Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Сынаптың препараттары. Әсер ету ерекшеліктері және қолданылуы



Папаверин қасиеттері,әсері.

Пенициллиндер. Әсер ету механизмі,препараттары.Пеницилинді жасыл балдырларды өсіру арқылы алады. Пенициллин қышқылдар тәрізді төзімсіз келеді,сол себепті тез бүлініп,қысқа мерзімді әсер етеді. Олардың әсер ету мерзімін ұзарту мақсатымен новокаинмен,ал әсер ету ауқымын кеңейту үшін экмолинмен араластырып,комплексті препараттар түрінде қолданады. Пениц/ң микробтарға қарсы әсері өте жоғары. Оған аэробты және анаэробты топтағы оң-граммды микробтар,яғни:стрептокок,стафилок,пневмококтар т.б жатады. Пенцилинді жоғары емдік мөлшерінде,ұзақ уақыт бойы қолдана берсе оның қосалқы әсері п.б мүмкін. Препараттары: бензилпеницилиннің натрийлі тұзы,калийлі тұзы,новокаинді тұзы,феноксиметилпенициллин,бициллин,алмециллин,ампиокс,экмоновоциллин,киоксациллин,оксациллин,флуклосациллин т.б жатады. Бензилпенициллиннің натрийлі тұзы-ақ түсті ұсақ кристалды ұнтақ. Суды өзіне оңай тартып алады және онда жақсы ериді. Сақталу мерзімі 3 жыл. Ең негізгі пенициллинді препарат болып саналады. Бұлшық етке және тамырға егіп қолданады.

 

Салицил қышқылының препараттары. Олардың қасиеттері және қолданылуы.Салицил қышқылы туындылары қызуды төмендетуге,ауырсыну сезімдігін әлсіретуге,ревматизмге және микробтарға қарсы қолд/ды. Гипоталамустың ядросына әсер ете отырып,олар темп/ны реттеп,орталық қызметі өзгереді. Преп/ры:салицил қышқылы,натрий салицилаты,ацетилсалицил қышқылы,салициламид н/е салицал қышқылы.

Спазмолитикалық заттар – нитриттер. Әсері және қолданылуы.Спазмолитикалық заттар біріңғай салалы бұлшық еттерді,әсіресе қан там/ң,ішектердің және жатырдың бұлшық еттерін босаңсытады. Бұл топтағы преп/ға: амилнитрат,натрий нитриті және питроглицерин жатады. Амилнитрат-Amulii nitris. Ақ-сары түсті,оңай қозғалатын сұйықтық,жеміс иісті,майлы дәмді. Қан там/ң түйілуіне,қояншық тәрізді сіреспеде,цианидпен уланғанда ингаляциялау әдісімен қолданады. 2-7мин бойына әсер етеді,ішкізілмейді.



Стрихнин – орталық жүйке жүйесіне және рефлекторлық қозуға әсері. Стрихнинің орталық жүйке жүйесіне әсер етуінде өздеріне тән ерекшеліктері бар.Ол орталық жүйке жүйесі торшаларының қозуын арттырып,нейронаралық синапстардың өткізгіштігін жақсартады.Жұлынға стрихнин рефлекторлық доғаның тармақталған рецепторлы бөлігі арқылы әсер етеді.Ол аралық нейрондардың қоздырғыштығын арттырып,рефлекторлы импульстардың берілуін жақсартады.Сонымен қатар бір мезгілде тежелу құбылыстары төмендейді де,қозу моторлы торшалардың едәуір бөлігіне тарайды.Срихниннің мөлшері көбейгенде оның әсері жұлынның орталық бөлігіндегі торшаларға дейін тарайды. Өте күрделі тежелу құбылыстары жойылып,қозу қарама –қарсы әсер ететін бұлшық еттерге ауысады да,жануарлардың тынышсыздана қозғалуы басталады.Стрихниннің мөлшерін онан әрі көбейткенде мұндай жағдай организмнің барлық бөлігінде байқалады,өйткені жұлындағы қозу толқыны барлық бағыттармен қазғалыс торшаларына жетеді.Стрихниннің үлкен миға әсері жұлынға әсер еткенге ұқсас,бір-ақ оған қарағанда әлсіздеу келеді.Сезім мүшелерінің қызметі артады,ауырсыну сезімі орталықтарының сезімталдығы күшейіп,симпатикалық жүйкен жүйесінің орталығы жанданады.Стрихниннің сопақша миға әсерінде тыныс алу күшейеді,жүректің жұмысы өзгеріп,қан қысымы артады және кезеген жүйкенің тонусы күшейеді.Жұлынға әсер еткендей,сопақша мида да барлық орталықтардың қозуын арттырады.



Стрихнин ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады,әсіресе қарын мен ішектердің атониясында айқын байқалады.Ең негізгісі перистальтиканы қалпына келтіріп,секрецияны күшейтеді.

