Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ық. Халықаралық құқық. Бәсекелестік құқығы» – 49 адам



Бағдарлама іске асырылған 20 жыл ішінде 10 025 стипендия тағайындалды. Түлектер саны 6 мың адамды құрады», - деп өз ойын түйiндедi ол

Барлық құқығы қорғалған.

BNews.kz материалдарын жеке мақсаттан басқа, кез келген жағдайда пайдалану кезінде BNews.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.

BNews.kz материалдарын пайдалану кезінде:

Басылым беттерінде немесе қағаз, таспа және т.б. секілді материал тасығыштардың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез материалдардың www.bnews.kz веб-сайтынан алынғанын көрсетіп отыруы міндетті.

Интернетте немесе электронды түрде пайдаланудың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез «www.bnews.kz» веб-сайтының басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.

 

Білім және ілім. Саясат НҰРБЕК, «Халықаралық бағдарламалар орталығының» президенті: Елбасы қатысатын форумға қызу дайындық үстіндеміз!

E-mail Басып шығару PDF

Айқын

 

 

- Азаттықтың алғашқы жыл­да­рында, алға басу емес, аман қалып, жан бағу мұң болған қиын кезге қа­рамастан, Қазақстан көш­бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаев бола­шақ ісіне - елдің ертең тізгінін қол­ға алар жас басқарушылар буы­нын тәрбиелеуге ден қойды. Тә­уел­сіз мемлекетімізді құрудағы Пре­зи­дент­тің көреген саясатының ерек­ше­лігі де осы болса керек. Жалпы, «болашақтықтар» өздеріне ел мен Ел­басы артқан үмітті ақтай алды ма?

- «Болашақ» бағдарламасының түлектері өздеріне жүктелген мис­сияны ойдағыдай орындап жатыр деп айтуға болады.

Елбасының «Болашақ» бағ­дарламасы 1993 жылы қолға алын­ды. Ол уақыт, шынында, еліміз тә­уелсіздікке жаңа қол жеткізіп, бар­лық тұғырлы заңдық қалып­та­рымыз түбегейлі өзгеріп жатқан кез еді. Сондықтан да азат елімізге ең алдымен құқық мамандары қажет болды.



Ұлттық заңнаманы түзумен ел экономикасын көтеру мақсаты қатар тұрды. Осыған орай, «Бола­шақ­тың» алғашқы легімен халық­аралық қатынас, экономика мен қар­жы саласындағы егемен Қа­зақстан үшін қажетті халықаралық деңгейдегі мамандардың бастапқы буыны даярланды.

Ал екінші кезеңде «Болашақ» стипендиясы арқылы инженер-технолог мамандар даярланды. Өйткені ел еңсесін көтеріп, эко­но­мика түзелген соң, индус­триал­дық даму қолға алынған болатын. Сол кезде елімізде инженерлік, тех­нологиялық мамандар тап­шы­лығы білінді. Осы салада әлемнің ең озық оқу орындарында сту­денттер даярлау қажет болды.

Міне, осылайша, ел басшы­лы­ғы әр кезеңде аса қажетті ма­ман­дарды даярлау жүгін осы «Бола­шақ» бағдарламасына артып отыр­ды. Нәтижесінде, 18 жылдың ішін­де «Болашақ» президенттік сти­пендиясымен 7,5 мыңнан аса сту­дент даярланды. Жалпы бі­лім­ге, болашаққа құйылған қаржы еш уақытта қысқа мерзімде нәтижесін бере алмайды. Елге оралған «Бо­ла­шақ» түлегі ең алдымен, әлемдік жетекші оқу орындарында алған озық білімі негізінде елдегі белгілі бір қызметтерге араласады, сол қыз­меттің ыстығына күйіп, суы­ғына тоңып, әбден пісіп-жетілген соң ғана өз нәтижесін көрсете бас­тайды. Ал шетелде игерген үздік білімі оны жаңа биіктерге жете­леуші негіз болады.



- Жастарға аға ұрпақ үлкен үміт артып отыр. Өйткені тәуел­сіз­дік жағдайында қалыптасу мүм­кін­дігіне ие болған жастар құлдық са­надан, қасаң идеялардан, қысаң шеңбер-шектеулерден ада. Сон­дық­тан «болашақтықтар» ескі қа­лы­птарда «пісіп-жетілмей», жа­сампаздық танытуы, шетелдің озық тәжірибесін әкелуі шарт емес пе?!

