Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Халықаралық құқық қандай қатынастар тобын реттейді?



А) мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды, халықаралық қатынастарға қатысушы өзге құрылымдарды;

В) дипломатиялық және консулдық қатынастарды;

С) халықаралық сыртқы сауда қатынастарын;

Д) мемлекеттің халықаралық ұйымдармен қатынасын;

Е) ішкі мемлекеттік қатынастарды.

Халықаралық құқық жүйесі қанша бөлімнен тұрады?

А) 2

В) 3

С) 4

Д) 5

Е) 6

Халықаралық құқық қандай бөлімдерден тұрады?

А) жеке және жария

В) жалпы және ерекше

С) жеке және ерекше

Д) жария және жалпы

Е) жеке, жария, жалпы

Халықаралық құқық қай кезеңде пайда болды?

А) б.э.д. ІV-ІІІ ғғ.

В) б.э.д. V-IV ғғ.

С) б.э.д. ІІ ғ.-б.э. І ғ.

Д) б.э.д. ІІІ ғ.-ІІ ғ.

Е) б.э.д. VI ғ.-V ғ.

Халықаралық құқық нормалары Заңдық күші бойынша қанша түрге бөлінеді?

А) 2

В) 3

С) 4

Д) 5

Е) 6

Халықаралық құқық қағидалары қандай түрлерге бөлінеді?

А) жалпы, арнаулы

В) негізгі, көмекші

С) жалпы, негізгі

Д) қосымша, көмекші

Е) спецификалық, қосымша

Ытай, Үндістан, Греция, Рим территорияларында халықаралық құқық элементтері қашан пайда болды?

А) б.э.д. ІІ-І мыңжылдық

В) б.э.д. IV-III ғғ.

С) б.э.д. ІІІ-ІІ мыңжылдық

Д) б.э.д. VI-III мыңжылдық

Е) б.э.д. VII-VI мыңжылдық

Осы заманғы халықаралық құқық қағидалары қандай құқықтық актіде бекітілген?

А) БҰҰ-ның жарғысында

В) Халықаралық шарттарда

С) Бас Ассамблеяның жарғысында

Д) Азаматтық және саяси құқықтар туралы актіде

Е) Адам құқығы туралы Конвенцияда



Ай жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен достық қатынастар туралы Декларацияны қабылдады?

А) 1970 ж.

В) 1975 ж.

С) 1985 ж.

Д) 1980 ж.

Е) 1987 ж.

Бас Ассамблеяның Декларациясында Халықаралық құқықтың қанша қағидасы мазмұндалған?

А) 7

В) 10

С) 5

Д) 4

Е) 3

Төмендегі қағидалардың қайсысы Халықаралық құқықтың негізгі қағидасы?

А) Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу;

В) Шекаралардың мызғымастық қағидасы

Д) адамның құқықтарын құрметтеу

Е) гуманизм

Азіргі таңда халықаралық аренадағы ең беделді халықаралық ұйым?

А) БҰҰ

В) НАТО

С) АСЕАН

Д) ШЫҰ

Е) БСҰ

Бақылау өлшем құралы.

Халықаралық құқықтың түсiнiгi мен пәнi

2. Халықаралық құқықтың қайнар көздерi

3. Халықаралық құқықтың жүйесi

4. Халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық

5. Халықаралық құқықтың нормалары және олардың классификациясы

6. Халықаралық құқықтың негiзгi қағидаларының түсiнiгi мен классификациясы

7. Мемлекеттер – халықаралық құқықтың негiзгi субъектiлерi



8. Халықаралық құқық субъектiлiк

9. Халықаралық – құқықтық мойындау

10. Мемлекеттердiң халықаралық құқық қабылдаушылығы

11. Халықаралық дау- талас ұғымы

12. Дау – таластарды шешудiң халықаралық – құқықтық тәсiлдерi

13. Халықаралық келiсiмшарт құқығының түсiнiгi мен қайнар көздерi

14. Келiсiмшартты жасасу стадиялары

15. Халықаралық келiсiмшартқа түсiнiктеме беру

16. Халықаралық келiсiмшарттардың әрекетi

17. Келiсiмшарттың әрекетiн тоқтату және доғару

18. Халықаралық – құқықтық жауапкершiлiк түсiнiгi мен негiздерi

19. Халықаралық құқық бұзушылықтың классификациясы

20. Халықаралық – құқықтық жауапкершiлiктiң түрлерi мен формалары

21. Халықаралық ұйымдардың жауапкершiлiгi

22. Территория ұғымы және түрлерi

23. Халықаралық өзендер

24. Арктиканың құқықтық мәртебесi және құқықтық режимi

25. Антарктиканың халықаралық –құқықтық режимi және оның кеңiстiгi мен табиғи ресурстарын пайдалану режимi