 

Сынаптың препараттары. Әсер ету ерекшеліктері және қолданылуы.

Мал дәрігерлік практикада металды сынап және оның әртүрлі қосылыстары қолданылады. Сынаптың барлық преп/ры өте уытты келеді. Олардың уыттылығы преп/ң диссосациялану дәрежесі артқан сайын күшейе түседі. Жергілікті жерге тітіркендіріп және күйдіріп әсер етеді. Сынаптың преп/ры бактериоцидті келеді,ал оның кейбір преп/ры (сулема) өте күшті дезинф/қ зат ретінде қолд/ды. Бактериостатикалық әсер үшін сынап преп/ры көп қолданыла бермейді. Сынаптың негізгі бөлігі несеп,өт және сүт арқ бөлінеді,ал оның аздаған бөлігі бауырда бірнеше айлар бойы сақталуы мүмкін. Сынап преп/ң резорбтивті әсері өте ұқсас. Олар ОЖЖ қолайсыз әсер етеді. Преп/ры: сынаптың сұрғылт сүртпе майы,бірхлорлы сынап,екі йодты сынап,сары сынап тотығы,екі хлорлы сынап(сулема),диоцид. Сулема – өте күшті дезинф/қ зат/ң бірінен саналады. Өте уытты болғандықтан,жан/ға сулеманы қолданбайды. Оны тек дезинф/қ мақсаттар мен (0,05-0,2%) және паразиттерге қарсы зат ретінде(0,1%),сонымен бірге жылқы мен иттің (0,2-1% спиртті еріт/сі) қотыр ауруларына қарсы қолданады.

 

Сілтілер тобы. Жалпы сипаттамасы,преп/ры.Сілтілер д/з – сулы еріт/ң құрамында сілтілік қасиет беретін гидроксильді анионы бар қосылыстар. Теріге жаққанда олар төменгі концент/да теріні залалсыздандырады,кірден тазартады,эпидермисті жұмсартып,көптеген дәрілердің сіңірілуін жеңілдетеді,сонд/да ол қотырға және басқа да тері ауруларына қарсы қолд/н дәрілердің құрамына кіреді. Сілтілерді жаппай дезинф/у мақсатында аусыл,оба,шошқалардың тілме мен септицемиясында және т.б жұқпалы аурулар кезінде қолд/ды. Сілтілерді пасталар күйінде күйдіре әсер ететін зат ретінде тұяқтың қабыну ауруы кезінде қолданады. Натрий,калий,магний гидрототығы т.б түрлері бар.

 

Сульфаниламидті препараттар. Әсер ету сип/сы.Сульф/к преп/р н/е сульфаниламидтер деп құрамында парааминді бенсосульфон қышқылы бар дәрілік заттардың үлкен бір тобын айтады. Олар бүйрек арқ бөлінеді. Оны 0,5сағ кейін-ақ несептің құрамынан кездестіруге болады. Сульф/мен емдеген кезде,оларды антибиотиктермен және органикалық бояулармен қатар береді. Асқазан жолдары ауруы кезінде сульф/ң емдік нәтижесін арттыру мақсатымен,оларды адсорбциялық заттармен бірге қолданады. Сыртқы жараларға қарағанда сульф/ді стафилакоктық инфекцияда тотықтандырғыштармен бірге қолданады. «Б» тізімі б/ша сақтайды. Преп/ры:стрептоцид,ерігіш стрептоцид,норсульфазол,

сульфадемизин,сульфазин т.б жатады.

 

Стрептомициндер. Препараттарына жалпы сипаттама беру.Стрептомицин –стрептидин мен стрептобиозаминмен тұратын күрделі органикалық қосылыс. Стрептомицинді жоғары мөлшерде көп қолдана берсе,кейбір малдарда бөрпе түріндегі идиосинкразия,іш өту,аритмия,жүректің жиырылуы және т.б құбылыстар п.б/ды. Оны туляремия,бруцеллездің жіті түрін,туберкулезді,минингитті,жұтқыншақтың туберкулезін,ірі қараның дистериозында қолдану жақсы нәтиже береді. Преп/ры: стрептомицинді сульфат,стреп/ді хлоркальций комплексі,дигидрострептомицинді сульфат,гризин. Гризин-крайнский саңырауқұлағын өсіру арқылы алады. Аморфты,суды өзіне оңай тартатын,спиртте жақсы еритін ұнтақ. Микробтарға қарсы әсер ету ауқымы кең,бірақ белсенділігі әлсіздеу. Мал шар/да азықтық гризин-5,10,40 деген атпен гризин преп/ры –жемдік гризиндер қолданылады.

Сұйық дәрілік заттар формасы дайындау технологиясы.Ерітінділер-Solutio деп немесе юірнеше дәрілік заттардың қандай да болмасын бір сұйықтығы бір тектес мөлдір қоспасынан құралған сұйық дәрілік форманы айтады.Физикалық химиялық тұрғыдан қарағанда олар бір фазалы ерітілген зат және молекуларлық немесе иондық дәрежеге дейін бөлшектелген гемогендік жүйе.