- Біз көп ескере бермейтін дүние бар, ол - «болашақтық­тар­дың» алып келген әлеуметтік ка­питалы. «Болашақ» президенттік бағдарламасы біздің жас­та­ры­мызды шет мемлекеттердің кез келген емес, «Гарвард» сынды тек ең озық университеттерінде оқыт­ты. Ал онда шетелдің кез келген сту­денті емес, әлемдік элиталар ұрпағы, әр ұлттардың үміт артқан ең білімді де жігерлі жастары - болашақ әлем басқарушылары оқиды. Олардың әрқайсысы ертең өз елінде биік лауазымдарға кө­теріле бастайды. Яғни, біздің ер­тең ел тізгінiн ұстар жастарымыз әлемдік элита ізбасарларымен парталас, жолдас болуда.

Қазіргі жаппай жаһандану кезінде, мемлекет мүддесі таразыға тартылатын кез келген халық­ара­лық мәселелердің оң шешілуіне жеке бас таныстығы, сыйластығы, достығы керемет ықпал ететіндігі құпия емес. Міне, сол жастар за­ма­ны туғанда, біздің «болашақ­тық­тардың» ел мүддесі үшін берер пайдасы, елдің өрлеуіне қосар үлесі мол болады.

- Елбасының «Болашағының» әлемдік баламалары көп пе?

- Жалпы, тіпті әлемдік ау­қым­да дәл осы «Болашақ» сияқты бағ­дарлама саусақпен санарлық. Рас, жастардың шетелдің озық оқу орындарында білім алуына мән беріп отырған бірқатар мемле­кет­тер бар. Бірақ олардың өздері дәл Қазақстандай көп студент жіберіп жатқан жоқ. Бір жарым миллиард халқы бар Қытайдың өзі жылына бірнеше мың адамды ғана жібереді. Онда да көбінесе, мемлекеттік қызметкерлерді қысқа мерзімге, 2-6 айлық, әрі кетсе 1 жылдық курс­тарға жолдайды. 120 мил­лионнан астам халқы бар Жапония жылына 15-ақ азаматты жібереді екен. Ресей, бізден көріп, енді ғана қолға алып жатыр.

Біздің еліміз жыл сайын 3 мың студентті 87 мамандық бойынша дүниежүзіндегі 32 елге жіберіп келді. Жалпы, әлгінде айтылған ел­дердің қайсысы болмасын, сти­пен­дияны берген соң, ол жастың бел­гілі бір мерзімде оқу бітіруін ғана қадағалайды. Ал «Болашақ» бағ­дарламасы жастарды өзі таң­даған озық оқу орнына орна­лас­тыру, оны оқуын бітіргенше қа­да­ғалау, сосын елге қайтқан соң, жұ­мыспен қамту сынды жұмыстар ке­шенін толық іске асырады.

- «Болашақ» бағдарламасын іске асыратын орталықтың қыз­ме­тіне қатысты сын көп айтылды... Не өзгерді?

- Мен істі «адамды өзгерту» қы­рынан бастадым. Әрине, бұл жерде жаппай ауыс-түйіс жасап, шетінен кетіру емес, жауапты ма­мандардың осы іске деген көз­қа­расын жаңалау тұрғысынан келдім. Рас, «Болашақ» халықаралық бағ­дарламалар орталығы турасында сын көп айтылды, әлі де айтылуда. Сондықтан мен осы ұжымға бас­шылыққа келгенде, ең алдымен ұжым ішіндегі қарым-қатынасты ретке келтіруді қолға алдым.

Ғылымда «шаршау» деген бір ұғым бар, біздің ұжымда осы «шар­шау» байқалған еді. Қызмет­керлер арасында өздерінің ша­ма­сына, басшылыққа, тұтастай іс­теп жат­қан жұмыстарының нә­ти­жесіне деген сенім аздау еді. Осы себепті қызметкерлерді ын­та­лан­дыру, дүр сілкіндіріп, сенім­де­рін арттыру бағытында жұмыс жаса­дық. Бү­гінде, Аллаға шүкір, біраз алға жыл­жушылық бар деуге бо­лады.