26. Сыртқы қатынастар құқығының түсiнiгi мен қайнар көздерi

27. Сыртқы қатынас органдары

28. Дипломатиялық өкiлдiктер

29. Дипломатиялық артықшылықтар мен қорғаншылықтар

30. Консулдық мекемелер

31. Консулдық артықшылықтар мен қорғаншылықтар

32. Арнайы миссиялар

33. Халықаралық ұйымдардың түсiнiгi мен классификациясы

34. Халықаралық ұйымдардың құқық субъектiлiгi

35. БҰҰ құққытық мәртебесi

36. БҰҰ басты органдары

37. ТМД -ның халықаралық құқықтық мәртебесі және оның органдары

38. Халықаралық әскери және саяси ұйымдар

39. Ғылым, мәдениет, және денсаулық сақтау облыстарындағы халықаралық ұйымдар

40. Халықаралық гуманитарлық құқықтың түсiнiгi мен қайнар көздерi

41. Адам құқығы мен бостандықтың халықаралық стандарттары

42. Адам құқығын халықаралық қамтамасыз ету механизмi және қорғау

43. Шетел азаматтарының, босқындардың және күштеп көшкендердiң мәртебесi

44. Халықаралық қауiпсiздiк құқығының түсiнiгi

45. Ұжымдық қауiпсiздiк

46. Қарусыздандыру және қаруларды шектеу

47. Халықаралық экономикалық құқықтың түсiнiгi, субъектiлерi және қайнар көздерi

48. Халықаралық сауда құқығы

49. Халықаралық қаржы құқығы

50. Халықаралық инвестициялық құқық

51. Халықаралық қылмыстық құқықтың түсiнiгi

52. Халықаралық ұйымдардың қылмыспен күресi

53. Қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек және қылмыскерлердi беру

54. Соғыстың басталуының құқықтық салдарлары

55. Қарулы жанжалдың қатысушыларының құқықтық жағдайы

56. Соғыстағы бейтараптық

57. Соғыс әрекеттерiн жүргiзудiң тиым салынған жолдары мен әдiстерi

58. Қарулы жанжал кезiндегi жеке бас құқығын қорғау

59. Соғыстың аяқталуы және оның құқықтық салдарлары

60. Халықаралық теңiз құқығының түсiнiгi, қағидалары және қайнар көздерi.

 

 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы Ф.4.09-33
28.05.2015 ж.

 

 

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы

Халықаралық бұқаралық құқық

(пәннің атауы)

 

