Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






VII курс студенттерінің межелік бақылауына арналған тестік тапсырмалары №2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе



 

?

Патогенді анықтағанша ауруханадан тыс пневмонияның тиімді антибактериалды емі үшін тағайындаған дұрыс:

- Гентамицин

- Тетрациклин

+Ровамицин

- Бисептол

- Кефзол

 

?

ӨСОА – мен ауыратын 65 жастағы науқаста ентігу мен жөтелдің күшеюі; сарғыш – жасыл түсті көп мөлшердегі қақырықтың бөлінуіне, субфебрилді температураға шағымданады. Объективті: ТАЖ – минутына 28 рет, ЖСЖ - 92 рет мин. Аускультативті өкпеде қатаң тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар. Қай препаратты тағайындаған дұрыс:

-Гентамицин бұлшықетке

+ Кларитромицин per os

-Сальбутамол көктамырға

- Вентолин ингаляциялық

-Сальбутамол ингаляциялық

 

?

Егде жастағы ер адам созылмалы маскүнемдік және ӨСОА ауырады, қиын бөлінетін тұтқыр күйік ет иісті қақырықты жөтелге шағымданады түрі қара желе түсті. Об-ті: айқын интоксикация, ентігу, өкпесінде аздаған сырылдар. Рентгенде «жайылған ара ұясы тәрізді өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдық қуыстар, пневмосклероз. Қай қоздырғыш болуы мүмкін:

-Хламидиялар

+Клебсиелла

-Микоплазма

- Тұмау вирусы

-Ішек таяқшасы

 

?

Отбасылық дәрігерге 25 жастағы науқас қиын бөлінетін кілегейлі-іріңді сипаттағы қақырықты жөтелге, дене қызуының 37° көтерілуіне шағымданады. Суық тиген соң жедел ауырды. Сол жақты жауырынаралық аймақта құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан талдауында өзгеріссіз. 8-10 апталық жүктілігін ескере отырып қандай ем тағайындау керек:

-Ципрофлоксацин

-Метрогил, гентамицин

+Лазолван, жылы су

- Амоксиклав, бронхолитин

-Бромгексин, тетрациклин

 

?

Аурудың жедел ағымы, ылғалды сырылдар, өкпенің ортаңғы-төменгі бөлімінде интенсивтілігі орташа көлеңкелер, тез оң динамика тән:



-Саркоидозға

-Пневмокониозға

+Ошақты пневмонияға

- Милиарлы туберкулезге

-Инфильтративті туберкулезге

 

?

67 жастағы науқас қиын бөлінетін кілегейлі – іріңді сипаттағы қақырықты жөтелге, ентігуге, дене қызуының 38°С көтерілуіне шағымданады. Суық тиген соң жедел ауырды. Тәулігіне 20 сигарет шегеді. Аускультацияда әлсіреген тыныс фонында екі жақтан құрғақ сырылдар, оң жақтан жауырын астындағы аймақта – ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Сол жерде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы анықталады. Рентгенде оң жақ өкпенің төменгі бөлімінде 1-2 см көптеген инфильтративті көлеңкелер анықталады. Лейкоциттер – 14 мың., ЭТЖ - 22 мм/сағ. Қай диагноз дұрыс:

-ӨСОА, жеңіл дәреже, өршу

-ӨСОА,орта ауырлықта, өршу

-Бронх демікпесі,орта ауырлықта, өршу

- Бронх демікпесі, орта ауырлықта. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы

+ӨСОА, орта ауырлықта,өршу. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы

 

?

25 жастағы науқаста идиопатиялық оң жақты плеврит, экссудаттың клеткалық құрамын талдауда лимфоциттер анықталды. Қай тактика дұрыс:

-Интраплевралды кең спектрлі антибиотиктерді енгізу



+Туберкулезге қарсы арнайы ем тағайындау

-Кең спектрлі антибиотиктерді тағайындау

- Екі антибиотикті тағайындау

-Плевралды қуысты дренаждау

 

?

72 жастағы ӨСОА науқас суық тиген соң басталған дене қызуының жоғарылауына, кілегейлі-іріңді қақырықты жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Рентгенде оң жақ өкпенің төменгі бөлімінде инфильтрация анықталады. Қай ем дұрыс:

-Тетрациклин + метрогил + лазолван

-Амоксиклав + гентамицин + бромгексин

-Кларитромицин + преднизолон + бромгексин

- Метронидазол + амброксол + ипратропиум бромиді

+Кларитромицин + амброксол + ипратропиум бромиді

 

?

55 жастағы науқас анда санда болатын тұншығу ұстамасына, айқын ентігуге, кілегейлі қиын бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданады. Ұстамалар аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарағанда: «барабан таяқшасы» және «сағат әйнегі» белгісі оң, кеуде қуысы бөшке тәрізді. Перкуссияда қорап тәрізді өкпелік дыбыс, аускультативті – әлсіреген везикулярлы тыныс. Науқаста қандай патология дамыған:

-Пневмония

-Пневмоторакс

-Жедел бронхит

+Өкпе эмфиземасы

-Созылмалы бронхит

 

?

28 жастағы науқас тұншығуға, ұстама тәрізді құрғақ жөтелге шағымданады. Соңғы аптада түнде 2 рет тұншығудан оянып, беротекпен қайтарған. Күнделікті преднизолон 10 мг қабылдайды.Қарағанда ТАЖ– 22 рет мин. Тыныс шығару шыңы - 68%. Қай диагноз дұрыс:

-Бронх демікпесі, жеңіл дәреже, өршу ТЖ I

-Бронх демікпесі, ауыр ағым, өршу ТЖ III

-Бронх демікпесі, орта ауырлықта,өршу, ТЖ II

- Бронх демікпесі, ауыр ағым, өршу,гормон тәуелді түрі, ТЖ I

+Бронх демікпесі, орта ауырлықта, өршу, гормон тәуелді түрі,ТЖ II

 

?

38 жастағы науқас К-да., ұзақ уақыт тұншығу ұстамасы, экспираторлы ентігу мазалайды. Тұншығу ұстамасын беротекпенг қайтарған, преднизолон 10 мг/тәул 2 жыл бойы қабылдайды.Тыныс шығару шыңының жылдамдығы - 65%. Науқасқа қандай базисті ем тағайындау керек:

-Теофиллин

-Ипратропиум бромиді

+Беклометазон

- Сальметерол

-Дексаметазон

 

?

35 жастағы науқас бронх демікпесімен 2 жылдан бері ауырады. Тұншығу ұстамасын беротекпен қайтарады, гормонға тәуелді. Тыныс шығару шыңы жылдамдығы - 66%. Қараған кезде – тыныштықта ентігу, аускультацияда – барлық өкпе алаңдарында құрғақ ысқырықты сырылдар. Науқас соңғы сағатта үш рет беротекті ингаляция түрінде қабылдаған. Науқасты жүргізудің қандай тактикасы дұрыс:

-Теофиллин per os

-Эуфиллин 2,4% 10 мл б/е

-Вентолин небулайзер арқылы

+Преднизолон к/т доза 30-60 мг

-Беротекпен ингаляция

?