Ел басшылығы тиімді басқару мәселесін қойып отыр. Бұл - бар­лық мекемелердің, кез келген ком­панияның басты мәселесі. Қа­зақстанда, шыны керек, «бас­қару менеджменті» деген бір кен­же қалған сала! Біз шетелде оқыған теорияларымызды сонда көрген, көңілге түйген азын-аулақ тәжі­ри­белермен ұштастырып, қолдану арқылы, қолдан келгенше, жаңа, озық басқару әдістерін енгізуге тырысып жатырмыз. Әрине, мұ­ның бәрі бір күнде қалыптасып, орнай қалатын дүние емес.

Гарвард университеті осы басқару менеджментіне қатысты жылына том-том кітаптар шыға­рады. Өйткені басқару әдістері мен тәсілдері күн сайын жетіліп, ең озық технологиялар мен тиімді жолдарын игеруді талап етеді. Олай болмаса, жұмыстың алға ба­суы қиын. Бүгінде 18 жылдың биі­­­­гінен қарап отырсақ, Елба­сы­ның «Болашақ» бағдарламасы бас­қару мен бағдарламаны жү­зе­ге асырудың ерекше, ешбір елде жоқ өзіндік бір модулін қалыптастырып отыр.

- Айтылған сынның ішінде қа­бырғаға батқаны - базбір «бола­шақ­­тықтардың» мемлекеттік тілді біл­мейтіндігі болды. Мәселе ше­шілді ме?

- Жалпы, тіл білу - әр адамның жеке бас тәрбиесіне тікелей бай­ланысты. Ананың сүтімен, әкенің ісімен келетін құндылық, асыл мұра. Менің көптеген достарым «асфальтта» өскен, орысша тілі шы­ғып, орысша тәрбиеленген. Ке­йін солар осы «Болашақ» бағ­дар­ламасымен шетелге барып, оқып қайтқан соң, қазақша сөйлеп шыға келді. Таңғалдым. Содан қазақ тілін қалай үйренгендерін сұрамаймын ба?! Сөйтсе, шетелдегі қоғамдық қысым әр адамның даралығын танытуға итермелейді екен. Шетелде француз - фран­цуз­ша, өзбек - өзбекше, қытай - қытайша сөйлейді. Тек әлгі қа­зақ­тар ғана «орысша» сөйлейді. Содан кейбіреулер: «Қазақ болсаң, неге орысша сөйлейсің? Тілің жоқ па?» деп келеке етеді екен. Содан олар өзді-өзіне ренжіп, намыста­нып, ана тілін үйренуді мақсат етеді.

Шетелге оқуға кетіп жатқан­дар­дың арасында қазақша дұрыс білмейтіндер көп болуы мүмкін, бірақ оқуларын бітіріп қайтқанда, олардың арасында қазақша білетіндері күрт көбейеді.

- Алда Елбасының қатысуымен «болашақтықтардың» үлкен фо­румы өтеді, дайындық барысы қа­лай?

- Әрбір жасалып жатқан істің бір көрсеткіші болуы керек. Азат­тық алған жылдары, еліміз үшін ауыр кезеңде Елбасының баста­ма­сымен қолға алынған «Болашақ» бағдарламасының қол жеткізген жетістіктерін паш етуіміз қажет. Президент Нұрсұлтан Назарбаев­тың қатысуымен өтетін форумда «Дарын», Назарбаев зияткерлік мектептерінің, «Назарбаев уни­вер­ситетінің» және «Болашақ» бағ­дарламасының түлектерінің үздік, ең дарынды жастары таныс­тырылады.

Биылғы форумның мәні бұ­рын­ғыдан өзгерек, маңызы ерек. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қар­саңында өткелі отырған фо­рум­ға дайындық қызу жүруде. Біз «Болашақ» түлектері арасында «ин­новациялық жоба» байқауын жа­риялаған болатынбыз. Форум қарсаңында оның қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары анық­талады. Ал жүзден жүйрік шық­қан­­дарға жүлдені Президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың өзі табыс ететін болады. Яғни бұл форум «болашақтықтардың» бүгінгі жетістіктерімен танысып, келешек жоспарларын бекітуге, алға нық қадаммен ілгерілеулеріне ықпал етіп, үлкен серпіліс берері сөзсіз.

- Мемлекет басшысы биыл Үкімет алдына «Болашақ» түлек­те­рін жұмыспен қамту міндетін қадап тапсырғаны есте. Ол бойынша да фо­румда Елбасы алдында есеп бе­ретін боларсыздар. Бұл іс қалай іл­герілеуде?

