Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Лы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы топонимикалық зерттеулер



 

1.А.И. Поповтың, А.И. Туркиннің, СССР-дің ҒА ГИ географиялық атауларының тарихы туралы жұмыстары.

2.Қазақстан ғалымдарының халықтық терминологияның, топонимдердің этимологиясына қызығушылығының өркендеуі, өсуі.

 

Кеңес дәуірінде аймақтық топонимикалық зерттеулермен қатар, топонимика теориялық мәселелеріне арналған еңбектер пайда болды. Олардың арасында В.П. Семенов Тян-Шанскийдің “Как отражается географический пейзаж в народных географических названиях?” (1934), А.М. Селищевтің “Из старой и новой топонимики” (1939), Э.М. Мурзаевтың еңбектерін атауға болады. Топонимика ғылымының дамуына, географиялық атаулардың сараптамасы, мағынасы, түрі және даму барысы қамтылған В.А. Никоновтың «Введение в топонимику» (1965) атты еңбегі орасан зор ықпал етті. Е.М.Поспеловтың еңбектерінде топонимика мен картографияның байланысы көрсетіліп, географиялық атаулар транскрипциясының теориялық және қолданбалы мәселелері зерттелген. Осы кезеңнен бастап топонимика және терминология мәселелеріне қызығушылық артып, ғылыми топонимикалық мектептер қалыптаса бастады.

Қазақстанда топонимика ғылымы ХХ ғасырдың 40-шы жылдарының соңына қарай дами бастады. Топонимика ғылымының қалыптасу және даму мәселелеріне арналған жекелеген мақалалар, сөздіктер мен монографиялар жарық көрді. Олардың қатарында Қазақстан топонимикасының теориялық мәселелеріне арналған А. Әбдірахмановтың, географиялық терминдер мен атауларды зерттеудің географиялық бағытын дамытқан Ғ.Қ.Қоңқашпаевтың, топонимиканың географиялық ғылымдардағы орнын көрсеткен А. Маракуевтің, топонимиканың теориялық мәселелерін талдауда түркі тілдес топонимдерге айрықша мән берген географ ғалым Э.М.Мурзаевтың еңбектері айрықша орын алады.



Қазақстандағы ірі объектілік топонидердің ішіндегі енді бір көп кездесетін атаулардың қатарына жануарларға байланысты топонимдер де жатады. Олардың ішінде жабайы жануарлар да, қолда өсетін үй жануарлары да енеді. Қазақстан топонимдерінде жануарларға байланысты атаулардың көп кездесуі кездейсоқ нәрсе емес. Өйткені ерте замандағы адамдардың жануарлардың етімен күн көрудің болғандығын дәлелдейтін қалдығы ретіндегі құбылыс – аңшылық Қазақстанда ұзақ сақталды. Аңшылық кейін көрудің негізгі формасы болмай, салтқа байланысты болып кетті. Бұл туралы ауылшаруашылық ғылымдарының кандидағы Н.И.Баяндин былай дейді. Барлық бұл атаулар кездейсоқ есем, олар қазақ халқының тарихымен байланысты, оның көшпенділік өмірімен, шаруашылықтың малшаруашылық бағытымен байланысты.

Сонымен қазақ халқының мал шаруашылығымен айналысуы топонимдердің дамуына, көбеюіне әсерін тигізді. Әрбір жердің геоморфологиялық, релефін географиялық объектілерін ең нәзік белгілеріне дейін топонимдер, географиялық атаулары арқылы бере білу Қазақстан топонимдерінің өзіне тән бірінші ерекшелігі. Қазақстан топонимдерінің бір ерекшелігі жалпы қазақ тіліне тән. Атақты түріктанушылар академик В.В.Радлов, проф. С.Е.Малов қазақ тілінің ерекшелігі – образды, сипаттама сөздерінің көптігінде деп көрсеткен. Мысалы Қазақстандағы жер бедерінің көрсеткіші болатын географиялық жалпы атаулардың, әсіресе ұсақ объектілердегі болған оқиғаларды дәл беретін топонимдердің дамуы осы пікірді дәлелдейді.