32 жастағы ер адам ұзақ уақыт дене қызуының 38,4*С көтерілуіне және кешке қарай субфебрилді деңгейге дейін төмендеуіне, қалтырауға, тершеңдікке, тізе буынындағы ауырсынуларға,құрғақ жөтелге, бас ауруына, әлсіздікке, делсалдыққа шағымданып келді. Ананезінен: 2 жыл шопан болып істеген. Қан талдауында: лейкоциттер 3,2х109/л, лимфоциттер 56%, Райт-Хеддльсон реакциясы 1:200. Науқаста қызбаның қай түрі:

-Тұрақты

-Әлсірететін

- Ауыспалы

- Гектикалық

+Толқын тәрізді

 

?

Қабылдауда ер адам қызбаға, тершеңдікке, оң жақ кеуде клеткасындағы терең тыныс алғандағы ауырсынуға, әлсіздікке, ентігуге, «тотық » түсті қақырыққа шағымданады. Аускультацияда өкпенің төменгі бөлімінде оң жақтан әлсіз везикулярлы тыныс, крепитация естіледі. ТАЖ минутына 28 рет. Рентгенде: оң жақ өкпенің төменгі бөлімінде қараю. Осы науқасқа тән қызба түрін анықтаңыз:

-Әлсірететін(ремитирлеуші)

-Интермиттирлеуші

+Қажытатын(гектикалық)

- Қайтымды түр

- дұрыс емес

 

?

26 жастағы науқас әлеуметтік қауіп тобынан. Шағымы: әлсіздік, делсалдық, шаршағыштыққа, жүдеуге, жөлетуге, түнгі тершеңдікке. Соңғы 2-3 айдан бері ауырады, түнгі кезекте жиі істейді. Флюрограммада оң жақ өкпенің жоғарғы бөлімінде инфильтративті көлеңке, түбіріне қарай жолмен. Сіздің тактикаңыз:

+БК-ға қақырық талдауы

-Фтизиатрға жіберу

- Антибактериалды ем жүргізу

- Туберкулезге қарсы ем тағайындау

- Пульмонология бөліміне жіберу

 

?

23 жастағы ер адам үйге дәрігерді шақырып, 4 күн бойы дене қызуының 38*С көтерілуіне, сары-жасыл түсті қақырықпен жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Анамнезі: ауруын суық тиюмен байланыстырады. Объективті: тері жабындылары бозарған, ТАЖ 20 рет/мин., жауырынның оң жақ төменгі бұрышында перкуторлы дыбыстың тұйықталу ошақтары, аускультативті ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар. Осы науқасқа ем тағайындаңыз:

-Макропен 0,2 х 3 р/к ішке 5 күн

-Эритромицин 0,25мг 2 табл. х 4 р/к 7 күн

+Азитромицин 0,5 х1 р/к ішке 5 күн

- Тетрациклин 0,25 х 4 р/к ішке 10 күн

- Цефазолин 1,0 х 3р/к б/е 10 күн

?

Артериальды гипертониямен ауыратын науқасқа гипотензивті препарат тағайындау керек. Науқастың қосымша бронх демікпесімен ауыратынын ескере отырып, төмендегі препараттардың қайсысын науқасқа тағайындауға болмайды:

-Лизиноприл

-Верапамил

- Индапамид

+Карведилол

- Амлодипин

 

?

ДДҰ сарапшылары (1999ж) берген жіктемеге сәйкес артериальды гипертонияның І дәрежесіне қайсысы жатады:

-125/85

-135/85

+140/95

- 145/105

- 160/85

 

?

42 жастағы науқас,отбасылық дәрігерде соңғы 3 жыл бойы қант диабеті 2 тип диагнозымен бақылауда тұрады. Дәрігер тағайындауын бұлжытпай орындайды.Қандағы қант мөлшері 6,1ммоль/л.Соңғы 4 айда басы жиі ауыратын болған.қарағанда АҚҚ 150/100 мм.с.б. 15 минкейін өлшегенде АҚҚ осы деңгей сақталады. Науқастың АҚҚ төмендету керек пе және неге:

-Иә,себебі қан қысымын төмендету аурудың белгілерін қайтару керек

-Иә,себебі қан қысымын төмендету қант диабетінің көрсеткіштерін қалпына түсіреді.

+Иә,себебі қан қысымын төмендету науқас өмірінің болжамын жақсартуға көмектеседі.

- Жоқ, себебі АҚҚ деңгейі өте жоғары емес, қан қысымының өздігінен қалпына келуі бар

- Жоқ, қант диабетінің емін қайта қарау жеткілікті

 

?

60 жастағы науқас соңғы жылы анда-санда болатын бас ауруына,бас айналуына шағымданады. Басы ауырғанда бірнеше рет АҚҚ 170/100 мм.с.б.көтерілген. Науқастың анасы 57 жасында АҚҚ жоғары көтеріліп инсультпен қайтыс болған. Науқастың артық салмағы бар,көп шылым шегеді,сыра мен майлы тамақты жақсы көреді.Науқастың болжам диагнозы қандай:

-Артериальды гипертония І дәреже,қауіп ІІІ

+Артериальды гипертония ІІ дәреже, қауіп ІІІ

- Артериальды гипертония ІІ дәреже, қауіп ІУ

- Артериальды гипертония ІІІ дәреже,қауіп ІІІ

- Артериальды гипертония ІІІ дәреже, қауіп ІУ

 

?

50 жастағы науқас медициналық тексеруден өту үшін дәрігерге келген. Шағымы жоқ. Қарағанда: АҚҚ 160/100 мм.с.б., ЖСЖ минутына 72 рет,ырғағы дұрыс,жүрек ұшы соққысы күшейген,дене қызуы қалыпты.Көз түбі тамырларын тексергенде артериалардың тарылуы мен тамыр суретінің иірімделуін анықтаған,кеуде қуысы өзгеріссіз.ЭКГ-де: сол қарынша гипертрофияланған.Электролиттер мен креатинин анализінде өзгерістер жоқ. Сіздің әрекетіңіз:

-Тексеру үшін стационарға жолдама беру

-Тез арада гипотензивті дәрі беру

- «Гипертония ауруы» диагнозын қойып,гипотензивті ем тағайындау.

- Үш күн ішінде АҚҚ өлшеу, сосын науқасты бақылау

+Гипотензивті ем тағайындау, симптоматиялық гипертонияны жоққа шығару

 

 

?

29 жастағы науқас тұсындағы белгісіз сипатты ауырсынуға, әлсіздікке, ұйқышылдыққа, жүрек қағуына, физикалық күш түскенде тершеңдікке шағымданады. Кешке қарай дене қызуы 37,3С дейін көтеріледі. Өткен айда науқас суық тиіп ауырған, басқа ешқандай аурумен ауырмаған. Пәтерінде жұмыссыз, туберкулезбен ауыратын қарт адам тұрады. Қан және несеп талдауы өзгеріссіз. Жүрек үстінен систолалық шу естіледі, ЖСЖ минутына 100 рет. ЭКГ PQ 0,26С.Қарынша ішілік өткізгіштік бұзылған. Сіздің диагнозыңыз:

-Өкпе туберкулезі

-Тұрақсыз стенокардия

- Жүрек ырғағының пароксизмалды бұзылуы

+Миокардит

- Перикардит

 

?