Шифр Әдебиет атауы Бар болуы Ескерту  
Кітапханада және кафедрада %  
Негізгі  
Х910(2К)я73 Б52 Бидайшиева, А. Б. Халықаралық жария құқығы. [Мәтін]: Дәрістер курсы / А. Б. Бидайшиева.- Алматы: ҒБО КҚУ, 2007.- 160б.   46 экз.      
Х910(2К)я73 Қ74 Құлжабаева, Ж. Халықаралық жария құқық. Жалпы және ерекше білiмдер.Оқулық / Ж Құлжабаева.- Алма-Ата: Наs, 2003.- 384 б. 6 экз.      
Х93я7 Н90 Нысанбекова, Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Негізгі институттар [Мәтін]: Оқу-тәжірибелік құрал / Л.Б. Нысанбекова.- Алматы: Жетi жарғы, 2006.- 136бет. 246 экз.      
Х628.11(2К)я73 А23   Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: Оқулық Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 584 бет. 20 экз.      
Х625(2К)я73 К93 Күлтелеев, С. Т. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы: Жалпы және Ерекше бөлімі. Оқулық / С. Т. Күлтелеев, Е. Ш. Рахметов.- Алматы: НАS, 2008.- 328бет. 10 экз.      
Х62(2К)я723 С21   Сапарғалиев Ғ. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық- Астана: Фолиант, 2007.- 336 б.- 10 экз.      
Х625(2К)я73 К93 Күлтелеев, С. Т. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы: Жалпы және Ерекше бөлімі. Оқулық / С. Т. Күлтелеев, Е. Ш. Рахметов.- Алматы: НАS, 2008.- 328бет. 10 экз.      
Х91 В46 Винсент, Р.Дж. Адам құқықтары және халықаралық қатынастар. / Р.Дж Винсент.- Алматы: Жетi жарғы, 1998.- 256 б. 27 экз.      
Х910я21 Д 64   Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. / Г.С. Досжанова.- Алматы: Заң әдебиеті, 2007.- 67 б. 10 экз.      
Х623(2К)я723 И85 Искакова, Г. Қазақстан Республикасындағы адам құқығы. Оқу құралы / Г. Искакова, Н. Ғазизова; Сембаева А.Б.- Астана: Фолиант, 2008.- 296б. 55 экз.      
Қосымша  
Х0я73 А 22 Ағдарбеков, Т. Құқық негіздері Оқу құралы / Т. Ағдарбеков, А. Әлайдар, А. Алайдаров.- Алматы: Заң әдебиеті, 2009.- 260 б. 1 экз.      
Хя21 С 28   Сәбікенов С. Заң терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша орысша-қазақша сөздігі.- Алматы: Жетi жарғы, 2007. 5 экз.      
Х621.163.1я7 М81 Мушкет, И.И. Полицейлік құқық Оқу құралы / И.И. Мушкет, Е.Б. Хохлов.- Алматы: Заң әдебиеті, 2005.- 183бет. 5 экз.      
Х621.021(2К)я73 Ж21 Жақашев, Д.С. Кеден органдарының құқықтық мәртебесі: теориясы мен практикасының мәселелері Оқу құралы / Д.С. Жақашев.- Алматы: Дәнекер, 2003.- 212б. 4 экз.      
Х629.1(2К)я73 Н32 Нәрікбаев, М. С. Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау Оқулық / М. С. Нәрікбаев, Ғ.Қ. Өтебаев, М.М. Әлиев.- Астана: Әділет, 2005.- 396бет. 78 экз.      
Интернет ресурс  
    www.pravo.by/‎      
    www.zakon.kz/      
    www.adilet.gov.kz/ru      
    www.juristlib.ru/‎      
    pravouch.com      
    http://www.elsevier.com/      
                     

Дәрістер кешені

Тақырып. Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны.

Жоспар:

1. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық, олардың арасындағы байланыс және бір-бірімен қарым-қатынасы.

2. Халықаралық құқықтың халықаралық қатынастарды реттеуші заңды нормалардың жиынтығы ретінде

3. Халықаралық бұқаралық құқығы мен халықаралық жеке құқық

Негізгі ұғымдар:халықаралық құқық, халықаралық жүйе, халықаралық қатынастар, тәуелсіз мемлекеттер, қосыша субъектілер.

Халықаралық құқық ерекше құқық жүйесі болып табылады. Халықаралық құқық – бұл халықаралық құқықтың субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар, халықаралық ұйымдар және т.б.) туындатқан және осы субъектілердің арасындағы қатынастарды реттейтін жалпыға міндетті халықаралық қағидалар мен нормалардың жиынтығы.

Хапықаралық құқық нормалары мен мемлекеттердің тәуелсіздік құқықтарын құрметтеу мемлекеттер арасындағы сапалы өзара қатынастардың негізгі алғышарты болып табылады. Халықаралық құқық нормалары халықаралық қатынастардың пайда болуынан туындайды. Халықаралық қатынастарды халықаралық құқық реттеп отырады, сонымен бірге оның нормаларына өз әсерін тигізеді. Халықаралық құқық кез келген қоғам өмірінде маңызды орынға ие болатын жан-жақты және дамыған халықаралық қатынастарды реттейді. Халықаралық қатынастар халықаралық құқық нормаларының мазмұнын айқындайды.

