Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Тақырып. Кен байыту саласында қолданылатын терминдер



Тақырып. XVIII ғасырға дейінгі металлургияның дамуы.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Мәтіндегі жаңа сөздермен таныстыру.

 

XVIII ғасырға дейінгі металлургияның дамуы

Ресей жерінде едәуір көлемде металл өңдеу б.ғ.VI-VIII ғ. осы жерге ежелгі славяндықтарды таратып жібергенге дейін жүрді. Бұған алтай елінің оңтүстік және солтүстігінен табылған олжалар дәлел бола алады. Әсіресе «чудь» деген атау алған халық ерекшеленеді. Олар металл өңдеу кәсібін өте мықты меңгерген. Чудьтардың жасаған бұйымдары тек Ресей жерінде ғана емес, басқа елдерде де табылған. Металл өңдеумен (чудьтардан басқа) басқа да халықтар айналысқан. Воронеж аймағының оңтүстік аудандарында қожалық еткен скивтер де болған. Қаражердің оңтүстігінде қолөнер металлургиясын дамыту үшін барлық жағдай болды. Мысалы: табиғи бай темір кені; олардың ең ірісі – Липец-Студенец кен орны. Қаражердің оңтүстігі басқа елдердің аудандарымен ыңғайлы өзен жолдарымен байланысты. Олар өнімдерін жеткізе алды.

Б.э.д. 2000 жылдың ортасында-ақ Воронеж облысы жеріндегі Мосолов қалашығы деген атпен белгілі болған ежелгі қолөнер металлургтарының елді жерлері (поселение) қоныстанғанына археологиялық дәлел болады.

Тапсырмалар:

1.Сөз тіркестерінің қазақша аудармасын жазыңыздар.

Железный сплав, литейный сплав, выплавка чугуна, получение стали, обработка металлов, использовать.

2. Мәтіндегі жаңа сөздерді аударып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

4. Мәтіннен есімшелерді теріп жазыңыздар.

5. Мәтіннің мазмұнын қысқаша әңгімелеп беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:



1. Тұрсынова Г. Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық: жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарына арналған / Г. Т. Тұрсынова. Алматы: ҚазҰТУ, 2010. – 324 б.

2. Сағынов А.С., Смағұлов З.М., Арыстан И.Д., Исабек Т.К. Пайдалы кенорындарын қазып өндіру технологиясы.. Қарағанды, 2006.

3. Көшербаев Қ.Т Кен байыту негіздері. Алматы, 2011.

4. Бегалинов Ә. Тау-кен кәсіпорындарының жерасты кешендерін жобалау Алматы, 2011.

5. Кинбаева А.Б., Қоңырова Н.Ә. Тау-кен институтының студенттеріне арналған кәсіби мәтіндер жинағы. Қарағанды, ҚарМТУ, 2009.

 

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (8-тақырып) [қосымша 1, 13]

1.Грамматика

2. «XVIII ғасырға дейінгі металлургияның дамуы» тақырыбына материалдар жинау.

 

 

Тақырып. Қазақстандағы металлургияның дамуы.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Мәтіндегі жаңа сөздермен таныстыру.

Азақстандағы металлургияның дамуы

Орта Азия мен Қазақстан шекарасындағы сақ дәуірі (б.э.д. VIII-IV ғ.ғ.)Қазақстан жерінде адамның миллиондаған жылдар бұрын пайда болғанына Қаратаудың Кіші және Үлкен жоталарының солтүстігі мен оңтүстігі баурайларында табылған көптеген палеолиттік құралдар дәлел бола алады. Мекендер, молалар, кен орындары, қола дәуірінің тасқа салынған суреттері Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседі.



Семиречье (Жетісуда) 50-ге жуық сурет салынған құлпы тастардың ескерткіштері бар. 50-ші жылдардың аяғында Тамғалы жерінен (Аңырқай таулары, Алматының солтүстік батысынан 170 км жерде) қабырғаларында суреті бар керемет орда табылған.

Қабырғадағы суреттердің мұражайында бірнеше тарихи кезең - 20 ғасырдан асатын уақыт бейнеленген. Ертедегі номадтар (көшпенділер) мен түрік дәуіріне және қола ғасырға жататын 4000-ға жуық суреттер табылған, мысалы: күнбасты құдайлар бейнесі, аңшылықтың көріністері, діни құрбандыққа шалу көріністері, құс аңшылығы мен адам және жануарлар салынған композициялар. «Тамғалы ландшафындағы археологиялық петроглифтері» ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралары тізіміне кірген. Орталық Қазақстандағы Атасу мен Мыржық мекендері, Ақсу-Аюлы, Беғазы, Дандыбай молалары басқа ескерткіштерге қарағанда жақсы зерттелген. Семиречьедегі, Орталық және Шығыс Қазақстандағы тастағы суреттерге деген қызығушылық жоғары. Б.э.д. V ғасырға жататын Семиречьедегі Есік қорғаны мен бесшатыр молалары кеңінен танымал.

Мыс пен қоланың бай кен орындары бар жерлерде темірдің алғашқы кездерде жолы болмады. Мұндай аудандарға Қазақстан мен Оңтүстік Сібірді жатқызуға болады. Мұнда темірге дейін металлургия жоғары деңгейде дамып, одан темірге дейін бұйымдар жасаған.

Қазақстан жеріндегі тайпалар үшін б.э.д. VIII-VII ғ. темірдің ашылып, кеңінен пайдаланып жүрген кезеңі болған. Бұл дәуірде даму әртүрлі аймақта бірдей уақытта келген жоқ.

Тапсырмалар:

1.Мәтіннен бес хабарлы сөйлемдерден сұраулы сөйлемдер (2 жасалу жолын пайдаланып) жасаңыздар.