Гипертрофиялық кардиомиопатия кезіндегі кардиалгия себебі қандай:

+Салыстырмалы коронарлы жетіспеушілік

-Арнайы емес коронарит

- Коронарлы (ТӘЖ) артериялардың тарылуы

- Қандағы эндорфиндер деңгейінің төмен болуы

- Коронарлы артериялар атеросклерозы

 

?

35 жастағы науқас жанұялық дәрігерге төс артындағы ұзақтығы 3 сағат және одан көп қысып ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну жұмыстағы эмоционалды күш түсуден кейін пайда болған және соңғы 2 апта бойында сақталады. ЖСЖ минутына 82 рет, АҚҚ 130/80 мм.с.б. Науқасты қараудағы келесі дұрыс қадамды таңдаңыз:

-Жедел кардиологиялық бөлімшеге жатқызу

-Жанұялық дәрігер бақылауымен үйде қалдыру

- Аналгетик тағайындап үйге қайтару

- Жалпы қан талдауын жасау

+Сол жерде электрокардиограммаға түсіру

 

?

40 жастағы әйел адам алдын-ала медициналық қаралудан өтуге келді. Жүрек тұсындағы сирек болатын шаншып ауырсынуға шағымданады. Салмағы 90 кг, бойы 170 см, 5 жылдан бері күніне 1 қорап темекі шегеді, физикалық жаттығулармен айналыспайды. Соңғы рет 6 жыл бұрын тексерілген. Анасы 45 жасында миокард инфарктын алған. Физикалық тексеруде патология табылған жоқ. Бірінші кезекте қандай тексеру жүргізу керек:

-Кеуде қуысының рентгенограммасын

-Физикалық жүктемемен тест

- ЭКГ

+Қан сарысуының холестериніне

- Жалпы қан талдауын

 

?

32 жастағы науқас төс артындағы ешқайда таралмайтын,отырғанда азаятын,басып ауырсынуға, субфебрилді температураға шағымданады. Өзі ауруды суық тиюмен байланыстырады. Төмендегі берілгендердің қайсысы осы ауруға тән:

-Қанда нейтрофильді лейкоцитоз

-АСГ мен ЛДГ қалыпты мөлшерде

- Қанда холестерин мөлшері жоғары

+ST барлық әкетулерде изо сызықтан жоғары ығысқан

- Жедел фазалық көрсеткіштері жоғары

 

?

Ұзақ жылдар бойы шылым шегетін 50 жастағы науқаста бүгін түнде төс артында тыныс алумен байланыссыз мойынға берілетін ұзақтығы 2-3 сағат күйдіріп ауырсыну пайда болуына, әлсіздікке,тершеңдікке шағымданады. Ең бірінші қандай ауру деп ойлауға болады:

-Мойын остеохондрозы

-Спонтанды пневмоторакс

- Өкпелік жүрек

+Миокард инфаркті

- Өкпе инфаркті

 

 

?

50 жастағы науқас жанұялық дәрігерге кеуде қуысындағы қатты ауырсынуға шағымданып келді. Қарағанда жүрек және өкпе жағынан көзге көрінетін өзгеріс байқалмайды. АҚҚ 120/85 мм.с.б.,ЖСЖ минутына 88 рет. Дәрігер «науқасқа сырқатыңыз қатерлі емес деп сендіріп, үйде жатып дем алып ертең келерсіз»-дейді. Дәрігердің тактикасы дұрыс па:

-Иә,ауырсыну науқас жағдайына қауіп төндірмейді

-Иә,егер асқыну пайда болса келесі күні де көмек көрсетуге болады

+Жоқ, тез арада ЭКГ зерттеуін тағайындау керек

- Жоқ, аналгетиктермен ем тағайындау керек

- Жоқ, науқасты жоспарлы ем алуға жіберу

 

?

Стенокардия ұстамасы мен синус түйінің әлсіздігі синдромы бар.Қарт адамға антиангиналды ем ретінде келесі препаратты тағайындауға болады:

-Метопролол

-Верапамил

- Кордарон

- Дилтиазем

+Амлодипин

 

?

38 жастағы науқас физикалық күш түскенде пайда болатын ұзақтығы 20 минутқа созылатын, соңғы 2 күнде күшейген, нитроглицеринмен нашар басылатын кеуде қуысындағы қатты ауырсынуға шағымданады. ЭКГ-де: ST сегменті 2 мм ығысқан, Т тісшесі теріс. Қандай диагностикалық тест диагноз қоюға мүмкіндік береді:

-Жалпы қан талдауы

-Холестерин,үшглицеридтер дейгейінің жоғарылауы

+Кардиоспецификалық ферменттердің жоғарылауы

- Физикалық жүктемемен тест

- ЭХОКГ

 

?

47 жастағы ер адам соңғы 2 айда 500 м. жаяу жүргенде немесе 3 қабатқа көтерілгенде пайда болатын төс артындағы қысып ауырсынуға шағымданады. Кейде ауырсыну тыныштықта да пайда болады.Стенокардияның бұл түрін қалай жүктеуге болады:

-Тұрақты күш түсу стенокардиясы І ФК

+Тұрақты күш түсу стенокардиясы ІІ ФК

- Тұрақты күш түсу стенокардиясы ІІІ ФК

- Тұрақты күш түсу стенокардиясы ІУ ФК

- Функциональды класты анықтау мүмкін емес

 

?

Науқаста қант диабетінің 2 типі болса қай антиангиналды препаратты қолданған тиімдірек:

+Кардиоселективті бета-блокаторлар

-Селективті емес бет-блокаторлар

- Нитраттар (монотерапия үшін)

- ААФИ ингибиторлары

- Сидноминдер

 

?

Науқаста созылмалы обструкциялық бронхит болса қандай антиангиналды препарат қолданған тиімдірек:

-Бета-блокаторлар

+Кальций антагонистері

- Нитраттар (монотерапияүшін)

- ААФИ ингибиторлары

- Сиднониминдер

 

 

?

ЭКГде V1-V3 әкетулерінде Q тісшесінің монофазалық қисықпен бірге пайда болуы мен төс артында айқын ауырсынулар болуы нені көрсетеді:

+Сол қарыншаның алдыңғы пердеаралық Q тісшелі жедел миокард инфаркты

-Сол қарынша ұшының Q тісшелі жедел миокард инфаркты

- Сол қарыншаның алдыңғы-пердеаралық және бүйірлік Q тісшелі жедел миокард инфаркты

- Сол қарыншаның бүйір қабырғасының Q тісшелі Ж.М.И.

-Орналасуы белгісіз Q тесшелі Ж.М.И.

 

?

Науқаста ЖИА дамуының жоғары қаупі бар. Науқасты оқыту керек пе:

+Иә, қауіп факторларын бақылау мақсатымен медикаментозды емес шараларды орындау үшін

-Иә, науқасты осы ауру туралы және өздігінен емдеу туралы ақпараттандыру үшін

- Жоқ, депрессия дамуын болдырмау үшін

- Жоқ, өздігінен емдеуді болдырмау үшін

- Жоқ, фобия дамуын болдырмау үшін

 

?

