Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Шы дәріс: Өрт қауіпсіздігі



Өрт қауіпсіздігі -бұл еңбекті қорғаудың бір бөлімі, мұнда өрттің пайда болуының алдын-ала жою шарттарын үйретеді, бір сөзбен айтқанда адамдардың жалпы және мемлекеттік мүліктердің және жеке заттарының, өрттен қорғайтын мүмкіндігі.

Өрт – бұл адам өміріне және денсаулығына, материалдық шығын әкелетін жалпы және мемлекеттік назардағы, ешқандай бақыланбайтын жану.

Жер бетінде күн сайын 2 миллионнан аса өрт болып, 1 миллионнан көп адам қаза табады, әрбір 2 өртте 1 адам қаза болады.

Қазақстанда 2003 жылға ғана 15000- ға жуық өндірістік және тұрмыстық өрттер тіркелген. Олардың ішінде 1000 адамға жуығы зиян шегіп , 532- сі қаза болған. Материалдық шығын 3200 млн. тенгені құрады.

Өрттер –эндогенді («еndon» грекше – ішкі) және экзогенді («exo» -грекше – сыртқы) болып бөлінеді.

Барлық жердің үстіндегі, сонымен бірге ғимараттың және үйлердің ішіндегі өрттер экзогенді өрттерге жатады. Эндогенді өрттерге көбінесе жер астындағылары жатады. Бұл көмірдің сланецтардың, сульфидті кендердің жер астындағы жануы. Эндогенді өрттердің ең үлкен уақытқа созылғаны өте алыстағы Памир Алтайдағы Ростовскі кен орнындағы өрттері. Көп уақыттан бері Рават тауы жерлерінде әлі өрт жалындап жанып тұр. Бұл өрттің пайда болған күнін айту мүмкін емес. Біреулері ол өртті 15000 жыл бұрын басталған дейді, ал біреулері 2000 жыл бұрын басталды дейді. Біздің эрамызға дейін пайда болып, әлі баяуламаған, керісінше оданда күшті болып кеткен өрт таң қалдырмауы мүмкін емес.

Өрт ошағының ауданы – 25 км2. Өрттің пайда болу себебі туралы тек жұмбақтар ғана. Мүмкін, сол алауға найзағай түсіп, ол үдеп кеткен шығар....



АҚШ –тың бір (Огайо штаты) көмір бассейіндерінде, 1884 жылы басталған өрт, әлі күнге дейін жанып тұр. Мұнда көмір қабаттары жануда. Өрт 3000 гектардан жоғары ауданды қамтыды және жоғары сапалы 50 млн тонна көмірді жойып жіберді. Көмір қабаттарының жануы үстіңгі беттерінің құлауына алып келеді, соның салдарынан ғимараттар, үйлер құлауы мүмкін..

Жер астындағы өрттер, рудалы шахталарда колчеданды рудалардың өздігінен жану салдарынан пайда болады. Олардың сумен өшіру әр кезде нәтиже бере бермейді. Мысалы, Калатинскі мыс колчеданды руднигінде өрт шахтадан суды айдағаннан кейін, суға батқан күйінде, бірнеше жыл аралығында қайтадан болды.

Бірақ ең ұзақ өрт, барлық рекордтардан өтіп кеткен, Зарашаван өзенінің үстіңгі жағындағы Армения тауларындағы өрт. Ол оқымыстылардың болжамына қарағанда біздің эрамызға дейінгі 1000 жыл бұрын, ежелгі Закавказья мемлекеті- Урарту пайда болмай тұрып, болған. Әлі «Илиада» мен «Одиссейдің» авторлары дүниеге келмеген, ол жалын көмір қабаттарында жалындап жатқан. Өткен ғасырда (1770-1780 жж) өрт сондай қарқынды болды, тіпті қыздырылған газдарда пайда болды, бұны әйгілі жаратылыс танушы, геолог, географ А.Гумбольт (1769-1859), бұл ошақты бұрынғы белгісіз вулкан ауданы деп есептейді.



Қазір экологтар анықтады, мұндағы кен орындарында бағалы кокстегіш көмірлер әліде сақталынған. Ескерте кету керек, жанған көмірлер, өте жауапты гидротехникалық ғимараттарды салуға кететін цементке бағалы қоспа ретінде қосылады.

Негізгі түсініктер мен олардың анықтамалары.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізінде, ең алдымен бұйрықтар мен нұсқауларға сәйкес объектінің өртке қарсы қорғанысының нақты жасалынған жоспары бойынша, техникалық, ұйымдық шаралар жатады.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тіршілік пен адам денсаулығының жекешелігін, рационалды байлық пен қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік іс - әрекеттердің ажырамайтын бөлігі болады.

