Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Химия саласындағы қазақстандық ғалымдар



Жұбанов Болат Ахметұлы.Қазақ химик-органигі, академик. Негізгі ғылыми жұмыстары термиялық тұрақты полимерлерді және медицина саласында қолданылатын препараттарды синтездеуге арналған. 400-500°С температураға тұрақты гетероциклді полимерлер синтездеді. Поли­конденсациялану реакцияларының кинетикасы мен термодинамикасын зерттеді. Металл тұздары қаты­сында кейбір поликонденсациялану реакцияларын белсендіру жолдарын тапты. Жоғары молекулалы қосылыстар (ЖМҚ) технологиясы мен химиясының іргелі және қолданбалы мәселелерімен айналысып, Қазақстанда ЖМҚ химиясының мектебін ұйымдас­тырып, ғылыми және педагогикалық мамандар дайын­дауға үлкен үлес қосты.

Бірімжанов Батырбек Ахметұлы. Химия ғылымдарының докторы, академик. Қазақстанда еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қазақстанда полимерлер химиясын оқытуға, арнайы кафедра ұйымдастыруға үлкен үлес қосқан. Континенттік тұзтүзілу теориясының және жоғары оқу орындарына арналған «Жалпы химия» оқулығының авторы.

Ерғожин Еділ Ерғожаұлы.Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы саласындағы белгілі ғалым, академик. Қазақстандағы ион алмасу химиясы мен мембраналық технология, тотығып-тотықсызданғыш және краун-қосылыстардың негізінде полимерлерді алу және зерттеу салаларындағы ғылыми мектептің негізін қалаушы.

Сызықтық, тармақталған және торлы макромолекулалардағы көптеген реакциялардың механизмдеріндегі ерекшеліктерді анықтап, жаңа теориялық және практикалық маңызы зор жаңалықтар ашты.

Ғазалиев Арстан Мәуленұлы. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, химия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі. Ол Қарағандыда табиғи және құрамында азоты бар синтетикалық заттардың химия саласындағы ғылыми мектебін құрды. Органикалық байланыстардың электрохимиясының Ресей Ғылым академиясы Ғылыми Кеңесінің мүшесі.



А.М.Ғазалиев 690 ғылыми еңбектің, оның ішінде 16 монографияның, 5 кітаптың, 9 оқулықтың және 39 авторлық куәлік пен патенттерде авторы.

ҚР ҰҒА академигі А.М.Ғазалиев жас кадрларды даярлауға аса көңіл бөледі, көп уақыт пен күш жұмсайды. Оның көптеген шәкірттері республиканың түпкір-түпкірінде жұмыс істейді. Оның жетекшілігімен 12 докторлық, 46 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Олардың ішінде Мемлекеттік сыйлықтардың, Тұңғыш Президент Қорыны сыйлығының және ТМД елдерінің жас ғалымдарына арналған «Содружество дебютов» халықаралық сыйлықтарының лауреаттары бар.

Е.Н. Әзербаев шәкірттерімен бірге медицинада ісікке қарсы қолданылатын "Глиофен", өсімдіктердің өсуін тездететін "Акпинол", "Фоспинол" препараттарын синтездеді.

Қазақстандық ғалымдар түрлі өндірістік бұйымдар жасауға ыңғайлы, механикалық беріктігі жоғары, тамаша техникалық қасиеттерге ие жоғары молекулалы қосылыстарды, макромолекулалық жүйелерді зерттеуде де зор жетістіктерге жетті. Мысалы, академик Б.А. Жұбановтың жетекшілігімен туберкулез ауруына қарсы препараттар (изониазид, этионамид, рифампицин, флори­мицин, т.б.), сондай-ақ, әсер ету мерзімі ұзақ, жергілікті жансыз­дандыруға қолданылатын (анестетик) қабыршақтар синтезделді.



А.Шәріпқанов шәкірттерімен бірге биологиялық белсенді заттардың стереохимиясының теориялық негіздерін дамыта отырып, зерттеулерінің практикада қолданылуы үшін көп еңбек етті. Синтездеп алынған қосылыстардың ішінде медициналық дәрілік заттар ауылшаруашылығы өсімдіктерінің өнімділігін арттыратын биологиялық белсенді заттар мен зиянкестерге қарсы қолданылатын фунгицидтердің бірнеше тобы бар. Солардың қатарында сынақтан ойдағыдай өткен «Риклокаин» деп аталатын дәрі бар. «Риклокаин» дәрісі тиімділігі жоғары анестезиялық зат ретінде медицинада қолдануға ұсынылды.

Б.В. Суворов – тотықтырғыш аммонолиз реакциясын ашып, соның негізінде нитрилдерді және алифатикалық, ароматты амидтер мен гетероатомды сақиналы пиридин, карбон қышқылдарын синтездеу әдістерін ашты. Тотығу процестеріне тиімді катализаторлар ойлап тауып, гетероциклді қосылыстар химиясы саласында маңызды зерттеулер жасады.

Т.Қ. Шомбалов және М.И. ГоряевҚазақстанда табиғи өсімдіктер химиясының негізін салды және осы саладағы зерттеу жұмыстарын ғылыми мектебін құрды. Солардың қатарында Р.А. Музычкина, Г.Ш. Бурашева, Ж.Ә. Әбілов, Д.Ю. Корулькинді атауға болады. Р. А. Музычкина Тянь-Шань қымыздығы тамырынан бөліп алған дәрілік препараттардың (Қазақстанда және Ресейде патенттелген) емдік қасиеттері шетелдік препараттардан әлдеқайда жоғары екендігі клиникалық сынаулар кезінде анықталған. Ал Г.Ш. Бурашева мен Ж.Ә. Әбілов түйе жантағынан Алхидин (Қазақстанда патенттелген) негізінде қабынуға, ісікке, күйікке қарсы қолданылатын дәрілік препараттар синтездеп, өндіріске енгізген. Соның шінде «Жантақ» шырынының емдік қасиеті «Қызыл майдан» да артық екені дәлелденген.

Қазіргі кезде Қазақстанда химиктердің қатары жыл сайын артып келеді. Олар тәуелсіз еліміздің өркендеуі үшін адамзаттың алдында тұрған келелі міндеттерді шешуге өзіндік үлестерін қосуда. Олардың қатарына З.М. Молдахметов, Қ.Ж. Пірәлиев, С.М. Әдікенов, Қ.Б. Ержанов, Г.Д. Закумбаева, З.С. Нүркеева және т.б. көптеген ғалымдарды атауға болады.

Өскелең ұрпақтың ендігі міндеті – егеменді елімізді дамытуға, химия ғылымының деңгейін арттыруға бар күш-жігерлерін жұмсап, алдыңғы буын ағалар ісін жалғастыру болып табылады.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыз:

синтездеуге арналған - предназначен для синтеза

температураға тұрақты - устойчивый к температуре

термодинамикасын зерттеді - исследовал термодинамику

жолдарын тапты - нашел пути

мәселелерімен айналысып - занимались проблемами

үлес қосты - внес вклад

белгілі ғалым - известный ученый

беріктігі жоғары - высокая прочность

техникалық қасиеттер - технические качества

өндіріске енгізген - внес в производство


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!