Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Электр беріліс желілерінің (ЭБЖ) істен шығулары



Дәріс

Түйіспелі тораптың және электр беріліс желілерінің

Істен шығулары

Дәріс жоспары:

1. Түйіспелі тораптың және электр беріліс желілерінің (ЭБЖ) істен шығу қауіпі

Түйіспелі тораптың істен шығу қауіпі

Түйіспелі тораптың істен шығу үрдісі күйлер мен өтпелер графы түрінде бейнеленуі мүмкін (1-сурет).

Нольдік күй – барлық құрылғылар жарамды, бірден жиырмаға дейінгі күйлер – элементтердің істен шығу күйлері. Түйіспелі тораптың барлық конструкциялары жиырма топқа бөліктенген. Қандай да бір қайта қалпына келтіру кезінде немесе істен шығуға дайын тұрған элемент істен шыққанда түйіспелі торап бір күйден екінші күйге өте алады.

Соңғының мысалы ретінде фиксатордың салбырауынан тоққабылдағыштың зақымдалуы п, түйіспелі сымдарды үзілуі мүмкін болатындығын алуға болады. Біріншілік істен шығу - фиксатордың салбырауы, істен шығудың өрбуі (дамуы) – түйіспелі сымдардың үзілуі.

1,2; 15,16 және т.б. екі еселік күйлер бір элемент істен шыққанда екінші элементтің істен шығуын болдыратын өрбіген істен шығуларды есепке алады. Бір мезгілде екіден көп емес элементтің бірдей істен шығуы болмайды деп жорамалдаймыз. (Сурет түсініксіз болмас үшін онда барлық күйлер мен барлық өтпелі (ауыспалы) ықтималдықтар көрсетілмеген).

Жол тораптары бойынша алты жыл ішіндегі түйіспелі тораптың істен шығулары жайлы мәліметтер бойынша элементтердің істен шығу қауіптері есептеулері 1 және 2-кестелерде келтірілген.

Тұрақты және айнымалы тоқтарда ең үлкен істен шығу қауіпін түйіспелі сымдар туғызады. Түйіспелі сымдардың тоққабылдағышпен өзара әсерлесуі интенсивті тозуды және кездейсоқ істен шығулардың мөлшерін ұлғайтады. Түйіспелі сымдардың істен шығуы (үзілуі) поездардың тоқтап қалуына әкеліп соқтырады.



 

 

1-сурет. Түйіспелі тораптың күйлері мен өтпелерінің графы

1-кесте.

 

Тұрақты тоқ түйіспелі торабының істен шығу қауіптері

Элементтер Қауіп, тг (2008 жылдың бағасымен)
Түйіспелі сым
Қысқыштар мен бөлшектер
Арқалаушы тростар
Фиксаторлар (оқшаулатқыштардан басқасы)
Тіректер
Әуелік жебелер
Ілмелі оқшаулатқыштар
Қоректендіргіш, сорғыш, күшейткіш сымдар
Консольдер (оқшаулатқыштардан басқасы)
Фиксаторлық оқшаулатқыштар
Электрлік қосқыштар
Көлденең тростар
Анкерлі және ойықталған оқшаулатқыштар
Разрядтауыштар және айырғыштар
Анкерлер мен тартылыстар
Хомуттар (мойынтұрықтар), кронштейндер, тартылымдар  
Консольды оқшаулатқыштар
Секциялы оқшаулатқыштар
Басқалар
Қатаң көлбеуліктер
Барлығы

 

2-кесте.

