Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Халық қаһарманына айналған Қайрат Рысқұлбековтың өлімінің сыры ашылмады



Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қайрат Рысқұлбековтың есімімен байланысты орындар Семейде санаулы ғана. Алматыда сотталған соң Семей түрмесіне әкелінген Қайрат осында қаза болды. Семейде оның атында мектеп пен мұражай бар.

ТҮРМЕДЕГІ ҚАЗА ЖАЙЛЫ ЖОРАМАЛ

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазір тарих қойнауына енді, оған қатысқандар тәуелсіз Қазақстанның шежіресіне алғашқы болып қолтаңбаларын қалдырды. Ату жазасына кесіліп, артынан үкімі 20 жыл бойы түрмеде отыруға өзгертілген, бірақ Семей түрмесінде бар болғаны 21 жасында қаза болған Қайрат Рысқұлбековтың өлімі Желтоқсан оқиғасына байланысты ең үлкен құпиялардың бірі болып қалды.

Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін сот Қайратты ату жазасына кесуге үкім шығарған соң ол Семей түрмесіне жеткізілген.

Солдан оңға қарай: Е.Көпесбаев, Т.Тәшенов, Қ.Рысқұлбеков және К.Күзембаев өздеріне шығарылған сот үкімін тыңдап тұр. Алматы, 16 маусым 1987 жыл. Советтік ҚазТАГ тілшісі Юрий Беккер түсірген сурет.

Қайраттың түрмеде қалайша қаза болғаны туралы әлі күнге шейін ешкім түсіндіріп айтып бере алмайды. Кейбіреулер ол өз-өзіне қол салған десе, енді біреулер ол тапсырыс бойынша өлтірілген дегенді айтады. Советтік Қазақстан билігі Қайрат Рысқұлбеков өзін-өзі өлтірді деп хабар таратты. Ондай хабарға кейбір саясаткерлер күні бүгінге дейін күмәнмен қарайды, бірақ бұл оқиғаға жаңадан тергеу жүргізу туралы талап қойған емес.

Батыс қауымдастығының қысымынан соң Советтер одағының басшысы Михаил Горбачев Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қайрат Рысқұлбековке шығарылған ату жазасын 20 жыл түрме жазасымен ауыстырғаны мәлім. Совет тергеушілерінің болжамы бойынша, Қайрат үшін 20 жыл түрмеде отыру деген ату жазасымен пара-пар боп көрініп, ол өзімен камералас кәнігі қылмыскердің жейдесіне асылып өлген. Бірақ кейін Қайраттың заттарының арасынан оның таза жейдесі табылған. Бұл туралы көптеген зерттеулерде жеткілікті суреттелген.




ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП

Семейдегі мектеп жанынан Қайрат Рысқұлбеков атындағы мұражайдың ашылғанына үш жыл болды. Содан бері мұнда жиналған заттар да көп емес. Негізінен онда Қайраттың түрмеден анасына жазған хаттары мен Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы мектепте оқыған кезіндегі дәптерлері бар. Қайнигүл Ерахметова бұл мұражайдың қашан ашылғаны және мектепке Қайраттың есімінің қалай берілгендігі туралы әңгімелеп берді.

– Ол Жамбыл облысында мектепті тәмамдап, онан соң Алматыдағы құрылыс техникумына оқуға түскен. Әйгілі Желтоқсан оқиғасынан кейін оны тұтқындап осында, Семейге әкелді. Ал түрмеде қаза болғаннан кейін оны осында жерледі, оның зираты біздің мектептен онша алыс емес, – дейді Қайнигүл Ерахметова.

