Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Сопылықтың түркілік бұтағы: Қ.А.Иасауидің хәл ілімі



Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізісыршылдық (мистикалық) дін екендігін ескерсек, сопылық дүниетанымның түрік мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастыруының себептерін ұғыну қиынға соқпаса керек. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феномонологиясы тұрғысынан алғанда діндердің таралуындағы ескі ұстындардың толығымен жойылмайтындығын, жаңаларының сол ұстындар, құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатындығынан көруге болады. Бұл барлық әлемдік діндерде кездесетін күбылыс. Осы құбылысты Қожа Ахмет Иасауидің сопылық-моральдық ілімінен де көруге болады. Мысалы, оның қүрма символикасы арқылы Хз. Мүхаммед пайғамбарға байлануы, бұған Арыстан бабтың себеп болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың белгісі ретінде ұлының атын Ибрахим қоюы, оның жасына келгенде, яғни алпыс үш жасқа толғанда тірідей қылуетке түсуі - осының бәрі оның іліміндегі исламды қөшпелі түркілерге таратудағы ең маңызды әдістемелік әрі құбылыстық жаңалығы болып табылады. Иасауидің өмір сүрген кеңістігі мен уақыты стратегиялық және саяси тұрғыдан өте маңызды кеңістік болса, мәдени және діни-философиялық көп қабаттылығы жағынан да өркениеттердің тоғысқан жері, сауда-экономикалық жолдардың торабы болатын. Міне, түріктер осындай қайнаған тіршілік негізінде араб және парсы, Шығыста Қытай, ал батыста Ресей қыспағынан ислам-сопылық ілімі арқылы өзіндік жаңа сипаттағы дәстүрлі түркілік дүниетанымдық арнасының көзін аша білген болатын.Түрік мемлекеттерінің саяси, әрі мәдени-дүниетанымдық негізде қалыптасуы мен ондағы адам санасының құндылықтық-құбылыстық рухани жаңғыруының көш басында алғаш түркілік руханият мектебінің іргетасын қалаған ұстаз Қожа Ахмет Иасауи тұрды. Оның ілімі традиционалист ғұламалардың формализміне, сыртқы ғибадат феноменологиясына қарсы мән, мазмұнға маңыз берген, шынайы парасаттылық пен адамгершілік ұстанымдарын қалыптастырды. ХІІ-ші ғасырдан кейін Ислам әлемі сопылық дүниетаным, ахилік сияқты кәсіпкерлік бірлестіктер, тариқат түрінде-текке (зауиййа, ленгерлер), рибаттар-рухты тәрбиелеудің қоғамдық ошағына айналды . Иасауи ілімінің өзегі—адам және оның рухани тәрбиесі мен кемелдігі болып табылады. Оның осы мақсатта өсірген әрбір шәкірті адамзат тарихында жеке құндылық көздеріне айналды. Иасауи дүниетанымы мен түркілік сопылық мәдениеттің ерекшеліктері мен категорияларын "дафтари сани" түсінігі төңірегінен табуға болады. Біздіңше, ислам өркениеті және дәстүрлі түркілік дүниетаным негізінде қалыптасқан "дафтари санидың" сопылық-философиялық табиғатының негізін "хәл ілімі", яғни, жүрекке (қалбке) бағытталған практикалық-эмпириялық доктриналар жүйесі құрайды. Иасауидің өмір сүрген кеңістігі мен уақыты стратегиялық және саяси тұрғыдан өте маңызды кеңістік болса, мәдени және діни-философиялық көп қабаттылығы жағынан да өркениеттердің тоғысқан жері, сауда-экономикалық жолдардың торабы болатын. Міне, түріктер осындай қайнаған тіршілік негізінде араб және парсы, Шығыста Қытай, ал батыста Ресей қыспағынан ислам-сопылық ілімі арқылы өзіндік жаңа сипаттағы дәстүрлі түркілік дүниетанымдық арнасының көзін аша білген болатын. Қорыта айтқанда Иасауи ілімі аркылы қалыптасқан діни түсінігіміз бен тіршіліктің тарихи доктриналық негіздері XІ ғасырларға дейінгі ислам өлкелеріндегі әр түрлі секталардың пайда болуымен қатар жүріп жатқан түріктердің Аббасидтер халифатынан тәуелсіз жекелеген саяси биліктерінің (хандықтардың) калыптасу дәуіріне сай келеді. Бүгінгі Иасауи ілімін қайта қарастыруымыздың өзі осындай тарихтың өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастық пен тұтастықтың адамдық санадағы жаңғыруының іздерін, рухани арналарын тану болып табылады адамдық санадағы жаңғыруының іздерін, рухани арналарын тану болып табылады.





37. Парменидтің болмыс бейболмыс теориясы.