Жеке зерттеулерді қажет ететін іргелі проблемаларға ең бірінші халықаралық жүйедегі халықаралық құқық пен халықаралық қатынастардың орны туралы проблеманы жатқызуға болады. Халықаралық құқыққа тән ерекшеліктер:

-субъектілері бойынша –оның субъектілері болып мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар, халықаралық ұйымдар табылады;

-нормаларды тудыру тәсілі бойынша – халықаралық – құқықтық нормаларды құқықтық қатынасқа қатысушы субъектілердің өздері тудырады;

-нормалардың орындалу механизмі бойынша - халықаралық – құқықтық нормалардың орындалуын олардың адресаттарының өздері бақылап отырады;

-қайнар көздері бойынша – халықаралық құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: халықаралық шарттар, халықаралық әдет ғұрыптар, халықаралық жиналыстар мен конференциялардың Қорытынды актілері, халықаралық ұйымдардың резолюциялары.

Халықаралық құқық – мемлекеттер арасындағы әр түрлі саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды, сондай-ақ халықаралық қатынастарға қатысушы басқа да құрылымдарды реттейтін құқықтың бір бөлімі. Ол құқықтың ерекше жүйесі ғана емес, ішкі мемлекеттік құқықтың барлық өзге салаларынан едәуір айырмашылығы бар. Халықаралық құқық халықаралық қатынастарды реттейтін шарттық және нормалар мен қағидалар жүйесін және мемлекеттің салыстырмалы келісілген еркін көрсетеді.

Халықаралық құқықты ұстану халықаралық құқықтың шеңбері мен нысандарында мемлекеттің жеке, сондай-ақ ұжымдық шаралар арқылы қамтамасыз етіледі.

Құқыққа берілетін анықтама халықаралық құқықты да қамтиды, тек анықтаманың әрбір белгілерінің халықаралық құқықта өзіндік ерекшеліктері болуы керек. Мәселен, халықаралық құқыққа әдеттегі құқықтың белгілері тән болып келеді: мемлекеттік-еріктік сипаттағы құбылыс; белгілі бір қоғамдық қатынастарды заң нормалары реттейді; мәжбүрлеу арқылы; халықаралық құқықтық нормаларды ұстануды қамтамасыз етеді. Сөйте тұра, халықаралық құқықтың өзіне тән ерекшеліктері бар.

Қазіргі заманғы халықаралық құқық ХХ ғ. басынан бастау алады,оның дамуына әлемдік экономикалық қатынастардың туындауы себеп болды (бу машиналардың, ұшу аппараттарының пайда болуы, электробайланыстың дамуы және т.б.). Халықаралық құқықтың басты қызметі – оның мемлекетаралық қатынасының негізгі қатысушылары мен арақатынасынан көрінеді. Мұнда құқықтық қатынас субъектілері түрлі құралдарды қолдануы мүмкін.

Халықаралық құқықтың қызмет етуі үшін, бір жағынан, халықаралық құқықтың және сыртқы саясаттың, екінші жағынан, халықаралық құқық пен дипломатияның арақатынасы мәселелері өзекті мәселе болып табылады. Халықаралық жария құқық туралы монографиялық еңбектерде осы мәселе кеңінен талқыланған. Осы қаралатын проблема құқық пен саясаттың арақатынасы туралы жалпы мәселенің бір бөлшегі. Ішкі саясатпен салыстырғанда, сыртқы саясаттың өзіндік ерекшелігі бар. Сонымен бірге, ішкі және сыртқы саясатты мемлекеттің бір жоғары органы бағыттап, бақылап отырады. Дипломатия жөнінде «Дипломатиялық сөздікте» берілген анықтама мынадай: «Мемлекеттің сыртқы саясатының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға, сондай-ақ мемлекеттің шетелдердегі құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі мемлекет басшыларының, үкіметінің және арнайы органдарының сыртқы қатынастағы ресми қызметтері» делінген. Дипломатия – сыртқы саясат құралы, сондай-ақ экономикалық, мәдени, әскери және өзге де сыртқы байланыс құралдарының дипломатиясымен іргелес тұратындығы сөзсіз.

Халықаралық құқықтың пәнін оның субъектілерінің арасындағы туындайтын қатынастар құрайды. Оның екі тобы бар: мемлекеттер арасындағы қатынастар және мемлекеттер арасындағы емес қатынастар.

Халықаралық бұқаралық құқық – бұл халықаралық құқықтың субъектілері арасында саяси мәселелер бойынша туындаған қатынастарды реттейтін құқық саласы.

Халықаралық жеке құқық – бұл халықаралық құқықтың субъектілері арасында, кейбір жағдайларда жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасында халықаралық деңгейде жеке сұрақтар бойынша туындаған қатынастарды реттейтін құқық саласы.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!