55 жастағы науқасты бұрын тез жүргенде пайда болып,дем алғанда басылған, бүгін кешкі тамақтан кейін басталып 20 минутқа созылған оң жақ иығындағы ауырсыну мазалайды. Бұл ауырсыну синдромы қай ауруға тән:

+Жедел миокард инфаркті

-Тұрақты күш түсу стенокардиясы

- Вазоспастикалық стенокардия

- Миокардит

- Мойын остеохондрозы

 

?

Жүректің қандай ырғағының бұзылуын өңеш арқылы жүрек стимуляциясы тиімді басады:

-Жүрекше жыбырын

-Қарыншалық экстрасистолияны

- Қарыншалық тахикардияны

- Синусты тахикардияны

+Атриовентрикулярлы жүрек блокадасы II дәреже

 

?

30 жастағы науқас кенеттен болатын жүрек қағулары ұстамасына, жүрек айнуына, іші кебуіне, тершеңдікке, көп мөлшерде зәр шығаруға шағымданады. Ұстамалар алғаш рет 3 айдан бұрын басталған дәрігерге қаралмаған. Қарағанда: ішкі мүшелердің патологиясы жоқ. АҚҚ 110/80 мм сын. бағ., ЖСЖ 78 соққы минутына.ЭКГ PQ аралығы қысқарған, QRS комплексі кеңейген және бұзылған, QRS алдыңғы аяғы «саты» түрінде өзгерген, ST аралығының дискордантты ығысуы. Науқаста қандай ырғақ бұзылуы дамыды:

-Синус түйінінің әлсіздік синдромы

-Қарыншалық экстрасистолия

- Гис оң аяқшасының блокадасы

+Жүрекшелік тахикардия пароксизмдерімен синдром WPW

- Атриовентрикулярлы блокада II дәреже Адамс-Морганьи-Стокс ұстамаларымен

 

?

63 жастағы науқас кенеттен болатын қатты бас ауру ұстамаларына, естен тануына шағымданады. Аталған шағымдар 3 жыл бұрынғы инфекциялық миокардиттен кейін дамыған. Соңғы уақытта ұстамалар айына 2-3 рет жиілеген. АҚҚ 110/70 мм сын. Бағ., ЖСЖ 57 соққы 1 мин. ЭКГ-де PQ аралығының ұзаруы, Самойлов-Венкебах кезеңдері. Қандай ем дұрыс:

-Кальций антагонистерін тұрақты қабылдау

-Бета-адреноблокаторларды тұрақты қабылдау

- М-холиноблокаторларды үнемі қабылдау

+Жасанды ырғақ жүргізушісін енгізу

- Аортокоронарлы шунттауды жүргізу

 

?

68 жастағы науқас өзінің жағдайының нашарлауына байланысты дәрігерге келді. ЖИА. Инфарктен кейінгі кардиосклероз. Артериалды гипертензия II, қауіп IV. ҚЖ IIБ. Шағымдары: әлсіздік, бас ауруы, жүрек айнуы, іштегі анда санда болатын ауырсынуға, көзінің алдында екілену. Дәріні үнемі қабылдайды. АҚҚ 150/90 мм сын.бағ., ЖСЖ 50 соққы 1 мин. ЭКГ: PQ аралығы 0,24 с, комплекс QRS деформацияланған, барлық әкетулерде «тегене тәрізді» ST аралығының изосызықтан төмендеуі, бигеминия түріндегі қарыншалық экстрасистолия. Науқастың жағдайының нашарлауын түсіндіріңіз:

-Гипертониялық криз

-Жүрек жетіспеушілігінің декомпенсациясы

+Гликозидті улану

- Қайталанған миокард инфаркті

- Мидың қан айналымының өтпелі бұзылуы

 

?

Отбасылық дәрігерге жоспарлы қаралуға 41 жастағы науцқас келді. Бақылауда: ЖИА. Күш түсу стенокардиясы II ФК. Артериалды гипертензия II, қауіп III, ҚЖ0. Қарағанда шағымы жоқ. АҚҚ 130/80 мм сын.ст., ЖСЖ 72 соққы 1 мин.ЭКГ-де сирек қарыншалық экстрасистолалар. Эхо КГ –де қосымша хорда анықталады. Аритмияға қарсы ем тағайындау керек пе:

-Иә, себебі қарыншалық тахикардия пароксизмі даму қаупі дамуы керек

-Иә, себебі науқаста қосымша хорда анықталды

+Жоқ, себебі аритмияны науқас субьективті жақсы көтереді

- Жоқ, себебі жасанды ырғақ жүргізушісін орнату керек

- Иә, себебі Адамс-Морганьи-Стокс ұстамалары болуы мүмкін

?

Қалыпты жағдайда сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің ауданы қандай:

-2-4 см2

+4-6 см2

- 5-6 см2

- 6-8 см2

- 2-5 см2

 

?

Науқасты обьективті қарағанда бетінде цианозды қызыл шырайлы, жүрек ұшы соққысы солға ығысқан, аускультацияда І тонның әлсіреуі, жүрек ұшында І тоннан кейін систолалық шу естіледі, ол сол жақ қолтық астына беріледі,сонымен қатар патологиялық ІІІ тон. ЭКГ – сол қарынша мен сол жүрекше гипертрофиясы белгілері. Сіздің диагнозыңыз:

-Митралды стеноз

+Митралды жетіспеушілік

- Қолқа стенозы

-Қолқа жетіспеушілігі

- Үш ашпалы қақпақша стенозы

 

?

Қарағанда науқаста акроцианоз, эпигастраллы пульсация және диастолалық діріл( «мысық пырылы») жүрек ұшында. Салытырмалы жүрек тұйықтығы оңға және жоғары кеңейген. Аускультацияда жүрек ұшында күшейген шапалақ тәрізді І тон және митралды қақпақша ашылу шертпесі. ЭКГ-де қандай көріністі көресіз:

+Сол жүрекше мен оң қарынша гипертрофиясы

-Сол жүрекше мен сол қарынша гипертрофиясы

- Сол жүрекше мен оң жүрекше гипертрофиясы

-Оң жүрекше мен оң қарынша гипертрофиясы

- Оң қарынша мен сол қарынша гипертрофиясы

 

?

23 жастағы науқас дәрігерге әлсіздікке, тез шаршауға шағымданады. Бала кезінде жиі баспамен ауырған. Қарағанда: пульсі аз, баяу, каотидтер биі. Аускультацияда: қолқа және Боткин-Эрба нүктесінде систолалық шу, ең жақсы естілетін нүктесі қолқада, ұйқы артерияларына және жауырын аралыққа беріледі, жүрек ұшында 1 тон , қолқада 2 тон әлсіреген. Сіздің диагнозыңыз:

-Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, митралды жетіспеушілік, Ж IIБ .

+Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, , қолқа стенозы Ж IIБ .

- Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, үш ашпалы қақпақша стенозы,Ж IIБ.

- Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, , митралды стеноз Ж IIБ

- Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, қолқа жетіспеушілігі, Ж IIБ .

 

?

28 жастағы науқас, аз физикалық күш түскендегі ентігуге, тез шаршауға, жиі жүрек соғысына шағымданады. Бала кезінде жиі баспамен ауырған Аускультацияда: жүрек ұшы соққысы күшейген, жүрек ұшында диастолалық шу, қатты естілетін I тон, өкпе бағаны үстінде II тонның екі еселенуі, митралды қақпақшаның ашылу қосымша ІІІ тон (бөдене бытпылы). Сіздің диагнозыңыз:

-Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, митралды жетіспеушілік, Ж IIБ .

+Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, митралды стеноз, Ж IIБ .

- Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, үш ашпалы қақпақша стенозы,Ж IIБ.

- Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, қолқа стенозы, Ж IIБ

- Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, қолқа жетіспеушілігі, Ж IIБ .

 

?

Ревматоидты артрит дегеніміз:

+Шеткі буындардың симметриялық эрозивті артритімен сипатталатын ауру

-Буындарда зәр қышқылы кристалдарының түзілуіне байланысты буын қабынуымен сипатталатын ауру

- Бірінші кезекте шеміршектің, буынның барлық компоненттерінің зақымдалуымен сипатталатын ауру

- Бір немесе бірнеше буынның зақымдалуымен, конъюнктивитпен, уретритпен сипатталатын ауру

- Фалангааралық буындардың зақымдалуымен және саркоилеит белгілерімен сипатталатын ауру

 

?

45 жастағы ер адам оң жақ табандағы қатты ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінен: жақында ішімдік ішкен. Ауырсыну кенеттен басталған және 1-ші табанфалангалық буынның аймағында ауырсынады. Қарағанда: үлкен бармақ үстіндегі тері қызарған, ұстағанда ыстық, қимылдатуы қиын. Сіздің диагнозыңыз:

-Реактивті артрит

-Рейтер синдромы

+Подагра

- Псориаз

- Ревматиті полиартрит

 

?

27 науқас табан-фалангалық, тізе буынындағы ауырсынуға, буындардың ісінуіне, қозғалыстың шектелуіне шағымданады. Таңертең буындардағы құрысулар түске дейін созылады. Қарғанда: табан-фалангалық және тізе буындарында дефигурация. Қан талдауында: эрит. 3,2х1012/л, гемогл. 105 г/л, лейкоц. 12х109/л, ЭТЖ 36 мм/сағ. Бармақтар рентгенографиясында: табан – фалангалық буын аймағының остеопороз белгілері, буын қуысының тарылуы, көптеген бедерлер. Алынған мәліметтер бойынша диагноз қойыңыз:

-РА, полиартрит, тез өршімелі ағым, белсенділік III, РС I

+РА, полиартрит, баяу өршімелі ағым, белсенділік II дәреже, РС III

- РА, полиартрит, аз өршімелі, белсенділік I, РС II

- РА, олигоартрит, баяу өршімелі ағым, белсенділік II дәреже, РС IV

- РА, моноартрит, тез өршімелі ағым, белсенділік III, РС III

 

?

62 жастағы науқас оң жақ тізе буынындағы ауырсынуға, таңертеңгі құрысу 2 сағат дейін, буынның қиын қозғалуы мен қозғалғандағы сықырға шағымданады. Анамнезінен: ауру 5 күн бұрын басталған. Қарағанда: оң тізі буынының дефигурациясы, зақымдалған буындағы қозғалыстың шектелуі, ісінген, ұстағанда ыстық. Қан талдауы: эрит. 4,0х1012/л, лейкоц. 9х109/л, жалпы белок 75 г/л, ЭТЖ 10 мм/сағ. Диагноз қойыңыз:

-ДОА, біріншілік гоноартроз, ФЖ I дәр.

-ДОА, біріншілік олигоартроз, ФЖ II дәр.

- ДОА, екіншілік гоноартроз, ФЖ III дәр.

- ДОА, біріншілік коксоартроз ,ФЖ II дәр.

+ДОА, екіншілік гоноартроз, ФЖ II дәр.

 

 

?

Емхана дәрігеріне 25 жастағы науқас әлсіздікке, бас ауруына, бел тұсындағы ауырсынуға, бетіндегі, қолындағы, аяғындағы ісінулерге, зәр шығаруының сиреуіне шағымданады. Жиі суық тиіп ауырады. Қарағанда қабағында ісіну, ұрық қалтасының ісінуі, балтырдың аздаған ісінуі.Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 72 рет мин. АҚҚ -170/100мм.сын.бағ. Тәуліктік диурез 400мл/тәул. ЖЗА-де эритроциттер 60 көру алаңында, лейкоциттер 20-25 көру алаңында, дәнді және гиалинді цилиндрлер 2-4 көру алаңында.Диагноз қойыңыз:

-Жедел гломерулонефрит, моносимптомды ағым, СБЖ 0

-Созылмалы гломерулонефрит, латентті түрі, СБЖ 0

+Жедел гломерулонефрит, жайылмалы ағым, СБЖ 0

- Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі, СБЖ 0

- Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі, СБЖ 0

 

?

56 жастағы науқас әлсіздікке, дене қызуының 380С көтерілуіне, тез шаршағыштыққа, бел аймағындағы тартып ауырсыну. Анамнезінде созылмалы пиелонефрит. Қарағанда жағдайы орта ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт. АҚҚ-150/100мм.сын. бағ. Пастернацкий белгісі екі жақтан оң. Зәрде диурез көбеюі, үлес салмағының төмендеуі, протеинурия, лейкоцитурия. Бүйрек УДЗ паренхима айқын тығыздалған, бүйрек өлшемдері кішірейген. Сіздің тактикаңыз:

+Суық тиюден сақтанумен белсенді тәртіп

-Тәртіпті шектелген, жұмысқа орналастыру

- Тәртіпті көп шектеу, жұмысқа орналастыру

- Спортпен шұғылдануды шектеу, ұзақ жүру

- Стационарлы ем

 

?

44 жастағы науқас дәрігерге физикалық күш түскендегі ентігуге, бас ауруына, жалпы әлсіздікке, бел аймағындағы сыздап ауырсынуға, бөлінетін несеп мөлшерінің азаюына, оның түрінің өзгеруіне шағымданады. Анамнезінде жиі суық тиіп ауырады. Қарғанда беті бозарған, үрленген, мойын веналары ісінген. АҚҚ-180/110мм.сын.бағ. Несеп талдауында: протеинурия, гематурия, лейкоцитурия, цилиндрурия. Сіздің диагнозыңыз:

-Жедел гломерулонефрит нефротикалық синдроммен, СБЖ 0

+Жедел гломерулонефрит, жайылған ағым артериалды гипертониямен бірге, СБЖ 0

- Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі, СБЖ 0

- Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі,СБЖ 0

- Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі, СБЖ 0

 

?

62 жастағы науқас әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, бел аймағындағы ауырсыну, қол аяғының ісінуіне, таңертеңігі уақытта көбіне болады, табас ауруына шағымданады. Қарағанда жалпы жағдайы орта ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт. АҚҚ-170/100мм.сын.бағ. Пастернацкий белгісі оң мәнді. Несеп талдауында: протеинурия, цилиндрурия. ЭКГ-де сол қарынша гипертрофиясы. Сіздің диагнозыңыз:

-Созылмалы гломерулонефрит, латентті түрі, СБЖ 0

-Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі, СБЖ 0

+Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі, СБЖ 0

- Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі, СБЖ 0

- Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі, СБЖ 0

 

 

?