Негізгі еңбегі. «Табиғат туралы» поэма. Болмыс және бейболмыс. Өзілімін Парменид «өзіне Ақиқат Құдайы – Дике ұсынған ақиқаттары» ретінде жариялады. Поэмада дүниені рационалды ұғынуға талпыныс жасалған. Парменид философиясының негізгі мәселесі – болмыс және бейболмыс, болмыс және ойлау. Ақиқатты ақылдың көмегімен ғана тануға болады. Өз көзқарастарын баяндаумен шектелген философтардан ерекшелігі, Парменид өз тезистерін: «болмыс – бар, ал бейболмыс (бос кеңістік, мәнсіздік) – жоқ» екенін дәлелдеуге тырысты. Ақылмен қабылданып, оймен ойланатынның ғана реалды тіршілік қатарына жататындығын жариялаған Парменид – осылайша болмыс пен ойлаудың тепе-теңдігін тұжырымдады. «Нәрсе туралы ой мен ойдың нәрсесі – бір». Бейболмыс деген жоқ, өйткені оны «оймен танып, сөзбен сипаттау мүмкін емес». Бейболмысты ойлау мүмкін емес, себебі ол туралыойлауға кірісер болсақ (ой және ойдың нәрсесі тең болғандықтан) бейболмыс – болмысқа, мәнсіздік – тіршілікке айналады. Болмыс. Парменид түсінігінде, ешбір бос қуысы мен бөлшегі жоқ, қозғалыссыз және өзгеріссіз тұтас шар (біртұтас). Болмысты бейболмыс қана бөлшектей алған болар еді, ал ол жоқ. Аналогиялы түрде, әрбір өзгеріс бір нәрсенің пайда болуы мен жоғалуын білдіреді. Бірақ қандай да бір нәрсе бейболмыстан пайда болып, бейболмыста ғана жоғала алады. Осылайша, Парменид Гераклит теориясына қарсы шыққан философтардың алғашықы теоретипі болды. Өзгегіштік, қозғалыс, көптүрлілік. Парменид түсінігінде, сезімдік дүниенің сипаттары. Парменид ілімінің сезімдік, елес дүниесі туралы бөлігі сақталмаған. Сондықтан парменидтің ақылмен танылатын ақиқат дүние мен иллюзорлы сезімдік дүние арақатынасын қалай шешетіні біз үшін беймәлім.

47. Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары.

Философияның бір бөлігі болып табылатын диалектика - әлемнің дамуының теориялық негіздерін анықтайды. Диалектика дегеніміз – болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі. Диалектика – дамудың философиялық теориясы. Сонымен қатар, ол - әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі. Диалектика әлем үлгісін өзгертіп тұратын түрлер, жағдайлар және дәуірлердің бір – бірімен ауысуының мәңгі процесі деп қарастырады. Ф.Энгельстің анықтамасы бойынша, диалектика дегеніміз - әлемдегі байланыстар, табиғаттың, қоғам мен ойлаудың қозғалысы мен дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Философия объективті және субъективті диалектика ұғымдарын қолданады. Ойлау және таным процестері үшін бұл өте маңызды ұғымдар. Объективті диалектика дегеніміз - әлемнің, табиғаттың, объективті дүниенің дамуы, өзгеруі. Ал оның адам санасында бейнелеуінен субъективтік диалектика туындайды. әлем, дүниенің дамуымен, өзгеруімен қатар оны бейнелейтін, түсіндіретін ұғымдар да дамып, өзгеріп отырады. Диалектиканың маңызды принциптеріне дүниенің объективтілігін, оның негізгі бөліктері мен қасиеттерінің, құбылыстарының бір – бірімен байланыста, өзара әрекеттесуде, қайшылықта болатындығын мойындау жатады. Диалектика жүйесіне оның негізгі заңдары кіреді. Заң ұғымының маңызды екі мағынасы бар. Біріншіден, заң дегеніміз – заттар мен құбылыстар арасындағы жалпы, тұрақты және қажетті байланыстарды білдіретін ұғым. Мысалы, әлемнің тартылу заңы, табиғи сұрыпталу заңы. Бұлардың бәрі объективті материалдық әлемнің заңдары. Екіншіден, заң дегеніміз - әлемнің байланыстарын түсіндіретін білім жүйесі. Бұл ғылым заңдары. Диалектиканың негізгі үш заңы бар. Олар даму процесінің маңызды заңдылықтарын түсіндіреді. Қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресі туралы заң – материалдық әлемнің дамуының негізін түсіндіреді. Даму процесі ішкі де, сыртқы да қарама – қарсылықтардың қақтығысы арқылы іске асады. Диалектика сыртқы қарама – қарсылықтардың бірегейліктің екіге бөлінуінің нәтижесі, түптеп келгенде ішкі қарама – қарсылықтар туындысы деп қарайды. Бұл заңның үлкен дүниетанымдық және тәрбиелік мәні бар, өйткені ол дамудың белгілі бір сатысын, тарихтың ешбір жетістігін, адам қол жеткізген биікті ең соңғы деп қарамастырмауға үйретеді және шексіз шығармашылыққа бағдар береді. Диалектиканың негізгі принциптері: - Жалпы байланыс принципі - Жүйелік принципі - Себеп – салдарлық байланыс принципі - Тарихилық принципі Жалпы байланыс қоршаған әлемнің біртұтастығын, оның ішкі бірлігі мен заттардың, құбылыстардың, процестердің өзара бір – бірімен тығыз байланыстығын білдіреді. Байланыстар сыртқы және ішкі, тікелей және жанама, генетикалық және функционалдық, кеңістік және уақыттық, кездейсоқ және қажетті болуы мүмкін. Ең көп тараған байланыс – сыртқы және ішкі байланыстар. Мысалы, адамның ішкі байланыстары биологиялық түр ретіндегі ішкі ағзалық өзгерістер, сыртқы байланыстар адамның әлеуметтік жүйенің мүшесі ретіндегі байланыстары. Жүйелілік айналадағы көп байланыстардың арасында реттілік, өзара бір – біріне бағынушылық бар екендігін көрсетеді. Осындай ретті өзара бағынгушылықтың арқасында дүние ішкі мақсатты бүтіндікте өмір сүреді. Себеп – салдарлық байланыс біреуі екіншісін тудыратынына меңзейді. Заттар мен құбылыстар өзінен - өзі пайда болмайды, олардың әрқайсысының не ішкі не сыртқы себептері бар.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!