Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Тапсырма. Сұхбаттың мағынасын түсініп, меңгеріп, рөлге бөліп оқыңыздар



Мұнай өнеркәсібі

Сұхбат

- Мұнай өнеркәсібі өнеркәсіптің қай саласына жатады?

- Мұнай өнеркәсібі - ауыр өнеркәсіп саласына жатады.

- Мұнай өнеркәсібі нені қамтиды?

- Ол мұнай және сонымен бірге, алынатын газды өндіруді, мұнайды және мұнай өнімдерін құбыр арқылы тасымалдауды қамтиды.

- Мұнай өнеркәсібі қай уақыттардан бері дами бастады?

- Мұнай өнеркәсібі ХIХ ғасырдың 60-шы жылдарынан дами бастады.

- ХХ ғасырда қай ел мұнай өндіруден 1-ші орын алды?

- 1901 жылы Ресей мұнай өндірудің көлемі жөнінен дүниежүзінде 1-ші орын алды.

- Мұнай өнеркәсібі қашан да шарықтап өндіріле берді ме?

- Жоқ, шетел соғыс интервенциясы мен Азамат соғысы (1918-1920жж.) кезінде мұнай өнеркәсібі құлдырап кетті.

- КСРО-да мұнай өнеркәсібін қалпына келтіру қай кезден басталды?

- КСРО-да мұнай өнеркәсібін қалпына келтіру және техникалық реконструкциялау 1920 жылдың аяқ кезінен басталды. Қиыр Шығыста, Башқұрт АССР-інде, Волгада, УССР-де, Кавказдың Қара теңіз жағалауында, Мәскеуде т.б. қуатты жаңа мұнай өндеу зауыттары салынды.

- Ұлы Отан соғысы жылдары мұнай өнеркәсібі қандай дәрежеде дамыды?

- Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945) мұнай өнеркәсібіне үлкен зиян келтірілді. Краснодар өлкесінің, Солтүстік Осетияның мұнай кәсіпшіліктері түгелдей істен шығарылды. Грозный облысының кәсіпшіліктері бүлінді. Соғыс жылдарында бүкіл еліміз бойынша мұнай өндіру 37,6%-ға төмендеді. 1945 жылы небәрі 19,4 млн. тонна мұнай өндірілді, бұл 1930 жылдың дәрежесінде-ақ еді. Соғыс кезінде өнеркәсібі майдан қажетін толық қағанаттандырды, мұнай мен газдың ондаған жаңа кен орындары ашылды.



- Мұнай өнеркәсібінің Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі жағдайы қалай болды?

- Соғыстан кейінгі жылдары мұнай өнеркәсібі тез қарқынмен дами бастады. Кең көлемде жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижесінде Волга-Орал, Батыс Сібір, Орал-Ембі, Маңғыстауда т.б. мұнайдың ірі кен орындары ашылды. Ғылым мен техникалық жетістіктері, мұнай өндіру тәсілдері кеңінен пайдаланылып келді.

Сөздік:

қамту-захватить; соединить; охватить; охват; предусматривать

қалпына келтіру-восстанавливать; восстановить; реставрировать

өнеркәсіп-промышленность; промышленный

құбыр-труба; трубопровод

шарықтау-пафост; взлет; парить высоко в небе; подняться

тәсіл-прием; способ; уловка; тактика; средство

ауыр өнеркәсіп-тяжелая промышленность

құлдырау-быстро двигаться по наклонной плоскости; прийдти в упадок; опускаться до какой-то степени; деградация

Тапсырма. Морфологиялық талдау жасаңыз.

Адам ағзасының 80 пайызы судан тұрады. Сондықтан да адам денесіндегі су қорын толтырып отыру қажет. Бір сөзбен айтқанда, адам күніне 3-4 литр су ішетінін ескерсек, ауыз судың маңызы, оның тазалығы туралы айтылып жүрген пікірлердің дұрыстығын әркім де қолдайды. Кір жуғыш ұнтақтардан басқа өндірісте және ауылшаруашылығында жүздеген мың тонна сульфат, хлорид элементтері пайдаланылады. Олар да суды залалдап отыр. Бұдан шығатын қорытынды – адам өміріне төнетін қауіп-қатер жылдан-жылға өсіп келе жатқанын көреміз. Бүгінде дүкен сөрелерінде самсап тұрған құрамында фосфаты өте көп кір жуу ұнтақтарын зерттеп, тексеретін уақыт жетті. Кір жуғыш және тазалағыш заттарды өзіміздің отандық өндірушілер жасап шығарса, соңғы кездері аса көбейіп кеткен аллергиялық аурулардың азаюына мүмкіндік туар еді.