- Түлектерді жұмысқа орна­лас­тыру - ауқымды іс. Оқу бітіріп кел­ген жастар 3-4 ай бойы жұмыс із­деуге кіріспейді. Төрт-бес жыл жат­жұртта жүрген баласының үйі­не оралғанын асыға күтетін ата-анасы да көбінесе оны жұ­мысқа орналастыруға асыға қой­майды.

Ең қызығы сол, оларды іздеуді біз өзіміз бастаймыз. Телефон со­ғамыз. Хабар саламыз. Әйтеуір та­уып алып, неге хабарсыз жат­қан­дығын, жұмыс тапқан-тап­пағандығын сұрамаймыз ба?! Сон­да кейбір ата-аналар: «Жұ­мысты қоя тұрыңдар! Әлі балам­ның кел­ген «шашу шайын» берген жоқпын туыстарға!» немесе «Ба­лам әлі жа­қындарымен толық кез­десіп, шү­йіркелесіп үлгерген жоқ» деп жа­тады. Сөйтіп, түлектер нақ­ты жұ­мысқа орналасып бол­ғанша, арада 5-6 ай өтеді.

Негізінен, бүгінде «Болашақ» түлектері жұмыссыз жүр» деп айтуға болмайды. Әрине, оларға жұмыс табу - оңай емес. Бірін­шіден, түлектердің талабы жоғары. Әлемнің ең үздік оқу орындарынан білім алғандықтан да, көбінесе әп дегеннен жалақыларының жоғары болғандығын қалайды.

Бірақ оларға оқуға түсу кезінде қоятын біздің де талаптарымыз бар. Яғни әрбір түлек мемлекет қаржысына оқығаннан кейін, елге оралып, қызмет етулерін міндет­тей­міз. Бұл заң жүзінде бекіді. «Бо­лашақтықтар» бос жүрме­ген­дерін дәлелдеп, үнемі жұмыс орын­дарынан анықтама тапсырып оты­рады. Міне, осындай тыңғы­лық­ты жұмыстың арқасында, түлектер мемлекеттің өркендеуіне қызмет етеді.

- «Болашақтықтардың» ауыл­ды менсінбейтіндігі де көп ай­ты­лады. Ауылды гүлдендіруге тар­ту­дың бір шарасын жасап жатыр­сыздар ма?

- Қазіргі таңда «Болашақ» түлектерінің 85 пайызы Астана мен Алматы қалаларында жұмыс істеуде. Тек, 15 пайызы ғана өзге өңір­лерде.

Дәл осы мәселені шешу үшін де жан-жақты бағдарлама жасалу үстінде. Қазіргі кезде Президент Әкімшілігі, Білім және ғылым ми­нистрлігі сынды құзырлы ор­гандар, сондай-ақ «Болашақ» пре­зиденттік бағдарламасы сти­пен­диаттарының қауымдастығы сияқты ұйымдар біздің түлекте­рімізді жұмысқа орналастыру бағытында үлкен жұмыс жасап жатыр.

Биылғы жылы Білім және ғы­лым, Еңбек және халықты әлеу­мет­­тік қорғау министрлігімен бір­лесе отырып, ел экономика­сын­да­ғы әр салаға қажетті мамандар­ды, нақтылы кәсіпорындар мен ми­­нистрліктердің сұранысы ар­қылы даярлау туралы жоспар жа­садық, ол ендігі бекітілді.

Қазіргі кезде «Болашақ» сти­пендиясы иегерлерімен үш жақты, яғни біздің «Халықаралық бағ­дарламалар орталығы», жұмыс бе­руші және стипендиат болып келісімшарт жасалынады. Бүгінде алғашқылардың қатарында, Ту­ризм және спорт министрлігімен түлектерді жұмыспен қамтуда бірлесе жұмыс жасау жөнінде ме­морандумға қол қойдық. Бұған қоса, өзге де көптеген ұлттық ком­па­ниялармен, мемлекеттік ме­ке­мелермен келіссөздер жүргізілу үстінде. Ендеше, мемлекеттің қы­руар қаржысына даярланған ма­манның өз білімі мен күш-жігерін ел игілігіне жұмсауына мүм­кін­діктер жасалуда.

Қазіргі таңда өзіне жұмсалған ел қаржысының қайтарымын беріп, халық игілігі үшін тер төгіп жат­қан «Болашақ» түлектері же­терлік. Олардың арасында Ұлт­тық ғылыми медициналық ор­талықтың балалар кар­диохирургі Майя Сәр­се­тованы, Павлодар облысы әкі­мі­нің аппарат же­тек­шісінің орын­ба­сары Әнуар Кен­жетаевты, Каз­коммерцбанк» АҚ басқарушы ди­­ректоры Мағ­жан Әуезовті және бас­қаларын атап өтуге бо­лады.

