Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Экскурсиялық әдістемелерге қойылатын шаралар



10-тақырып Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру
4. Экскурсиялық мекеменің әдістемелік жұмысының құрылымы: әдістемелік бөлім,әдістемедлік кабинет, шығармашылық топтар, халықтың әртүрлі категорияларымен жұмыс істеу топтары.
5. Экскурсия жүргізушінің әдістемелік секциядаға жұмысы.
6. Экскурсия жүргізушінің жеке жоспары.
Педегогикада оқыту әдістемесі деп ғылымдарды оқыту ережелері мен әдістері және қатысушыларға білімді жеткізу жүйесін, сонымен қатар жастарды оқыту және тәрбиелеу тәсілдерінің жүйесін атайды. Өз атауын әдістеме (методика) гректің «метод» деген , дәлме-дәл аудармасы «бір нәрсеге баратын жол», сонымен қатар зерттеу мен тану жолы; теория; оқу деген мағынаны білдіретін сөзінен алған. Әдістеме кең мағынасында – қандай да болмасын жұмысты орынды өткізудің, қандай болмасын тапсырманы шешудің, алға қойылған мақсатқа жету тәсілдерінің жиынтығы, ал тар мағынасында – белгілі бір тақырыпқа және белгілі бір топ үшін дәріс, әңгіме, экскурсия жүргізудің нақты әдістемелік тәсілдерінің жиынтығы.
Әдістемені жалпы және жеке деп бөледі. Жалпы әдістеме көптеген ғылымдарды оқуда негіз болып қызмет ететін оқыту және талап ету әдістерін қамтиды. Жеке әдістеме жалпы әдістеме нұсқауларына сүйенсе, балалар мен ересектерді оқыту мен тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерін, қандай да бір объектілерді бақылау, оқу және зерттеу тәсілдерін анықтайды. Осылайша, әр жеке әдістеме нақты ғылыммен байланысты және пәннің негізінің өзінен шығады, белгілі қызмет түрінің негізі болып келеді.
Бір жұмыс формасы негізінде білім тарату барысымен байланысты болған соң, экскурсиялық әдістеме жеке әдістеме болып келеді. Экскурсиялық әдістеме - бұл экскурсияға деген талаптар мен ережелер жиынтығы, сонымен қатар әр түрлі тақырыптарға және әр түрлі адам топтары үшін әр түрлі экскурсиялар дайындау және өткізудің әдістемелік тәсілдерінің сомасы.
Экскурсиялық әдістеме бірнеше аспектілерде қарастырылады: экскурсоводтардың кәсіби шеберлігінің негізі ретінде; материалды «ұсынуды» жетілдіретін механизм ретінде; экскурсовод қызметін реттеу процессі ретінде.
Әдістеме экскурсанттарға көріп алуға, есіне сақтауға және сол тақырыпты ашатын лекциядан гөрі көбірек түсінуіне көмектеседі.
Экскурсиялық әдістеме пәні тәрбиелеу және оқытудың амалдары мен тәсілдерін, сонымен қатар экскурсиялық мекеме жұмысшылары өз қызметін жүзеге асыра алатындай әдістемелік тәсілдерді оқу, жүйелеу, тұжырымдау, түсіндіру және практикада қолдану болып табылады.
Экскурсиядағы әңгімелеуге келетін болсақ, мұнда экскурсоводтар, әдетте, ауызша сөйлеудің қарапайым формалары – анықтама, сипаттау, түсіндіру, түсінік беру, әдеби монтажды пайдаланады.
Қандай болмасын методика – бұл белгілі бір жұмысты аса оптималды ережелер мен кепілдемелерге (рекомендеция) дәл сәйкестікпен орындау және оның жоғары әрекеттілігін қамтамасыз ету. Тәжірибеде – бұл жұмысты өткізудің белгілі бір әдіс-тәсілдері мен дағдыларының сомасы: жаңа экскурсияның жобасын жасау, кезекті экскурсияның өткізілуін дайындау, экскурсияны ұсынылған технология бойынша өткізу, экскурсанттардың алған білімдерін бекіту, өз білімін жетілдіру.
Экскурсиялық жұмыс әдістемесі келесі сұрақтарға жауап береді:
1. Экскурсия не үшін дайындалған және өткізіледі (мақсаты, тапсырмалары)?
2. Экскурсияда қандай сұрақтар қарастырылады (оның мазмұны неге арналған)?
3. Экскурсияны қалай өткізу керек (әдістемелік тәсілдері)?
4. Экскурсанттардың қызығушылығын қалай тудыру және сақтау?
Экскурсиялық әдістеме бірнеше дербес, өзара байланысты бөліктерден тұрады:
- берілген бюро үшін жаңа тақырыпты өңдеу әдістемелері;
- экскурсоводтың ол үшін жаңа, ал берілген бюрода өңделіп кеткен тақырыпты өңдеу әдістемелері;
- кезекті экскурсияны өткізуге экскурсоводты даярлау әдістемелері;
- экскурсияны өткізу әдістемелері;
- экскурсиядан кейінгі жұмыстың әдістемелері.
Экскурсияларды өткізу әдістемесі аса терең өңделген. Бұл әдістеме 2 бөлікке бөлінеді: көрсетілім әдістемесі мен әңгімелеу әдістемесі. Көрсетілім әдістемесінде дербес бөліктер ретінде келесі әдістемелерді бөлуге болады: «экскурсовод портфелін» пайдалану; үгіт-насихаттың техникалық құралдарын пайдалану; объектілерді бақылау, оқу және зерттеу.
Экскурсиялық әдістеменің аталған бөліктерің жиынтығы ретінде экскурсия түрлеріне (қалалық, қала сыртылық, өндірістік, мұражайлық) және әрбір тақырыпқа қолдануға өзінің ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер экскурсия алдына қойылған тапсырмалармен және мақсаттық құрылғымен (мысалы, ересектердің мәдени ой-өрісінің кеңеюі немесе бозбалаларың кәсіби бағдары) анықталады. Ерекшеліктер, сонымен қатар экскурсия түрімен, оның тақырыбымен және топ құрамымен де анықталады. Экскурсия өткізу әдістемесінде кәдімгі, көпшілік аудитория және еңбекшілердің экономикалық және кәсіби оқу жүйесінің тыңдаушылары үшін айырмашылықтары бар, сонымен қатар жаяу, автобустық және т.б. экскурсиялардың өз ерекшеліктері бар.
Экскурсиялық әдістеме көрсетілім және әңгімелеу сияқты түсініктермен тығыз байланысты. Көрсетілім мен әңгімелеу экскурсияның негізгі элементтері, экскурсовод қызмеінің түрлері болып келеді. Ал көрсетілім әдістемесі мен әңгімелеу әдістемесі – экскурсиялық әдістеменің екі негізгі бөлімі болып табылады.
Көрсетілім әдістемесі – экскурсиялық әдістеменің дайындық көлемі мен қиындығы және жүзеге асырылуы бойынша көп бөлігі. Әңгімелеу әдістемесі – әдістеменің бірінші бөлігіне бағыныштылық сипатта болатын аз бөлігі. Көрсетілім әдістемесі қиын, өйткені ол, алдында айтылып кеткендей, өз бетінше біртума (оригинальный) және әңгімелеу әдістемесіне қарағанда идеялық-тәрбиелік және мәдени-көпшілік жұмыстардың ешбір басқа формаларында қолданылмайды. Сондықтан басқа әдістемелерден әдістемелік тәсілдерді алу шектелген.





 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!