2.Мәтіннің мазмұны бойынша құрастырылған сұхбатты рөлге бөліп оқып, мағынасын есте сақтаңыздар.

С ұ р а қ - ж а у а п

- Қазақстанның жерінде адамның миллиондаған жылдар бұрын пайда болғанына қандай дәлелдер бар?

- Қазақстанда адамның миллиондаған жылдар бұрын пайда болғанына Қаратаудың Кіші және Үлкен жоталарының солтүстігі мен оңтүстігі баурайларында табылған көптеген палеолиттік құралдар дәлел бола алады.

- Оған дәлел ретінде Қазақстанның жерлерінде тағы да нелер кездеседі?

- Қазақстанның барлық жерлерінде мекендер, молалар, кен орындары, қола дәуірінің тасқа салынған суреттері, т.б. кездеседі.

- Тағы нелер табылған?

- Семиречьеде (Жетісуда) 50-ге жуық сурет салынған құлпы тастардың ескерткіштері, 50-ші жылдардың аяғында Тамғалы жерінен (Аңырқай таулары, Алматының солтүстік батысынан 170 км жерде) қабырғаларында суреті бар керемет орда табылған.

- Қабырғадағы суреттердің мұражайларында нелер бейнеленген?

- Қабырғадағы суреттердің мұражайларында бірнеше тарихи кезең, яғни жиырмасыншы ғасырдан асатын уақыт бейнеленген.

- Ертедегі көшпенділер және түрік дәуірі мен қола ғасырына жататын қанша суреттер табылған?

- Ертедегі номадтар (көшпенділер) мен түрік дәуіріне және қола ғасырына жататын 4000-ға жуық суреттер табылған.

3. Мәтіннің мазмұнын қысқаша әңгімелеп беріңіз.

4.Өлеңді мұқият оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.

Мір деген кен екен

Өмір деген кен екен, Арман деген құс екен,

Алтыны бар, мысы бар. Төмені бар, өрі бар;

Дүние деген кең екен, Жастығың көрген түс екен,

Неше түрлі кісі бар. Басып кеткен мөрі бар.

 

Өткен-кеткен көп екен,

Әрқайсысының парқы бар.

Адамгершілік дегеннің,

Салмағы бар, нарқы бар.

(М.Нұрпейісова)

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Тұрсынова Г. Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық: жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарына арналған / Г. Т. Тұрсынова. Алматы: ҚазҰТУ, 2010. – 324 б.

2.Сағынов А.С., Смағұлов З.М., Арыстан И.Д., Исабек Т.К. Пайдалы кенорындарын қазып өндіру технологиясы.. Қарағанды, 2006.

3. Көшербаев Қ.Т Кен байыту негіздері. Алматы, 2011.

4. Бегалинов Ә. Тау-кен кәсіпорындарының жерасты кешендерін жобалау Алматы, 2011.

5. Кинбаева А.Б., Қоңырова Н.Ә. Тау-кен институтының студенттеріне арналған кәсіби мәтіндер жинағы. Қарағанды, ҚарМТУ, 2009.

 

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (9-тақырып) [қосымша 1, 13]

1.Грамматика

2. «Қазақстандағы металлургияның дамуы» тақырыбына материалдар жинау.

 

Тақырып. Руда.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Мәтіндегі жаңа сөздермен таныстыру.

Руда

Руда деп құрамындағы металдар мен басқа да минерал (апатит, слюда, графит; дала шпаты және тағы басқалар) заттарды техника–экономикалық деңгейде бөліп алғанда өнеркәсіп мұқтажын өтейтіндей кеніштегі пайдалы қазбаларды айтады. Құрамында ешқандай пайдалы қазбалары кездеспейтін немесе металға өте кедей кенішті бос тау жынысыдейді. Руда мен тау жынысы қарама–қарсы мағынада қолданылады. Дегенмен, «руда және бос тау жынысы» техника мен экономиканың даму деңгейіне байланысты өзгеріп отыратын салыстырмалы ұғым. Мысалы, (Оралдағы Кичкенер) құрамында 16-17 % темір бар руда тасы металға кедей болғандықтан және оны қоршап жатқан әктас сол аймақта қажет болмағандықтан бос таужынысы санатында тұр. Себебі домна пешіне және цемент заводтарына қажет дәл осындай әктас басқа жерде пайдалы қазба ретінде арнаулы карьерлерде өндіріледі.

Тапсырмалар:

1. Мәтіндегі жаңа сөздерді аударып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

2. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

3. Мәтіннен етістіктерді теріп жазыңыздар.

4. Мәтіннің мазмұнын қысқаша әңгімелеп беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Тұрсынова Г. Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық: жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарына арналған / Г. Т. Тұрсынова. Алматы: ҚазҰТУ, 2010. – 324 б.

2.Сағынов А.С., Смағұлов З.М., Арыстан И.Д., Исабек Т.К. Пайдалы кенорындарын қазып өндіру технологиясы.. Қарағанды, 2006.

3. Көшербаев Қ.Т Кен байыту негіздері. Алматы, 2011.

4. Бегалинов Ә. Тау-кен кәсіпорындарының жерасты кешендерін жобалау Алматы, 2011.

5. Кинбаева А.Б., Қоңырова Н.Ә. Тау-кен институтының студенттеріне арналған кәсіби мәтіндер жинағы. Қарағанды, ҚарМТУ, 2009.

 

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (10-тақырып) [қосымша 1, 13]

1.Грамматика

2. «Руда» тақырыбына материалдар жинау.

 

тақырып. Кен байыту саласында қолданылатын терминдер

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Мәтіндегі жаңа сөздермен таныстыру.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!