Қазақстан топонимикасын зерттеуде тілтанушы ғалым А.Әбдірахмановтың да сіңірген еңбегін атап өткен жөн. Ол өзінің “Қазақстанның жер-су атаулары” деп аталатын ғылыми жұмысында Қазақстандағы 800-ден аса ойконимдерге және теміржол бекеттеріне топонимикалық сараптама жасаған. Ал “Топонимика және этимология” еңбегінде этимологиялық зерттеулердің әдістері қарастырылып, еліміздің 140-тан астам топонимдеріне этимологиялық талдама жүргізілген. Ғалымның көптеген мақалаларында топонимиканың жалпы проблемалары көрініс тауып, қазақ топонимдеріне этимологиялық талдау берілген.

Қазақстан топонимикасының дамуында тілтанушы ғалымдар тобы үлкен еңбек сіңірді. Профессор Т. Жанұзақов қазақ топонимдерінің этимологиясын, қалыптасу әдісін, құрамы мен құрылымдық түрлерінарнайы зерттеген. Оның «Очерк казахской ономастики» (1982) деген еңбегі топонимиканы зерттеуде елеулі үлес қосты. Ғалымның басшылығымен Жезқазған және Ақмола облыстары бойынша географиялық атаулардың 2 сөздігін құрастырылды. Жетісу топонимдерін зерттеген Е. Қойшыбаев та Қазақстанда топонимика мен терминологияның дамуына өзіндік үлесін қосты. Ғалым Қазақстан топонимдерінің қысқаша түсіндірме сөздігін құрастырды. Қазақстан топонимикасы бойынша басқа да елеулі еңбек ретінде Павлодар облысының гидронимдерін зерттелген В.Н. Попованың бірқатар еңбектерін айта кеткен жөн.

Қазіргі кезде Қазақстанда топонимикалық зерттеулермен географтар да айналысуда. Жалпы мәселелермен бірге, арнайы зерттеулерде аймақтық топонимика да қамтыла бастады. Аймақтық топонимиканы дамытуда қомақты үлес қосқан ғалымдардың бірі А.У. Маканова. Оның Ақмола облысының географиялық объектілерін зерттеуге бағытталған ғылыми мақалалары мен зертеу жұмысы алғашқырет физикалық-географиялық тұрғыдан топонимдердің қалыптасуын айқындауға ғылыми әдістемелік тұрғыдан маңызды рол атқаруда.

География институтында белгілі зерттеуші С.Ә. Әбдірахмановтың басшылығымен топонимикалық топ жұмыс істейді. Бұл топ ұзақ жылдар бойы географиялық атауларды жинақтап, олардың транскрипциясы мен унификациясына қатысты қомақты еңбек етуде. Мұнда 14 томдық «Государственный каталог географических названий Республики Казахстан» атты жаңа еңбек шығарыла бастады. Басылып шыққан каталогтың 1-ші томы Ақмола облысына қатысты (2002) 5 мыңнан аса топонимдерге, топоним қалыптастырушы 100-гежуық халықтық терминдер қамтылды. Басылымның Солтүстік Қазақстан облысына арналған 2-ші томы 2004 ж жарық көрді. Институт қызметкерлері аса құнды “Инструкция по русской передаче казахских и казахской передаче русских географических названий Республики Казахстан” (2002) басылымын қайта өңдеуден өткізіп, жарыққа шығарды.

Топонимика ғылымының жалпы аспектілерін зерттеуге белгілі ғалымдар А.П. Горбуновтың, Ә.С. Бейсенованың еңбектері арналды. Бұл саладағы ең жаңа ғылыми жұмыстың бірі – А.П. Горбуновтың “Горы Центральной Азии. Толковый словарь географических названий и терминов” (2006) деп аталатын еңбегі. Мұнда Орталық Азия мен Қазақстандағы таулы өңірлердегі кең тараған географиялық атаулар мен терминдер талданған. Географиялық атаулар мен терминдерге этимологиялық талдау автордың жергілікті жерден жинаған материалдарымен, сөздіктердегі деректермен толықтырылған.

Осы кезге дейін жүргізілген зерттеулерге шолу жасау негізінде Қазақстан топонимикасында әлі жеткілікті зерттелмеген ғылыми проблемалар бар. Олардың арасында география ғылымдарының жеке салалары мен топонимиканың байланысын қарастыру, аймақтық топонимика, топонимиканың қолданбалы астарларын негіздеу бағытында жүргізілуі тиіс зерттеулердің келешегі зор.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!