 

Сұхбаттасқан

Айхан ШӘРІП

 

Үнділерден үлгі алған абзал

 

 

Батыстың белгілі экономист-сарапшыларының пайымдауынша, жоғары дәрежелі маман дайындауға мемлекеттен жұмсалған 1 доллар шығын 6 доллар пайда әкеледі екен. Бұл жағдайда мемлекетке жоғары білімді азаматтардың басым болғаны тиімді екені түсінікті. Осыған сәйкес қазіргі кезде дамыған елдер жергілікті жерде компаниялардың тек басшылық ұйымдастыру жұмысымен айналысатын құрылымдарын ғана қалдырып, өндіріс орындарын дамушы елдерге көшіріп, кіші санатты қызметкерлердің жұмыс орындарын азайту процесі жүріп жатыр. Ең бастысы, бұл уақытша құбылыс емес, келешекте ол ұлғая бермек. Қазір Батыста жұмыссыздар қатарында тек төменгі санаттағы жұмыс күші басым, керісінше жоғары санаттағылар тапшы. Экономист, заңгер, программист, инженер мамандықтары бойынша білікті кадрлар жетіспейді. Мәселен, бір ғана неміс ауруханасында ресми дерек бойынша 15 мың дәрігердің орны бос көрінеді.

 

Бұл құбылысты реттеу үшін дамыған елдер басқа мемлекеттің білікті мамандарын шақырып, арнайы бағдарламаларды жүзеге асыруда. Мысалы, осыдан 20 жыл бұрын америкалықтар мигранттарға жылына 5 млрд. доллар жұмсаса, салық түрінде олардан мемлекетке 90 млрд. доллар пайда түсірген. Яғни, шығынның орны 15 есе кіріспен толған. Әрине, бұл қаржылай қармаған олжалары, ал ғылым мен техниканың дамуына қаншалықты үлес қосқанын өзіңіз бағамдай беріңіз.

 

Ал Қазақстанға келсек, білікті кадрларсыз экономика саласының жаңғыруы екіталай. Онсыз дамыған 50 елдің қатарына кіру мүмкін емес. Әрине, мемлекеттің өндірістік дамуына ықпал ететін бағдарламаларын жасауға болар. Мұнайдан түскен қаржыға қазіргі заманғы жоғары технологиялық өндірісті қаптатып салуға болады. Бірақ мұның барлығы тек қазіргі заманғы менеджементті қолданып, техниканың қалай жұмыс жасайтынын білетін кәсіпқой мамандар саны жеткілікті болғанда ғана жүзеге асады.

 

Бизнес өз-өзіне қажетті ұлттық кадрларды даярлайды дегенге сену қиын. Өйткені жеке компанияларға өздері оқытқанша, шетелдерден дайын кадрларды шақырту тиімдірек. Сондықтан бұл шаруа тек үкіметтің ғана қолынан келеді. Елбасы Н.Назарбаевтың осыдан 15 жыл бұрын жастарды әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарына оқытуға жіберу туралы қабылдаған шешімі мемлекет үшін маңызды екенін уақыт көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мыңдаған «Болашақ» түлектері мемлекеттің өркендеуіне ат салысуда.

 

Дегенмен, соңғы жылдары «Болашаққа» қабылдау ережесінде бірқатар мәселелердің бой көрсетіп жүргені мәлім болды. Мысалға, еліміздің барлық аймағын қамтуы тиіс стипендианттар санының әр өңірден біркелкі тартылмайтыны жиі айтылады. Олардың көпшілігін Астана, Алматы сияқты ірі өндіріс орталықтарынан келгендер құрайды. Әсіресе, ауыл жастарының саны тым аз. Мұның бірден-бір себебі, жобаның аз ақпараттандырылуы мен ауыл мектептеріндегі ағылшын тілінің оқыту сапасының төмендігі болып табылады. Өткен жылғы «Болашақ» бағдарламасына бағыттап айтылған сыннан қорытынды шыққан тәрізді. Биыл ережеге енгізілген өзгерістер бойынша ауыл жастарына арнайы жеңілдіктер мен қосымша тіл үйренуге мүмкіндіктің берілуі жағдайды біршама жеңілдетеді. Бұрын мамандық орталық мекемелердің тапсырысы бойынша ғана анықталса, енді Елбасының Жолдауына байланысты компаниялар мен ұйымдардың сұранысы бойынша жергілікті атқарушы биліктің өтініші арқылы да жүзеге аспақ. Бұл жағдайда стипендианттар оқу аяқталысымен елге оралуы тиіс.

