Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Тапсырма. Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыз



Ндірістік экология және химия кафедрасы

Өндірістік экология және химия кафедрасы 1995 жылы ашылды. Қазіргі уақытта кафедра Тау-кен Институтының негізгі кафедрасы болып табылады, нарықта талап етілген мамандық бойынша төрт мамандықта дайындайды:

1) 5В070100 – «Биотехнология» траектория бойынша:

- өсімдік биотехнологиясы;

- биоэнерготехнология;

- экологиялық биотехнология.

2) 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» Траектория бойынша: - химия-фармацевтикалық препараттар технологиясы;

- көмір мен газды (метанды) қайта өңдеу технологиясы.

3) 5В073100 – «Тіршілік әрекетінің еңбек қауіпсіздігі» траектория бойынша: - Экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау.

4) 5В073700 – «Пайдалы қазбаларды байыту»

- Түсті металдар рудаларын байыту технологиясы;

- қара металдар рудаларын байыту технологиясы;

- көмірді байыту технологиясы.

Кафедра мақсаты - химия, мұнайгаз, металлургия саласында, байыту фабрикаларына, ғылыми-зерттеу және жобалық мекемелерге, колледждерге, ЖОО-ға, бітіргеннен кейін дереу өндірістік циклге кіріп кетуге дайын жоғары квалифицирленген және сұранысқа ие кадрларды шығарып дайындау.

Кафедра міндеті оқу пәндерін өндіріс, ғылым және техника талаптарына сай қазіргі заман деңгейінде жаңа технологияларды қолдана отырып оқытуды қамтамасыз ету.

Мамандарды шығарудан басқа, кафедра оқу жұмыс жоспары мен бағдарламасына сай, ҚарМТУ-дың барлық мамандықтарының студенттеріне «Химия», «Экология және тұрақты даму» пәндері бойынша сабақ өткізеді.

Өндірістік экология және химия кафедрасының ПОҚ келесі ғылыми-инновациялық бағыттарды дамытады:

1) Органикалық заттардың технологиясы және химия (биологиялық белсенді қосылыстар, мұнайды, газды және көмірді қайта өндеу өнімдері)

2) Өсімдіктер мен жануарлар биотехнологиясы

3) Көмірді, кенді байыту

4) Өндірістік экология



5) Ағын суларды және т.б. тазарту

Кафедра барлық қызығушылық танытқан физикалық және заңды тұлғаларды ғылыми-инновациялық және оқу-әдістемелік қызметтестікке шақырады.

Тапсырмалар:

Тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Өндірістік экология және химия кафедрасы, өсімдік биотехнологиясы, биоэнерготехнология, экологиялық биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы,химия-фармацевтикалық препараттар технологиясы, көмір мен газды (метанды) қайта өңдеу технологиясы, тіршілік әрекетінің еңбек қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, пайдалы қазбаларды байыту, түсті металдар рудаларын байыту технологиясы, қара металдар рудаларын байыту технологиясы, көмірді байыту технологиясы.

Тапсырма. Мәтінге сұхбат құрастырыңыздар.

Тапсырма.Мәтіннен ауыспалы осы шақта тұрған етістіктерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріп,мазмұнын айтып беріңіз.

Тест сұрақтары.

1) Өндірістік экология және химия кафедрасы қай жылы ашылды?

- 1998 ж.

- 2005 ж.

- 1995 ж.

- 2007 ж.

2) «Органикалық» деген термин қандай сөзден шыққан?

- көміртек

- организм

- өнімдер

- элементтер

3) Органикалық қосылыстар саны бейорганикалық қосылыстардан аз ба, көп пе?



- аз

- көп

- орташа

- төмен

4) Органикалық қосылыс қандай элементтен тұрады?

- натрий, калий

- көміртек, сутек

- көмірқышқыл газы

- тұз, сілті

5) Органикалық заттардың құрамына мына элементтердің қайсысы кіреді?

- Ca, S, N, C, Mg

- C, H, O, N, S

- Zn, Ba, C, O, H, S

- N, C, Mg, O, H, S

2сабақ

Органикалық химия

Органикалық химия - химия ғылымының ерте қалыптасқан салаларының бірі.

Адамдар органикалық заттармен өте ертеден таныс болды. Өсімдік пен жануарлар майын, қантты және т.б. заттарды тағам ретінде пайдаланды, табиғи бояуларды тұрмыста қолданды. Жеміс-жидектерді ашытып, спирт және сірке қышқылын алды. Ал көміртек қосылыстары туралы ғылым XIX ғасырдың бірінші жартысында ғана пайда болды. Бұл кезге дейін заттарды минералды, өсімдік текті және жануар текті деп үш топқа бөліп, оларды жеке-жеке зерттеген.

Химиялық талдау әдістерінің жетілуіне байланысты өсімдік текті және жануар текті заттарда көміртек болатыны анықталды. Швед химигі

Й. Берцелиус 1808 жылы организмнен алынатын заттарды «органикалық заттар» деп, ал оны зерттейтін ғылымды «органикалық химия» деп атауды ұсынды. Заттар құрамына байланысты бейорганикалық және органикалық болып бөлінеді. Органикалық заттардың құрамына көміртек кіреді.

Қазіргі кезде органикалық химия химияның ең ірі, маңызды саласына айналды. Органикалық заттардың саны 18 миллионнан асады. Органикалық синтез өндірісі дәрі-дәрмектер, полимер материалдар, бояулар, тағамдық қоспалар мен косметикалық заттар, т.б. қосылыстар шығарады.

Тірі организмдердің тіршілік етуіне мүмкіндік беретін және оларда жүретін процестердің негізгілері - органикалық заттардың химиялық реакциялары. Демек, органикалық химия- тіршілік химиясы.

салаларының бірі - одна из отраслей органикалық заттармен -с органическими веществами тағам ретінде пайдаланған- использовали в качестве еды жеке-жеке зерттеген- исследовали по отдельности швед химигі- шведский химик  

Тапсырмалар:

тапсырма. Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыз.

 

ерте қалыптасқан -давно сформировавшаяся

таныс болды- были знакомы

тұрмыста қолданды- использовали в хозяйстве

көміртек қосылыстары- углеородные соединения

пайда болды- появились

атауды ұсынды- предложил назвать

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!