Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, сөйлемдерді аяқ- таңыздар



Ректификациялық мұнараның ішінде көлденең параллель қабаттасып орналасқан ... . Тәрелкелерде қалпақты тесіктер ... . Көмірсутектердің буы тесік арқылы өтіп қалпаққа кеп соғылғанда, ауыр көмірсутектер конденсацияланып ... . Ал жеңіл көмірсутектердің буы қалпақ пен тәрелке арасындағы саңылаудан ... .

Тапсырма. Мақалдарды окып, мазмұнын түсініп алыңыз. Антонимдерді табыңыз.

1) Қуаныш келсе, таспа, Қайғы келсе, саспа.

2) Дос жылатып үйретер,

Дұшпан күлдіріп күйретер.

3) Ән- көңілдіге қуаныш,

Шерліге жұбаныш.

4) Түйедей алтының болғанша,

Түймедей ақылың болсын.

5) Адам боп туу оңай,

Адам боп тұру қиын.

6) Ер жігіт елі үшін туады,

Елі үшін өледі.

7) Бас болмақ оңай,

Бастамақ қиын.

 

8) Білімнің басы - бейнет,

соңы - зейнет.

9) Білімдінің күні жарық,

Білімсіздің күні кәріп

Тапсырма. Мұнай-газ саласында кездесетін терминдердің мағынасын түсініп, жаттап алыңыз.

Мұнайлы кеніш- бір немесе бірнеше мұнай шоғырларынан тұратын кеніш.

Ресурстарды экономикалық тұрғыдан бағалау- мұнай мен газды пайдаланудың шаруашылық тиімділігін анықтау.

Мұнай және газ кеніші- мұнай және газ шоғырларынан тұратын кеніш.

Мұнайлы шоғыр- тек қана мұнайдан тұратын шоғыр.

Мұнайлы-газды кеніш - газдың жиынтық қоры мұнайдың геологиялық қорынан артығырақ болып келетін кеніш.

Метан- газ түріндегі көмірсутек СН4, метанды немесе парафинді көмірсутектері тізбегінің алғашқы мүшесі.

Сүзбелену- сұйықтар мен газдардың орта арқылы жылжу процесі.

Серіктес газ- газды-мұнайлы шоғырлардан өндірілетін тақия газы мен мұнай газының қоспасы болып табылатын табиғи газ.

Атмосфера- жер бетін жаппай қоршап тұратын жермен бірге айналып жүретін газ қабаты.



Спонтанды газ-белгілі бір температура мен қысымда газ бен су араласқанда ерімей қалған газ.

Грейзен-Жердің терең қабаттарынан көтеріліп шыққан газ бен судың әсерінен өзгерген гранит тектес тау жыныстары.

Сөздік:

шоғыр-концентрация; скопление

шоғырлану-концентрироваться; скапливаться

кеніш-карьер;рудник;

жылжу-медленно передвигаться;

өндіру- производить; вырабатывать

қоспа-смесь; соединение;

Тест сұрақтары

1)Мұнайды өндеу әдістері неше түрлі болады?

- 2

- 3

- 4

- 5

2)Мұнайды айдауға арналған қондырғы неше бөліктен тұрады?

- 2

- 3

- 4

- 5

3)Мұнарада мұнайды фракцияларға бөлу қалай аталады?

- мұнайды айдау

- мұнайды қайнату

- мұнайды жібіту

- мұнайды еріту

 

4)Мұнайды өндеу әдістері қандай?

- физикалық, биологиялық

- биологиялық, химиялық

- физикалық, химиялық

- физикалық,биологиялық,химиялық

5)Ұзындығы 350 метрге жететін супертанкеплер неше тоннаға дейін шикі мұнай тасымалдайды?

- 100000

- 200000

- 400000

- 500000

 

 

13сабақ

 

Отын және оның түрлері.

Отын – табиғи немесе жасанды түрде алынатын, жанатын қабілеті бар, энергия көзі және химиялық өндірістерге шикізат болып есептелетін зат. Отын агрегаттық күйіне байланысты: қатты, сұйық және газ тектес болып үш топқа бөлінеді. Тегіне қарай: табиғи және жасанды болып екі түрге бөлінеді. Жасанды отын табиғи заттарды өңдеу нәтижесінде алынады.



Болашақта сутек пен метанол, этанол, өсімдік майлары, т.б. органикалық заттар мотор және энергетикалық отын қатарына енеді. Өнеркәсіптің қай саласында болсын, отынның маңызы зор. Отынның сапасы оның қызу шығару мүмкіндігімен анықталады. Отынның құрамында көміртек пен сутек неғұрлым көп болса, жылу болу қабілеті соғұрлым жоғары болады.Қатты отынды химиялық өңдеудің мынадай әдістері бар: пиролиз, газдандыру, гидрогендеу және кокстеу.

Пиролиз – көмірді ауа қатыстырмай жабық реакторда 10000 С шамасында қыздыру. Түзілген өнімдер одан әрі өзгерістерге ұшырайды.

Гидрогендеу – катализатор қатысында жоғары температурада және қысымды отынды сутекпен өңдеу. Мысалы, көмір мен тақтатастарды осылай өңдейді.

Тапсырмалар:


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!