 

Алайда бағдарламаның тиімділігін арттыру үшін бірқатар ұсыныстарды атап өтуге болады. Мәселен, қазіргі қалыптасқан жүйеге сәйкес «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдің оқу орындары мен мамандықтар тізімі құжат қабылданар алдында 3 ай бұрын ғана хабарланады. Ал еліміздің 2030 жылға арналған Стратегиялық бағдарламасынан тыс 5-10 жылға есептелген салалық бағдарламалар бар емес пе?! Яғни, тапшы мамандарды да алдын ала анықтай алатын толық мүмкіншілігіміз бар. Біріншіден, бұл жағдайда білім алушыларға да таңдайтын мамандығы ертерек хабарланса, ол үміткердің 9-ыншы сыныптан бастап өз деңгейінде дайындалуына жағдай жасар еді.

 

Екіншіден, жоғары оқу орындарына өз күшімен түсіру мақсатында кейбір ата-ана балаларын шетелге дайындық курстарына өз қаражатымен жібереді. Бұл жағдайда 1 немесе 2 жылдық оқу ақысын ата-аналардың өздері өтегендері мемлекетке тиімді. Оның үстіне стипендианттардың әлемнің беделді оқу орындарына түсу мүмкіндігі өседі. Бірақ, өздігімен түскен талапкер мамандығы мен оқу орынның тізімін алдын ала білмей, дайындық курсы біткен соң таңдаған мамандығы тізімде болмай қалу қаупі де бар. Сондықтан менің ойымша, қажет мамандар тізімін 3 жыл бұрын жасау керек. Оның үстіне, бұл 2009-2011 жылға арналған бюджеттің 3 жылға қарастырылуына сәйкес келеді.

 

Сол сияқты қаржының белгілі бір бөлігін өтеп бере алатын жеке компаниялардың да мүмкіндіктерін пайдалануға болады. Себебі болашақтықтар 5 жыл мемлекет секторында немесе Қазақстанның бизнес құрамында қызмет атқаруы қажет. Сонда компаниялар тек қана сұраныс жасап қоймай, өздері оқу төлемінің бір бөлігін көтерсе, кадр мәселесі де шешіліп, стипендианттар санын көбейтуге жол ашылады.

 

Тағы бір ұсыныс, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсетін талапкер оның талаптарымен бағдарламаға барар алдында ғана танысады. Осыны ескере отырып, 9-ыншы сынып оқушыларынан бастап жаз мезгілінде «Болашаққа» дайындық ретінде жазғы тынығу лагерьлерінде тұрақты түрде 1-2 айлық семинарлар ұйымдастыру қажет.

 

Сонан кейінгі мәселе, неге біз түлектерге өздері білім алған мемлекетте бір жылдық тәжірибе алу мүмкіндігін бермейміз? Көптеген шетелдік университеттер 1 жылға мамандықтары бойынша қызмет атқаруға көмек береді. Тек қана білім алып қою аздық етеді, бұған қоса тәжірибе де болу керек. Бағдарлама түлектеріне бағытталған сынның көпшілігі тәжірибенің жоқтығында. Қарапайым бір мысал, Үнді елі тәуелсіздікке қол жеткізген тұста елдегі 7 адамның 1-інің ғана жазып, оқи алатын сауаты болған. Олар жаңа технология енгізумен қатар, өздерінің мамандарын дайындауға жанын сала кірісті. Осыған орай Үнді елінің сол кездегі премьер-министрі Джавахарлал Неру: «Біз жүруден бұрын жүгіруді үйренген болатынбыз» депті. Сөзінің жаны бар. Бүгінде АҚШ-тағы компьютер мамандарының 15 пайызы үнділіктер. Бұған қоса, Америка ғарыш агенттігіндегі инженер, технологтардың 1/4-і, IBM және «Майкрософт» компаниясы қызметшілерінің 40 пайызы сол елден шыққандар. Ескертетін жайт, осы мамандар компьютердің бағдарламалық өнімдерін экспорттау арқылы ғана өз еліне жылына 20 млрд. доллардан аса табыс әкеліп отыр. Аталған көрсеткіш 2015 жылға 50 млрд. долларға жетеді деп күтілуде. Ал бұл мұнайға бай елдердің табысымен пара-пар.