Тест сұрақтары

1)Мұнай деген не?

- қатты зат

- сұйық зат

- газ

- жеңіл зат

2)Мұнай негізінен неше пайыз көміртегінен тұрады?

- 80-88%

- 70-78%

- 60-68%

- 50-58%

3)Мұнай неше пайыз сутегінен тұрады?

- 11-15%

- 21-25%

- 31-35%

- 41-45%

4)Мұнай қандай зат?

- жанғыш зат

- жанбайтың зат

- қатты зат

- газ

5)Мұнайдың түсі қандай?

- қара

- қоңыр

- қара-қоңыр

- сары

 

 

12сабақ

 

Мұнайды өңдеу әдістері

Мұнайды өңдеу әдістері, негізінен, екі түрлі болады. Біріншісі – физикалық әдіс мұнарада мұнайды фракцияларға бөлу. Ол мұнайды айдау деп аталады. Мұнайды қыздырып айдау арқылы молекулалық массалары әртүрлі көмірсутектерге жіктейді. Екіншісі – химиялық әдістер: ауыр көмірсутектерді бөлшектеу арқылы жеңіл көмірсутектер алу немесе крекинг процесі және көмірсутектерді ароматтандыру немесе риформинг процесі.

Мұнайды айдауға арналған қондырғы 2 бөліктен тұрады: мұнайды қыздыруға арналған түтікті пеш және ректификациялық мұнара. Қыздырылған мұнайдың құрамындағы заттар атмосфера қысымында буға айналады. Мұнай өнімдері ректификациялау мұнарасында қайнау температуралары жақын заттардың фракцияларына бөлінеді.

Ректификациялық мұнараның ішінде көлденең параллель қабаттасып орналасқан тәрелкелер бар. Тәрелкелерде қалпақты тесіктер жасалған. Көмірсутектердің буы тесік арқылы өтіп қалпаққа кеп соғылғанда, ауыр көмірсутектер конденсацияланып кері ағады. Ал жеңіл көмірсутектердің буы қалпақ пен тәрелке арасындағы саңылаудан жоғары өтеді. Мұнарада көмірсутектердің буы таза бөлінуі үшін, яғни көмірсутектер конденсацияланбау үшін төменнен ыстық су буы мезгіл-мезгіл жіберіледі. Осылайша әр тәрелкіде молекулалық массаларының шамасына байланысты фракциялар жиналады. Мұнарада көмірсутектер қайнау температурасына байланысты фракцияларға жіктеледі. Оларды мұнараның сол тәрелке тұсынан құбырлар арқылы ағызып алып, ыдыстарға толтырады. Сондықтан айдаудың ауыр фракциялары мен мазутты қайта өңдейді.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтін бойынша сөздікпен танысыңыз:


мұнайды өндеу - перерабатывать нефть

химиялық әдістер - химические способы

ауыр көмірсутектер - тяжелые углеводороды

буға айналады - превращается в пар

қайнау температуралары - температура кипения

қабаттасып орналасқан - расположены объединенно

тесіктер жасалған - сделаны дырки

көмірсутектердің буы - углеводородные пары

тесік арқылы - через дырки

кері ағады - вытекает обратно

жоғары өтеді - проходит выше

таза бөлінуі - чистое деление

ыстық су - горячая вода

ыдыстарға толтырады - заполняют емкости

мезгіл-мезгіл жіберіледі - отправляется временами


2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз:

1.Мұнайды қандай әдістер арқылы өңдейді?

.........................................................................................................................

2.Мұнайды айдауға арналған қондырғы қандай бөліктерден тұрады?

.........................................................................................................................

3 . Мұнай өнімдері ректификациялау мұнарасында қалай бөлінеді?

.........................................................................................................................


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!