 

Тұрақты тоқ түйіспелі торабының істен шығу қауіптері

Элементтер Қауіп, тг (2008 жылдың бағасымен)
Түйіспелі сым
Арқалаушы тростар
Фиксаторлар (оқшаулатқыштардан басқасы)
Тіректер
Фиксаторлық оқшаулатқыштар
Ілмелі оқшаулатқыштар
Консольді оқшаулатқыштар
Қысқыштар мен бөлшектер
Консольдер (оқшаулатқыштардан басқасы)
Әуелік жебелер
Қоректендіргіш, сорғыш, күшейткіш сымдар
Электрлік қосқыштар
Секциялы оқшаулатқыштар
Басқалар
Анкерлі және ойықталған оқшаулатқыштар
Анкерлер мен тартылыстар
Хомуттар (мойынтұрықтар), кронштейндер, тартылымдар  
Көлденең тростар
Разрядтауыштар және айырғыштар
Қатаң көлбеуліктер
Барлығы

 



Электр беріліс желілерінің (ЭБЖ) істен шығулары

 

Электр желілерінің элементтері территориялық алшақтықтан және метеорологиялық шарттардың ықпалына тез ілігетіндіктен өте жиі зақымдалады. әуе электр беріліс желілерінің зақымдалуының негізгі себептері:

Ø мұздақ-желдік жүктеме;

Ø атмосфералық асқын кернеулер;

Ø автокөліктің және басқа механизмдердің тіректерге соқтығысуы;

Ø тіректердің, сымдардың, оқшаулатқыштардың зауыттық ақаулары;

Ø монтаждау қателігі және т.б.

Бұл себептер бәрінен бұрын сымдардың, тіректердің, оқшаулатқыштардың механикалық беріктілігін әлсіретіп, олардың сынуына және үзілуіне, тоттанып шіруіне әкеліп соқтырады. Сымдардың вибрациясы, билеп иілуі мен үзілуі тіректердің зақымдалуы қысқа тұйықталуларды болдырады. Әуе ЭБЖ қайта қалпына келтіру ұзақтылығы бірнеше сағаттан ондаған сағатқа созылады.

Кабельді ЭБЖ зақымдалу себептері:

Ø жер қазатын машиналардан зақымдалуы (70% дейін);

Ø кабельді қосқыш муфталарда электрлік тесілудің болуы;

Ø оқшауламалардың тозуы мен ескіруі, кабельдің металл қабықшасына ылғалдың кіріп, оның тоттануы;

Ø кезбе тоқтардың болуы.

Кабельдердің істен шығу түрлері – үзілулер, қысқа тұйықталулар, жерге тұйықталу. Кабельдік желілерді қайта қалпына келтіру уақыты әуелік желілерге қарағанда анағұрлым ұзақ және ондаған сағатқа созылады.

Істен шығулардың өршуінің (дамуының) «домино эффектісі» деген түрі жиі кездеседі. Бұл кезде алғашқы кезеңде өте үлкен емес ЭБЖ зақымдалуы уақыт өте келе өсіп үлкен апатқа соқтыруы мүмкін және ол бір өткіннен екіншісіне көшіп ауқымды апатты болдырады. Мысалы, Данияда 50 км ЭБЖ, ал АҚШ-та (Висконсия штатында) 125 км ЭБЖ құртылған.

Ғылыми институттардың мәліметтері бойынша электрмен жабдықтау жүйесінің барлық істен шығуларының 38-ден 55% дейін әуе және кабельдік желілерге тиесілі екен. Тұрақты тоқтың екі электрмен жабдықтау дистанцияларының СОБ (сигналдау, орталықтандырылған блоктау) әуе ЭБЖ істен шығулары жайлы статистикалық мәліметтер 3-кестеде келтірілген.

Тіректер көбінде көліктің келіп соғуынан, топырақтың (жердің) отыруынан, ағаштың шіруінен және темірбетонды сүйеудің тоттануынан, сонымен қатар күйіп жанудан зақымдалады. Сымдар ағаштардың және басқа ЭБЖ сымдарының құлауынан, габариті үлкен көліктің өтуінен, болаттың тоттануынан, сым кесігін лақтырғаннан, тоқылуының бұзылуынан зақымдалады.

 

3-кесте.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2017 год. Все права принадлежат их авторам!