзекватураның күшін жоюға немесе оны консулдықтың қызметкері деп санауды тоқтатуға құқылы.

Консулдық өкілдікті консул басқарады. Консул – бұл өз мемлекетінің, оның заңды және жеке тұлғаларының экономикалық және өзге де мүдделерін қорғау мақсатында шет мемлекетке тағайындалатын лауазымды тұлға.

Консул – бұл нақты бір округта өз елінің заңды және экономикалық мүдделерін, оның заңды және жеке тұлғаларының заңды мүдделерін қорғау, ұсынушы және қабылдаушы мемлекеттердің арасында әртүрлі байланыстардың дамуына ықпал ету мақсатында қабылдаушы мемлекеттің келісімімен сол мемлекеттің территориясындағы нақты пунктке келетін бір мемлекеттің лауазымды тұлғасы.

Консулдық бөлімді басқаратын консулдық лауазымды тұлғаның құқықтық мәртебесін сипаттайтын болсақ, консулдық қызметкердің осы санаты үшін консулдық патент және экзекватура қажет емес, себебі олар елшілікте жұмыс істейді және соның күшінде тиісті мәртебесі болады.

Консулдық мекеменің қызметкері – консулдық мекемеде әкімшілік немесе техникалық міндеттерді жүзеге асыратын немесе консулдық мекемеге қызмет көрсететін тұлға.

Консулдық округ – консулдық мекеменің өз функциясын атқару үшін берілген, қабылдаған мемлекеттің ауданы.

Консулдық корпус – нақты консулдық округтегі барлық шетелдік консулдық лауазымды тұлғалардың, консулдық мекемелердің басшыларының жиынтығы.

Консулдық корпусқа штаттық, құрметті (штаттан тыс) консулдар, дипломатиялық өкілдіктің консулдық қызметкерлері де кіреді.

Консулдық округтердің саны бір мемлекеттегі консулдық корпустардың санын анықтайды. Консулдық корпусты ақсақал басқарады, яғни бір консулдық округтың шегінде әртүрлі мемлекеттердің консулдарымен салыстырғанда рангісі бойынша ең үлкені болып табылатын бір мемлекеттің консулы, сонымен қатар басқаларынан бұрын консулдық экзекватураны алған консул болуы мүмкін. Оның міндеті жаңадан келген консулдарды қабылдаған мемлекеттің салт-дәстүрімен таныстыру, консулдық корпустың мүшелерінің құқықтарын қорғау.

Консулдық артықшылықтар мен қорғаншылықтар – бұл консулдық өкілдіктерге, консулдық лауазымды тұлғаға қабылдайтын мемлекетте өздерінің консулдық функцияларын кедергісіз атқару үшін берілетін жеңілдіктер мен артықшылықтар.

- қабылдаушы мемлекет консулдық мекемелерге орын беругеі және олардың тұрған жеріне қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етуге міндетті;

- қабылдайтын мемлекет консулдық мекемені әртүрлі басып кіруден, зиян келтіруден қорғау үшін шаралар қабылдауға міндетті;

- консулдық тұрғын үй, ғимарат, мүліктері, оның көлік құралдары қорғаныс немесе қоғамдық мұқтаждықтың пайдасына, әртүрлі реквизиция түрлерінен қорғалады;

- әртүрлі салықтардан босатылады;

- консулдық архивтерге, құжаттарға кез келген уақытта және олардың тұрғын жеріне байланыссыз қол сұғылмайды;

- байланыс жасау бостандығы – бұл қабылдайтын мемлекет консулдық мекемеге ресми мақсатына жету үшін байланыс қатынасына курьер,кодталған және шифрланған депешаларды, вализаларды (почталық корреспонденцияларды) пайдалана алуы.

Вена Конвенциясы қабылдайтын мемлекетке міндеттемелер жүктейді: ұсынатын мемлекетке осы мемлекеттің азаматының өлімі туралы; кәмелетке толмағандарға қамқорлық пен қорғаншының қажеттілігі туралы, кемелер мен ұшақтардың апаты туралы хабарлауға міндетті.

1963ж. консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясы штаттағы консулдық лауазымды тұлғаларға және консулдық мекеменің өзге де қызметкерлеріне артықшылықтар мен қорғаншылықтар береді:

-қабылдаған мемлекет олардың жеке басына, ар-намысына, бостандығына қол сұғушылықтан қорғау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдауы және оларға құрметпен қараулары тиіс.

-консулдық лауазымды тұлға қамауға алынбайды. Олар ауыр қылмыс жасағанда сот қаулысы болғанда ғана қамауға алынады.

- консулдық лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалса, онда осы лауазымды тұлға құзырлы органдарға келуге міндетті. Консулдық өкілдік қызметкерлерін сот және әкімшілік істерді қарағанда куә ретінде шақыруы мүмкін және олар жауап беруі тиіс. Егер ол жауап беруден, түсінік беруден бас тартса, онда оны мәжбүрлеуге немесе жазалауға болмайды. Консулдар өздерінің ресми функцияларына қатысты сұрақтар бойынша жауап беруге, ресми құжаттарын көрсетуге міндетті емес.

- салық төлеуден, кедендік салықтардан және әртүрлі алымдарды төлеуден босатылады; бұндағы бір ерекшелік консулдар қабылдаған елдегі қозғалмайтын жеке мүлкіне салынатын салықтар мен жинаулардан, жеке табысына салынатын салықтардан және жинаулардан, қосалқы салықтардан, мұрагерлікпен алынған мүліктерге салынатынг салықтардан, сот, тіркеу салықтарынан, гербтік, ипотекалық жинаулардан босатылмайды;

- қызмет көрсетуші персонал еңбек ақысына салынатын салықтан босатылады;

- консулдық артықшылықтардың бірі кедендік тексеруден және кедендік баж салығынан босатылады; қабылдағн елде консулдықөкілдікте ресми пайдалану үшін арналған заттар әкелуге, консулдардың және олардың отбасы мүшелерінің жеке пайдалаатын заттарын әкелуге рұқсат беріледі және олар кедендік салықтан босатылады.

Консулдық өкілдіктің қызметкері қабылдаған мемлекеттің территориясына кірген сәттен бастап артықшылықтар мен қорғаншылықтарды пайдаланулары басталады; егер де олар осы территорияда болған болса, онда консулдық міндеттерді атқаруға кіріскен сәттен басталады. Ал оның отбасы мүшелеріне артықшылықтар мен қорғаншылықтар оған осы режим берілген сәттен бастап таралады, консулда тоқтатылған тоқтайды.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!