25 жастағы әйел адамда эмоционалды күйзелуден кейін сұйық суық немесе ыстық тамақты қабылдағаннан кейін(қатты тамақ жақсы өтеді) жұтынғанда пайда болатын жағымсыз сезім пайда болған. Сосын жағымсыз сезімдер шаршағанда және толқығанда пайда болатын болған. Тәбеті сақталған, салмақ жоғалтпаған. Физикалық тексергенде патология көрінбейді. Сіздің диагнозыңыз:

+Созылмалы эзофагит

-Гастроэзофагеалды-рефлюксті ауру

- Өңештің пептикалық жарасы

- Көкеттің өңеш тесігінің жарығы

- Өңештің төменгі бөлімінің дивертикулі

 

?

36 жастағы науқасты эпигастрий аймағындағы тамақ ішкен соң пайда болатын және физикалық күш түскенде күшейетін, алмагелмен басылмайтын күйдіріп ауырсынуға шағымданады. Қышқылмен кекіреді, тұншығу ұстамалары, жөтел байқалады. Осы жағдайда қай зерттеу тәсілін қолданған дұрыс:

-Метилен көгімен байқау

-ФГДС

- Дуоденалды зондтау

- Өңеш рентгеноскопиясы

+Өңештің тәуліктік рН-метриясы

 

?

33 жастағы науқас емханаға төс артындағы ауырсынуға, керу сезіміне шағымданады. Кешке қарай балық жеп қақалған. Объективті: жұтынудың қиындауы, дене қызуы 37.3°C, мойын және беттің төменгі жартысында үрленген. Рентгенограммада – паравертевралды орналасқан кеуде аралық көлеңкесінің кеңеюі. Дәрігер тактика:

+бірден хирургия бөліміне жатқызу

-Мойын клетчаткасын тесіп, Дюфо инесін орнату

- Науқасты эзофагоскопияға жіберу

- Антибиотик тағайындап, еңбекке жарамсыздық парағын беру

- Гастроэнтерологқа кеңеске жіберу

 

?

43 жастағы автобус жүргізушісі, эпигастрий аймағындағы ауырлық сезіміне, тәбетінің төмендеуіне, жүрек айнуына, ауамен кекіруге шағымданады. ФГДС биопсия жасағанда хеликобактерлі инфекция, асқазанның кілегей қабының атрофиясы анықталды. Уреазды тест оң. Сіздің диагнозыңыз:

+Созылмалы атрофиялық гастрит H.pylori-мен ассоцияцияланған

-Созылмалы аутоиммунды пангастрит

- Созылмалы атрофиялық емес гастрит

- Жедел гастрит С тип

- Созылмалы гипертрофиялық гастрит

?

Жара аурының жедел асқынуына жатады:

+Перфорация

-Пенетрация

-Перивисцерит

- Малигинизация

-Тыртықты стеноз

 

?

46 жастағы науқас қышқылмен құсуға, тамақ ішкен соң ауамен кекіруге, эпигастрий аймағындағы дискомфортқа, іші кебуіне шағымданады. Пальпацияда эпигастрий аймағында ауырсыну анықталады. Қандай тексеру жүргізу керек:

-Жасырын қанға нәжісті тексеру

-Баримен контрастты рентгеноскопия

+Фиброгастродуоденоскопия

- Ультрадыбысты зерттеу

-Радионуклидті зерттеу

 

?

Гастропарез – дегеніміз:

-Асқазанның перистальтика ырғағының бұзылуы

-Антродуоденалды координацияның бұзылуы

+Антралды бөлімнің моторикасының әлсіреуі

- Аккомодацияның бұзылуы

-Кардиалды бөлімнің моторикасы әлсіреуі

 

?

20 жастағы науқас қабырға астындағы ауырлық сезіміне, ерте тойыну сезіміне, аузындағы жағымсыз иіске, ауамен кекіруге шағымданады. Пальпацияда пилородуоденалды аймақта ауырсынады. Диагнозды нақтылау үшін асқазан кілегей қабығының биоптатын морфологиялық тексерілді. Бұл тәсіл не үшін жүргізіледі:

+Биоптатта Н. Руlorі анықтау үшін

-Биоптатта Н. руlorі бактериясының уреазды белсенділігін анықтау үшін

-Биоптатта арнай антиденелерді анықтау үшін

- Н. руlorі эрадикациясы үшін

-Н. Руlorі-дің антибактериалды дәрілерге сезімталдығын анықтау үшін

 

?

48 жастағы науқас отбасылық дәрігерге таңертеңнен аузындағы ащы сезімге, әлсіздікке, делсалдыққа, тәбетінің төмендеуіне, жүрек айнуына, оң жақ қабырға астындағы тартып ауырсынуға шағымданып келді. Обьективті қарағанда Кер белгісі оң және оң жақ қабырға асты аймағындағы алдыңғы іш қабырғасының резистенттілігі. Осы клиника қай диагнозға сәйкес:

-Өт шығару жолдарының дискинезиясы,гиперкинетикалық түрі бойынша

-Өт шығару жолдарының дискинезиясы,гипокинетикалық түрі бойынша

+Созылмалы калькулезді емес холецистит,өршу кезеңі,өт шығару жолдарының дискинезиясы,гипокинетикалық түрі бойынша

- Созылмалы калькулезді емес холецистит,өршу кезеңі,өт шығару жолдарының дискинезиясы,гиперкинетикалық түрі бойынша

- Созылмалы калькулезді холецистит,өршу кезеңі

 

?

Науқас отбасылық дәрігерге таңертең кенеттен болған жүрек айнуға, құсуға шағымданады. Қарағанда тілі құрғақ, жабынмен жабылған, температурасы 37,70С, пальпацияда іші ауырады, алдыңғы іш қабырғасының жайылмалы қатаюы. АҚҚ 100/70 мм.сын. бағ. ЖСЖ 97 рет минутына. Сіздің тактикаңыз:

-Құсуға қарсы және қызу түсіретін препараттар

-Мұқият қарау және науқастың жағдайын БМСК жағдайында бақылау

- Үйде бақылау, суық, тыныштық, ашықтыруды қамтамасыз ету, қатты ауырсынуда аналгетик тағайындау

+Хирургия бөліміне жедел жеткізу

- Жағдайы тұрақталғанша көктамырға тамшылатып реополиглюкин құю

 

?

Науқас іштің жоғары бөлімінде, белді айналдыратын, майлы және ащы тағамнан кейін күшейетін ауырсынуға, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданады. Пальпацияда сол жақ қабырғалық омыртқа бұрышында ауырсыну, осы аймақты алақан қырымен соққанда ауырсынады. Сіздің болжам диагнозыңыз:

-Созылмалы калькулезді емес холецистит, өршу

-Созылмалы калькулезді холецистит, өршу

+Созылмалы панкреатит, өршу

-Созылмалы белсенді гепатит, өршу

- Созылмалы аутоиммуннды гепатит, өршу

 

?

16 жастағы науқас эпигастрий аймағындағы ауырлық сезімге, жүрек айнуға, құсуға, тәбетоінің төмендеуіне, ұйқысы бұзылуына шағымданады. ФГДС та асқазанның кілегей қабатында бозару мен жұқару, қан құйылу көрінеді. Сіздің диагнозыңыз:

-Аутоиммунды созылмалы гастрит, өршу

-Идиопатиялық гастрит , өршу

- Медикаментозды гастрит, өршу

-Реактивті гастрит, өршу

+Созылмалы геликобактерлы гастрит, өршу

 

?

