Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Азақстандағы тас көмірдің негізгі кен орындары



Тас көмір – Қазақстанның энергетикалық ресурстарының негізгі түрі. Республиканың отын балансындағы оның арасалмағы 70%-дай. Қазақстанда жалпы геологиялық қоры, шамамен, 160 млрд тоннадай болатын тас көмірдің, кокстелетін көмірдің, қоңыр көмірдің түрлері бар. Қазіргі кезде республикада, жалпы алғанда, 400-дей кен орнынан жылына 100 млн тоннаға жуық тас көмір мен қоңыр көмір өндіріледі.

Қазақстанның ең ірі көмір базасы – Қарағанды көмір алабы. Республикамыздың орталық бөлігінің 3000км2 ауданын алып жатқан Қарағанды көмір алабының жалпы геологиялық қоры 60 млрд тоннаға жуық. Негізгі кен орындары – Абай, Саран, Шерубайнұра, Шахтинск, Михайловка және т.б. Көмір қатпаларының тереңдігі 50 – 300 м-ге дейін, ал Михайловкада көмір жер бетіне өте жақын жатқандықтан, ашық әдіспен өндіріледі. Қарағанды көмір алабы елімізде жұмсалатын барлық көмірдің тең жартысын береді. Соның ішінде кокстелетін көмір де бар. Маңызы жөнінен Қарағандыдан кейін екінші орынды алатын Қазақстан көмір алабы – Екібастұз. Ол 200 км2-қа жуық шағын ауданды алып жатса да, жалпы қоры – 17 млрд тоннадай. Екібастұз алабының артықшылығы, көмір қабаттары жер бетіне жақын (100 м-ге дейін) жатқандықтан, өндіру ашық әдіспен жүргізіледі де, өзіндік құны арзанға түседі. Екібастұз көмірі, негізінде, отын ретінде электр және жылу станцияларында қолданылады. Негізгі кен орындары – «Алып» («Богатырь»), «Солтүстік» және «Шығыс» кеніштері.

Қоры жөнінен болашағы зор тас көмір және қоңыр көмір кеніштері қатарына: Қостанай облысындағы Құсмұрын, Майкөбе, Шығыс Қазақстандағы Кендірлікті (қоңыр көмір және жанғыш тақтатастардың бай қоры бар) жатқызуға болады. Бұл жерлерге жақын маңда ірі тұтынушы кәсіпорын және теміржол болмағандықтан, өндіру ісі басталмай отыр, дегенмен жергілікті халық отын ретінде пайдалануда.



Тапсырмалар:

Тапсырма. Жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.


негізгі түрі - основной вид

тас көмір - уголь

геологиялық қоры - геологический фонд

көмір өндіріледі - добывается уголь

ең ірі - самое крупное

орталық бөлігінің - центральной части

алып жатқан - занимает

жақын жатқан - близко расположен

ашық әдіспен - открытым способом

тең жартысын - ровно половину

кокстелетін көмір - коксующийся уголь

өзіндік құны - себестоимость

болашағы зор - большое будущее

жатқызуға болады - можно отнести


 

Тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Республикада неше тоннаға жуық тас көмір мен қоңыр көмір өндіріледі?

2) Тас көмірдің негізгі кен орындары?

3) Қазақстан көмір алабы – Екібастұз республикада нешінші орын алады?

4) Екібастұз көмірі қай жерде қолданылады?

5) Қарағандының негізгі кен орындарын ата.

Тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді мәтіндегі ретімен орналастырыңыз.

  Негізгі кен орындары – Абай, Саран, Шерубайнұра, Шахтинск, Михайловка және т.б. Көмір қатпаларының тереңдігі 50 – 300 м-ге дейін, ал Михайловкада көмір жер бетіне өте жақын жатқандықтан, ашық әдіспен өндіріледі.
  Қазақстанның ең ірі көмір базасы – Қарағанды көмір алабы.
  Тас көмір – Қазақстанның энергетикалық ресурстарының негізгі түрі. Республиканың отын балансындағы оның арасалмағы 70%-дай.
  Республикамыздың орталық бөлігінің 3000км2 ауданын алып жатқан Қарағанды көмір алабының жалпы геологиялық қоры 60 млрд тоннаға жуық.
  Республиканың отын балансындағы оның арасалмағы 70%-дай.
  Тас көмір – Қазақстанның энергетикалық ресурстарының негізгі түрі.

Тапсырма. Сөйлемнен еліктеу сөздерді тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.



Ү л г і: Жарқ-жұрқ – бейнелеуіш сөздер.

Жарқ-жұрқ еткен өткір жарықтаншахта іші жап-жарық болды. Шахта ішінің тар ауасына шыдай алмай, жұмысшы гүрс етіп етбетінен құлады. Метан газының қысымы Ахметтің жүрегін дүрс-дүрс соқтырды.

Жер қазушы жігіттер кейін өзен суына шолп етіп түсіп жатты. Түскі тамаққа жиналған жұмысшылар ду-ду етіп әңгімелесті. Мыж-мыж бол-ған қалпағын басына баса киіп, Бақыт әрі қарай жүріп кетті. Асқар досына қарап сылқ-сылқ күліп мәз болды. Шаршаған кен қазушылар жұмыстан кейін маң-маң басып қайтып бара жатты.

Шахта ішіндегі шам лап-лап етіп сөнді. Жұмысшылар күтпеген жағдайға шыдай алмай у-шу болысты. Көп кешікпей алыстан от жылт-жылт етіп көріне бастады.

Сөздік:

дүрс-дүрс –тук-тук

лап-лап етіп сөңді- миг-миг и погасла

жылт-жылт – миг-миг

маң-маң басып – не торопясь

шолп- бух-бултых

Тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқыңыз. Кім болғыңыз келеді? Не істегің келеді? деген сұрақтарға өлеңнің мәтіні бойынша жауап беріңіз.

Ғалым болу - арманым

Ғалым болғым келеді.

Жер байлығын ақтарған,

Жалын болғым келеді.

Гүл жасайтын тастардан,

Асқақтаған күй болып

Шалқып тұрғым келеді.

Жарқыраған күн болып,

Балқып тұрғым келеді.

X. Талғаров


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!