Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Клиникалық жағдай бойынша жауыаптар эталоны



Жалпы тәжірибелік дәрігер» бағытындағы 7 курс интерндерінің Қорытынды бақылауына арналған медициналық симуляция сценариі

(2 кезең ˗ клиникалық дағдыларды бағалау)

Оқу жылы

Клиникалық жағдай: «Оба, бубонды форма»

 

Жағдайлық есеп:Сіз – емхана дәрігерсіз. 7шілде сағат 15 те қабылдауға температурамен науқас келді.

Ø Анамнез жинаңыз (аурудың даму анамнезін, эпидемиологиялық анамнезді, өмір анамнезін).

Ø Пациентті қарап тексеріңіз

Ø Болжама жағдай критерийлерін анықтаңыз

Ø Болжама диагнозды негіздеңіз (формасын, ауырлық дәрежесін, мүмкін асқынуын көрсету)

Ø Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз

Ø Пациентті жүргізу тактикасын анықтаңыз

Ø Зерттеу жоспарын құрыңыз

Ø Эпидемиологиялық ошақты анықтау шараларын анықтаңыз

Ø Емдеу жоспарын құрыңыз

 

Ақырғы нәтиже (outcomes):

Ø Обаға тән шағымдар анықталды:

- жоғары қызба

- айқын интоксикация (басының ауруы, жүрегінің айнуы, құсу, басының айналуы)

- қатты ауыратын оң жақ шап аймағындағы бубон

Ø Эпидемиологиялық анамнез толық жиналды:

- эндемиялық аймақта тұруы

- бүрге шаққандығы

- контактіде болған адамдар анықталды

Ø Физикалды қарағанда анықталды:

- қызба

- бетінің қызаруы

- склера тамырларының инъекциясы

- тілінің «бор жағып қойғандай» болуы

- оң жақ шап аймағындағы бубон, пальпациялағанда қатты ауыратын, қоршаған тіндермен жабысқан

- гепатомегалия

Ø Жағдайды стандартты анықтау жіктелуге сай дұрыс анықталды: Оба, бубонды форма, ықтимал жағдай

Ø Болжама диагноз дұрыс негізделген: Оба, бубонды форма, ауыр ағымда.

Ø Асқынуы дұрыс анықталған: Инфекция-токсикалық шок I дәрежесі



Ø Салыстырмалы диагностика дұрыс жүргізілді: сұрау және қарау

- туляремиядан ажыратты

- банальді лимфадениттен ажыратылды

Ø № 100 форманың анықталғандығы туралы бас дәрігер мен бас дәрігерінің орынбасарына хабарланды

Ø Сан-эпидесиологиялық бақылау департаменті мен ТЖД Оба, бубондық форма, болжама жағдайы туралы шұғыл хабарлама дер кезінде берілді

Ø Пациентті жүргізу тактикасы дұрыс анықталды

- жеке кабинетке оқшаулады,

Ø Пациентті зерттеу жоспары толық тағайындалды:

- ҚЖА

- ЗЖА

- Қанның биохимиялық анализі

- Қанды бактериологиялық әдіспен ф 100 тексеру

- Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы

Ø Қанның жалпы анализінің нәтижесі дұрыс талданды

- лейкоцитоз, нейтрофиллез, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуысалыстырмалы лимфопения, ЭТЖ жоғарылауы анықталды

Ø Зәрдің жалпы анализінің нәтижесі дұрыс талданды

Ø Пациентті емдеу жоспары дұрыс анықталды

- төсектік тәртібі

- патогенетикалық ем

- этиотропты ем

 

 

Бағалау парағы (check-list)

«Оба, бубонды формасы» клиникалық жағдайы бойынша

 

Емтихан тапсырушының аты-жөні: _____________________________________Күні __________

Емтихан қабылдаушы _____________________________________________________________

 