35 жастағы науқас кекіруге, тамақ қабылдағаннан 1,5-3 сағ кейін пайда болатын, аш қарында және түнде болатын ауырсынуға шағымданады. Тамақ қабылдаған соң ауырсыну басылады. Ішті пальпациялағанда қабырға бұрышында және кіндік маңында ауырсыну байқалады. Науқаста айқын астеновегетативті синдром. Науқас стационарлы емді қажет ете ме және неге:

+Иә, себебі науқаста 12 елі ішектің алғаш анықталған жарасы

-Иә, себебі науқаста асқазанның алғаш анықталған жарасы

- Иә, себебі айқын астеновегетативті синдром

- Жоқ, себебі науқаста асқазан жара ауруы асқынбаған

- Иә, себебі стационарда эндоскопиялық зерттеу жүргізіледі

 

?

Механикалық сарғаю байқалады:

-Жедел вирусты гепатитте

-Созылмалы персистирлеуші гепатитте

- Созылмалы гепатитте

- Бауыр циррозында

+Калькулезді холециститте

 

?

25 ер адам оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне, аздаған сарғаюға, жалпы әлсіздікке, жүдеуге, буындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: наркоти қолданған. Объективті: тері жабындылары сарғыш, бірен-саран телеангиоэктазиялар бар. Бауыр ұлғайған – оң қабырға астынан 3 см шығыңқы. Көкбауыры пальпацияланбайды. Биохимиялық зерттеуде: жалпы билирубин – 34,8 мкмоль/л. Тимол байқауы – 8,6 ед. Австралиялық антиген анықталды. Қандай диагноз дұрыс:

-Аутоиммуннды

-Билиарлы бауыр циррозы

+Созылмалы гепатит

- Коновалов ауруы

- Жильбер ауруы

 

?

35 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, сарғаюға, тері қышуына, ұйқысыздыққа, апатияға, тұрақты бас ауруына, жүрек айнуына шағымданады. Анамнезінде: бір жыл бұрын қан құйылған. Қарағанда: бауыры ұлғайған, пальпацияда ауырсынады. Көкбауырдың шеті пальпацияланады. Тексергенде: жалпы билирубин –145,1мкмоль/л, тура 80,6мкмоль/л. Тимол байқауы –2,6 ед. АЛТ 0,85мккат/л, АСТ 0,95 мккат/л. НВsAg оң. Сіздің диагнозыңыз:

+Созылмалы гепатит В, сарғайған түрі, орта ауырлықта

-Жедел вирусты гепатит В, сарғаюсыз түрі, орта ауырлықта

- Жедел вирусты гепатит В, сарғаю түрі, орта ауырлықта

- Жедел вирусты гепатит А, сарғаю түрі, орта ауырлықта

- Жедел вирусты гепатит А, сарғаюсыз түр, жеңіл дәреже

 

?

20 жастағы дене қызуы 38*С көтерілуіне, әлсіздік, бас ауруына, катаралды көріністерге, тәбеті төмендеуіне шағымданады. Анамнезінен: 4 күн бұрын зәрі «сыра» түсті болды. Объективті: жағдайы орта ауырлықта, тері мен склера сарғыш, таза. Пульс 72 мин. АҚҚ 100/60 мм.сын.бағ., тілі сұр жабынмен жабылған. Іші жұмсақ, оң қабырға астында ауырсынады, бауыр мен көкбауыр пальпацияланады. Нәжісі түссіз, зәр түсі «сыра». Лабораторлы: жалпы билирубин 64,0, тура 52,0 мкмоль/л, тура емес 22,0 мкмоль/л, тимол байқауы 8,3. АЛТ 0,83мккат/л, АСТ 0,87 мккат/л. HBs-антиген теріс. Диагноз қойыңыз:

+Жедел вирусты гепатит А, сарғаю түрі, орта ауырлықта

-Жедел вирусты гепатит А, сарғаюсыз түрі, жеңіл ағым

- Жедел вирусты гепатит В, сарғаю түрі, орта ауырлықта

- Созылмалы вирусты гепатит В, сарғаю түрі, орта ауырлықта

- Созылмалы вирусты гепатит С, сарғаю түрі, орта ауырлықта

 

?

Диарея синдромында нәжіс себіндісін микроскопиямен бактериологиялық зерттеу керек пе неге:

-Иә, себебі орын басушы ем жүргізу үшін қандағы сарысуында электролиттер құрамын зерттейді

+Иә, себебі паразиттер мен қабыну клеткалары анықталады

-Иә, себебі қан сарысуында арнайы антиген анықталады

- Жоқ, себебі ішектегі өзгерістер сипатын нақты анықтауға болады

-Жоқ, себебі бұл аз ақпаратты зерттеу

 

?

37 жастағы науқас отбасылық дәрінерге кіндік аймағындағы ауырсынуға, жүрек айнуға, құсуға, қалтырауға, тәбеті төмендеуіне, іші кебуіне, тәулігіне 3-4 рет іші өтуіне шағымданады. Пальпацияда тоқ ішек бойымен және кіндік маңында ауырсыну байқалады, соқыр ішек аймағында шолпылдау шапылы. Диагноз қойыңыз:

-Крон ауруы, созылмалы үдемелі ағым энтеро-энтералды жыланкөз калыптасуымен

-Диареямен бірге ішек тітіркену синдромы, соматикалық негативті дисфункция

+Созылмалы энтероколит, орта ауырлық, рецидивирлеуші ағым

- Арнайы емес жаралы колит,орта ауырлықта, жергілікті процестің басымдылығымен

-Созылмалы энтерит, орта ауырлықта, өршу, аздаған парциалды атрофия

 

?

38 жастағы науқас отбасылық дәрігерге буындағы сыздап ауырсынуға, тәбетінің төмендеуіне, жүрек айнуына, іші кебуіне шағымданып келді. Жалпы әлсіздік, тершеңдік, жүдеу байқалады. Нәжісі көп, тәулігіне 10 рет. Зерттегенде нәжісте көп мөлшерде бейтарап майлар, май қышқылдары мен сабын. Клиникалық талдауда анемия, лейкопения, гипоальбуминемия. Сіздің тактика:

-Консервативті ем

-Амбулаторлы ем

+Стационарлы ем

- Диз топқа зерттеу

-Шартты – патогенді флораға зерттеу

 

?

22 науқас отбасылық дәрігерге әлсіздікке, жүрек айнуға, құсуға, кіндік аймағындағы ауырсынуға, іші кебуіне, тәулігіне 2-4 рет көп мөлшерлі сұйық нәжіске шағымданады. Обьективті: тері жабындылары құрғақ. Тілі ылғалды, қызғылт. Іші кепкен, пальпацияда кіндік маңында ауырсыну анықталады. Науқасқа Шилинг тесті жасалды. Осы тестті жүргізу мақсаты:

-Асқазанда заттардың сорылуының бұзылуы анықталды

+Ащы ішекте заттардың сорылуының бұзылуы анықталды

-Соқыр ішекте заттардың сорылуының бұзылуы анықталды

- Тоқ ішекте заттардың сорылуының бұзылуы анықталды

-Сигма тәрізді ішекте заттардың сорылуының бұзылуы анықталды

 

?