 

Алматыда 1986 жылғы желтоқсан трагедиясы Қазақ халқын ғана емес,сол кездегі бүкіл Кеңес елінің санасын тоталитарлық ұйқыдан оятқан еді.1986 жылдың 16 желтоқсанында қазақ азаматтары неге алаңға шықты, қандай талаппен шықты,не мақсат көздеді?Бұларды біз жақсы білеміз. Міне,осы қанды оқиға 16 мен 20 жас аралығындағы жас студенттер еді.Солардың ішінде ең жоғарғы үкім шығарылған демонстраттардың бірі-Қайрат Рысқұлбеков еді.Ол Алматы халқы жаңа жылды қарсы алған алғашқы күні ұсталды. «... Мені өткен жылдың желтоқсан айының 18-і күні Фурманов пен Абай көшелерінің қиылысқан жерінде ертеңгі сағат 900 –да түсірілген фотосурет арқылы үстіміздегі жылдың бірінші қаңтары күні қамауға алды»,-деп жазды прокурорға берген түсініктемесінде. Ақтық демі таусылғанша осы айтылған танбаған жиырма жасар қайсар жігіттің тергеуде өзін ұстауы,тағылған айыптарды қасарысып мойындамауы респуликалық прокуратураның тергеу бөлімінің бастығы А.Дубаев жүйкесін жұқартқан болар. ССРО Жоғарғы Советі Президиумы 1988 жылғы 23 сәуірдегі жарлығымен тым кештеу болса да кешірім жасалғанын Қайрат естіді. «...Міне,өздеріңіз естігендей ату жазасын жиырма жылға ауыстырды. Бұл,әрине,біреуге қуаныш,біреуге жұбаныш,ал біреуге азап,өз басым,бұл үшін қуанғаным жоқ.Өйткені,асыл анашым,түсінізші!Мен сорлының бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз отырғым келмейді.Он бір ай ішінде қайғы-қасіреттен жүйке тамырым жұқарды.Әбден шаршадым.Сол себептен жазықсыз өз-өзімді жиырма жыл бойы қинағым келмейді...»-деп жазады Қ.Рысқұлбеков. Қ.Рысқұлбековке ас апаруға барған інісі Талғатқа Қайрат «тергеушіге де, адвокатқа да ақша беріп әуре болмаңдар,босқа шашыласыңдар,маған бәле жабуда,мен ақпын,ақталамын»,-деді. Рас, «аққа құдай жақ» деген.Қазіргі таңда Қайрат есімі ел аузында. Енді бір таң қалатын нәрсе еврей де,орыс та,ұйғыр да басқарған, әйтеуір қолының құс ұшырған қазақ елінің кезекті 21-ші басшысының зобалаңына ұшырап,21 жасқа қараған шағында тұтқындалып,21 күн соталдында нақақтан шырылдап,Семей түрмесінің 21-камерасында 21 мамыр күні /1988ж/ қапылыста дүниеден өткен соң 21 ақпанда /1992ж/ ақталуы кездейсоқтық па?Әлде тағдырдың жазуы ма?1988 жылы 21 мамырда Қайратты Семей түрмесінде жұмбақ өліммен қайтыс болғаннан кейін денесі Семей қаласына жерленді.Кейін ақталғаннан кейін басына ескерткіш орнатылды. Біз желтоқсан құрбандарының даңқы арта берсін деп бас иіп тағзым етеміз.



 

 

Елбең-елбең жүгірген,

Күнәдан таза басым бар,

Ебелек отқа семірген,

Жиырма бірде жасым бар,

Арғымақ мінген жаратып

Қасқалдақтай қаным бар,

Ақ сауыт киген темірден.

Бозторғайдай жаным бар,

Алатаудай бабалар,

Алам десең алыңдар!

Әруағыңмен жебей гөр!

Қайрат деген атым бар,

Осы айтылған ақтық сөз,

Қазақ деген затым бар.

Туың болсын әрдайым.

«Еркек тоқты құрбандық»

Мойныма алып жаланы

Атам десең атыңдар

Мен болайын құрбаның.

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін

Көмеген қош бол таңдарым,

Көре алмай мен өтермін

Қош, аман бол артымда,

Ағайын,туған азамат!

Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұртым саған аманат!

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!