Қадамдарды бағалау критерийлері Баллдық бағалау
Дұрыс жүргізілді Аздаған қателермен жүргізді Орындалмады
Шағымдарды анықтау: Жоғары қызбасы бар екенін анықтады 1,0 0,5
Шағымдарды анықтау: айқын интоксикация бар екенін анықтады (басының ауруы, жүрегі айну, құсу, басының айналуы) 1,0 0,5
Шағымдарды анықтау: Вшап аймағында қатты ауыратын бубонды анықтады 1,0 0,5
Эпидемиологиялық анамнезді анықтау: Эндемиялық аймақта және далада тұратыны анықталды 1,0 0,5
Эпидемиологиялық анамнезді анықтау: Бүрге шаққандығы анықталды 1,0 0,5
Эпидемиологиялық анамнезді анықтау: контактта болған адамадар анықталды 1,0 0,5
Физикалды қарау: қызба анықталды бетінің қызарғаны анықталды склера тамырларының инъекциясы анықталды тілінің «бор жағылғандай» болуы анықталды гепатомегалия анықталды 1,0 0,5
Физикалды қарау: бубон анықталды (оң жақ шап аймағындағы локализациясы, тығыз консистенциясы, қозғалмалығы, пальпациялағанда қатты ауыратындығы, айналасындағы тіндермен жабысқандығы, бубон үстіндегі терінің қызаруы, жергілікті гипертермия) 1,0 0,5
Жағдайды стандартты анықтау жіктелуге сай жүргізілді: Оба, бубонды форма, ықтимал жағдай 1,0 0,5
Болжама диагноз негізделді: Оба, бубонды форма, ауыр ағымда 1,0 0,5
Асқыну анықталды: Инфекция-токсикалық шок I дәрежесі 1,0 0,5
Салыстырмалы диагностика жүргізілді - туляремиядан ажыратылды 1,0 0,5
Салыстырмалы диагностика жүргізілді - банальді лимфадениттен ажыратылды 1,0 0,5
Эпидемияға қарсы шаралардың жүргізілуі: - № 100 форманың анықталуы туралы бас дәрігер мен бас дәрігерінің орынбасарына хабарлады - Обаның бубонды формасы, болжама жағдайы туралы сан-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен ТЖД шұғыл хабарлама жіберілді - жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу керектігін негіздеді 1,0 0,5
Зерттеу жоспарын тағайындау - ҚЖА - ЗЖА - Қанның биохимиялық анализі - Қанды бактериологиялық әдіспен ф 100 тексеру - Бубоннан алынған пунктатты бактериологиялық әдіспен ф 100 тексеру - кеуде қуысының ағзаларының рентгенографиясы 1,0 0,5
Қанның жалпы анализі талданды лейкоцитоз, нейтрофиллез лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, салыстырмалы лимфопения, ЭТЖ жоғарылауы анықталды 1,0 0,5
Зәрдің жалпы анализі талданды; қызбалық протеинурия анықталды 1,0 0,5
Пациентті емдеу тағайындалды - төсектік тәртіп 1,0 0,5
Пациентті емдеу тағайындалды - патогенетикалық ем 1,0 0,5
Пациентті емдеу тағайындалды - этиотропты ем 1,0 0,5
Барлығы

 



 

Стандартты актерге (пациентке) арналған мәтін мен ролінің сипаттамасы:

Шағымы: дене температурасының 39-40°С дейін қалтыраудын кейін көтерілуі, айқын әлсіздік, басының ауруы, ьасының айналуы, жүрегі айну, көп рет құсу, оң жақ шап аймағындағы қатты ауру сезімі мен ісіну.

 

Сұрақ мәні Актерге қойылатын сұрақтар Актердің жауабы
Ауруының басталуын анықтау Қашан ауыра бастадыңыз? 2 күн бұрын
Ауруыңыз қалай басталды? Температураңыз көтерілді ма? Температурамды өлшемедім, бірақ барлық денем қатты қызып, қалтырадым. Аспириннің бір таблеткасын ішкен едім, көмектеспеді
Неше рет құстыңыз?   Алғашқыда тек жүрегім айныған, кейіннен 3-4 рет құстым, тәбетім тіптен жоқ
Ішіңіз өтті ме? Жоқ.
Обаның бубонды формасының симптомдарын анықтау Шабыңыздағы ісіну қашан пайда болды? Ісенгенін бүгін ғана байқадым
Басында ауру сезімі мазалады ма, әлде ауру сеземі ісінумен бір мезгілде пайда болды ма? Алғашында ісіну болған жоқ, тек ауру сезімі мазалады, қатты ауырды, бір мезгілде біреу кесіп те шаншып та жатқандай болды
Шап аймағыңыз қызып жатқандай сезім болған жоқ па? Ия, қатты қызады, жанып жатқандай
Осы аймақтағы қызару қашан пайда болды? Алғашқы күні қызару тек ортасында ғана байқалған, ал кейіннен бүкіл ісінген жерге жайылды.
Аяғыңызды қатты ауырғандықтан осындай жағдайда ұстап тұрсыз ба? Ия
Эпидпидемиологиялық анамнезді анықтау Қайда тұрасыз? Қалада ма? Ауылдама?   Қызыл Орда облысының Арал ауданында тұрам, көктемнен бері жайлауда қой бағам. Бір апта бұрын Алматыға қонаққа келгем.
Жәндіктер шаққан жоқ па?   Жайлады және тұратын үйімізде бүргелер көп. Аяғымда бүрге шаққан іздер бар, қатты қышығандықтан назар аударғам.
Обаға қарсы егу алдыңыз ба? Жоқ
Жанұяңыздағыларда немесе айналадағы басқа адамдарда осындай бергілер байқалған жоқ па? Жоқ, биыл болған жоқ
Контактіде болған адамдарды анықтау Жайлацда қанша адам тұрасыз? Мен, менің жолдасым және ұлым.
Жалаудан басқа жерге соңғы ауқытта шықтыңыз ба? Жоқ, үнемі жайлауда болдым?
Алматыдағы туыстарыңыздың үйінде неше адам тұрады? Үш