Ерітінді негізгі әсер етуші basis және форма түзгіш заттардан яғни еріткіштен constituens тұрады.Қарапайым ерітінді бір ғана ерітілген препараттан,ал күрделілер бірнеше ингридиенттерден тұрады.

Еріткіш есебінде ідетте дистилденген су,этил спиртібглицерин вазелин майы және де басқа сұйықтар мен майлар қолданылады.

Стерильденген ерітінді дайындау үшін алдымен әйнек ұүтыға шамалы ғана еріткіш(1/2-1/3мөлшеріндей) құйылады да өлшеп алған дәрілік затты қосып,шыны таяқшамен қозғау немесе шайқау арқылы әбден ерітеді.Сонан соң еріткіштің қалғанын құйып әбден араластырады да,сүзгіден өткізеді.Алынған ерітінді құтыға құйылады,құты ауызы тығындалып,ал тығын беті қағаз қалпақшамен жабылады,құты сыртына жапсырма қағаз жапсырылады.Ерітінділерді сүзгілеу үшін әдетте сүзгі қағаздар қабатталған сүзгілер әртүрлі биологиялық сүзгілер пайдаланылады.Микстуралар-mixtura депбірнеше дәрілік зат ерітінділерінен немесе қоспасынан тұратын күрделі,сұйық дәрілік зат формасы.Еріткіш есебінде әртүрлі сулар,тұнбалар,шырышты заттар.эмульсиялар,шырынды және тағы басқа заттар қолданылады.Микстуралар физикалық қасиеттерімен құрамына байланысты мөлдір немесе тығыз микстура және опалесцентті немесе суспензиялық микстуралар болып екіге бөлінеді.Нағыз немесе мөлдір микстуралар екі және оданда кқп заттардың судағы ерітіндісі,ао опалесценттік микстуралар нағыз микстура мен күрделі дәрілік препараттардың қоспасы.Микстуралар ерігіш заттарды еріткіштерде еріту арқылы,ал еру қасиеті төмен немесе ерімейтін заттарды фарфор тостағаншаларда еріткіштерде мейлінше араластыру арқылы алынады.

Эмульсиялар- emulsa депекі фазалы яғни дисперсті және дисперсиядық фазалардан тұратын,гетерогендік сұйық дәрілік зат формасы.Дисперсиялық зат есебінде сулар,кейде тұнбалар,қайнатпалар қолданыладыал дисперсті фаза ретінде суда ерімейтін сүйықтар эфир майлары бальзамдар қолданылады.Нағыз және жалған эмульсиялар болып екіге бөлінеді.Нағыз эмульсиялар алу үшін красора дәні дала қызғалдағы және зығыр дәндері пайдаланылады.Өлшеп алынған дәнді аз ғана мөлшердегі дистильденген су мен қамыр тәріздес зат п/б араластырады.

Жалған эмульсиялар үш құрамдас заттардан тұрады дисперсті зат май ,дисперсиялық зат су,және эмульгатор крахмал .

Тұнба Infusa деп өсімдік құрамында болатын дәрілік әсер етуші заттарды қайнаған жылы немесе бөлме температурасындағы сумен тұндыру ардылы алынатын сұйық дәрілік заттар формасы.Тұнба өсімдік бөліктерін ыстық суда қыйнату немесе бөлме температурасындағы суда тұндыру арғылы алынады.Тұнбаларды қайнату арқылы алу үшін арнаулы инфундирлік аппараттар қолданылады.Өсімдік өнімдерін осы аппаратқа салады сосын үстіне суық су құйып 15 минут қайнатады.

Қайнатпалар decoctaқайнатпалар тұнбалар тәріздес өсімдік құрамындағы әсер етушізаттарды сумен ығыстырыпб бөлу арғылы даындалады.Қайнатпа дайындау үшін тамырлары тамырсабағы қабығы діні кейде жұмсақ бөлігі де пайдаланылады.

Тітіркендіргіш заттар жергілікті және жалпы әсер ету механизмі.Темір ауыр метал-ң ең негізгі өкілі. Орг\де темір мөлшері 0,001-0,01%. Жергілікті жерге концентрациясының өсуіне байланысты тұтқырлап, тітіркендіріп ж\е күйдіріп әсер етеді. Темір организмге өте нашар, баяу, тек белгілі бір жағдайларда ғана сіңеді. Иондалған темір сіңірілу құбылысы кезінде, клетка белоктарымен әртүрлі қосылыстар түзіп, жергілікті әсер етеді. Темір негізінен бүйрек арқылы, ал ағзадан мөлшері тоқ ішек ж\е тер бездері арқылы бөлінеді. Темір гемоглобиннің мөлшерін арттырады, эритропоэзді ж\е ас қорытуды күшейтеді.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!