32 жастағы науқастың капрограммасында шырыш пен қан анықталды. Бұл асқазан-ішек жолының қай бөлігінің зақымдалғанын көрсетеді:

-Жіңішке ішектің

+Тоқ ішектің

- 12-елі ішектің

- Асқазанның

- Өңештің

 

?

26 жастағы науқас ЖРВИ кейін жедел ауырды. Шағымдары: дене қызуының (температурасының) 38 С дейін жоғарылауы,ішінің ауырсынуы, тәулігіне 8-10 ретке дейін болатын қан мен шырыш қоспасы бар сұйық нәжіс. Қарағанда: іші аздап қампиған, сол жақ мықын аймағында ауырсынады, сол жерде тоқ ішек керілген түрде пальпацияланады. Науқаста қандай ауру болуы мүмкін:

-Жедел дизентерия

-Крон ауруы

+Неспецификалық жаралы колит

- Тік ішек ісігі

- Уиппл ауруы

 

?

43 жастағы науқас кіндік аймағындағы ауырсынуға, ішінің кебуіне,кезектесіп іш қатуы мен іш өтуіне, тәулігіне 4-5 ретке дейін болатын сұйық нәжіске, әлсіздікке, бас айналуына, басының ауырсынуына шағымданады. Соңғы жылы 5 кг-ға арықтады. Қарағанда: жүдеу, терісі құрғақ, тургоры төмендеген, көзге көрінетін шырышты қабаттары бозғылт. АҚ 110/70 мм.с.б. ЖСЖ-64 рет минутына. Ішті пальпациялағанда кіндік аймағында ауырсыну байқалады. Нәжісі көп мөлшерлі,көпіршіктенген. Дұрыс диагноз қойыңыз:

+Созылмалы энтероколит, жіңішке ішектің басым зақымдануымен

-Созылмалы энтероколит, тоқ ішектің басым зақымдануымен

- Арнайы емес жаралы колит,созылмалы рецидивті түрі

- Крон ауруы

- Тоқ ішектің ісігі

 

?

Ішектің диспепсия белгілері бар 28 жастағы науқаста ректороманоскопия жүргізгенде келесі көріністер анықталды. Шырышты қабат ісінуінен ішек өзегі тарылған,шырышты қабат гиперемияланған, эрозияланған, кей жерлерінде қан кетулер, диаметрі 0,6 см дейін жаралар анықталады. Бұл науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз:

-Хирургиялық бөлімге шұғыл госпитализациялау

-Инфекциялық бөлімге шұғыл госитализациялау

+Гастроэнтерологиялық бөлімге шұғыл госпитализациялау

- 5-10 күн бойы тәулігіне 4 рет 0,1г фурозолидон тағайындап үйде бақылау

- Күндізгі стационар жағдайында 1-3 г/тәул. Сульфасалазин мен Д 40 мг/тәул. преднизолонды қосып микроклизма жасап емдеу.

 

?

Науқас нәжісінің тәулігіне 6-7 ретке дейін жиілеуіне, ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуына, метеоризмге, әлсіздікке, салмақ жоғалтуына шағымданып дәрігерге қаралды. Бұрындары іші қатқан. Қарағанда тері жабындары бозғылт, тургоры төмендеген АҚ 120/80 мм.с.б. ЖСЖ минутына 72 рет. Ішін пальпациялағанда мықын аймағында ауырсыну байқалады, іш пердесінің тітіркену симптом теріс. Капрограмма: нәжіс ашық-сары түсті, реакциясы қышқыл, май қышқылдары мен сабын аз мөлшерде, крахмал,қорытылмаған клетчатка мен йодофильді микрофлора көп анықталады. ЖҚА: Hb 90 г/л, ТК 0,9, ЭТЖ 22 мм/сағ, лейкоциты – 8,0х109/л; ЖЗА – өзгеріссіз.

-Инфекциялық бөлімге жоспарлы госпитализациялау

+Гастроэнтерологиялық бөлімге жоспарлы госпитализациялау

- Жанұялық дәрігердің бақылауымен 10 күн бойы нитрофурандар беру

- Күндізгі стационар жағдайында 1 ай бойы сульфасалазин мен глюкокортикоидтар беру

- антибиотиктер мен оральды регидратация мен темір препараттары стационар жғдайында үйге тағайындау

 

?

Нефротикалық синдромның дамуына жиі әкелетін ауру:

-Созылмалы пиелонефрит

-Жедел пиелонефрит

+Созылмалы гломерулонефрит

- Бүйрек веналарының тромбозы

- Қантты диабет

 

?

19 жастағы науқаста анасарка типті ісіну, олигурия, теріде уритикарлы бөртпе, қызба байқалады. Ауырғанына 3 ай болған. Зәрінде 3,3 г/л ақуыз, эритроциттер,қан анализінжде, мочевина 25 ммоль/л. АҚҚ 200/120 мм.с.б. Бүйрек биопсиясында-капиллярлар қабырғасы қалыңдаған, базальды мембрананың дистрофиясы. Көрсетілген симптомо-комплекс көбірек әкелетін себепті көрсетіңіз:

-Түйінді периартрит

+Жүйелі қызыл жегі

- Біріншілік гломерулонефрит

- Пиелонефрит

- Бүйрек ісігі

 

?

Бұрын өкпе туберкулезі себебінен ем қабылдаған 30 жастағы науқаста ісінулер мен тәулігіне 2,5г дейін протеинурия байқалады. Бүйректің қандай зақымдануы мүмкін:

-Созылмалы гломерулонефрит

-Созылмалы пиелонефрит

- Бүйрек туберкулезі

+Екіншілік амилоидоз

- Интерстициальды нефрит

 

?

Жүрек және бүйрек текті рефрактерлі ісінулерді емдеу тактикасында қандай ортақтық бар:

-Жүрек лақтырысын төмендету

-Қан плазмасының онкотикалық қысымын жоғарылату

+Бүйрек перфузиясын жақсарту

- Біріншілік гиперальдостеронизмды жою

- Осмотикалық диуретиктерді қолдану

 

?

Жанұялық дәрігерге 15 жастағы науқас М.,әлсіздік, жүрек айну, құсу, бас ауырсыну, көру өткірлігінің төмендеуіне шағымданып келді. Бетінде және аяғында ісінулер пайда болып, басы қатты ауырып, дене температурасы 38С дейін жоғарылады. Қарағанда науқас қозған, қабығы мен тері асты шел қабатында ісінулер анықталады. өкпесінде ісінулер жоқ. АҚ 180/110 мм.с.б., жүрек тондары қатты, ЖСЖ 60 рет/мин. Зәрі аз мөлшерде шығады. Науқас шұғыл түрде нефрологиялық бөлімге жатқызылды. Диагноз қойыңыз:

-Жедел гломерулонефрит, нефротикалық түр, жедел бүйрек жетіспеушілігі (ЖБЖ), олигуриялық кезең

+Жедел гломерулонефрит, аралас, ЖБЖ, олигурия кезеңі

- Созылмалы гломерулонефрит, СБЖ ал


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!