 

Объективті: Жағдайы ауыр, қатты ауру сезімінен келбеті қиналған. Есі анық, әлсіз. Дене температурасы 390С . Тері жабындылары боз, беті қызарған, көзі қызарған, сөзі анық емес, оң жақ шап аймағындағы қатты ауру сезімінен орнынан тұра алмайды, аяғына баса алмайда, төсектегі қалпы мүшкіл, аяғын созып, қатты ауыратындықтан қимылдатпауға тырысады. Менингеалды симптомдары теріс. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырылдар естілмейді. ТЖ – 20 рет минутына. Жүрек тондары бәсең, ритмді АҚҚ – 90/60 мм.с.б. (жатқанда), ЖСС – 120 рет минутына. Тілі құрғақ, ісінген, ақ жабындымен жабылған («бор жағылғандай»). Іші жұмсақ, пальпациялағанда ауырмайды. Бауыры 1,5 см ұлғайған, ауырмайды. Таңертеңнен кіші дәретке барған. Нәжісі болмаған.

St.localis: оң жақ шап аймағында көлемі 6,0х2,0см ұлғайған лимфатүйіні анықталады, консистенциясы тығыз. Лима түйінінің үстіндегі тері қызарған, ұстағанда ыстық, лимфаденит айналасындағы тінмен жабысқан, қозғалмайды, қатты ауырады.

 

1 сурет.Оба бубонды түрі.

Қанның жалпы анализі Гемоглобин – 130 г/л Эритроциттер - 4,2 х 1012 /л Түсті көрсеткіш 0,95 Тромбоциттер – 296х109/л Лейкоциттер – 20,9 х 109/л Таяқша ядролы нейтрофилдер – 20% Сегментті ядролы нейтрофилдер – 62% Эозинофилдер – 1% Базофилдер – 0 Моноциттер – 5% Лимфоциттер – 12% ЭТЖ – 25 мм/сағ Зәрдің жалпы анализі Мөлшері – 50 мл Түсі – сары Мөлдірлігі – мөлдір. Салыстырмалы тығыздығы – 1015 Реакциясы – қышқыл Белок – 0,033 г/л Жалпақ эпителий – 0 – 2 в п/зр Лейкоциттер - 1 –3 в п/зр Шырыш +++ Оксалат тұздар ++  
Қанның биохимиялық анализі Мочевина – 9,2 ммоль/л Креатинин – 98 мкмоль/л АЛТ – 0,32 ммоль/л АСТ – 0,28 ммоль/л Глюкоза – 3,8 ммоль/л ЛДГ - 216 ммоль/л    

Клиникалық жағдай бойынша жауыаптар эталоны

«Оба, бубонды форма»

