Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Органикалық заттардың көздері



Органикалық қосылыстарды тегіне байланысты табиғижәне синтездікдеп екі үлкен топқа бөлуге болады. Табиғи органикалық заттарға: табиғи газ, мұнай, көмір, шым­тезек (торф), тақтатас (сланец), озокерит, мақта және орман шаруа­шылығының өнімдері, ауылшаруашылығының қалдықтары, т.б. жатады. Синтездік органикалық заттарды органикалық синтез арқылы жасанды жолмен алады.

Табиғи газдар, негізінен, (96%-ға дейін) метаннан тұрады. Дайын күйінде пайдаланылады және әртүрлі органикалық заттар алу үшін, шикізат ретінде қолданылады.

Мұнай - органикалық заттардың күрделі қоспасы.

Мұнайды өңдеп, бензин, керосин және басқа жанармайлар, жағар­майлар алады. Сонымен қатар мұнай маңызды органикалық шикізат болып табылады.

Тас көміротын ретінде қолданылады және одан көптеген органикалық заттар алынады.

Битумды және жанғыш тақтатастардыөңдеу арқылы бензин және басқа отындар, майлар, битум, тұрмыстық газ, т.б. заттар алынады.

Шымтезектенқаныққан көмірсутектер, органикалық қыш­қылдар, фенол, т.б. органикалық заттар алынады.

Целлюлоза, негізінен, мақта талшығы (95-98%) мен ағаш сүрегінің (40-50%) құрамында болады. Целлюлозадан жасанды талшықтар, қағаз, спирт, эфирлер және эфир майларын алады.

Ауылшаруашылығы өнімдері мен олардың қалдықтарынанкрахмал, сахароза, глюкоза, витаминдер және басқа өнімдер алынады.

Синтездікжолмен сан алуан органикалық заттар синтездеуге болады. Олардың шикізаттары, негізінен, мұнай, газ және жоғарыда аталған басқа заттар болып табылады. Мысалы, әртүрлі полимерлер, дәрі-дәрмектер, жасанды және синтездік талшықтар мен каучуктар, органикалық бояулар, т.б. көптеген заттар синтездік жолмен алынады. Табиғатта кездесетін заттармен қатар табиғатта ұшыраспайтын заттарды да синтездеуге болады. Сонымен қатар, заттарды синтездеу арқылы бағалы табиғи заттарды үнемдеуге мүмкіндік туады.



Органикалық заттардың құрамында міндетті түрде көмір­тек атомы болады. Органикалық химия көмірсутектер мен олардың туындыларын зерттейді. Органикалық заттардың қасиеттерінде бейорганикалық заттардан біраз өзгешеліктер бар. Олар төмен температураларда балқып қайнайды, оңай айырылады және жанғыш болып келеді. Органикалық заттардың саны өте көп, табиғатта кең таралған және оларды синтездеп алуға да болады. Органикалық заттардың санының көп болуы көміртек атомының ерекше қасиеттеріне байланысты. Органикалық қосылыс құрамындағы көміртек атомдары өзара тізбектеліп, тармақталып және тұйықталып байланыса алады.

Сонымен қатар, бірімен-бірі дара және еселі байланыстар арқылы да қосылады.

Адам және жануар организмдері, өсімдіктер, табиғи газ, мұнай, т.б, негізінен, органикалық заттардан тұрады.

Тапсырмалар:

Тапсырма. Жаңа сөздермен танысыңыз.

органикалық заттар - органические вещества

үлкен топқа - на большие группы

орман шаруашылығының - лесного производства

жасанды жолмен - искусственным путем

табиғи газдар - природные газы

дайын күйінде - в готовом виде

күрделі қоспасы - сложное соединение

отын ретінде - в качестве горючего

құрамында болады - бывает в составе



төмен температураларда - при низких температурах

Тапсырма. Мәтін мазмұнын әңгімелеңіз.

Тапсырма.Мына сөздермен сөз тіркестерін құраңыз.

ерекше заттар
табиғи шаруашылығы
орман қасиеттері
жасанды өнімдері
органикалық жолмен
ауылшаруашылығы газдар

Тапсырма.Төмендегі сөздерден сөйлем құрап, тиісті формаға қойыңыз.

- Органикалық, заттар, құрам, міндетті, түрде, көмір­тек, атомы, болу (ауыспалы осы шақ, болымды сөйлем).

- Табиғатта, заттармен, кездесетін, табиғатта, қатар, ұшыраспайтын заттарды, синтездеуге, да, болу (сұраулы сөйлем).

- Олар, қайнау, төмен, балқып, температураларда (болымды, сұраулы сөйлем).

Тапсырма. Тірек сөздермен сөйлемдер құрыңыз.

Табиғи газдар, метан, органикалық заттар, шикізат, мұнай,бензин, керосин, жанармай, жағар­май алады, тас көмір, отын, жанғыш тақтатас, өңдеу, шымтезек, қаныққан көмірсутектер, органикалық қыш­қылдар, фенол, целлюлоза, жасанды талшықтар, эфир майлары.

 

Тест сұрақтары

1) Органикалық қосылыстар тегіне байланысты нешеге бөлінеді?

- 3

- 2

- 4

- 5

2) Табиғи газ метаннан неше % тұрады?

- 85%

- 27%

- 96%

- 73%

3) Органикалық заттардың құрамында міндетті түрде қандай атом болады?

- көміртек

- сутек

- көмірсутек

- азот

4) Қандай заттан қаныққан көмірсутектер, органикалық қыш­қылдар, фенол, т.б. органикалық заттар алынады?

- мұнай

- жанғыш тақтатастар

- тас көмір

- шымтезек

5) Альдегид тотығып не нәрсеге айналады?

- спиртке

- мұнайға

- карбон қышқылына

- сутекке

 

 

10сабақ


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!