Өрт қорғанысы- өртті сөндіру мен ескертуге негізделген күштер мен құралдардың басқару органдарының жүйесі.

Өрт қорғанысы келесі түрлерге бөлінеді: мемлекеттік өртке қарсы қызмет; ведомствалық өрт қорғанысы; ерікті өрт қорғанысы; біріккен өрт қорғанысы (ассоциациялар, союздар, қорлар).

Өрт профилактикасы – адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өртті қайтаруға, оның таралуын шектеуге, сонымен бірге өртті нәтижелі сөндіруге жағдай туғызуға бағытталған техникалық және ұйымдық шаралар кешені.

Өрттік профилактикалық шаралары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Өрттің алдын – алу жүйесі - өрттің пайда болу шартын жоюға бағытталған техникалық құралдар мен ұйымдық шаралар кешені.

Өртке қарсы қорғаныс жүйесі - өрттен келетін материалдық шығынды шектеуге және өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсерін жофға бағытталған техникалық құралдар мен ұйымдық шаралар кешені.

Адамдарды өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің талап етілген деңгейі СНмЕ ҚР 2.02-05-2002 (4.1.1.3) сәйкес, әрбір адамға есептегенде, жылына қауіпті факторлардың әсерінің алдын – алу 0,999999 – дан аз болмауы керек, ал өрт қауіпсіздігінің шекті рұқсат етілген деңгейі адамдар үшін, өрттің қауіпті факторларының әсері, әрбір адамға есептегенде, жылына шекті рұқсат етілген деңгейінен асып кетуі 10-6 –нен көп болмауы керек.

Ұйымдық шаралар мекемелерде (бұйрықтарды, жағдайларды), өрт қауіпсіздігі шараларын (ереже, нұсқау) жасауды өз мойнына алады.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін жалпы жағдайда былай түсіндіруге болады:

Өрт қауіпсіздігі ережесі- құрылыс және объектіні пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі нормасымен талаптарды сақтау тәртібін бекітетін арнайы кешен.

Профилактикалық шараларды жасау кезінде қосымша объектінің өртке қарсы жағдайы зерттелінеді.

Объектінің өртке қарсы жағдайы- өрт санымен, олардан келген шығынмен, күю санымен, сонымен бірге жарақаттан, уланудан және қаза болған адамдардан, өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды иелену деңгейімен, өрт бөлімдерінің дайындау деңгейімен және ерікті құрамалардан, сонымен бірге өртке қарсы үгіт жүргізу мен насихатпен сипатталатын объектінің жағдайы ұйымдық шаралар мекемелерінде өртке қарсы тәртіпті бекітеді.

Өртке қарсы тәртіп- адамдардың жүріс - тұрысына, жұмысты орындау мен объектіні пайдалану ережесі, оның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталып бекітілген нормалар кешені. Мекемелерде бақылау функцияларында, басқарушының бұйрығымен белгіленген адамдар бар, сонымен бірге ерікті өрт сөндіргіштер.

Ерікті өрт сөндіргіштер- өрт сөндіру мен ескерту бойынша іс- әрекеттерде ерікті негізде, тікелей қатысатын азаматтар.

Өрттік бақылау- объектілердегі өрт қауіпсіздігі мен өртпен күресте тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды орындауда, бақылауды жүзеге асырудан тұратын өрт қауіпсіздігі функциясы.

Мемлекеттік өртті бақылау- өрт қауіпсіздігі мен оларды бұзудың кесіп өту талаптарын сақтауда, бақылау мақсатында мемлекеттік өрт қызметінің органдарының міндетті қызметкерлерімен жүзеге асырылатын, бақылау әрекетінің арнайы түрі.

Өрт қауіпсіздігі шаралары- өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау бойынша әрекеттері .

Өртке қарсы қызмет – бірінші кезектегі апаттық – құтқару жұмыстарын жүргізу, өртті ескерту және оларды сөндіру ұйымдары үшін арналған, сонымен бірге өртке қарсы құрылымдарда, құралдармен күштерді басқару ұйымдарының бекітілген тәртібіндегі құрылған жиынтығы.

Алғашқы кезектегі аппатттық – құтқару жұмыстары- өрт кезіндегі зардап шеккендерге көрсетілетін алғашқы медициналық көмек, адамдарды (оқшаулау) мүлікті және жеке заттарын оқшаулау мен құтқару бойынша жауынгерлік әрекеті.

Қоныстандыру территориялары- жалпы ғимараттар мен үйлерді тұрғын үйлерді орналастыруға арналған, сонымен бірге жеке коммуналды және өндірістік объектілерге арналған тұрғын пункттердің территориясының бөлігі.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!