  Жауап эталондары
Шағымдарды анықтау: жоғары қызбаны анықтады Обаға тән шағымдарды толық жинады - жоғары қызба қалтыраудан кейін
Шағымдарды анықтау: Айқын интоксикацияна анықтады Басының ауруы, жүрегі айну, көп рет құсу, басының айналуы
Шағымдарды анықтау: Бубонды анықтады Қатты ауыратын шап бубонын анықтады
Эпидемиологиялық анамнезді жинау: Эндемиялық аймақта, жайлауда тұратынын анықтады Эпидемиологиялық анамнез толық және нақты анықталды: - эндемиялық аймақта, жайлауда тұратыны анқталды
Эпидемиологиялық анамнезді жинау: бүрге шағу жағдайы анықталды - бүрге шаққаны анықталды
Эпидемиологиялық анамнезді жинау: контактіде болған адамдар анықталды контактіде болған адамдар анықталды: жолдасы мен ұлы
Физикалды қарау Пациентті толық қарады. Анықталды: - қызба - есі анық, әлсіз - бетінің гиперемиясы - склера қан тамырларының инъекциясы - тілі «бор жаққандай» - гепатомегалия
Бубонға тән сипаттамаларды (немесе арнайы белгілерді) анықтау (локализациясын, консистенциясын, қозғалмалылығын, пальпациялағанда аурутындығы, қоршаған тіндермен жабысуы) Бубонға тән сипаттамаларды (немесе арнайы белгілерді) анықтау: - оң жақ шап аймағында орналасқан, - пальпациялағанда қатты ауырады, - қоршаған тіндермен жабысқан - тығыз консистенциялы - бубон үстіндегі терісі қызарған
Жағдайды стандартты анықтау Жағдайды стандартты анықтау жіктелуге сай дұрыс анықталды: Оба, бубонды форма болжама жағдай
Болжама диагнозды негіздеу Болжама диагноз дұрыс тұжырымдалды: Оба, бубонды форма, ауыр ағымда, себебі ауруы жедел басталған, жоғары интоксикация белгілері (жоғары қызба, басының ауруы, басының айналуы, жүрегі айну, құсу), қарап тексергенте (бетінің қызаруы, көз склераларының қан тамырларының инъекциясы, тахикардия, гиптония, гепатомегалия) анықталады, оң жақтағы шап аймағындағы бубон (қатты ауыратын, үстіндегі терісі қызарған және ыстық, айналасындағы тіндермен жабысқан, қозғалмайтын лимфаденит) пальпацияланады, эпидемиологиялық анамнезіне (Қызыл Орда облысының Арал ауданының тұрғыны, шопан, жайлауда мал бағады, аяғында бүрге шаққан іздері бар)
Асқынуды анықтау Асқыну дұрыс анықталды: Инфекция-токсикалық шок I дәрежесі
Салыстырмалы диагностика: туляремияға қарсы Анықталды: айқын интоксикация белгілері, бубон қатты ауырады, тығыз, қоршаған тіндермен жабысқан, терісі қызарған
Салыстырмалы диагностика: банальді лимфаденитке қарсы Анықталды: айқын интоксикация белгілері пальпациялағанда қатты ауыру жергілікті тіндермен жабысқандығы консистенциясының тығыздығы бубон үстіндегі терінің гиперемиясы
Эпидемияға қарсы шаралар Эпидемияға қарсы шараларды дұрыс ұйымдастырды: - № 100 форманың анықталғандығы туралы ақпаратты бас дәрігері мен бас дәрігерінің орынбасарына хабарлау - Оба, бубонды форма, болжама жағдайы туралы сан-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен ТЖД шұғыл мәлімдеме жіберу - жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу
Тексеру жоспарын құру Дұрыс және толық тағайындалды: - ҚЖА - ЗЖА - Қанның биохимиялық анализі - Қанды бактериологиялық әдіспен ф 100 тексеру - Кеуде қуысының ағзаларының рентгенографиясы
Қанның жалпы анализін талдау лейкоцитоз, нейтрофиллез, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, салыстырмалы лимфопения, ЭТЖ жоғарлауы
Зәрдің жалпы анализін талдау Қызбалық протеинурия анықталды
Емдеу жоспары (емдік тәртіп) Төсектік режим
Патогенетикалық терапия тағайындау Патогенетикалық емді этитропты емнен бұрын тағайындайтынын анықтады, глюкоза және тұзды ерітінділер тағайындалды.
Этиотропты терапия тағайындау Тағайындалды: Цефтриаксон 2,0 х2 рет бұлшық етке Ципрокс 500 х 2 рет көк тамырға

Қажетті құралдар:

1. Тапсырма парағы, волонтерге арналған сценари, қадамды бағалау критериялары.

2. Бубонның суреті

3. Фонендоскоп.

6. Біррет қолдануға арналған шпатель.

7. Термометр.

8. Секундомері бар сағат.

9. Тонометр.

 

Жағдай:

Емханадағы кабинеті

1. Кушетка.

2. Сценариі бойынша науқас кушеткада жатыр

 

Құрастырғандардың аты-жөні:

1. Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының м.ғ.д профессоры Егембердиева Р.А.

2. Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының ассистенті Кашим Ж.К.

 

Рецензент:


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!