 

Қорыта айтқанда, батыс компанияларында қызмет атқаратындар мен шетелде өз қаржысына білім алған өз азаматтарымызды Қазақстанға жұмысқа шақыру арқылы «Болашақ» бағдарламасының аясын кеңейтуге болады. Бірер жылдан кейін «Корпоративті 30 көшбасшы» жобасы толық іске аса бастағанда білікті мамандардың зәрулігін айқын сезінетін боламыз. Біздің азаматтардың 4-5 жыл білім алуын күткенше дайын мамандарды пайдалануымызға болады. Мұндай шараны қытайлықтар «100 дарын» тақырыбында өткізген болатын. Елге жоғары жалақысы мен жауапты қызметке жасы 45-ке дейінгі мамандар тартылған. Әрине, бұл жерде ең алдымен білім шығындарын өтеу үшін оларды материалдық тұрғыдан ынталандыруымыз қажет.

 

 

МҰРАТ ӘБЕНОВ,

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

 

«БОЛАШАҚ» ЖӘНЕ ЖАҢА БАҒДАР ТУРАЛЫ

 

Президенттің сынына шетелде оқып келген «Болашақ» бағдарламасының түлектері де ілікті. Еске сала кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы «Болашақтың» түлектерін жоғары лауазымды қызметке көптеп тарту мәселесін өзі көтеріп келген-ді. Тіпті, «вице-министрдің бірі міндетті түрде «Болашақ» түлегі болсын» деген де талап қойған еді.

 

Енді бұл жолы Назарбаев шетелде оқып келген жас мамандарды тәжірибе жинақтап, ысылу үшін ауыл-аймаққа жіберу жөнінде тапсырма берді.

 

– Министрлердің жас орынбасарлары деңгейіндегі мамандарды 2-3 жыл мерзімге өңірлерге облыс әкімдерінің орынбасары деңгейінде, аудандарға одан да төмен деңгейлерге жұмыс істеуге жіберу қажет.

 

Ал осында сол облыс, қала және аудандардың әкімдерінің орынбасарлары секілді өмірді, оңы мен солын білетін, халық үшін от пен суға

Біз Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен алатынымызды алдық. Енді Финлияндияға ұмтылуымыз керек. түсіп, өз қолдарымен іс тындырған, қайда ненің жатқанын білетін адамдарды әкелу керек, – деді президент.

 

Президент дамыған мемлекеттер тәжірибесіне келгенде, енді Қазақстанның бағыт-бағдар жасап, үлгі алатын ел ретінде Финлияндияны атады.

 

– Біз Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен алатынымызды алдық. Енді Финлияндияға ұмтылуымыз керек. Бұл елде төрт нәрсеге басымдық береді. Бірінші, жоғары сапалы білім. Екінші – ашық бәсеке. Үшінші – ұлттық инфрақұрылымдар. Төртінші – ғылым мен бизнесте күш біріктіру. Бізге қажетісі осылар, – деді президент.

Басып шығару

Пікіріңіз (34)

Бөлісу

 

 

В Ассоциации "Болашак" ответили на критику Мусабаева

 

05 ноября 2013, 12:1821 60

Талгат Мусабаев Фото Марат Абилов©

Талгат Мусабаев Фото Марат Абилов©

Продолжение

 

Мусабаев прокомментировал свое высказывание о "пивном" английском болашаковцев

Исполнительный директор Ассоциации "Болашак" Жанна Тулегенова ответила на критику главы Казкосмоса Талгата Мусабаева по уровню владения английским языком стипендиатов программы, передает корреспондент Tengrinews.kz.

 

"Что касается критики господина Мусабаева. До того, как прийти сюда, мы ждали этого вопроса. Мне очень хотелось бы ответить на данный вопрос - у меня нет комментариев. У меня нет комментариев, потому что я не хочу ставить под сомнение авторитет человека, занимающего такую должность, такой высокий пост, имеющий большой авторитет, но позволивший себе довольно некорректное сравнение", - сказала Жанна Тулегенова на конференции по оценке эффективности программы "Болашак".

 

Она также добавила, что "тот, кто видел, как учатся эти дети, каким трудом и силой они получают эти знания, тот не будет это говорить".

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!